Ескі жылдың соңғы жұмыс күні



Бір-біріне сыйлық беру басталған шығар? Жаңа жылдарыңмен, келесі жылы аман-есен жүздесейік.
Фотосуретте сағат 11-00-ге дейін келіп түскен сыйлықтардың бастамасы
Әрі қарай

Ортаға бір қыз кірсе...

Коллектив кілең еркектер ғой бізде. Соңғы кезде көп боқтайтын болып кеткем. Кен орнында авария бола қалса, әмпай-жампайға уақыт жоқ, сөздік ашып, синоним, евфемизм, ұйқас қарап отыратын жай да жоқ, бірден нақ-перенақтан жібересің.
Бірен саран «горничныйлар» мен столовыйдың тәтешкілері болмаса, әйелдер аз. Кейде бір нәзік жынысты жұпар иісті қыз топырлап отырған жігіттер арасына кіре қалса, бүкіл атмосфера өзгеріп шыға келед. Сұлу болса, тіпті күлкілі жағдайлар болады.
Содан ғой айтатыны, «женщина на борту к беде» деп. Мәселе, әйелдерде емес, мәселе кейбір жігіттерде. Тек боқтығын тыйып, тақырыпты өзгертсе мейлі ғой. Бірақ кейде басының орнына тасы жұмыс істеп, бүкіл жұмысты артқа тартып, қаншама адамға қауіп төндіруі мүмкін.
Тым жақсы әңгіме айтып отырып, емін-еркін, сондай табиғи болып отырып, ортаға қыз кіре қалғанда, бірден өзгеріп, сыланып-сипаланып, аяқ астынан тыйылып, иманды-инабатты, әлгі қыздың көзінше тек жақсы жағын көрсетіп, мәмөңке, жағымпаз боп, құбыла кететін, сасқалақтап не істеп, не қойғанын ұмытып дір-дір етіп кететін жігеттерге қарап, түсінбеймін. Сырттарынан жасырын камерамен түсіріп алса ғой, ортада қыз пайда болғанға дейінгі, және кейінгі әрекеттерін, сөйтіп өздеріне көрсетсе ғой, қаншалықты клоун болып отырғанын. Бәлкім, азайтар ма еді.

«Инстинкт» деген жақсы ғой, бірақ жауапты кездерде саналы салқындық таныта алсақ ғой.
Әрі қарай