Көк түсті Роза

Қыстың басы. Бірінші қар түсіп, еріп күн қайта суытқан кез. Қара суықта Күн жоғары көтерілмей қатпар-қатпар сұр бұлтты қас етіп түйіп алыпты.
Кеш гүлдеген гүл күнге қарапты. Күннен жылу сұрапты. Бүріскен жапырақтары жайылмайды, солып, кеуіп сынғалы тұр.
-Аяшы күн мені, жылуыңды бер!
Күн гүлдің жалбырынғанын естігенімен жыл мезгілін ескеріп жауап бермепті.


P.S.: Табиғаттың жаратқанында көк түсті роза гүлі болмайды. Қыста гүл гүлдемейді. Әр істің өз кезегі, мезгілі бар.
Әрі қарай

Тілмашқа 120 кеңес

Блог - Anuarbekkyzy: Тілмашқа 120 кеңес
Сіздермен отандық ұйымның тегі ағылшын тілмашы берген 120 кеңеспен бөліскім келеді. Ағылшын тілін жетік меңгердік деген сенімде болсақ та, қанша жыл оқысақ та, көп нәрсені жұмыс жасағанда ғана тәжірибеде біліп жатамыз. Білместіктен, орыс, қазақ тілінің ережелерімен шатастырып жатып, қате жіберіп жатамыз. Сондықтан аударма саласына жаңа келіп жатқандарға пайдаға асар деген үмітпен
Әрі қарай

Күзді ұнатпаймын


Басқаларды қайдам, өз басым күз мезгілін онша ұнатпаймын. Бала кезден.

Дәл қазір Астанада түні бойы жауған жаңбырдан жер деген лайланып, күн бұлттанып, ызғарлы жел ұрып тұрғаны.

Күз келсе болды, онсыз да жүдегіш жаным екі есе жүдеп салады. Күз келсе болды, онсыз да депрессияға жиі түскіш басым, екі есе жабығып кетемін. Күз келсе болды, онсыз да мұңлы ойларымның мұхитына екі есе белшемнен бата түсем. Сол кезде жарқ-жұрқ етіп жүретін, ешқандай ауа райына, ешқандай мезгілге пысқырып қарамайтын адамдарға қызығып қарап қаламын. Қалай осылар сияқты ештеңені көңілге алмай жүруге болады деп? Сосын күз мезгілін ұнатам дейтіндерге де таң қалам. Жаны соншалықты қартайып кеткен бе деп. Жас адам көктем мен жазды жақсы көрмеуші ме ед?..

Күздің де өз әдемілігі, өз қолтаңбасы, өз сұлулығы бар. Бірақ, менің ішкі дүниемдегі жайнаң қаққан жаз айы мен көктемге қарама қайшы келетін құбылыс.

Ойладым, неге күзді ұнатпаймын деп. Күз кәрілікті бейнелейтін сияқты. Күз өміріңнің көктемі мен жазы мәңгі тұрақтамайды, ертең сенде мен сияқты қартайып, осылайша бар байлығың жапырағыңнан да айрылып, ақ қырау мен үскірік шалатын қарттыққа да (қыс мезгіліне) жетесің дегенді тұспалдап тұрғандай. Иә, білем, қарсы уәж айтқыңыз кеп тұр, “адамдар күзде де күледі, күзде де тойлайды” деп. Бірақ, сол Адамың көктем мен жазда да “жылайды”.

Адамның қуанышы мен қайғысы мезгілді таңдамайды. Жылағысы келген адам күзің не, жазың не, өкіріп отыруы мүмкін. Айтқым келгені, күз мезгілі – онсыз да өмірдің шындығына қасқайып тура қарайтын жандарды өткінші жалғанның бейнесімен екі есе қауыштырып, одан сайын қамықтыра түсетіндігінде.
Әрі қарай

Сенген қойым сен болсаң

О, алтын күз! Бір жылда төрт рет ауысатын жыл мезгілдері өзіне тән ерекешеліктермен адамға әсер етеді. Жаз бен қысқа қарағанда, күз бен көктем сезімге толы шақтар екені жарланып келе жаталы қашан. Көктемде гүлдеген сезімдер, күзде солып жатса, бұған да таң қалуға болмайды. Адам өміріндегі тәтті шақтарды еске алуымен өмірін гүлге теңейді. Сол күзде сол адамға жолықпағанда, деп кейде ой келеді. Кейде осылай бойға қайрат берілгенімен, жүрек әлсіздігіне лағнет айтқың да келеді. Әлде тым әлсіз шығармын. Аз көрген шығармын, содан да жылауық болармын. Сол өткен күндер, өткен түндер сен тамаша едің, сол кездері айналадағы адамдардың бәрі мейірімді, өмірдегі сан шыңдар оңай алынатын дүниелер болып көрінетін. Қырсық шалған сол күзге өкпелімін деп шағымданудан басқа не шара бар.
Дамылсыз соғылған кеудеңдегі жұдырықтай жүрек аузыңа тығылып, сөзіңді әзер айтып, алдыңдағы адамды арман аруға теңеген бозбала шақ, сезімге толы қызық та сол кездегі мен үшін өзінше ауыр шақ.
Қарап тұрсаң, бәрі бар. Киім де, жағдай да, ақша да, туған-туыс, аға-іні, апатай-қарындастарың да бар. Енді келіп, махаббат бастағың келіп кеудеңде дамыл жоқ. Жоқ мүмкін бұл махаббатың не екенін түсіне алмай, көзсіз барып ғашықтықтың көкеі осы екен деп кітаптан оқыған жазушының сандырағындай болуы керек деген қағиданы ұстанамын деп адасқаным болар.
Бүгін ше.? Бүгін, сол кездегі маған да, оған да арман болған тәкәппар қыздардың маскалары ұшқан іспетті бір жағымсыз сезім кернейді. Сезіміңді таптап, әлсіз жүрегіңі одан сайын езгілеуден еш жері бүлк етпейтін «сүйген» адамдарыңмен, бүгінде тек бетіне мырс мырс күліп, бір саусақты ішке тығып, арамза қатынаспен өмір сүру қалыпты жағдай.
Қайда сол әнде жырланған арулар, біз неге сол романдағы әдемі суреттелген махаббатқа жолықпаймыз?
Бірақ, ақкөңіл де ұяң мінезбен талай қасқырдың жемі болған мына жүрек, ендігәрі ешкімге сене қоймас. Көңілді қалдырғандарың үшін, тәкәппармын. Жанымды ауыртқандарың үшін, мықты болып қайралудан басқа амалым жоқ. Қорқа қорқа, батыл да болдым. Қанша жақынмын деген достарыма да ешқашан сенбеймін.
Әрі қарай

Қасым Аманжолұлы, журналист: «Сопылардың қарымтасына құрал болғымыз келмеді...»

Сөз саптауы мен білімінің ұшқырлығына көпшілікті тәнті еткен Қасым Аманжолұлының деректі фильмде көріп, көпшіліктің көзқарасы өзгергені жасырын емес. Мен де эмоциямды жасырын болса да кей кездегі ойларда жеткізгем. Мені қатты толғандырған
Әрі қарай