1+1=2

2 болу, жұп болу – нағыз ер адамдар үшін берілген үлкен жауапкершілік, әрі тосын сый…
© Мырзахан

Блогиада: 1+1=2

2 саны қазақ халқының өмірінде үлкен рөлге ие. Жұп болу – жаңа өмірдің бастауы, жаңа отбасының құрылуы, екі бақыттың бір араға келуі секілді мағыналарға саятын болса, қос аққудың адал махаббаты – 2 жасқа арналған қазыналы бата ретінде айтылады. Наурыз мейрамындағы күн мен түннің теңелуі осы 2 санының тепе-теңдік түсінігін ашып отырса керек. Кішкене сөздікке көңіл бөлсек, 2 – тепе-теңдіктің белгісі. Оған күн мен түн, ақ пен қара секілді ұғымдар жатады. Қарама-қарсы түсініктерді позитивті және негативті энергиямен қуаттандыра отырып, таразыда тұрғандай теңдігін көрсетеді. (Қайнар: ongeo.ru/mag2/)
Ал, аналарымыздың жүкті болып, бір адамда 2 жанның өмір сүре білуі өз алдына бір әңгіме.

Сандар жайлы қызықты жайттар!
Блогиада: 1+1=2
1. 10-жүйе тарихы
Біз қолданып жүрген сандар жүйесінің тарихы сонау үнді еліне, олардың ғалымдарына барып тірелсе керек. Б. з. 1 ғасырында ғалымдары антикалық математика негізінде жаңа есеп жүйесін жасады. (10 цифрадан тұрды. Өзгеріске айтарлықтай ұшарамады.)

2. Қағазда жазу мүмкін емес сан
10-ның гугол дәрежесін жазу үшін біздің планетамызда жер жетпейді екен.

3. Азия елдерінің қорқынышы – 4
Көптеген азия елдерінде «4» саны бақытсыздықты білдіреді. Себебі, ақиқаттан да қызық. Кейбір елдердің (жапон, кантон, путунхуа және корей) тілінде (shi, sei, si, sa) сөздері төртпен бірге өлім деген мағына береді екен.

4. Қағазды қанша рет бүктеуге болады?
Бір қағаз бетін 9-дан артық бүктей алмайсыз. Байқап көріңіз!

5. Назарыңызға!
Ойын кубиктерінің (нарды, үстел ойындарында қолданылады) қарама-қарсы беттерінің қосындысы 7-ге тең. Тексеріп көріңіз.

Қайнар: www.datacube.tv/2015/01/nauchnue-factu-o-chislah.html

Жұп болу немесе ағам үйленді

Блогиада: 1+1=2

Адамзатты жалғыз жаратпағандықтан, өмірде екінші бір бөлігіңді іздеу – қалыпты жағдай. Жастардың арасында белең алған бұл сезім, қызықты жағдайлармен қуантып, қайғыртуда. Махаббат сезімі 79 жасар Индиядағы апамыздың дүниеге қыз алып келуіне себепкер болып жатса, белі бесіктен шықпаған іні-қарындастарымызға тез отау құрып, тез ажырасуына негіз болып отыр. Менің ойымша, мәселе түбі махаббат проблемасында емес, жастық шақта жалындап тұрған кезінде жұп болудың маңыздылығы, мәні әрі жауапкершілігі түсіндірілмегендіктен.

Теория өзі айта береді. Мен тәжірбиеден мысал берейін. Осы жаз маған үлкен қуаныш сыйлады. Томск қаласында оқып жүрген (мақтап қояйын) Алмас ағам отау құрды. Жаратушым оған жақсы ұрпақ пен ниеттенген ісінде жеңілдік берсін! Өзі миллионер ағамнан сұхбат алмайын ба? Оның үстіне «Жұбахан стефания» журналының кіріспесінде кеңес те берілген болатын. Сонымен, жұп болу туралы ағам былай деді:

«Мен көп созбай, тек өмірдегі ұстанатын философиямды айтып өтейін. Сонау мектеп кезінде маған ағалық еткен тәрбиешім жақсы сөз айтқан болатын. Сол кейіннен менің өмірлік ұстанымым болып кететінін мен де ойламағанмын. Ой төрі былай болатын:
— Егер, таза жар қаласаң — таза бол!
Адал сүйіктің болсын десең — адал бол!
Тазалыққа құмар жан болсын десең — таза жүр!
Ата-анаңды сыйласын десең, жұмақтың кілті қайда екенін білесің…
Есіңде болсын! "Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді"..»
— дейтін. Сол-ақ екен, «жүрекке әмір жүрмейді» — деп, аяқ-асты ғашық болсам да, адам мінезін танымай, ойланбай, түсініспей, тіпті, бір-бірімен сөйлесіп көрмей үйленген жоқпын. Әр қадамды орнымен жасап, жеңешеңе ұсынысты тосын сый ретінде ұсындым. Сондықтан, айтарым: ойыңның барлығы есепке толмай, алғаннан кейінгі үлкен жауапкершілікті сезіне отырып отау құрған дұрыс. Адам арасын тек махаббат, түсіністік және мейірімділік ұстайды. Ал, қалғанның барлығы бос әңгіме.»

«2 қошқардың басы бір қазанға сыймайды» немесе аққулық махаббат

Блогиада: 1+1=2

Ағам үйленгеннен кейін, менің де ойым кетті. Араға уақыт тастап, ағамды Томскке жіберіп, қара шаңыраққа ие болсам деген ниетім бар. Дегенмен, «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деп қазақ атамыз босқа айтпаса керек. Сол ниет ішімде өсіп келе жатқандықтан ба, әлде ғашық болғым кеп жүрмін бе, білмеймін… Өзім де есепке алып, жоспар құра бастадым. Білімімді арттырып, әртүрлі мақалаларға көзім түсіп жүр. Соның ішінде, жүрегімді бірден дір еткізген — «аққулардың адалдығы».

Жануарлардың мінезі, олардың психологиялық қызметі күрделілігімен және кейде бірегей көріністерімен ерекшеленеді. Олардың әлеуметтік және репродуктивтік мінез-құлықтары ерекше қызығушылық танытады. Жануарлардың кейбірі тек төлдеу мақсатында ғана қосылса, басқалары бұл кезеңді өмір бойы сақтау үшін қосылады. Және де, ең таңғажайып болып табылатын жайт: отбасы арасында күшті сезімдер мен отбасылық дұрыстығын үлгі ретінде қалыптастыратын адамдарға тән үйлесімділік құстарда ғана байқалады. Олардың отбасы өмірі — дос болу, қамқорлық жасау, жақсы көру секілді құбылыстармен безендіріледі. Ең мықты жұптар аққуларда кездеседі. Олардың арасындағы махаббатты тек өлім ғана айырады екен. Сондай «аққу махаббатымен» өмір сүретін құстар қатарына қаздар мен кейбір үйректерді де жатқызуға болады.
Қайнар: www.vinograd.su/education/detail.php?id=43191

Менің ойым: Сания татар тілінен аударғанда «екінші» деген мағына береді. Көптеген мұсылман елдерде танымал болғандықтан «отбасындағы екінші бала» деген мағынаға да саяды. Екінші болу — бірінші болу жолында күшті мотивация болады. Оны өзімнің тәжірбиемнен айта аламын. Сания қарындасымажетістіктер тілеймін. (қайнар: www.astromeridian.ru/imya/sanija.html)

P.S.

Жұп болу — мәңгілікке.
Әрі қарай