Қазақта хиджаб деген киім болған!

Қазақта хиджаб деген сөз болмаған деп қабылдағанымызбен, бірақ қазақта хиджаб деп аталынатын киім болған. Қазақ тіліндегі сөздердің 30%-ы араб тілінен алынған, араб, азан, қалам, мектеп, мұғалім, ұстаз, дәптер, айта берсе көп. Хиджаб деген сөзде қазақ тілінде хиджаб деп қолданылды. Хиджаб деген сөз қазақ тілінде болмақ түгілі, тіпті хиджаб деген киім болмаған деп жоққа шығарамыз. Неге? Себебі, әйелдер-қыздар шариғатты берік ұстанудан қашамыз, киінуден, ұятты жерді жабудан, ыстық күндерде оранудан қашамыз. «Біздің қазақта ондай киім болмаған» дейді, жоқ болған деп дәлелдеп берсең, «біз ескі адамдар сияқты өмір сүрмеуіміз керек, олар көне заманның адамдары» дейді. Біз өзімізді сол көне заманның адамдарымен салыстырсақ, олар бізден мың есе артық болып тұр. Қазір адамдар қандай болып барады? Адамдар ұятсыз болып барады. Бұған адамдардың шешіне бастауының еш әсері жоқ деп айта алмайсыз. Қандай қылмыс қалды жасалынбаған? Соңғы кездерде қыздарды зорлау ғана емес, тонау, тіпті өлтіріп кету тіркеліп жатыр. Сол қылмыскерлердің көпшілігі жылтырап, көзді тайдырып, ашық-шашық киінген қыздарға тап болады.Қыз қоғамды өзгертеді, бір қыздың шешінуімен саны көп қылмыстар жасалынуда.Ал қазіргі заманның современный адамдары, Батысқа, Еуропаға еліктейміз деп қандай пайда тауып жатырмыз? Бұл біз үйренген пайдаларымыздың мыңнан бірі ғана.

Ашық киінген, саны немесе басқа жерін жартылай көрсетіп алып киінген қыздарды көргенде, кез-келген еркектің ойына арам, харам, хайуани ой келеді, арасында ұятсыздары сол қыздың артынан неше түрлі сөздерді дауыстап айтады, бұл жерде ол қыз сыйлауға лайық болмай тұр. Ашық-шашық киінген қыз, еркектердің алдында әдемі көріндім, өзіме қараттым деп ойлауы мүмкін, бірақ барлық еркектердің оған деген жалғыз ойы бар, одан басқа ештеңе емес.

Ал, оранған, жабық киінген қызды көргенде ешкімнің ойына ешқандай ой келмейді. Сенде күнәдан адасың, айналаңдағы адамдар да күнәдан ада.Шариғат бекіткен киім бойынша киінбесең киінбе, бірақ барынша, жабатын жерлеріңді жауып жүрсеңдер, өздерің үшін де қауіпсіз болар еді.

Хиджаб арабша сөз, кимешек қазақша сөз, ал бірақ, екеуі бір киім. Екеуіде қыздың ұятты болған жерлерін жауып тұрады.Хиджаб арабтардың ұлттық киімі деп айтып жатамыз, шын мәнінде әсте олай емес. Шын мәнінде бұл киім бүкіл мұсылман әйелдеріне арналған киім үлгісі. Аллаһ Тағала осындай-осындай әурет жерлеріңді жабыңдар деді Құранда, ал енді сен сол жерлеріңді матамен жауып қойсаң, сол киімің хиджаб деп аталады.

Хиджаб арабтардың арасында кең таралу себебі, Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у араб ұлтынан шықты. Осылайша бірінші арабтардың арасында кеңінен таралды. Ал бірақ Пайғамбарымыз с.а.у бүкіл әлемге пайғамбар болып келді. Сондықтан оның Аллаһ Тағаладан алып келген барлық бұйрықтары барша мұсылмандарға ортақ болып есептеледі.Хиджаб жеке ұлтқа тән киім үлгісі емес, барлық мұсылмандарға ортақ киім үлгі. 

Хиджаб пен кимешекті салыстыртыруға болмайды деп айтатын шығарсыздар, бірақ екеуіде әуретті (ұятты) жерлерді жауып тұратын киім болып саналады, оған талас жоқ.Хиджабты (қазақша кимешек) киіп сен ескі заманның адамы болып қалмайсың. Хиджаб киінген қыз бірінші өз парызынан құтылады. Екінші қоғамда болып жатқан қаншама күнә-қылмыстардың орын алмауына себеп болады. Керісінше ашық-шашық киінемін деп көптеген өкініштерге тап болып, өмір бойы бақытсыздыққа душар болуың да мүмкін. Хиджаб киінген қыз да современный емес деген әңгіме жоқ. Ол қыздар бұл заманның қыздарынан озып бара жатпаса да қалып жатқан жоқ. Кейбір хиджаб киген қыздарды кінәлап жатамыз, үйтті-бүйтті, осындай күнә жасады деп. Ол хиджаб киіп періште болып кеткен жоқ, ол да басқалар сияқты пенде. Ең бастысы ол бұл қоғамда ол үшін үлкен жеңіс болып саналатын хиджабын киді, мына қоғамда қыздың орануы адам бойындағы үлкен күшті талап етеді.Аллаһ Тағала баршамызға тура жол берсін, Ислам дінін толық түсінуіміз үшін терең түсінік нәсіп етсін!
Әрі қарай

Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді

Әурет жерін жауып жүрген қыз-келіншектерді көргенде көбісі «бұл не жаңалық, біздің әжелеріміз үйтіп киінбеген» деп жатады. Осы мақалада біз қазір «хиджаб» (әйел адамның бетін жаппайтын, білезікке дейін жеңі ұзын, ұзындығы тобыққа дейінгі кез-келген киім) деп атап жүрген киім үлгісінің түр-түрін қарастырамыз. Яғни әйел адамдар о бастан шариғатқа сай киініп жүрген, тіпті ислам келместен бұрын. Және де бұл тұрғыда ұлттың дінге еш қатысы жоқ. Сонымен…

Әрі қарай