#QazzaqDepression. Иман

Блог - patick: #QazzaqDepression. Иман
Подъезде жалдап тұрмайтын өзі қалды. Көршілерінің барлығы әлдеқашан коттедж салып немесе жаңа құрылыстан пәтер алып көшіп кеткен. Енді айналасындағылардың барлығы жалдап тұратындар. Түрлерін де танымайды, біреуі кетсе ертесіне басқасы көшіп келеді. Танысып үлгермей жатып олар да ауысады.

Әдеттегіше жұмысына кетіп бара жатыр еді. Оны көрді. Жаңа көрші. Бір қабат төмен тұрады. Жаңа көршісі есігін жауып жатып:
— Ассалаумұғалейкүм, — деді күлімсіреп.
Бұл сасып қалды. Әдетте ешкім онымен, ол ешкіммен амандаспайды. "Әліксәләм" деген бірдеңені айтқандай болды. Бөгелмей түсіп кетті.

— Ассалаумұғалейкүм!
Күн сайын еститіні осы болды. Ол да мейлінше мәнерлеп жауап беруге тырысады: "Әлеикум ассалам".

Аты Иман екен. Таза киінеді, басында ақ тақия, амандасқанда ылғалдау алақаны біртүрлі жағымды әсер етеді екен.

Өздерің байқағандай екеуінің қарым-қатынасы жақсара түсті. Аман-саулықтан бөлек, кездесе қалса басқа да тақырыптарға бас ауыртады. Ішінде дін де бар. Әсіресе дін туралы айтылса Иманның жүзі бал-бұл жанып кетеді. Имандылық пен мейірімділік туралы тоқтамай айта беруге бар. Айтқан әңгімелері қызық, биязы дауысымен сыпайы тақырыптар төңірегінде сөз қозғағанда қалай елітіп кеткеніңді байқамай қаласың.

— Ислам кіршіксіз дін ғой, — деді Иман бірде пышағын қайрап жатып, — Исламнан таза дін жоқ бұл әлемде…
Подъезд алдындағы ағаш орындықта отыр. Үйіндегі пышақтарын бір қайрап алайын деген-ау. Тап-таза орамалды орындық үстіне ұқыптылықпен төсеп, пышақтарын тізіп қойыпты. Бұл қасына отыра қалып, Иман тірлігін аяқтағанша әңгімелерін тыңдады.

— Құдай кешіре білетіндерді ұнатады, — деп бастады бірде ол. Әдеттегідей есік алдындағы орындыққа жайғасыпты. Бұл жолы тапаншасын тазалап отыр. Шошып кетті. Оның қолындағы қаруды көрмеген болып, асыққан түрмен тез кетіп қалды.

Әлгі оқиға көпке дейін есінен кетпеді. Иманнан бұндайды күтпеп еді. Әлде бала-шағаның ойыншығы ма екен? Солай болар-ау. Әйтпесе сыртқа шығып қару тазалағаны біртүрлі емес пе? Сонда да Иманмен кездесіп қалудан қашып жүрді.

Демалыста үйінде тынығып жатқан. Есік қағылды. Иман келіп тұр. Түк болмағандай жылы күлімсірейді.
— Кел, — дейді ол, — біздің үйден шәй ішіп кет.

— Жалғыз бастысың, тамақ дайындау қиын шығар. Бізге келіп тұр, — деді Иман үйге кірген соң, — Жеңгең тамақты жақсы пісіреді. Қош келдің, төрлет.

Үстел басында үшеуі тамақ ішті. Шынымен де дәмді пісіреді екен. Балалар ана бөлмеде ойнап жүр.
— Исламның басты қағидасы — мейірімділік қой. Дінде адам түгіл, жәндікке де зиян қылуға болмайды, — деді ол. Теледидарда Таяу Шығыстағы кезекті терракт туралы айтып жатты. Радикалдар камераға қарап: «Аллаху акбар, аллаху акбар» деп айқайлап жүр.

Ислам әңгімесін кілт тоқтатып, балалар жаққа қарады:
— Мейірлан, байқа, балам. Атылып кетпесін, магазинін алып тастап ойнаңдар, — деді. Балалар АК-47-ге таласып қалыпты.
— Кезекпен ойнаңдар, бір-біріңе мейірімді болыңдар. Мейірлан, ақылың бар ғой. Ініңе бере ғойшы, шамалы ойнап тастайды ғой. Ініңе мейірімді бол, — деп ақылын айтып жатты.

Тамақ жүрмей қалды. Бұл үйден тез кетуге асықты. Шәй ішіп, ас қайырғаннан кейін бір минутқа да бөгелгісі келмеді. Есік жаққа беттеп еді, жеңгей тамақ салынған пакет ұстатып жатыр:
— Қуыс үйден құр шықпа деген. Дәм ғой. Үйден жерсіз, — деп қояр да қоймай ұстатып жіберді.

Үйіне келіп, пакеттегі тамақтарды тәрелкеге салмақ болып еді. Қотарғанда бауырсақтармен бірге бір РГД-5 ыдысқа домалап түсті.

Пакеттің сыртынды «Халал» деген жасыл жазу бар екен.
Әрі қарай

Какая разница?

Кеше бір танысым машинасын ТЖО-ға апарған ғой, әңгіменің қысқасы, сонда бір орыс әлгі танысымды көрген соң сұрай бастапты. Басындағы тақиясына қарап «жақсы мұсылман» деп ойлаған екен. общым хиджама туралы сұрай бастайды ғой, қалай енді, мұсылмандар көп жасатады екен, емі жақсы екен, адамға жағады екен, соны алу керек еді деп, әлгі танысым енді мұсылмандар туралы айтып қалды ғой, (әлгі орыс христиан екен, мойнында айқыш бар). Хиджаманың жақсы екенін айтып келіп, сен христиансың ғой, қалай болар екен демей ме. сөйтсе әлгі сабазым «какая разинца?» депті ғой.
Оған екі қойың бір сом болып тұр ғой, дінде ешқандай айырмашылық жоқ сияқты көрінген ау деймін.
адам өзін мұсылман деу үшін оған куәлік керек, кәулік сөзі «Лә иләһә иллә Аллаһ, Мұхаммадур-РасулАллаһ» (Аллаһтан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед Аллаһтың Елшісі). Осыны тілмен айтып, жүрекпен бекіту.
Әрі қарай

Иман Журналы

a
Баспасөз — 2013
Құрметті оқырман!
Ата-бабамыздың асыл діні – Исламды тереңірек танып білгіңіз келсе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына жазылуға асығыздар. Индексіміз 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің құнсызданып, не нәрсенің де қымбаттай түскен
іне қарамастан 11 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Келесі жылы да мешіт арқылы жазылу бағасы бір жылға 2 640 теңге.

«Иман» журналына «Қазпошта» АҚ арқылы жазылу бағасы:
1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 2 839 теңге 20 тиын;
2. Астана және облыс орталықтары тұрғындары үшін 1 жылға – 2 898 теңге;
3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 2 934 теңге;

«Иман» журналы сіздің әрқашан жаныңыздан табылар жақын көмекшіңіз. Өткен жылдан бастап орта мектептерде «Дін негіздері» пәні оқытыла бастағаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда басылым аталмыш пән ұстазы мен шәкірттерге көмекші құрал болары сөзсіз. Әр мұсылман отбасы «Иман» журналымен жақыннан танысып, ақылшы, сырласы етіп жатса нұр үстіне нұр!

Айдарлар:
Уағыз, Сахих хадистер, Дәстүр, Ғибрат, Сұрақ-жауап, Өнегелі өмір… т.б.

«Иман» журналының редакциясы
Әрі қарай

Үміт пен күдіктің арасында

Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Алла тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені, Жаратушы Иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: «Аузың берік пе?», – деп сұрағандарға: «Шынымды айтсам… ораза ұстадым деп те, ұстамадым деп те айта алмаймын», – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда, менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым» деуге де ауызы бармайтын.

Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: «Өзіңнің ауыз бекітіп, бекітпегеніңді білмейсің бе?», – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен, ол жай ғана күлімсірейтін де қоятын.

(Құдайберді Бағашар, «Ислам және өркениет»)

angimeler.wordpress.com — осы жерден оқыдым.
Әрі қарай

Хайуаннан қай жеріміз артық?

— Ух — деп демімізді алдық. Мамыр айының соңы. Оқушыларға сабақ, бізге жұмыс тамамдалды. Яғни жазғы демалыс. Сонымен не керек, біздің академия осы жылды аман-есен, жақсы аяқтадық деген ниетпен молда шақырып, құран оқытып, мал шалды. Бәле-жала осы жылмен кетсін, келесі жыл мамыражай болсын деген ниетпен…
Әлқисса, менің осы мектепке келгеніме екі жыл өтіп кетіпті. Осындағы кездерімді есіме алып отырғанымда, белгілі бір оқиғаларға байланысты кейбір сәттер есіме түсіп соны баяндағым келіп отыр.
Әрі қарай

Аса бір маңызды хадис

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Имам Ахмад өзінің кітабында аль- Бара бин Азибтің, ол кісіге Аллаһ разы болсын, айтуы мен мына хадистерді келтіреді
Әрі қарай

Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиеті

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиетін келтіреді:
«Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: „Әй ұлым! Аллаһқа серік қоспа! Күдіксіз серік қосу — орасан зор зұлымдық“ деді»(Луқман сүресі, 13-аят).
Әрі қарай

Ислам діні

Жүрегінің нұры бар,
Мұсылманның діні бар,
Ділі жоқтың діні жоқ
Сана сезім ойға зар
Туылу бар алу бар
Бір Аллаға сену бар
Жаратқан кеңдік етпесе
Кең дүниең болар тар,
Ой тазалы болмаса
Өмір сүру далбаса
Азаптан жаның айығар
Құдіретті күш қолдаса,
Түс көргендей бұл жалған
Бір күн бастан өтеді
Бай, кедейің теңеліп
Бір жолымен кетеді,
Үй, мүлкіңді таза ұста
Қонақ келіп қалар, деп
Жүрегіңді таза ұста
Аллаһ бір күн алар, деп
Қолдан келсе қайырым ет
Сауабы маған қалар, деп
Иманды бол,ғибадат ет
Сұраққа раббым салар, деп
Жанды, жансыз дүние
жоқтан бары таралған
Саналы адам соларды
Сүю үшін жаралған
Ғашықтықтың нұры бар
Ақиқаттың сыры бар
Ислам діні жалғыз дін
Қасиетін біліп ал!
авторы Ж, Ж
Әрі қарай

Жәннәт және Тозақ

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Жәннәт және Тозақ



Осы дүниеге келіп өмір сүру, өлу, қабір өмірі, тірілу, жиналу, есеп беру сияқты бөліктерден тұратын ұзын саяхаттың аяғы не Жәннәт, не Тозақ болып екеуінің бірімен аяқталады.
Әрі қарай

Нұр Астана

Жақында жолым түсіп Нұр Астана мешітіне бардым. Танысымды күтіп ішінде біршама уақыт отырдым. Сол біршама уақыттың ішінде байқағандарым.
Әрі қарай

Өлім

Өтеді адам әрісі жүз жыл жасап,
«Қайтты» дейді өлгенді біздің қазақ.
Келген-кеткен өмірдің бәрі бекер,
Жолымызды сайраған із қылмасақ.
Әрі қарай

Аллаһтың хақысы

Му`аз ибн Жәбәл бірде Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге есекке мінгесіп келе жатқанда
Әрі қарай

Аллаға серік қоспаңдар!

Аллаһ Тағала былай деді: «(Мұхаммед)былай де: “Келіңдер! Сендерге Раббыларыңның харам еткенін оқиын: «Оған еш нәрсені серік қоспаңдар, әке-шешеге жақсылық жасаңдар
Әрі қарай