Оралда нұротандықтар қарияларға жәрдемдесіп жатыр
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында нұротандықтар көмекке зәру қарияларға қол ұшын беріп жатыр. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында партияның еріктілері олардың үй шаруасына көмектесуді үлгілі іске айналдырған. Қазір жүзден астам оралдық қария партияның қамқорлығында. Жастар олардың ауласын тазалап, қыста қарын аршып, көмек етеді. Жәрдемдесуге жыл он екі ай бойы әзір жүретін нұротандықтардың арқасында бүгін жалғызілікті Валентина Дубовская қыстық отынмен қамтамасыз етілді.
Қысқы уақытта да, жазғы уақытта да көмектесуден шаршамаған нұротандықтар қыс басталғалы осы үйге бесінші рет келіп тұр. Жастар үшін бұл атқарылып жатқан жұмыстар оңай болғанымен, жалғызбасты қариялар, үлкен кісілер, ардагер үлкен кісілер үшін қиын.
Ұзақ жылдар бойы балабақша тәрбиешісі, кейін жергілікті театрда жұмыс істеген 83 жастағы қарт кісі қазір жалғыз тұрады. 50 жыл бойы бел жазбастан еңбек еткен қария көмекке зәру. Өздігінен жүріп-тұруы қиын болғасын, жасотандықтар ұдайы қол ұшын береді екен. Қаладағы әлеуметтік салаға жауапты мекемелердің көмегімен енді қарияның үйіне газ өткізу мәселесі қарастырылып жатыр.
— «Нұр Отан» партиясының жастарына мың алғыс! Оларға ризашылығымды қалай жеткізерімді де білмеймін. Өздері келіп, отынымды жарып, көмірімді тасып береді, — деп алғысын жаудыртты тыл ардагері Валентина Дубовская
Әрі қарай

Кезекті менің бұл тақырыбым осы сайтқа жазуға жарай ма әлде минус болама білмеймін. Бірақ кімнен сұрарымды білмедім. Нағыз жарамай жатса өшіре салармын. Бүгін мен интернетте отырып бір бағдарлама көрдім. Ол адам өмірін құтқарған батырлар туралы. Соңында рак ауруына ұшыраған кішкентай қызды көрсетті. Оның сыныптастары барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектеседі екен. Көріп, бір жылап алдым. Содан соң ойға қалдым, біздің елде де сондай көмекке зәру адамдар көп қой. Ауруларды санамағанда жетімдер, соның ішінде қазақтар қаншама. Бізде, шүкір, бәрі бар. Тіпті, қымбат сотка мен қымбат киім кимесем де мен өз күшіммен қалағаныма жете аламын. Ал кейбіреулердің оған шамасы жоқ. Бақытты отбасыда өмір сүргеннен артық қандай бақыт бар! Жетімдерге көмектесу — бала күнімнен ойымда бар еді.Тіпті, 3 жыл бұрын мектеп кезінде «алматы ақшамына» осы ойымды жеткізіп, мақаламды жариялаған болатынмын. Сонда мен бай адам болғым келеді, себебі мен сонда ғана жетімдерге көмектесе аламын дегем. Қазір де солай ойлаймын. Сонымен әңгіменің нақтысы, мен ешқашан жетімдер үйінде болмадым. Ойлап отырмын, осы жаңа жылда ең болмағанда бір балалар үйіне кішкене де болса да сыйлық жасасақ не болар екен? Мен әрине үлкен суммадағы қаражатпен көмектесе алмаймын. Бірақ қалай көмектесуге болады? Кім қалай ойлайды? Әлде босқа әуре болмау керек пе көп қаражат болмаса? Көп түкірсе көл болмай ма? Пікірлеріңізді жазуларыңызды сұраймын. 