Өлең-жыр байқауын жариялаймыз

2018 жылдың 05 қыркүйегі мен 2019 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Ұйымдастыру комитеті сайысқа қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылдайды. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар — 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталады.

Толығырақ

Арқа төсінде жалынды журналистер бақ сынасты

Құшағына құт дарыған Қарағанды төсінде Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінде X дәстүрлі журналистер арасында пәндік олимпиада өтті. Сайысқа сайдың тасындай іріктеліп, мірдің оғындай ұтқыр он алты топ қатысты. Әділқазылар қатарында өз ісінің мамандары болды.
Алғашқы кезең «Телевизия және дәуір» атты бейнесюжет пен таныстыру болса, ал екінші тур эсселер байқауы. Ресми сайыстан тыс үзіліс кезінде студенттерге кофе-брейк ұйымдастырылып, артынан Қарағанды қаласын таныстыру мақсатында арнайы экскурсия өтті. Студенттер мен жетекшілер бірлесіп ҚарМу-дің мұражайын аралап, тың дүниемен пікір алмасып, Е.А. Бөкетов атындағы университеттің шығу тарихымен танысты.
Ал сергіту сәтінде қатысушыларға ақ дастарқан жайылып, кішігірім концерттік қойылым көрсетілді.
Келесі күні қатысушылар негізгі журналистика пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Олимпиаданы журналистердің жеделдігін анықтауға бағытталған соңғы «жедел ақпарат» кезеңі қортындылады.
Осы сайыс жеңімпаздары төрт кезең негізінде анықталмақ.
Дәстүрлі бұл сайыс, бұрынғы сайыстардан мүлде өзгерек. Қазақ журналистикасының алпыс жылдығы және де ҚарМу-дің журналистика мамандығының жирма бес жылдығымен тұспа- тұс келіп отыр. Арқа мен Алтайдың, оңтүстік пен солтүстіктің төрінен келген он алты команда шат- шадыман көңіл күйде.

Жас ақындар арасында жыр байқауын жариялаймыз

Блог - BilimAll: Жас ақындар арасында жыр байқауын жариялаймыз

2017 жылдың 01 қарашасы мен 2018 жылдың 15 қаңтар аралығында «NEXT ұрпағы» өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Мүшәйраның мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Сайысқа 14 — 29 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.

Бірінші кезеңде: еркін тақырыптағы өлең-жырларды жариялау жүргізіледі.

Екінші кезеңде: өтінімдерді қарастыру мен үздік ақындардың орнын анықтау өткізіледі. Марапаттау қаңтар айының аяғында болады.

Жүлдегер ақындар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Толығырақ
Әрі қарай

«ҚАЙНАР» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ...

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ «ҚАЙНАР» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ «ҚАЙНАР» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ

Қарағанды облысы аумағында жастар ортасында танымалдылыққа ие болған жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық жұмысы үшін облыстың 14 жастан 29 жасқа дейінгі жас азаматтарына берілетін Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаттарын іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қарағанды облысы әкімінің аталған сыйлығының (бұдан әрі – Сыйлық) лауреаттарын іріктеу бойынша жұмысты жүргізу үшін құрылды.
Сыйлық байқау негізінде тағайындалады.
Комиссия құрамы Қарағанды облысының әкімінің орынбасарымен бекітіледі.
Қажет жағдайда Комиссия бөлек сұрақтар бойынша кеңесшілерді, сарапшыларды тартуға құқылы.
Сыйлыққа үміткерлерді ұсынуды Қарағанды облысының жергілікті және басқа мемлекеттік органдары, шығармашылық және кәсіби одақтары, ұйымдар мен мекемелері, жастар қоғамдық бірлестіктері жүзеге асырады.
«Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін үздік жасөспірімдер үйі», «Үздік жастармен жұмыс жасау орталығы» номинацияларынан басқа, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары сыйлықтың лауреаттары болып саналады.
Комиссияның жұмысшы органы «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ (бұдан әрі – Жұмысшы орган) болып табылады.
Сыйлық салтанатты түрде тапсырылады, марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің25 жылдығына орайластырылады.
Жұмысшы орган оған жүктелген міндеттерге сәйкес:
1) үміткерлердің байқау құжаттарын қабылдайды және сыйлық алуға ұсынылғандардың жұмысын алдын ала қарайды, оларды ұсыну тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
2) үміткерлерді іріктейді, байқауға қатысуға рұқсат беру туралы ұсыныстар енгізеді, байқауға жіберілген жұмыстарды авторларын, оларды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып баспасөз беттеріне жариялайды;
3) байқауға жіберілген үміткерлердің жұмысын ашық және ауқымды талқылау жұмысын ұйымдастырады;
4) сыйлықты тағайындау туралы шешім қабылдайды;
5) сыйлық лауреаттарының дипломдарын дайындайды;
Комиссияны облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасары ретінде төраға басқарады. Комиссияның төрағасы жоқ кезде оның міндеттерін «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы ретінде Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Комиссияның төрағасы:
1) Комиссияның жұмысын басқарады;
2) Комиссияның құзыреттілігі аясында басқа да өкілеттілікті атқарады.
Комиссияның хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасақтайды;
2) Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді;
3) Комиссия мүшелеріне отырыстың күн тәртібі, өтетін орны мен уақыты туралы хабарлайды;
4) Комиссия мүшелеріне берілген құжаттарды ұсынады;
5) Комиссия отырысының хаттамасын рәсімдейді.
Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:
1. Сыйлыққа үміткерлердің материалдары мен құжаттарын зерттеп іріктейді.
2. Облыс әкіміне Сыйлықты тағайындау туралы ұсыныс енгізеді.
Комиссия лауреаттарды іріктеудің келесі критерийлерін басшылыққа алады:
1) «Жылдың жас көшбасшысы» — оқудағы, қоғамдық жұмыстағы, мәдениеттегі, спорттағы жетістіктер, әлеуметтік маңызы бар және кең ауқымды саяси іс-шараларға қатысу, табысты жүзеге асырылған жобалар, оларды өткізу нәтижесінде қол жеткізген әлеуметтік әсер, жұмысының бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) жариялануы, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиеттер;
2) «Отан қорғаушы» — әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпқойлық үшін мадақтамалар мен марапаттар; ел қауіпсіздігін қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне белсене қатысу; нәтижесі адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға әкелген жеке бас жетістіктері, қайғылы салдарды алдын алу, қылмыс жасауды болдырмау бойынша әрекет қылу және т.б.;
3) «Үздік жас мәдениет қызметкері»- мәдениет саласын дамытуға үлес қосқан, өнер, туризм, музыка, әдебиет саласының қызметкерлері (суретшілер, дизайнерлер, фотографтар, музыканттар, актерлар, қолөнер шеберлері, экскурсоводтар, әдебиетшілер, т. б.) шығармашылық конкурстарға қатысатын, (дипломдары, наградалары, шығармашылық жобалары, жұмыстары) болуы қажет;
4) «Жылдың жас жұмыскері» — өнеркәсіп саласының жұмыскері (слесарь, машинист, механизатор, дәнекерлеуші, қырнаушы, қақтаушы, кенші, металлург және т.б.), өз қызмет саласының дамуына үлес қосу, белсенді азаматтық ұстанымы, қоғамдық пайдалы қызмет;
5) «Жылдың жас ұстазы» — білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушылары, мектептен тыс ұйымдардың педагогтары, балабақша тәрбиешілері, әдістемелік құралдар авторлары және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан азаматтар;
6) «Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін» — мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, ЖОО және арнайы орта оқу орындарының өкілдері, білім, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері.
7) «Жылдың жас ғалымы» — ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық жұмысшылары, өнеркәсіп пен ғылыми ұйымдардың мамандары, ғылыми дәреженің бар болуы (аспиранттар мен докторанттар), ғылыми саладағы мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне белсенді қатысу, қоғамдық өмірдің түрлі салалары бойынша ғылыми жобаларды енгізу мен жүзеге асыру, Қазақстан ғылымына қосқан айрықша үлес, ғылым саласындағы жеке бас жетістіктері, меншікті ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми конференцияларға, зерттемелерге, грант байқауларына қатысу; басылымдардың болуы: монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, мақалалар, тезистер, ғылыми мекемелердегі жұмыс тәжірибесі;
8) «Жылдың жас медицина қызметкері» — әдістемелік әзірлемелері, публикациялары, наградалары бар (алғыс хаттар, мақтау қағаздары) жас медицина қызметкері, әртүрлі деңгейдегі конкурстық іс-шаралардың қатысушылары мен жүлдегерлері.
9) «Ауыл шаруашылығының немесе агроөнеркәсіптік кешенінің ең үздік жас маманы»- ауылдық жерде жұмыс істейтін, ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында жаңа технологиялар енгізген, ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын және ауылдастардың беделі мен құрметіне ие жас мамандар;
10) «Үздік жас мемлекеттік қызметші»- кәсіби жетістіктері, белсенді азаматтық ұстанымы бар, инновациялық жұмыс әдістерін қолданатын мемлекеттік қызметкер,
11) «Шын жүректен» — қайырымдылық шараларымен айналысатын, сондай ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесіп жүрген жас азаматтар.
12) «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін үздік жасөспірімдер үйі» — балалар үйінің түлектерінтабысты әлеуметтік бейімдеп, тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамытып, кейіннен қоғамға біріктіріп, құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін жағдай туғызатын жасөспірімдер үйі;
13) «Үздік жастармен жұмыс жасау орталығы» — жұмыс тәжірибесі табысты жастармен жұмыс жасау орталығы, жастарға көрсетілетін әрекетті қызметтер, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы жасампаз амалдарды жасақтау мен белсенді қатысу, жастарға атаулы және консультативтік көмек көрсету, қызметі БАҚ-та жариялау.
Сыйлық алғаннан кейін үш жылдың ішінде ұқсас номинация бойынша қайта Сыйлық тағайындауға жол берілмейді.
Сыйлық алуға ұсынылғандар мен байқау жұмыстарын Комиссия екi кезеңде қарайды. Бірінші кезеңдеКомиссия әрбір номинация бойынша сыйлық алуға 3 үміткерді іріктейді, екінші кезеңде солардың ішінен Комиссия әрбір номинация бойыншаСыйлық тағайындауға бір-бір үміткерді анықтайды.
Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы көпшіліктің дауысым қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары бөлінген жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие емес.
Комиссия шешімдері оның құрамының кемiнде 2/3 мүшесі қатысса заңды деп есептеледi.
Комиссия мүшесінің Сыйлық алуға өз үміткерлігін ұсынуға құқығы жоқ.
Байқау өтінімін рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1) Байқауға қатысуға өтінім сайысқа қатысатын әлеуетті үміткерлердің осы Тәртібі көрсетілген талаптар мен шарттарға келісім білдіру түрі болып табылады.
2) Байқауға қатысуға ниет білдірген үміткердің Байқауға қатысуға жолдаған өтінімдері бірінші басшының қолы және мөрімен расталған хатпен бірге қабылданады (заңды тұлғалар үшін).
3) Осы Тәртіпте көрсетілген талаптарға сай емес өтінімдер байқауға қатысуға қабылданбайды және тіркелмейді.
4) Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:
 түйіндеме;
 мемлекеттік органдар және/немесе мекемелердің, қазақстандық және/немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың, өзге де ұйымдардың үміткердің атына жазылған ұсынысхаттары;
 7 фотосурет: 1 стандартты, құжаттар үшін (3х4), 3-«жұмыс үстінде», 2-«бос уақытта»; фотосуреттер басылған және электронды түрде тапсырылуы тиіс, JPEG форматта, кемінде 3000*2000 пиксельде рұқсат етілген; («Жылдың әлеуметтік жобасы» номинациясы үшін талап етілмейді);
 мемлекеттік немесе орыс тілінде «Мен (біз) неге «Қайнар» сыйлығына лайықтымын (-мыз)» тақырыбында эссе. Көлемі 1 беттен аспауы керек, MS Word мәтіндік редакторында, қаріп — Times New Roman, кегль 14, аралық 1,5.
 жетістіктерін растайтын құжаттар (мақтау қағаздарының, дипломдардың, сертификаттардың, лицензиялардың, патенттердің, бейне-фото материалдар көшірмесі CD, DVD түрлі-түсті форматында, баспа, телевизиялық және электронды БАҚ-тардағы мақалалар (мақалалардың кесінділері, газет, журналдардағы мақалалар (немесе олардың көшірмелері), электронды БАҚ-қа сілтеме).
Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2016 жылғы 25 қараша сағат 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы 4, 204 кабинет. Толық ақпаратты Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығынан білуге болады: 8(7212) 40-21-33.
Қарағанды облысы әкімінің "Қайнар" жастар сыйлығы 2016 жылдың 8 желтоқсаны күні табысталатын болады.

К О Н К У Р С !

«ЖАСТАР ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҮШІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР АКЦИЯСЫНЫҢ ЛОГОТИПІН ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН САЙЫС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аясында өткізілетін «Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін» Республиклық жастар акциясының логотипін дайындауға арналған сайыс.
Сайысты ұйымдастырушы – Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.

2. САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:

Жастардың бойында жаңа қазақстандық патриотизм ұстанымдарын, дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыру.

3. САЙЫСТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ:

— Аталмыш логотип арқылы біздің көпұлтты халықтың дәстүрлі құндылықтарының даралығын және мәнін көрсетуге қазақстандықтарды шақыру.

4. САЙЫСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

Сайыс 2016 жылдың 6 -13 қазаны аралығында өткізіледі.
Сайыстың қорытындысы 2016 жылдың 13-17 қазаны аралығында шығады.

5. САЙЫСТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Сайысқа заңды және жеке тұлғалар қатыса алады:
— суретшілер, дизайнерлер;
— дизайн-студиялар;
— жарнамалық агенттіктер;
— көркем шығармашылық мектептер мен колледждер;
— құрылыс, дизайн, бейнелеу өнері және т.б. факультеттерде оқитын студенттер;
— шығармашылық одақтар мен бірлестіктер;
— барлық қызығушылық танытқан тұлғалар.

Сайысқа қатысу тегін және ашық түрде.
Әрбір қатысушы жұмысқа қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып 1 жұмысын ұсына алады.
Жұмыстар басқа да сайыстардың қатысушысы және жарияланған бола алады.
Логотип тіркелмеген болуы тиіс.

6. САЙЫСҚА ҚАТЫСАТЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ РЕТІ

Өтініш cmiko@inbox.ru электрондық мекен-жайында қабылданады, сонымен қатар «Instagram» әлеуметтік желісінде #Жастар_дәстүрлі_құндылықтар_үшін #Молодежь_за_традиционные_ценности хэштегімен жариялануы тиіс.
Материалдар сайысқа электрондық түрде ұсынылады және cmiko@inbox.ru өтініш беру үшін арнайы пішінде жарияланады.
Өтініш келесілерді қамтиды:
— Түрлі-түсті шешімде ұсынылатын логотип;
— Қажетті ақпаратты көрсететін қатысушы туралы ақпарат (Толық аты-жөні, ұйымның аты, тел., электрондық мекен-жайы). Аталмыш деректер көрсетілмеген жұмыс сайысқа қабылданбайды;
— Әрбір сайысқа қатысушы байланыс жасау үшін толық байланыс ақпаратын көрсетуі тиіс;
— 200 сөзден артық болмайтын ұсынылып отырған логотип дизайнінің құндылықтық-мағыналық мазмұнын сипаттай отырып еркін негізде интерпретациясын жазу.
Жұмыс 2016 жылдың 6-13 қазан аралығында Астана уақыты бойынша 23.59 сағатқа дейін қабылданады.

7. КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Әрі қарай сандық пішінге ауыстырылатын кез-келген ұсыну техникасы жіберіледі – 3D рендерден қолмен жасалған эскизге дейін. Сайыста қарастыру үшін ұсынылатын сурет JPEG және PNG пішінінде дайындалып, 700х700 px мөлшерінде және 72 dpi рұқсатымен, RGB түс моделінде болуы тиіс. Файлдың мөлшері 500 кб аспауы қажет.
Логтипті дайындау барысында N 456-1 26.07.1999 ж. «Тауар таңбалары туралы, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңнамасында жазылған талаптарды ескеру қажет.

Бағалау критерилері:
1. Бірегейлік, ерекшелігі, ұсынылған жұмыстың орындалу сапасы.
2. Ауқымдылығы. Логотиптің негізгі графикалық элементтері кез-келген пішінде сапасын жоғалтпастан ашылуы қажет – кішірейтілгенде де және үлкейтілгенде де.
3. Бейімділігі. Логотиптің негізгі графикалық элементі көрсетілу сапасын жоғалтпастан кез-келген тасымалдаушыда (қағаз және қатты қағаз, пластик, шыны, және т.б.) және кез-келген жағуда ашылуы тиіс

8. САЙЫСТЫҢ ӨТКІЗЛУ РЕТІ

Қазіргі ереженің талаптарына сәйкес келетің, сайысқа түскен материал, Сайыстың қазыларына жіберіледі.
1,2 және 3 орын алған логотиптер анықталады.
Сайыстың қазылары ұсынылған логотиптерден жеңімпазды таңдамауға құқығы бар, сәйкесінше сыйлықтар берілмейді.
Сонымен қатар, «Instagram» әлеуметтік желісінде «Ұнату» батырмасын санау арқылы «халықтық» дауыспен жеңімпаз анықталады.

9. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

Сайысқа қатысушы сайыс үшін ұсынылған өзі туралы деректің нақыт екені жайында кепілдік береді.
Сайыстың өту барысында жұмыс авторларына Сайыстың қазылары, сарапшы кеңестің ұсынысы бойынша жіберілген логотипке өзгерту енгізу үшін қайта жіберілуі мүмкін.
Сайысқа жіберілген жұмыс Сайыстың шарттарымен және ретімен келісілгендігі және аталмыш ережемен танысқандығының дәлелі болып табылады.
Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар ұйымдастырушыларға логотипті вектрлық пішінде (ai, eps, cdr, psd) 5 жұмыс күні ішінде тапсыруы қажет.

10. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Сайысқа аталмыш жұмысты жіберген қатысушы жұмыстың авторлық құқығының сақталуына жауапты.
Сайысқа жұмысын жіберу арқылы коммерциялық емес мақсатта жіберілген материалдарды қолдануға Сайыс Ұйымдастырушыларына автоматты түрде құқық береді (Интернетте жариялауға, баспаларда, көрме стендтарында, баннерлерде).
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-не интеллектуалдық шығармашылық жұмыс нәтижесі ретінде логотипті қолдануға қатысты құнды және құнсыз құқығы беріледі.

11. СЫЙЛЫҚТАР МЕН МАРАППАТАР

Сайыс қорытындысы бойынша нәтижелері барлық қатысушылар электронды пошта арқылы хабарландырылады. Сайыс жеңімпаздары туралы ақпарат «Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ www.ump-krg.gov.kz сайтында жарияланады.
Жеңімпазбен орынға ие болған сайыс қатысушылары дипломмен, мадақтама қағазымен және бағалы сыйлықтармен мараппаталады.

12. БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Сайыс ұйымдастырушылары – «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқрамасы» ММ
Тел. 8 (7212) 40-21-33
E-mail: cmiko@inbox.ru

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, Туған өлкеміздің тарихымен, көрікті жерлерімен таныстыруға бағытталған «Туған жерім керемет!» атты іс-шараның
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Өтетін орны: Әлеуметтік желі арқылы жүзеге асады
Өтетін уақыты: 07.09. — 10.12.2016ж. аралығы

Өзектілігі: Жер-су атауларына байланысты ерте заманнан ел аузында келе жатқан аңыз-әңгімелер, қызықты оқиғалар бүгінде өкінішке орай, жас буынның назарынан тыс қалып бара жатыр. Осынау құнды да қымбат қазынаны қайта жаңғыртып насихаттау, өскелең ұрпақтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін ұлғайтып, туған өлкесінің тарихы мен табиғатына, тұғырлы тұлғаларына деген құрметін арттырады.

Мақсаты: Жастарды туған өлкесінің тарихын, оның көрікті жерлерін, атақты тұлғаларын мақтанышпен құрмет тұту арқылы отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Өлкенің тарихын білетін аға буын өкілдерін іс-шараға тарту арқылы ұрпақтар сабақтастығын орнату.

Қамтылатын топ: Белсенді жастар, шығармашыл жастар, жас журналистер, блогерлер, өлке тарихын білетін азаматтар, ресурстық орталықтардың қызметкерлері т.б.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы

Қойылатын талаптар: Іс-шараға қатысушы өзі туған немесе тұрып жатқан өлкедегі жер-су атауына байланысты аңыз-әңгімелерді немесе қызықты деректерді (фото-суреттермен) әлеуметтік желідегі аккаунты арқылы жариялауы тиіс;

ресурстық орталықтардың ұйымдастыруымен, өлке тарихын білетін аға буын өкілдерімен сұхбат жүргізіліп, сұхбаттың фото-видео материалдары әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жариялануы тиіс;

тұрғылықты жердегі тарихи ғимараттар, ерсерткіштер, саябақтар мен аллеялар т.б. туралы мағлұмат (фото-суреттермен) беріледі;
іс-шараға қатысушы жариялаған ақпартты Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідегі «Жастар тынысы» аккаунтымен бөлісуі (тэгтеу арқылы) тиіс.

ақпарат мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жарияланады;

барлық ақпарат #Туған_жерім_керемет! және #Тәуелсіздікке25 / #25летНезависимости хэштегтерімен жариялануы тиіс.

Марапаттау: 30.08.2016ж. бастау алған іс-шара 10.12.2016ж. дейін жалғасады. Ең үздік материал иесіне Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталатын болады.

Күтілетін нәтиже: Жастардың бойында туған жерге, байтақ елге деген құрмет пен мақтаныш сезімі күшейеді деп күтілуде.

БАРШАҢЫЗДЫ ОСЫНАУ ІС-ШАРАҒА БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ АТ САЛЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !

2016 жылғы 5-7 қазан күндері Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» Халықаралық ән фестивалі өтеді.

Фестивальге эстрада жанрындағы 18-35 жас аралығындағы конкурсанттар қатыса алады.

Фестиваль жеңімпаздарына төмендегідей жүлделер мен сыйақылар тағайындалады:
1) Бас жүлде (1 000 000 теңге);
2) бірінші жүлде және лауреат атағы (750 000 теңге);
3) екінші жүлде және лауреат атағы (500 000 теңге);
4) үшінші жүлде және лауреат атағы (250 000 теңге);
5) Диплом (50 000 теңге);
6) Диплом (50 000 теңге).

Конкурсанттардың Қазақстан Республикасының Шымкент қаласына барып қайтуы жолдаушы тарапынан, ал Шымкент қаласындағы ішкі көлік, қонақ үй және тамақтану ұйымдастырушылар есебінен.

Фестивальге қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға жолдау қажет: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі»,
15 кіреберіс, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. Байланыс телефондары мен электрондық мекен-жайлар: 8(7172) 740517, 740340 87015550436 к.mukhangaliev@mail.ru, fdrnkz@mail.ru.

Фестивальдің жалпы ережелері мен тәртібі жөніндегі толық ақпаратты «VK.com» әлеуметтік желісіндегі «ЖастарТынысы» парақшасынан алыңыздар. Сілтеме: vk.com/cmiko?w=wall217073284_1174%2Fall

Инстаграм
Әрі қарай

#ББББ. Бөрібай Бекарыс: "Бәріне кінәлі..."

Төрт күн өткен екен. Иә, осыдан төрт күн бұрын Асқар Базарбай (Gastarbaiter ) Блогиаданың миллионын жеңіп алған болатын. Сегіз айға созылған сайысты әлде де соза бермей-ақ, көзіңіздің майын тауысатын сұхбатты назарыңызға ұсынамын. Жо-жоқ, Елбасымен сұхбаттасқам жоқ. :) Журналистерің шәй ішіп қайтты ғой. Мен біреу білсе екеуі білмейтін, үшеуі күдіктеніп сенбейтін, төртіншісі мән бермейтін атақты Бөрібай Бекарыспен шәй ішпей-ақ сұхбаттасқан едім.

Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
Таныдыңыз ба? ;) Блогиада тарихында жазбаларға алғаш шолу жасаған Бөрібай Бекарысымыз (Boribay_Bekarys ) — өзіміздің Мерей Ермұханов (MERmukhanov ). :)
— Мерей, негізі қай жақтансыз? Қайда жұмыс істейсіз/оқисыз?

— Күн қайырлы болғай! Адамдар да. Сұхбат жасайтындай тау қопарып, тас қазған жоқпыз. Әншейінде понторез басым біртүрлі именіп отырмын. Енді Керектегі біраз қауым біледі, сонда да саған таныстық қылайын. Менен гөрі Бөрібай деген азаматты жақсырақ білесің ғой деймін. :) Ақтөбенің Ойыл деген кентіненмін. Ол жақтан шоқтығы биік Шернияз жырау мен тарыдан рекорд жасаған Шығанақ шал шыққан. Иә, сосын осы сайттың әкімшісі, Қазнеттің тіректерінің бірі Аршат Ораз (asaubota ) деген біреу де сол елдікі.

Иә, мен Ойылдан он жасымнан кетіп, қалада оқығам, интернатта тұрғам. Демалыс сайын Аршаттың мамасы не қарындастары алып кетуші еді, сол үйде жиі болатынмын. Ол кезде ол Түркияда оқуда болатын. Не дейін, ол мені бөле дейді, мен оны бөле деймін, ақиқат осы екеуінің бірінде шығар. :) Жұмысым қоғамдық салада, партиялардың бірінде (бірінде деп қоям, ә!) жастар бағытының аналитигімін. Жұмыс атмосферасы, ритмі мен реті өзіме ұнайды. Сондықтан айырып жатқан жалақым жоқ, оған қарап жүргем жоқ. Оқу оқып болдым, бәрін тауыспасам да, екі магистрлік дипломым, шетелдік тағыламдамам бар. Негізгі мамандығым – Мемлекеттік жергілікті басқару. Бірақ мемлекеттік қызметте осы кезеңде қызмет жасауға құлқым жоқ.
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Керекинфоға қалай келдіңіз?

— Қарасам, Керекинфоға тіркелуім 2011 жылы екен. Сол бірнеше минуттан кейін екі жылға ұмытып кеткендеймін. 2013 жылы еске түсіп, алғашқы постым – Парижді нәжіске былғауға бағытталған фотореп болды. Былай жақсы қабылданды. Шамасы, Аршат ескертсе керек, "Өлеңдерің болса да, жариялауға болады" деген тіркес есімде қалыпты.
— Блогиада жайлы не айтасыз? Блогиадааралық сайыстағы жеңісіңіз туралы да айта кетсеңіз.

Блогиада жайлы тек жағымды пікір айтамын. Жағымсызы болса, оны да айтар қатысушы көп қой. Қазнет үшін теңдессіз жоба, тамаша посттар сыйлаған бастама. Азаматхан Әміртай – красавчик! Жоба менеджерлері де. :) Шама-шарқымша оқып жүрдім. Әсіресе, Керектегілерді. Блогиада үздігі – Асқар, шынымен, ең мықты блогер болуы мүмкін. Бірақ принципиалды түрде бұл жоба ең талантты не ең креативті, ең шебер блогерді анықтамайды. Ең үздік блогерді анықтайды делік, бірақ ол көптегеееееен элементтерден тұрады. Тұрақтылық. Апта сайын жаңадан туған баладай, «зықыны алды» демей, жаңғыра пост жазу, анда-мында жүру ептілігі, жеткізу шешендігі, жалпы, аққан тер мен адымдаған жермен өлшенетін ауыр еңбек. Мен өзім мұндайға төзе алмас ем, сол үшін қатысушыларға ризамын.

Блогиадааралық сайыс жайлы несін айтайын, еркін тақырып, еркін формат. Ортаға тиын тіктік, жарыстық. Сол кез бір он шақты күн еңбек демалысым еді. Ақтөбеде жүріп қоғамдағы тізесі шыққан мәселелердің бірі – жезөкшелікке келу жайлы қыңыр тілмен жазба әзірледім. Оларды аралауға тура келген жоқ, қиялыма сүйендім. Жеңуге ниет болды, Сатыбалдыдан (satibaldi ) қорықтым. Бірақ ол аса байсалдылық танытпады ма, еріккен жазба жазды да, жеңіп кете салдық қой. Иә, Асқар Базарбай мен Өркен Кенжебек 10 балл берді. Назгүлдің (dark_nazgul ) баллын айтпаймын. ;)
— Блогиадада Бөрібай Бекарыс боп шолу жасадыңыз. Шолу жасау идеясы қалай пайда болды?

— Мен? Алмас Көзілдірік (kozildirik ) не Нұрберген Мақым (nurbergen_makym ) емес пе не? Әлде Асқардың өзі ме? Хехе, бәріне кінәлі Асқар Базарбай. Менде жалпы өзімнің блогер екеніме күмән бар, мотивация атымен аз. Енді жаңа/дұрыс анықтама бойынша, блогым бар болғасын блогер шығармын. Бірақ оны жүргізуге былай да ниет ат төбеліндей. Оның үстіне Блогиада блогерлерінің сайыстық посттары одан сайын құртып жіберді. Асқар үшінші кезеңде хабарласып, ұсыныс жасады. Базынасын айтты, әмір етті, қалай болғанда да «Жазуың керек!» деді. Шамасы, блогиадааралық сайыстан бір мүләйімсіген ұшқын байқаған шығар.
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Бөрібай боп жүргенде қандай қиындықтар болды?

— Фейсбук желісіндегі Бөрібай бұрыннан болатын, ол менің пошталарымның біріне жалғаулы еді. Аты-жөнін өзгертпей-ақ, осы атпен блог ашып, бастап кеттік қой. Турнирлік мотивация емес, аса бір қиналыссыз, қалай қарай бұрғым келді, солай жаздым. Бір турда Асқарға қарсы қуаттап, айдап-айдап салдым. Ал ол өзі менің кім екенімді біледі ғой. :) Тағы бір турда өзімнің Асқар екенімді ашып жаздым. Жалпы, қызық көп болды. Жұмыс бабымен Қытайға екі аптаға кеткен кезімде қиындау болды. Жұмыс жасап/қыдырып жүрген адамда аса қатты жай да, стимул да бола бермейді екен. Сол жазбамды үйтіп-бүйтіп жазып шықтым. Аса бір маңызсыз, келеке етіп, тілді орынды-орынсыз ойнатып… Жалпы, мағынасы дұрыс, бірақ «Рейтингтерге рейд» атты жазбамды қарасаңыз, өзіңіз де біртүрлі екенін байқайсыз.

Ең қызығы, Қытайда фейсбук бұғауланған, ал маған әлеуметтік желіге де сілтеме тастау керек дегендей. Оны да сол жақтан бұзып кіріп, бірдеңе қылдық қой. Бір-екі адам сол кезде біліп қойды деп ойлаймын. Мысалы, Әйгерім Тоқсанбек қарындасым. Бәлки, геопозиция айқындалған шығар. ;) Жалпы, өзім үшін де шолу жасау процесі эксперименттерге толы болды. Бәрі де жеуге жарамды болғанымен, бір турда артығымен фонетиканы ойнатып, бір турда лексикамен, бір турда сырт факттер мен тым ақылгөй ілімдер қосып… Алқаштың қаламында бұл қайдан жүр дейсіз, ә?! :)
— Алғашқы фурордан кейін қандай күйді кештіңіз?

— Хех, фурор артық айтылған сөз. Априори беймәлім біреу тәуір жазба жазса, фурор сияқты қабылданады. Егер мұны Мерей Ермұханов жазғанда қалыпты қабылданар еді. Сондықтан фейкпен жазғаныма қуанамын, жалпы құныңды да білесің, шын бағаңды да естисің. Әйтпесе, біреу жақсы көріп, ренжітпейін деп мақтай салар еді. Біреу араз болып, даттап кетер еді. Жалпы, ешқандай фурор болған жоқ және күй кешпедім. Жұмыси атмосфера болды, көрерменге ұнады. Болды, сол ғана. :)
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Бөрібай болғаныңызда идея жағынан, жалпы, шолуыңызға кеңес айтып, көмектескендер болды ма?

— Асқар ең басында жалпы бағыт, кеңес айтқан шығар. Кейін оған араласуға болмайды ғой, ол – қатысушы, мен – сарапшы, объективтілік… Басқа ниеттілерден сен ғой, танымасаң да, суреттер жасаған. :)
— Псевдонимді неге Бөрібай Бекарыс деп таңдадыңыз?

— Дайын материал болатын. Оны ертеректе бір шаруаға керек болар деп, жұмыс бабымен ашып едім, ол одан керек болмай қалды. Сосын дәл сол атпен Керекке бара қойдым. Кіші жүзге де, Асқардың ұлына да, Көкбөрі (kokbori ) не Кеулімжайға (AKY ) да қатысы жоқ. ;)
— Шолуды неге бірінші кезеңнен бастамадыңыз?

— Зорығып өлсін дейсің бе? :) Блогиада басталғанда шолушы болу ойымда болған да жоқ. Бұйырған уақытында кірістік қой. Миттельшпильде. Жалпы, бірінші турға кіріспес бұрын бұған дейінгі жазбаларды оқыдым. Сол себепті Нұрбергеннің идеясыздығын да, Жандос шығып кеткеннен кейін ол жайлы да бірнеше жерде жаздым-ау деймін. Соңғы тур кезінде де шолып шықтым.
— Шолулар жасаудағы шеберлігіңіздің себебі неде?

— Шеберлігіміздің сыры – сенің суреттеріңде. Уахахаха! :) Шеберлік деп қомпитпайық. Жаза алу қабілетім бұрыннан бар, ана тілімді жақсы көрем, өлең жазам. Былай шала шабыт, пайдаланылмаған әлеует, немқұрайлы көзқарас. Жалпы, тіл – жақсы көре отырып, пайдаланып кеткенге ренжімейтін жалғыз субъект. Аяусыз эксплуатация үшін ешкім айыптамайды.
— Әр жазбагерді жақсы танитыныңыз байқалды, блогосфераға қашаннан қызығып жүрсіз?

— Блогосфераға қызыққанда… Мен білмеймін, блогым бар әйтеуір, болды. Блогерлермен жеке таныстығымыз бар, сондықтан блогосфераға да сіңе бастайтын шығарсың. Біреуге туыс боп жаралдық, біреуге құрдас боп, біреулермен Домбыра патиде білістік дегендей. Сонсоң әлеуметтік желіден ғой, әрине. Жеке таныстық, біліктерді сирек пайдаландым, әрине. Максималды объективті болуға тырыстым. Себебі кей қатысушыларға көмек қолын созып, ол жазбалар қалай туғанын да білетінмін. Адами қатынасымыз да объективтілігіме әсер етпеді деп санаймын. Әртүрлі көңіл-күй, қатынас болған кездер де болды. Бірақ Бөрібай – қатаң, құрғақ, мүлдем бөтен адам. Мен, жалпы, Бөрібаймен 100 пайыз келісем дей алмаймын, 95 пайыз шығар. ;)
— Келесі Блогиадаға қатысасыз ба? Тағы да шолулар бола ма?

— Келесі жылы болса, қатыспаймын, шолу да жасамайтыным түсінікті. Бірақ жанашыр болып, оқырмандық танытам. Апта сайын тапсырмамен блог жазу – менің жолым емес. Миллион – тамаша мотивация, әрине. Бірақ мен Асқардан гөрі Нұрберген, Димаштардың (qisyq ) сортынанмын. Шеберлік жөнінен болмасам да, жарты жолда тастап кететінім анық. ;) Шолу жасауға Перібай Жанарыс деген біреу шығатын шығар мүмкін. :)
— Блогиаданың бір турына сыйлық тіккен екенсіз. Сол жайында не айтасыз?

— Ол кезде турға ұсақ сыйлық тіге беретін. Мысалы, бірлік секілді. Кейін бұл дәстүр жоғалды. Мен бала тақырыбына орай Хэппилон орталығына карталар тіктім. Сол турды осы блогиаданың үш жүлдегері жеңіп алғаны есімде. 10 ұпайдан алған Асқар мен Әйгерім болатын. Әйгерімді бірінші орынға қойдым, оған 3 карта бұйырды. Одан кейін не көбірек қаржылы, не ешқандай деген сыйлықтар болуы тиіс боп кетті-ау деймін.
— Бөрібай болған кезіңізде жұрт қанша уақыт ішінде Мерей екеніңізді білді?

— Асқар – бастамашы, Админ тіркелген сәтімнен, Базука (bazuka ) көп ұзамай фейсбуктан біліп қойды. Одан өзге ешкім айқын білген жоқ осы күнге дейін.
— Қандай кітаптар оқисыз? Сүйікті авторларыңыз?

— Бұйырған кітап оқимын, қазір оқымаймын. Поэзия оқуға зауқым жоқ, өзім жазып қалсам, оқыса деймін бірақ, ә?! Шетел әдебиетін көбірек оқимын, бала күнде қазақ әдебиетін оқығам. Сүйікт автор – Сатыбалды Кербабаев десем, қалай болады? :) Хаха, Бернард Шоуды әзіл сезімі үшін һәм Исламға көзқарасы үшін жақсы көрем. Ремарк, Хаггард, Хемингуэй, Конан Дойл боп қалады. Твен – еркек! Төлен Әбдік – қызық. Иә, Қадыр Мырза Әлі балалығымның кумиріне жақын. Қазір арнайы оқуға мүмкіндік жоқ, болса да, өзімнің ақымақтығымнан оқымайтынымды тағы мәлімдеймін.
— Сүйікті киноңыз қандай?

«Властелин колецтер», «Хоббиттер» жақсы ғой. «Вокруг света за 80 дней» ұнайтын. «Столкновение» деген 2004 жылғы Оскар иегерін қарадыңыз ба? Қазақтардан… «Менің атым Қожа» дер ем, бірақ «Подарок Сталину» деп шештім. Шын болған оқиға негізіндегілерді құштарлықпен қараймын.
Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
— Осы жыл сіз үшін қалай өтті? Жылқы жылы несімен есте қалады?

— Шүкірлік қылатын жыл. Жұмысымнан да, іс-шаралардан да ләззат алған жыл. Ағам үйленіп, жол ашылған жыл. Шетелдерге іссапарға барған жыл. Қызығы да, шыжығы да көп жыл. Бөрібай Бекарыс Мерей Ермұхановтың блогын өлтіріп тастаған жыл. Қалай ойлайсыз, оның рейтингінің менен артып, "Құрметті қолданушы" болуы қаншалықты релевантты?! ;)
— Келер жылға қандай жоспарларыңыз бар? Керекинфо жамағатына тілегіңіз болса...

— Жоспарым бірнеше бағытта. Біреуі – анда-санда блог жазып тұру, баяғыдай. Қалғандарын айтпаймын. Керектіктерге денсаулық тілеймін, қалғанын өздері жасап алады. Отбасына амандық және пәтер тілеймін. Алла жар болсын!

— Сұхбатыңызға рақмет! Жаңа жыл құтты болсын! :)

Идея авторы — Асқар Базарбай, фото авторы — Исабек Жұбаныш (Ispek92 ), сұхбаттасқан — Мен. ;)

Оcылай екен...: #ББББ. Бөрібай Бекарыс: Бәріне кінәлі...
Әрі қарай

"Шалдың" соңғы киносы немесе "Әліпмұратова, туған күніңмен!"

✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ Арнайы "Үздік кино сыншысы" сайысы үшін... ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!
Мен бұл киноны өткен жылы көрген едім. Иә… қайдағы бір үндінің қара домалақ баласына қол шапалақтап, тағы да арқасынан қағуға тура келді. Shah Rukh Khan-ның да тоқтайтын түрі жоқ. Әдетте, адам баласы өмірдің кез келген саласында даму немесе құлдырауға ұшырап отырады. Жоқ, бұл ғылымдық тұжырымдама емес. АИ-92 бензині таусылып, бағасы қымбаттаған тұсын сіз де даму деп, ауыз толтырып KFC мен дөнер опырған күйде де айта алмайсыз. Біліп отырмын, сіз бұл киноны көрген де боларсыз. Алайда бұл кино турасында pseudosмұғалімдердің «сүйкімсіз сүйікті» газетіне айналған «ЕҚ», Алаштың қарт-сарт-жөйттері жиналған «ЖА», елу теңгелік "ҚӘ", т.б. БОҚ өкілдері материал ұсынбағандықтан, осы сайыстың арқасында pseudosрецензия жазуды жөн көріп отырмын.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!Киноның жанрыжылайтын кино. Алайда драмалық туындылар әрдайым жылата бермейді. Режиссері Yash Raj Chopra 2012 жылы киноның премьерасынан екі апта бұрын қата қалған. Сценариін баласы Aditya мен New Delhi-де 79-дармен бірге оқыған Devika Bhagat жазған. Композиторы — қара торы мұжық A.R. Rahman. Киноның бюжеті дейсіз бе? Оой-й, бұл кино сұмдық ашқа жинаған енді… Оой-й!.. Bollywood-тағы кино орталықтың бас есепші-экономисінің өзі ішіп кеткен деседі үндінің Hollywood-қа жалданған техник-програмис алқаштары.

Оқиғаның басы

Үндінің тағы бір тамаша киносында («Rab Ne Bana Di Jodi») Shah Rukh Khan-мен бірге ойнаған Anushka Sharma (Akira) суға батып кетеді. Бейшара жүзе алмайды екен. Бұл сормаңдайды Samar Anand (өзіміздің Shah Rukh Khan) құтқарып, күртесін үстіне жауып, өз жөнімен кетіп қалады. Қасқа Discovery Channel-дің журигі танысы Әржүнімен (Arjun) телефонмен сөйлесіп болған соң әрі жүр деп, үстіндегі күртесін лақтыра салады. Сол кезде… Блокнотты «иә, Будда!» деп ашып оқыған соң, екінші бір оқиға басталады. Мұның да кино саласында өз термині бар. patick пен qisyq -тың «жанына» жақын сөз болса керек.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!

Оқиғаның байланысы

Сантехниктің қуанышы бір жартысы біткенше, көше «Potter-інің» қуанышы бір бұтақтан екінші бұтаққа жеткенше. Samar шіркеу алдында қар тазалап жүрген кезінде Mira-ны байқап қалады да, басын шайқап қалады. Mira-ң да анау-мынау емес, бір байдың қызы. Оның әкесінің де өз оқиғасы жетіп жатыр. Режиссер өзінің қата қалатынын алдын-ала білді ме, әйтеуір, киноны ұзағынан түсірген. Кино өмірі де ұзағынан болатыны белгілі. Киноның кәйпін осы Mira рөліндегі Katrina Kaif келтіреді, анандиіңдісс.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!

«Бетіңе айтайын, сен еркек емессің, Дайрабай!»

«Сен бақытсызсың. Сенің мына үтікке күйген саусағыңа түріктердің алтынынан сақина салған кезде көздерің басқа жақта, ойың басқа бір жақта болды». — Мен үш кредитті қалай жауып, қорадан қашан шығатынымды ойладым нақ!
Осыған ұқсас диалогтан соң екеуі "қайыршылардың" орталығында кездеседі. Mira ана тілде ән шырқауды үйрет деп қолқа салады, Samar болса ағылшын тілін үйретші-ей дейді. Сөйтіп, дайындықтан соң кешкі жын-ойнаққа барады. Қайтарда метрода Samar Borjomi-дің қымбаттап кеткендігін қыздың есіне салып, ернінен шөлп еткізіп сүйіп алады. Марқұм режиссер шал болса да, жүрегінде жастықтың оты жалындап тұрған екен. Қызда ес жоқ, бизнесінің бәрі наққа кетеді. Қазақтың бейшара студенттері сабақ үстінде Whats App, VKontakte, Facebook «желімдерін» қолданып, виртуалды әлемнің кеңістігіне қош келсе, Mira виртуалды түрде ішкі сезімінің гармоналдық жүйесін қалыпқа келтіре алмай, өзін неқош сезінеді.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!

Киноның кілті

Үндінің қара домалақ сантехнигіне күйеуге шықпаймын деп өскен Mira христиан дінін ұстанады. Ал Лондонда әр жұмыстың басын бір шалып жүрген қаңғыбас Samar-ға дін жағынан бәрібір сияқты. Міне, екеуі шіркеуге келіп, қыз да қылық шығарады. «О, үндінің қара домалақ баласы, мына картинаның алдында екеуміз тек дос боламыз деп уәделесейікші! О-о...» дегеніне «жындысың ба?» сөзінен басқа не айтуға болады?! Қазақтың қолжетімсіз он бес кітабы отыз мың теңге тұратын бейшара түсіндірме сөздігінде бар ме екен сондай сөз?! Ақыры, қыз уәденің ырымын жасайды. Біздің жұртта да уәде жасаудың неше түрі бар: а) Тойға дейін «болмайды»; ә) алтын-күміс жалатылған ыдыс-аяқтың қанша наборы сынса да, наққа кетпейміз. Осы екеуінің өзі мен үшін жетіп жатыр. Нәтижесінде бұттан кеткен қаншама "қызды" көрдік, түсік жасату теорияларын қазақ ғылымында «жақсы» қалыптастырып жатыр. Жұма күні қосылған жұптар сенбі-жексенбі күні (екі күн демалыста) «төбелесіп», дүйсенбі күні арыздары сот төрапасының үстелінің үстінде жатқанын да «Сіңгірдім News» пен «24 сағат бойы езет», т.б. БОҚ Media агенттіктері жарыса жазып жүр.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!

«Bollywood былжырағы»

Екеуі (Mira-ның) шешесіне жолығуға барады. Байғұс ана кезінде жанұясынан безіп кеткен екен. Себебі бір: бөтен еркекті қосылмаса өлердей сүйеді екен. Bollywood-тың көптеген киноларында осы «идеология» жүйеге түскен. «Сүймейсің бе, лақтырып кет!» & «Сүйсең айрылма, арқан ескен боғыңмен бірге жабысып ал!»  Есі дұрыс адам өзі ұнататын жанға қосылады ғой. Бүйтем де сөйтем деп түрлі ой-қиялын іске асыруға ұмтылады.

Шешенің тағдырын қызы да қайталайтыны бар ғой. Mira-ның шешесі Қымыранға ғашық болған. Мына қасқа қыз да Samar-дан кетәрі емес. Дегенмен, сегіз жылдай өзі сүймейтін, бірақ соның белінен Mira-жанды туған байын (тура және сәл-пәл қисық мағынасында) лақтырып кетеді. Қымыран сегіз жыл бойы кезегін күтті деп мақтанады әлі. Қымыранға қойған шарты: үйленбейміз, енді бізге баланың қажеті жоқ, жәй ғана бірге тамақтанып, бірге ұйықтайтын боламыз, «басқа ештеңе жасамаймыз».  Әлбетте, қазіргі қазақ жастарына да бұл «идеология» өтімді. «Ээ, дабай үйленбей-ақ қояйық, бірге тұрсақ болды емес пе!? Мен сені, сен мені сүйесің. Кейін бір күнде қата қаламыз. Хәзәйкіге де бірге ақша шығарсақ, бізге де жеңіл болады».  80 жасында соңғы пәлсапа киносын түсірген марқұм шалдың айтпағы мынау болған сияқты: Үндістанда қара табандар өте көп. Халық санын есептесең, акция өткізудің әкелер пайдасы нөлге тең. Міне, сондықтан қосылған жұптар «будандасуға» ұшырамаса, нәтижесінде «сұрыптаудың» да қажеті жоқ. Иә, өзімнің ойым ғой.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!

Тартыс кезеңі

Қызымыз ақыры шыдамай, сезіміне қарсы тұра алмайды. Кедей Samar-ға да бұл қыз «бақ қыз». Христосына берген уәдесін бұзғандықтан, жігітті көлік қаққан «мұғжизасы» қыздың ішкі дүниесін алай-дүлей қып, мүжіп жібереді. Жыларман қыз төрт аяқтап болса да «дұғасын» оқиды. Ертеңіне Сәмекең жұрт бас сұға бермейтін әлгі шіркеуге барып, иконаға әңгімесін айтады. Samar кедей болса да, намысы бар ер екен. «Сен менің махаббатымды тартып алдың. Енді мен оның жүрегінен саған деген сенімін өшіремін. Қасқайып қалған қыз маған қосылса, мені қата қалады деп ойлайды. Сорлы неме! Қазір үш минуттан соң ажалмен „азаматтық некеге“ тұратын боламын». Aditya-ның да жазбайтыны жоқ, драматургияңдысс. Киноның тартысы осы сәттен бастау алып, бірінші бөлімі де аяқталады.

Коллизиядан соң немесе екінші бөлімнің оқиғасы

 Әдіре қалғыр киноның екінші бөлімі де ұзағынан сүйіндірген. Көк тігілгір, көріп отыра берсеңіз, бұтқа жіберуіңіз де соғұрлым тезірек жүзеге асады. Екінші бөлімді тәптіштеп жазайын деп отырған мен жоқ. Коллизиядан соң...

Киноның тартысы Samar-дың әскерлік қызметіне құралған сюжеттердің жүйесімен өтеді. Мұжықтың блокнотында киноның бірінші бөлімі жазылған. Әлгі Akira деген журик қыз Samar-дың биографиясына репортаж жасап, оны «Буратино» балдырған-киносында түлкіге ұқсап қалған Түйметеймен бірге feat жазып жүрген Лепістің «кетіп қаламын нақ!» деп құлақтан тепкен әнінде айтылған Лондонға шақырады.«Бармаймын нақ!» Бұл — суға салса жүзетін, отқа салса күйіп кететін қартайған Samar-дың сөзі.

… Лондонға барған Samar-ды тағы да көлік қағады. Медицинада қалай аталатынын білмеймін, білім базасы соңғы «обновлениені» жүктеген инсандар білетін шығар. Samar он жыл бұрынғы өміріне қайта оралады да, қазіргі өмірді сүріп жатқанын ұмытып қалады. Міне, көрдіңіз бе, терминді білмеген соң, сөйлемді де ноқалай ноқат боп дұрыс құрай алмай отырмын. Akira мен Samar-дың зайыбы шығып, Mira-ға төмендегі мына сөздерді жоғары екпінмен айтады:

Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!Akira: «Наным-сеніміңді айтып, қайтадан зайыпты шығара бастадың ба? Сенің оның тірі жүруін дұғаң арқылы сұрағаныңнан бұтақ та пайда жоқ. Оның қазіргі жүрісі — тірі өлік. Сенің әлгі сыйынатының, бәлкім, саған: „Жетер енді! Ләйімсіп жүре бермей тезірек байға кет!“ — дейтін шығар, ә!? О несі-ей!»

Samar: «Ал, мен кеттім ал! Мына сыйынып жүрген пұтыңнан пайда жоқ. Не мені ақыры өлтіріп тынып, солай жеңіске жетеді, болмаса жеңіліс тауып, сені маған қайтарады да, көтін қысады».

The End

Енді не болады екен деп қызығыңыздың кәйпі тыйылмай қалады. Әдетте, үнді киноларында басты кейіпкерлер қосылып жатады. Мұнда да режиссердің интригасы сәтті шықты.
Ақ көйлекті, емшекті, нәзік жан-ды,
Соқыр емес, мылқау боп келіп қалды.
Үсті-басы оғоғоу, түсі кәйіп,
Ақыры…
Samar-ға қатын болып тиіп алды.
Сонымен Mira құдайының Samar-ды өзі үшін сақтап жүргенін түсінеді. Марқұм насыбай атып көрмеген шалдың да интригасы бітпейді. Сэр деп бір үндің селк еткізеді. Соңғы бомбасын өшіруі керек. Мен сол сәтте оны қата қалатын шығар деп ойлағам. Киноның сол эпизоды сондай қиялға жұлқып әкетеді. Бірақ, шүкір, кейіпкеріміз өлмей, әлгі журик қыздың жасаған репортажы Discovery Channel-дің орталығында көрсетіліп, кино журиктердің қол шапалақтауымен аяқталады. Жалпы, киноның месежі өте көп. Шалың бұл киноны бұрынғыдай емес, күрделі түсірген. patick -тер білмесе, мен сияқты «шәйнектер» түсіне бермейді. Журиктерге "өздерің еңбектеніңдер, ұрламаңдар нақ!" деген месежді киномыз соңғы эпизодында тегін жеткізіп отыр.

Бұл киноның биі де, soundtrack-тері де — бәрі де "өрт". Жазған блогымды оқып болсаңыз, мына төменде берілген осы киноның трэктерін жүктеп алып, тыңдай көріңіз...
P.S. Сайысты ұйымдастырған кісілер блогымды оқиды деп үміттенемін. Себебі бізде таң сағат алтыда атады. Ал түнгі он екіден кейінгі шисло сегізі болғанымен, күн шықпайынша сегізі күні араласатын күйбең-тірлікке қойыма да араласа алмайсың. Шабыт жиілігін де қалпына келтіріп, жүйеге түсірумен-ақ уақыт өтті.
P.P.S. Осы сайыстың себебін пайдалана отырып, бапасының қызы болған Әліпмұратова Назымды туған күнімен шын көңілден құттықтаймын! Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Арман-мақсаттарыңа амандықта жете бер! Жұрттың айтқан ізгі тілектеріне мен де қосыламын. Болашағың берекелі болсын! Осы мен жазған киноның аты айтып тұрғандай, тірі кезіңде өмір сүр, параллельді қиял әлеміне тым алыс самғап кетпе, тіршілігіңді жаса!  Осы сайыстың жеңімпазына бұйыратын сыйлық — Samsung HT-H5550K үй кинотеатры. Сонымен қатар HW-H550 саундбары да бар екен. Саундбардың не екенін білмейді екенмін.  Осы сыйлықты жеңіп алсам, сенің туған күніңе орай саған сыйға тарту етер едім. Бапаңмен бірге кино көрерсің деген сондай бір қызық ниетпен.
Әрі қарай

Блогиаданың жартылай финалы басталды

Қасқыр блогерді анықтайтын «Блогиада» сайысы қызып келе жатыр. Енді бұл доданың жартылай финалы басталды, шашасына шаң жұқтырмайтын мықтылар қалды. Блогиадаға қатысқан барлық блогерлердің ерен еңбегі бар, оларға алғыс айтып қою керек. Ал, енді бәйгеге түскелі жатқан дүлдүлдерге сәттілік пен шабыт тілейміз!
Кеше ғана өткен марапаттау рәсімін көре отырыңыздар
Әрі қарай

Жол жауынгердің түрлі сайыстары

Стантрайдинг
Cпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстарыCпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстары
Стантрайдинг дегеніміз мотоциклде трюкпен көрсету. Бұл рәсімді спорт түріне ресми енгізбесе де бейресми әлем чемпионаты өткізіп тұрады. Әлемнің түкпір түкпірінен ең мықты райдерлерді жинап, Европада жүйелі жарыс бірнеше жылдан бері өткізіп келеді. Бұл трюкті жасау үшін төменгі жылдамдықта тежеуішті ұстап, алдыңғы дөңгелекті жоғары көтеріп, мотоциклді бір бағытта бірнеше секундта ұстап тұру.

Скийоринг
Cпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстарыCпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстары
Бұл жарысты қысты гүні мотоэкипаждан тұратын шаңғышы және мотоциклші бірігіп өткізеді. Мотоциклге темір шыншырлар байланбайды. Қауіпсіздік шараларды сақтау үшін әрі рұқсат етпейді. Өте керемет спорт жарысы деп ойлаймын. Әсіресе Бурабай, Астана, Семей, т.б. қалаларда қысты гүні қар қалың жауады.

Мотофристайл
Cпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстарыCпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстары
Cпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстарыCпорт жаңалықтары: Жол жауынгердің түрлі сайыстары
Мотофристайл дегеніміз алаңда, ауада кідірістеп ашық секіру. Мотоциклмен акробатикалық секіру әлемдік деңгейде неше түрлі мықтылар мойындатқызып кетті.
Әрі қарай

Өнертапқыштар саласында жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы жуық арада бастауын алады

Шапағат 2013

Байқау келесi номинациялар бойынша өткiзіледі:
«Жыл өнертабысы», "Өнертапқыш-әйел", «Ең жас өнертапқыш», «Ең белсенді өнертапқыш», «Жас дарын»
Байқау аясында өзіндік ерекшелігі және болашағы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасаған 14 жаспен 18 жас аралығындағы студенттер мен мектеп оқушылары қатарынан «Жас дарын» номинациясы бойынша талапкер алынады. Аталған номинацияға инновациялық патентпен және патентпен қорғалмаған ғылыми еңбектер қатыса алады.
kazpatent.kz сайтынан ақпарат алынды.

Номинациялардың ішінде мені қызықтыратыны соңғысы. Егер талантты оқушы балаңыз жасаған ұсыныс болса қорықпай сайысқа қатысыңыз. Сандық түбінде сақталып қалған идеяңыз есіңізге түсті ме? Қорықпай ұсыныс жасаңыз. Бір тетігіне өзгеріс енгізгенде құрылғы жақсы, өнімді жұмыс істей бастады ма? Бұл сіздің сайысыңыз. Баяғыдан іске асыра алмай жүрген жобаңыз бар ма? Ұсыныңыз!
Әрі қарай

Саз әлемі 2

Саз әлемі- 2012 кешеден бастап қайта бізді қуантпақ…

Былтырғы жылы, бірінші рет басталғасын кемшіліктері жайлы көп сөз қозғап, біраз әншілерді аспаннан түсіріп қойған едік…

Әр бағдарлама жасаушыға меніңше болса, өз бағдарламасын жұрттың қалай қабылдап, жақсы-жаман болсын талқылап жатқаны меніңше қуаныш. Шын ғой, өзіміз кішкене бірдеме жазсақ та талқылау күтіп отырамыз. Ешкім 100% керемет дүние жасай алмайды, себебі талғам деген "өте капризный" кісі екен)).
Әрі қарай

Бәйге : Фильмді сипатта! (+18, Ескерту! Жазбада бейпілауыз сөздер бар!)

"«Заходит он бля в каморку бля папы Карло, а там ебут его дочь, причем ебут капитально.»© Армагеддец. Шура Каретный.

Ережесіз д*ебаттар" сайысы тым қатты болмады, тым жұмсақ болды, виртуалды қантөгіс болмады, дебатқа ұқсап кетті дейтіндер осы сайысқа қатысуға ниет білдіруіне болады.
Кім де кім бейпіл ауыз сөздерді әдемі, орынды, масштабты қолдану өнерін шыңдағысы келсе, немесе боқтап жазуда сайысқысы келсе, хардкор шешендік сайысына шақырамыз!
Әрі қарай

Бүгінгі білімді студент

Қүрметті достар, сіздерді 14.03.2012 сағат 11-00 де болатын «Бүгінгі білімді студент — ертеңгі білікті маман» атты зияткерлік сайысты тамашалауға шақырамыз. Сайыстың мақсаты: Студенттердің тәуелсіздігіміздің тұғырына деген сенімін арттырып, Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін ұғындыру. Оқу бағдарламасынан тыс танымын толықтыру. Зияткерлік санасын жан-жақты дамыту. Елінің, жерінің ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру. Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңіту. Тарих көшінде көшпенді халықтың ұлттық құндылықтарын, тарихи болмысын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сол қалпында сақтап, жастардың санасында, рухында дағдарыс болмасын деген ұранмен, олардың бірлікке, жарқын болашаққа талпынысын іс жүзінде насихаттау. Болатын жері: Алматы қаласы, қалалық №4 кітапхана, Абай даңғылы 141-үй (Жароков көшесінің қиылысында)
Әрі қарай