Үйсіз мысық

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Үйсіз мысық
Үйсіз мысык. © Абылай Шаймерденұлы.

Шулы коше, мазасыз шақ болатын
Әне адам жерге қойды пакетті.
Әлі ұйқыда жатқан мысық баласын,
Осы жерге қалдыруға әкепті.

Ал оянған мысык тұрды мияулап,
Сезгендей ме енді жалғыз қалғанын.
Жаутаңдайды бөтендерге таяулап,
Қайда кеттін ием менін арманым?

“Қарашы бір көздеріме қожайын,
Көзіңдегі мейірімге қанайын.
Мені өзіңмен ала кетші қожайын,
Пыр пыр етіп ерке әніме салайын.

Маңызды емес ата тегің, кім едің,
Сипап өтші болды сенін досыңмын.
Анам барда еш алаңсыз жүр едім,
Бүгін міне жабайыға қосылдым!”

Естілмеді адамдарға жанайқай,
Бұлай адам болғандарың бар болсын.
Қарамайды: “Асығыспын балақай,
Ал өзіңе жаратқаның жар болсын”

Иттер қуды, байғұс суға былғанды,
Тағдырынан алған қатал жарлықты.
Бұрын жүріп көрмеген ғой бұл маңды,
Шырылдаумен әлсіз даусы қарлықты…

Ащы сабақ, оған да жоқ таласым,
Адамдарға суытқан көз қарасын.
Ол көңілді марғау емес ендігі,
Қасқыр еді жалап жазған жарасын…
Әрі қарай

Вата қыз бен Felis catus (халық ертегісі)

Баяғыда Вата қыз болыпты. Баяғыда болғанда, сол 1989-2029 аралығы ғой (байғұс 2030-ды да көрмей кетті деседі). Вата қыз кредитке алған үйін жинап жүріп, бір езілген жүзім (ел арт ұртында мейіз дейді) тауып алады да, Felis catusты шақырады, Felis catus келмейді. Felis catus деген негізі кәдімгі мысық болатын, бірақ өзі мішім кезінен латын тілін тереңдетіп оқыған зияткер мысық еді, Лукоморьеңді… Тәлпіштігі де жоқ емес енді. Сондықтан осылай атағанды қалайтын.
Қыз:
– Келмесең келме! – деп, езілген жүзімді өзі жеп қояды. Жеп болған соң (бұл кезде Ватаның іші өте бастаған еді) Felis catus келіп:
– Неге шақырдың? Оның үстіне уатцаптағы конфаға жазып жібергенің не? – деп сұрайды.
Менде бір керемет сюжет бар...: Вата қыз бен Felis catus (халық ертегісі)
Вата қыз айтпайды. Сонан соң Felis catus:
– Ендеше сенің минералкаңды төгем! – дейді.
Вата қыз:
– Өзі таң ата бас ауырып тұрғанда жалғыз дауа – минералкама тисең, мен құйрығыңды кесіп аламын! – деп жауап береді.
Felis:
– Қумашы, а! Құйрықсыз мысық тұқымдасына жататынымды білмейтіндей!-деп кейиді.
Вата Қыз:
– Онда кесетін жерің де қалмады ғой,-деп басын қасиды.
Зияткерлік пікір-шайқаста жеңіске жеткен Felis catus минералканы төгеді. Вата қыз Felis catusтың құлағын (!) кесіп алады да:
– Шайқаста жеңіліс тапқанмен, соғыста кім жеңетінін көреміз!-деген көрінеді.
Felis catus:
– Апа, апа, құлағымды берші! – дейді.
Вата қыз:
– Апалап қалуын! Менің минералкамды төле! –деп талап етеді.
Felis catus сиырға барады. (Кешіріңдер, бұл жерде сценарий солай, халықтың идеясы)
– Сиыр, маған минералка берші! – дейді.
Сиыр:
– Миыңды ұрайын, епті, сиырда қайдағы минералка, жоғал құры нақ! Менен қатық сұрау керексің!-деп қуып шықпақ болады.
Сонда:
– Келісейік те,-дейді оңтүстікте 2 жыл тұрып, сол жақта пішіліп қалған Felis.
Сиыр:
– Жарайды, минералканы да шешеміз… Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – деп басып жібереді.
Felis catus ағашқа барып:
– Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
– Мен ағаш емес, көкнәрмін!-деп, өзінше петросянданады.
Felis:
– О, тіпті жақсы онда!-деп қуанады.
Ағаш:
– Қалжың ғой. Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.
"Өзім су іздеп жүргенде, мынау да су сұрай ма не?"-деп өз-өзінен күбірлейді Felis catus.
Felis catus суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші!-дейді.
Қыздар оған:
– Су деген сөзде 2 әріптен қателестің ғой! Бізден әдетте оны сұрамайды. Жарайды, бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз,-деп шарт қояды.
Felis catus дүкенге барады.
– Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
– Суға шомылдырғыр-ай, өзі кризистің алдында көрінген айуан келіп сағыз сұрай берсе, нем қалады?-деп күйінеді.
Сосын:
– Онда маған жұмыртқа бер!-дейді.
Felis catus:
– Ренжіме, мені Шымкент жақта кастрация жасап тастаған,-деп күмілжиді.
Дүкенші:
– Ондай жұмыртқа емес, кәдімгі тауықтың жұмыртқасы,-дейді.
— Құстарда да бола ма не?-деп таңырқайды Felis catus.
Felis catus тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
– Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.
Felis catus: «Манағы Көкнәрмен қалай да келісу керек,»-деп ыржияды. Келе жатып, тағы да: «Енді не қыламын? Ит боп кете жаздадым ғо іздеген құрлы» – деп ішінен ойлайды. Сосын өзі ойына өзі күлкісі келеді. Сөйтіп кетіп бара жатса, бір тышқанды көреді. Felis catus тышқанды бас салады.
– Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан:
– Үйімде іргелес монитор, клавиатура, процессор бар,-дейді.
– Миымды зорлама, шыныңды айт!-дейді ашулы Felis catus.
Тышқан:
– Бір табақ тары бар, – дейді.
– Ойылдікі ма?-деп сұрайды Felis.
Тышқан:
– Ренжіме, бірақ қазір саған мейлі сияқты ғой (сөз ауыстырылды – ред.),-дейді.
Felis catus:
– Маған бір уыс тары бер,-дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; Felis catus тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су (!) береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Вата қызға береді, Вата қыз мұны көріп:
— Ноқалай ноқат нәгөй кеще-ау, қатығыңды қолтығыма (сөз ауыстырылды – ред.) тығам ба, маған минералка әкел дедім ғой!-деп Felis catusтың құлағын мәңгілікке бермей қойып, ана жаққа да өзімен бірге ала кеткен деседі.

Соңы.
Әрі қарай

Ақ халаты бар, анты жоқ дәрігер

Әбіләкімнің  ауылы: Ақ халаты бар, анты жоқ дәрігер«Адамның күні адаммен, жануарлардың күні мал дәрігерімен» деген қағиданы қос қолдап ұстап алып, мал дәрігерінен сұхбат алуды жөн санадым. Көп іздеп әуре болғаным да жоқ. Көптен бері ойымда жүрген бір адам бар еді…
Қаладан мал дәрігерлерін тауып алу сұхбаттасу қатты қиын шаруа емес. Бірақ бұл кісіге бүйрегімнің бұруын екі себеппен түсіндіре кетейін. Біріншісі, бұл кісінің ұлтының қазақ болуы, екінші себебім, ол кісі екеуміз фамилияласпыз. Сонымен, Жақыпов Жұмабай Қаппасұлының жұмыс орнына келдім. Сыртта итін, мысығын құшақтаған екі-үш адам кезек күтіп тұр. Ішке ендім. Кіре беріс бөлмеде жеңгеміз отыр екен.
-Сәлеметсіз бе? Жұмекең өзінде ме?
-Өзінде, бір итті тексеріп жатыр.
Әрі қарай

Жапония аралындағы мысықтар жұмағы

Ит, мысығын жазатындар еріккендер демекші, мен де сол еріккендердің бірімін. Біз көшпелі қазақ пәтер ауыстырып, басқа жерге қоныс аударғандықтан ба, күн тәртібіміз бұзылып, түні бойы жүріп алуды шығардық. Ұйқысыз жүрген кішкентай шуламасыншы, «мяу, мяу» деп мяулап мысыққа дейін айналдық. Пайғамбарымыздың (с.а.с) ең сүйікті үй жануары болғанымен, мен ұнатпайтын (қорыққанымнан шығар) мысықтардың суреттерін көрумен болдық. Жапонияда мысықтардың отанына айналған Фукуока деген арал бар екен. Бұл жердің мысықтары балықшылардың қолынан тамақтанып, үйді-үйге емін-еркін кіріп-шығып, көшелерінде рахаттанып жүрсе керек. Саны жағынан сол даладағы мысықтардан да аз тұрғылықты халқы оларды қатты жақсы көреді екен. Бұл махаббатты жапондық фотографтарының түсірген суреттерінен де аңғаруға болады. Fubirai деген фотограф бес жыл бойы осы аралдың жартылай жабайы мысықтарын суретке түсірумен айналысқан екен.
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Блог - dindar: Жапония аралындағы мысықтар жұмағы
Әрі қарай

Ит пен мысық

Блог - Ispek92: Ит пен мысық
Менің 4 жыл оқыған универді бітіргеніме көп бола қоймады. Бірақ айтпағым бұл емес еді. Мен оқып жүргенімде квартирада(пәтерде) тұрдым. Яғни, неше түрлі көршілерім болды. Мені таңқалдырғаны кейбір адамдардың(көбісі десемде болады) иттен гөрі мысықты жақсы көретіні. Мысықты асырағандары да болды. Мен керісінше, оларды ұнатпаймын, ал иттерді қалай жақсы көрем десеңші. Мысықты қалай жақсы көруге болады, соны түсіне алмадым. Содан осы жазбаны жазайын деп интернеттен материалдар іздей бастадым. Сонымен, иттерді не үшін жақсы көру керек деген себептерге төменгілерді айтуға болады:
Әрі қарай

Бір сәттік оқиғалар...

Ойын баласы кезіміз. Мектептен қайтқанымыздың өзі ойын. Жолай үйіне жеткен кластастарымыздың үйінен су ішеміз. Сонда байқағаным су толы ожауды тұтқасымен ұсынса да бес саусағын тарбитып түбінен ұстап сіміріп салатындар болушы еді.Ойын баласы болған соң не бір заттарды ұстайсың,өзіңнен кейін су ішетіндердің де жағдайын ойлау керек қой. Ержетіп оң-солымызды танығанда байқағаным: баяғы ожауды түбінен ұстап су ішетіндер әлі солай ұстайды екен.Бала кезден қалыптаспағансоң қиын шығар. Ата-ананың жіберіп алған қателігі.
Тағы бір осы тектес мысал. Бір үйде шай ішіп отырасың. Бәрі тамаша. Бір кезде сол үйдің мысығы құрығыр келіп мияулайды. Шай құйып отырған жеңгей сүт құйып отырған қасығымен (ауылда кей үйлер сүтті литр кесеге құйып, қасықпен шай кешеге құйып отырады) мысықты басынан бір ұрып, әрі қарай қасығын шаймастан сен ұсынған кесеге шайын құйып беріп отыра береді.
Басқа бір үйден ет жеп отырасың. Ет бабына келіп піскен. Бір кезде бөлмеге сол үйдің 3-4 жасар баласы кіреді. мұрнынан ақ боз аты мен көк боз аты қоса ағып тұр. Жеңгей жалаң қолымен әлгінің мұрнын бір қорс еткізіп сіңбіртіп алады. Қолын етегіне шала-шарпы сүрте салып «Жеңіздер, жеңіздер» деп табақтағы етті жұртарға ысыра бастайды.
Енді бір кісілер қонаққа барған үйін расымен де "өз үйі" екен деп қалады. Ет желінген соң, карта ойналған соң, сорпа бойына тарағанның әсері ме тершең қонақ терлей бастайды. Ваннаға кіріп, қонақтар беті-қолын сүртсін деп қойған таза орамалға қолтығына шейін сүртіп кетеді…
Суреткесілтеме
Әрі қарай

Марғаумен сұқбат

Бір ауық кейіпкерлеріміз ретінде хайуандарды алсақ та, (өз отрядымызды талқылай бермей) сайт әралуандығына сеп болар ма еді. © Gastarbaiter

Осы бүкіл аймақтағы ең тышқақ сиырлар біздікі шығар, тігейіннің. Болмағаныма — бір-ақ апта, дегенмен үйдегі Зеңгі бабасстың төрт жүгермегі қораны аузы-мұрнынан шығарып толтырып қойыпты. «Мөөө» дейді ғой епті, не «мөөө»? «Бөөө» саған, ал шешесс!

Шалдың үлкен айқайының алдындағы кемпірдің кіші айқайынан-ақ көңді төгіп келіп құтылуға бел будым. Әйтпесе, шәй үстінде жалқаулық туралы әңгіме алыстан басталып, соңғы кесені ішіп жатқанда тап менің болмысым болып шығуы ғажап емес. Ең күйдіретіні — жалқау болуы себепті тұрмысы нашарлап, ақыры
Әрі қарай

Тегін ғибрат

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында аяз күшейіп тұр дәл қазір. Осы аяздар есіме бір ғибратты әңгімені түсіріп тұрғаны.
Бір торғай қатты аяз күні әрі қарай ұшуға шамасы келмей жерге(қарға) құлап түсіпті. Қардың ызғарына аяз қосылғанда оның өмірін әрі қарай жалғастыруы еш мүмкін емес еді. Сол маңайдан өтіп бара жатқан бір сиыр торғайдың дәл үстіне жапалатып кетіпті. Ыстық жапаның әсерінен торғайдың денесіне жылу тарап, өмірі сәл де болсын ұзарыпты. Бірақ, торғайдың дегені емес Алланың дегені болады емес пе? Сиыр өткен жерден мысыққа неге өтпеске?! Өтіп бара жатқан мысық жапа арасында отырған торғайды көріп, оны шығарып алыпты. Шығарғанда қайбір жаны ашыды дейсіз, жеп қойыпты сосын.
Бұдан туар қорытынды: Сені боққа тастап кеткеннің бәрі жау емес, боқтан шығарып алғанның бәрі дос емес.
Сурет мына жақтан алынды
Әрі қарай

Мақтақыз бен мысық

Осы ертегіні бала кезімде сүйіп тыңдайтынмын. Қазір балама айтайын десем ұмытып қалыппын. Интернет аман болсын, бір оқып жаттап алдым. Ұлыма ұнағаны соншалық қатарынан 3 рет айтқызды. 4-ші рет айтпадым, «болды, жат» деп массаж істеп ұйықтатып тастадым. Сіздермен бөлісейін дедім, балаларыңызға барлық заманның бұл суперхит ертегісі міндетті түрде ұнайды деп ойлаймын.

Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз:
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Әрі қарай

Мышық пен ит

мен мышықты (біреулер мысық дейді) «піш-піш» деп шақырам. бір Жезқазғанның жігіті «міш-міш» деп шақырамыз дейді. соған қарағанда «піш-піш», «міш-міш» деген сөздер мышық деген сөздің қысқартылған түрі сияқты. Шымкенттік жігіттен сұрап едім «кис-кис» дейді.
ал бізде итті «кә-кә» деп шақырады. «кел-кел» деген сөздердің қысқарған түрі ғой деймін. әлде «комне» немесе «камон» деген сөзден бе?
Әрі қарай

Адамдар ақша үшін не істемейді ә?



Түркияның әр облысына тән бір… нәрсесі(Орнына басқа сөзбен ауыстырайын десем, ыңғайлы сөз таба алмадым)бар. Мәселен, Бурсаның Ескендір кәуабы, Күтахияның фарфор ыдыстары, Ыспартаның раушан гүлдері, Манисаның бір шөптен жасалған тіс пастасы,
Әрі қарай

Мауығу үдерісі



Мысықтар түнде қатты дыбыстар шығара бастады. Солардың кесірінен де ұйқым қанбай жүр. Көктемнің ерте келгендігінің белгісі ма? Әлде осындай уақыттан бастап нете бере ма?
Әрі қарай