МЕН ҚАЛАЙ ҒЫЛЫМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТАҒЫ ДА ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ БОЛДЫМ немесе біз Дәруішөлгенде діни экстремизммен қалай күрестік

Жалғасы. Басы Гүлжамаштың бірінші санында жазулы тұр.

Мен Ұлттық ғылым академиясының президенті болғаннан кейін, тпә-тпә, бұрын, тоңқайтып қойып айдай беретін ғылымның бетін бері қараттым. Ең алдымен, ауыл мен Баскенттен нешік «бастарды» жинадым: «басы алтын» жігіттер, бұтақбастар, сопақбастар, ешкібастар, балықбастар және жартыбастар…
Әрі қарай

Мен кіммін? немесе біздің Дәруішөлгеннің Ұлттық ғылым академиясы қалай ашылды, анасс!!!

Біреулер «Дәруішөлген деген не осы?» деген сұрақтар қойып жүр. Не дейін сендерге? Ештеңе де! Жауап ретінде Нақұрыстың «Дәруішөлген» сайтында жазған нотацияларын салуда жүн санадым. Іздеген сұрақтарыңа жауап табылып қалар. Сонымен:

(тарихи ессе-очерк-почерк!)

Мен ҚазНаз деген ауылдың тұрғынымын. Біздің ауыл астанамыз Дәруішөлгеннің теріскей бетіндегі Мастұр батыр моласынан қозы көш жерде орналасқан.
Әрі қарай

Ауылдың айтқыштары

Есейген сайын, алыстағы ауыл жадымда бұлыңғыр тартып, көмескіленген сайын, әлі де есте қалғанды місе тұтып, соларды жаңғыртқанды ұнатып тұратын кездерім болады, қазіргі кезде нағашымның ауылында 11 үй ғана қалды, мен танитын, мені танитын ағайлардың басым көпшілігі бақилық болған, «Google Earth» бағдарламасынан сол ауылды қарап отырсам, кіп-кішкентай боп көрінеді екен, бала кезде маған үлкен болып бейнелетін, дегенмен, балалық шақ алдамапты, үлкен әлем екен.

Кеше, бір атайдың жазбаларын оқып отырып, есіме көп адамдар түсті, кейбір айтқыштардың айтқаны жадыма орала берді:

Ел жақта Ыбырай деген жігіт бар, бірде түні бойы ішіп, үйіне таң ата кеп ұйықтап жатса, әкесі келіп жекіпті:
-Әй, жетпегір, не жатыс, тұр, малды өріске шығар, су әкел.
-Әке, ауырып жатырмын, өзің істей салсаң,-деп басын қайтадан көрпемен бүркепті Ыбырай. Әкесі осы сөздеріне ренжіп:
-Қайдағы ауру? Сенікі сатып алған ауру!!! Жетесіз!
Сонда Ыбырай:
-Қателесесің, әке, ол кәмерсанттан қарызға алған ауру, ақшасын беру керек,-деген екен.

Ыбырайдың мақал-мәтлдерінен: Жылы-жылы сөйлесең кәмерсантта арақты қарызға береді.

Сабыр деген атай болатын, тілі ащы, бір көзі қисық(соқыр), бойы тәпелтек, қолының қыстырмасы жоқ емес-тін.
Бір көзі жоқ сол атай ауылдағы клубта пеш жағушы (кочегар) болып істеді, көмірді араққа сатып, пешті дұрыс жақпаса керек, зав клуб Күләш (екі көзі екі жаққа қарап тұратын қитар болатын) сельсоветтің бастығына (қазіргі ауыл әкімі) шағымданыпты, сонда Сабекең:
-Бұл мәселеге забклуб екеуміздің көз қарасымыз екі түрлі деген,- екен.

Жайылымнан соғымға жылқы әкелген жылқышыға(Пфайфер деген неміс) арақ пен төлемекші болған ұлы Сабырдан «бір бөтелке берейін бе?»,-деп сұраса, Атай:
-Не, екі қолын екі бөлке ұстатайын деп пе едің,- депті.

Үйінде құдалық болып, той-томалақ кезінде бір жеңгейі ән шырқай беріпті (даусы керемееет жәмән еді, маймылдың шарылдағанындай), содан әбден шаршаған Сабыр есік жаққа қарай кетіп бара жатқан әйеліне айғай сапты:
-Әй, Жібек, есікті аш! Есікке мысық қысылып, өлейін деп шарыладап жатыр!!!
Әрі қарай