ЖІГІТ пен МАМАН таңдауда таптырмайтын тәсіл (ТЕСТ)

Жұмыста немесе отбасында кімнің басқарушылық қабілеті бар екенін анықтау үшін небәрі 8 ғана қаламсап қажет. Бұл әдісті бойжеткен жігіт таңдау барысында және басшы қызметке мамандарды қабылдау кезінде де тест ретінде қолдануға болады.

Отбасында, жұмыста, яғни ұжымда әркімнің өз рөлі, атқаратын қызметі болғанымен, аракідік олардың қабілет-қарымын тексеріп отырған жөн. Бұл аяқ астында төнген қара бұлттан қорғануға, қиындық туғанда ұтымды шешім қабылдауға және дағдарыс кезінде тұйықтан жол тауып шығуға көмектеседі.
Әсіресе, кәсіпте кіріс болмай, тек шығын болып жатса, осы бір психологиялық тест жәрдемімен қызметкерлердің орнын алмастыруға болады, — дейді психологтар. Адамның басқару, шешім қабылдау, ұшқыр ой қабілетін анықтау үшін жүргізілетін бұл психологиялық тестке бар болғаны сегіз-ақ қаламсап керек. Оны сіз дүкен араламай-ақ әр кабинеттен таба аласыз.

Сонымен, сізге қажет қаламсаптар:
1. корпусы металдан жасалған қаламсап;
2. түрлі-түсті стерженді қаламсап;
3. мөлдір корпусты қаламсап;
4. түймелі қаламсап;
5. қалпақсыз қаламсап;
6. гельді, қара сиялы қаламсап;
7. сиясы көк түсті, қарапайым қаламсап;
8. қара сиялы қарапайым қаламсап.

Осы 8 қаламсапты үстел үстіне немесе органайзерге салып қойыңыз. Алдыңыздағы адамға біреуін таңдап алуды ұсыныңыз. Бұны байқатпай жасауға да болады. Қайсысын таңдады?

Тест жауабын оқымай тұрып, сіз де бір қаламсапты таңдаңыз.

Корпусы металдан жасалған қаламсап
Бұл қаламсаптың иесі өзінен де, өзгелерден де темір тәртіпті қатаң талап ететін адам. «Сезімді алып тастау керек, сонда тек ақыл қалады. Сезімге ерген адасады» дегенді ұстанады. Ол «Жұмыста ағайын-туыс, дос жоқ. Достық пен қызметті араластырма» дегенді де жиі айтады. Сондықтан да проблемалық жағдайларда өзін еркін ұстай біледі. Басқару өнері оған туа біткен.

Түрлі-түсті стрежнді қаламсап
Идеясы мол, бірақ, жұмысты қалай жүргізуді білмейтін адам. Сондықтан да ол істі де, жұмысшыларды да басқара алмайды. Мұндай адамды тек идея генераторы ретінде пайдалануға болады. Ойы ұшқыр, ойлау қабілеті «басқаша» оның орны жарнамалық бөлімде. Өйткені, онда кез келген адаммен тығыз байланыс орната білетін магниттік қасиет бар.

Мөлдір корпусты қаламсап пен қақпақсыз қаламсап
Ол жауапсыз, жалқау емес, білетіні де аз деуге болмас. Бірақ та үнемі бақылауды қажет ететін адам. Өйткені, мұндай адамдарды мәселені жоюшы емес, туғызушы деуге болады. Ол асығыстыққа көп бой алдырады. Психологтардың анықтауынша, көбіне мөлдір корпусты қаламсапты отбасында бастауыш сынып оқушысы немесе қарт адам, ал жұмыс орнында тәжірибеден өтіп жүрген болашақ маман таңдайды екен.

Түймелі қаламсап
Бұл лидердің көмекшісіне тиесілі қаламсап. Нақтырақ айтқанда, орынбасар болуға әбден лайықты адам. Автоматты кнопкалы қаламсаптың иесі кез келген мәселеге аналитикалық зерттеу жүргізуге шебер. Жағдайдың жан-жағына ойша шығып қарай алады. Бастамаларды іздестіру мен белгілі бір жағдайда шешім қабылдауда ол негізгі факторларға көңіл аудара біледі.

Гельді, қара сиялы қаламсап
Мүмкін ол сырт көзге өз қара басын әрең алып жүрген боп көрінуі мүмкін, алайда шын мәнісінде егер қиын жағдай туса, ол отбасының (ұжымның) барлық жауапкершілігін өз иығына арта алатын адам. Ол әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай да біледі. Шын қаласа, жаңа бағытта, тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер қабылдай алады. Оған тек айналасындағы адамдардың сенімі жеткіліксіз.

Сиясы көк түсті, қарапайым қаламсап
Бұл қаламсаптың иесі жетекші қызметтерді жақсы атқарады. Оның білім деңгейі жоғары болғанымен, басқару дағдысы қалыптаспаған. Мүмкін ол жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітірген болар, мамандығы бойынша қатысқан тренингтері де көп шығар, алайда оның тәуекелдік әрекеті әлсіз. Сондықтан оған басшылық қызметтерден гөрі орындаушы қызметі лайықты.

Қара сиялы қарапайым қаламсап
Ол жеке басының бағалы қасиеттерін үнемі жетілдіріп жүреді. Мұнысын сыртқа байқата бермейді. Дегенмен, ол сеніп тапсырылған істі жауаптылықпен атқарады. Сондай-ақ, оның қызметкерлермен байланыс орнату қабілеті де жоғары. Оны белгілі бір жоспар бойынша бағыттап отырса немесе дайын жоспар берсе, сол бойынша табысты жұмыс ақтара алады.

Ж. СМАҒҰЛОВА, ERNUR.KZ

Ғашықтар диалогы

Блог - InabatKussainova: Ғашықтар диалогы

Ж: Сүйем сені, жоқпын бірақ қасыңда
Бір көргеннен ғашық болдым расында
Жоқ болса да, тәнім менің жоқ болсын
Болар бірақ жүрек сенің қасыңда

Қ: Сүйем сені, сүймей қайда барамын?
Алыстасың, бірақ шыдап бағамын
Көрер күнді күнде аңсап мен жаным
Махабаттың мәңгі отына жанамын

Ж: Шын сүйемін, мені жаным ұмытпа
Атыңды айтам алған әрбір тыныста
Жүрек әрбір соққан кезде сен дейді
Сені еске алғанда ол өлмейді

Қ: Сүйем жаным, сүйемін ғой тек сені
Бірақ жаным саған біраз өкпелі
Ұмытар деп қалай ғана ойладың
Сонау сонау ұмытылмас кештерді

Ж: Күн санаймын, бірақ уақыт өтпейді
Айдай жүзің көз алдымнан кетпеді
Дүниеде қыздар көп қой, бірақ та
Жаным саған ешбірі де жетпеді

Қ: Мына күндер өтпеді ғой, кетпеді
Сағынамын бір өзіңді, тек сені
Жолықса да қанша жігіт өзіме
Саған, жаным ешбірі де жетпеді
Әрі қарай

Тормоз жігіт

Бір әңгіме жазуды жөн көрдім.

Бәленше деген қаладағы өзінше әдемі келген бір қыз бір ұлды дүниедегі «Тормыздың тормызыыыыыы, тормызы болғанда, ееееееең тормозы „ деп санап жүріпті.

Блог - KerimAyankyzy: Тормоз жігіт

Бір күні қыз, әлгі жігітттің “Үйленіп кеткендігі» жайлы хабарды естиді…
Әрі қарай

Қыз сені жақсы көретіндей не сыйлау керек?

Блог - DinaAbdigalieva: Қыз сені жақсы көретіндей не сыйлау керек?
Армысыздар, құрметті жақсылар! Жұмбақ жасырсам қалай қарайсыз?.. Негізі көпті көрген даналармен анда-санда сөйлесіп тұру керек екен. Неше түрлі қалжыңға толы оқиғалар мен ащы шындықты естіп қаламыз. Мұхтар Әуезов айтқандай: «Естігенімді айтсам,
Әрі қарай

Сонымен

Сонымен, қыздардың көзіне бірден түсетін жігіт, қарапайым киінген жігіттер екен және классикалық үлгідегі. Ал жігіттерге бірден көзіне ұрып тұратын эротикалық екен. Сауалнамаға белсенділік тым аз болды. Қалыс қалғандар да бар. 7 адам ғана қатысты.
Әрі қарай

Сәлеметсіз бе, миледи

Блог - Aya: Сәлеметсіз бе, миледи-Бикеш, кешке қандай жоспар?-деді жас жігіт. Қапсағай жауырыны мен кесек біткен тұлғасы жарасымды келген.

-Оны қайтесіз?-деп қарсы сұрақ қойған бойжеткен үлкен айнаға үңіле түсті. Толқынды қою қара шашын жұмыр иығынан асыра желпіді. Үлкендеу
Әрі қарай

Қыздарға жасалған сыйлықтар: Саймантас

Кез-келген ғашық қыздың кішкентай тілегі бар-ау «сыйлық алсам ба екен» деген. Менің достарымның, таныстарымның (өзімнің де) талай сыйлығымыз да кетті ғашықтарымызға немесе жақсы таныстарымызға. Сондай сыйлықтардың бір сериясымен бөліссем.
№1 – «Саймантас»

Блог - ErnarSeytahmet: Қыздарға жасалған сыйлықтар: Саймантас
Саймантас деген мына табиғаттың жаратылысы. Тас қандай «дүниеге» ұқсайтынын менсіз-ақ естіген шығарсыздар. «Сайман» деп аталуы да содан. Жанына әйелдер келіп, қолымен тасты ұстаса, үлкен қуатқа ие болады екен. Баянауылда осыдан үш жыл бұрын үш күн бойы республикалық семинар өтті. Елімізден түкпірінен жиналғандар «қазақ тілділер» мен «орыс тілділер», солтүстік пен оңтүстік боп бұйрықсыз бөлінді кешкі жиналыстарында. Алғашқы екі-үш күн қызықты өтті. Үшінші күн үйге қайтарымызда Дарын атты шымкенттік досым Қарағандының бір қызына сыйлық жасамақ болып сувенирный лавкаға бардық. Бардық та Саймантастың суреті бар магнитті алдық, еңбгімізді абыройлы орындаған жандай кейін қайттық.
Дарын досым мәз, қызға сыйлық әкелеміз деп сүйіншіледім. Қыз да мәз, сыйлық аламын деп. Мына суретті көріп байғұсымыз не жыларын, не күлерін, не «атасына» жіберерін білмей аң-таң болып қалды. Езуін тоқтатар досым жоқ, мен болсам сәл ұялып қалдым. Ал қыз бізге жымия қарап, бетімізден сүйді де сөмкесіне салып алды.
Кәдесыйдың ата-анасы көріп, не дегені жайлы тарих үн қатпай жатыр.

Көңілдестерім. Клубта танысқан жігіт

Өткендегіден кейінгісі жақсы есімде. Сол былтыр бір сенбі күні бір серпілейін деп түнгі клубқа қарай бет алдым. Құрбы атаулының біразы байға тиіп кеткен. Біреулері бесік тербетіп, біреулері баласына әріп жазғызып үйретіп, біреулері ата-енесінің жылы
Әрі қарай

Оралдағы кафешкілердің бірінде..

Музыка: Ммахаббат бағынндаағыы… сааййрағанн бұлбұұұл еедіің...

Ж: — Негізі… қызға ббайланысты бәрі, м-м мендегі сезімді оята алмад…
Қ: — Өш, жігіт емес па оятатын…
Ж: — Тұратұршш… а так қыз, э қыз ғо мені құртқан, білесің ба соны?!
Қ: — Иә, не болд сонша, енді бәрі жігітке бай..(шу)… сты ғо
Ж: — Ейй, ана кім ед… Үмбетов… Қа..(шу)… Үмбетовтің клипіндегідей (жанындағы жолдасына қарап, оятып) айтшшы мыналарға, түсіндіршщ
Д: — Ні зат? (бір көзін әзер ашып) цүнед цүнед, цүніп отыр ғо ханымдар (Zzz)
Қ: — Алып қашып кетті ма? Малақайың жерге түсті абайла…
Ж: — Мяхкий игрушкасын, гүл мә? гүл, шекалад? мә шыкалад нә
Қ: — Қай жақтан алып қашты?
Ж: — Т, Тұрсынбектің ауылы…
Қ: — Ңң, Ақпәт..(шу)… ғо
Ж: — Ңі-і…
Қ: — И құрысын, қыз көп емес па?
Ж: — (терең дем алып) «Қой тұрайық, іхқ-э, ауылға жүрдім», — деп тәттілеп ішіп отырған сырасын тауыспай орнынан тұрып, орындығын аяқтарымен артқа ысырып, кекіріп, үстел басында ұйықтап жатқан жолдасының қарынан жұдырығымен түрте сала, манадан бері бір бұрышта, бір мониторға телміріп, шулап жатқан кено ойыншыларының арасына еніп, соңғы ставкасын жасап, бойдақ қатындардан алыстап кете барды.

Көрші үстелде осының бәрін көріп-тыңдап отырған, ай-хай жасқа тақалған бойдақ студент бал тортымен ыстық шәй ішіп, 3 жыл бұрын бір чайкі қызға ойыншық қонжық пен гүл әпергенін есіне түсірді.
Әрі қарай

Әткеншек тепкен қуыршақ

Блог - bake: Әткеншек тепкен қуыршақ
Күні бойы тік тұрып істеген жұмыстан көрі автобус ішіндегі жарты сағаттық әрі-бері тербелістен шаршадым. Отыруға орын тимеді, тыныш тұрғызбады. Әрі –бері өткендер аяғымды басып, денеме соқтығысты. Оң иығыма асылған портфельдің бауы сырғып түсе берді. Портфель ішінде бір бума қағаз. Әйтеуір, оң қолымның ыңғайы келіп, турникке жетті. Содан ұстанып тұрмын. Ығы-жығы теңселген мына кішігірім дүниеде орнымды жаңа тапқандай сезіндім.
Әрі қарай

Кім кімді таңдайды?

Жалпы, жігіттер мен қыздардың көбісі таңдалғанды емес, таңдағанды жақсы көретіні баршамызға да белгілі. Бірақ бір-бірін бірдей таңдау жағдайлары өте сирек кездеседі. Қарым-қатынаста кімнің кімді таңдағанын кімнің кімге керегірек екенінен түсінуге болатын шығар. Ал кімнің кімге керегірек екенін байқау қиын емес. Сонымен, көп жағдайда кім кімді таңдайды деп ойлайсыз?
Бір сұрақ: Кім кімді таңдайды?
Әрі қарай

Мен сені сүймеймін

Жаныма сыйлайсың жылу шын,
Сол жылу бірақ та жүк болар.
Сен неткен сұлусың, сұлусың,
Сен шығар әлемді құтқарар.
Сен, мейлі, ұнат не ұнатпа,
Мен өзге біреу деп күймеймін.
Мен саған тәнтімін, бірақ та,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Көзіме түскен бір елессің,
Мен саған тәнтімін себепсіз.
Сен маған сәйкес еш емессің,
Бірақ та басқалар керексіз.
Адуын алаулап айнала,
Сергелдең сезімнен күйреймін.
… Бәрі оның сұлу сөз жай ғана,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.
Әрі қарай

Адам санасын "илеу" әдістері

(Жалғасы. Басы мұнда)

Сана мен сезім: Адам санасын илеу әдістері

НаЁбін тапса, адамдар бірінің миын бірі еш ескертусіз арттан айдап отыруды сөлекет көрмеген.
Бұл бөлімде біз маңдайына бір қой лох болу жазылған адамдардың сорлы күйіне келіспеген Джордж Саймон, Брейкер ханым деген пақырларыңыздың келтірген адам санасын бағындыру әдістеріне арнайы тоқталсақ дейміз.

Бұл әдістерді тек отбасы-ошақ қасы кеңес бергіштер емес, сырласып тұрып сабынын сатып кететін Әріплеймшілерден бастап, мұңдасып отырып мобилаңды қағып кекететін метла тілді мәмбеттерге дейін қолданады. Кейбірін тіпті өзіңіз қолдануыңыз мүмкін. Қызық па? Ендеше қысылмай қолыңызға анау тұрған 80 ваттық шырақты алып, әрі қарай оқыңыз — адам санасының қараңғы жертөлесіне бірге үңілейік!

Әрі қарай

Кейбір елдер жезөкше қыздарға зәру! ал бізде ше?

«Қыздың жолы жіңішке» -деген аталы сөз бар. Базар шаруашылығы етек алып, жаһанданудың суық желі аспанын торлаған Алаштың Астанасындағы қыздардың халы қандай? Ана бақытына жете алып жатыр ма? Міне осы мәселені өз әлімше талқылап көрейн.

Астанда тұрмысқа шықпаған қыздар неге көп?

Астананың түрлі министрліктерінде істейтін қызметкерлердің 80 пайызы осы қара көз қыздарымыз. Өкініштісі осы қыздардың 80 пайызы жасы жетіп тұрсада тұрмысқа шықпаған. Білімі мен тәрбиесі қатар осы қыздарымызың болашағына кім бас ауыртады? Бұған кім кінәлі?

Жансая(Аты өзгертіліп алынды): мен Министрліктің мемлекеттік қызметкерлерге арналған жатақханасында тұрамын. Бұл жатақхананы «кәрі қыздар» жатақханасы деп атауға да болады яғни 80 пайзы тұрмысқа шықпаған әйелдер мен қыздар. Меніңше олар мына себептерден тұрмысқа шыға алмауда: біреулері кәрера қуған болуы мүмкін, деседе тұрмыс қыйындығы солай істеуге мәжбүрлеуде. Ең алдымен министрліктердегі жалақы өте төмен, жұмыс шаштан көп, әлеуметтік жағыдай жасалмаған. Азғантай жалақымен үй алмақ тұр ғой пәтер жалдауға шыдамай қаласыз. Ал жұмыстан кеш қайтатын біздер үшін жігіт табуды ойлауға шамада, уақытта жоқ. Жан бағу, жұмыстан шығып қалмау үшін бәрін құрбан етуге амалсыз барасың. Жас жеткенде жігіттер туралы шартыңда өседі екен, тіпті кей қыздар жұмыс кәрерасын бұлдап жігттерді көзге ілмей жатады. Ал жас өте бастағанда сол жалғыз басты тұрмысқа үйреніп қаласың.

Міне жағдай осылай. Аят есімді досымның айтуынша бұл жатақханалардан орын алу да көп адамға бұйыра бермейді екен.

Қысқасы, біріншіден, кәрера; Екіншіден, жалақының аздығы; Үшіншіден, Пәтер алу жалғыз басты әйдер үшін қарастырылмаған, тіпті көп қыздарымыз жалғыз басты атануға намыстанады; Төртінші, жұмыс ауыр, уақыт жоқ; Бесіншіден, қатар жүрген кәрі қыздардың көптігінен сол тұрмысқа үйреніп қалады; Алтыншыдан, өзін жоғары санайтын қыздар үшін жігітті ұнату қиын мәселе. Ең маңызды мәселе, Мемлекеттік деңгейде бұл мәселе қарастырылмаған.

Жапония бұл мәселені ең ұтымды шешкен ел

Жапондар екінші Дүние жүзлік соғыстан соң қарқынды даму басқышына өтті. Дәл осы кезде осы мәселе мемлекеттің маңызды проблемасына айналған болатын. Олар мемлекеттік бағдарлама жасай отырып арнаулы агенттікер құрды және жеке агенттіктерді барынша қолдады. Тіпті «ана тәрбиелеу университеттерін» ашып, қоғамдың қалыпты тұрмыс дағдысына айналдырды. Жапонияның әр штаттарына дейін бұндай университеттер толып жатыр, тіпті мектеп бағдарламаларына дейін кіргізілген.

Рухани жақтан азғындай бастаған ұлттардың қыздары Өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуды арман етеді. Бұл мәселе Қытай, Корея, Ветнам, Тайланд сыяқты елдерде қатты көрніс беруде.

Қытайлар да Негірлерден қорқады немесе Негірлер Америка елдерін басуда

Қытайлардың айтуынша: Негірлердің ғұмыры қысқа, орташа 45 жас. Ақыл қуаты төмен, Шімпанзенікі 18, Негірдікі 60, Сары нәсілділердікі 100, ақ нәсілділердікі105. 3 Негірдің бірінің түрмеге түскен кешірмесі бар, торт еркегінің бірінің басқыншылық жасаған кешірмесі болады. Көбею қуаты отежоғары жане нәсілдік жеңымпаздығы тағы бар. 16 ақ насілдінің қаны бір Ннегірді әрең жеңеді. Қытайда қазір 3 миллион Негір бар, 2009-жылы 700 мың болса, тек Гуаңжоудың өзінде 300 мың Негір бар, осылай көбейсе 2030-жылы 15 миллион,2050-жылы 50 миллион, тағы араласпасымен 100 миллионға жетеді,әрине араласпаның бәрі негірге есеп. осылайша 22-ғасырда Қытайды басып болады. бұл заманда әмерикәлің баяғыда негірге айналып болады, ақыр заман таяғанда қара қытай қаптайдының кері болады.

Негірлердің көз аясы тар, жігіттерінің армандары тек ғана ақ тәнді қызбен үйлену. АҚШ-та 33% Негір ерлері Негір әйелмен үйленбейді, негзінен ақ тәнді әйелдерді алады, 33% Негір қыздар бос қалады, әр бір 13 ақ нәсіді қыздың бірін негір алады, бұл үрдыс барған сайын оршуде, миллиондған ақ қыздарды талан -таражға ұшыратуда.

Біздің де бір сенаторымыздың әдемі қызы Африканың жабайы негіріне тұрмысқа шыққанын Астаналықтар жиіркене айтып жүр.

Кореяда әйел саудасы күнделікті тұрмыстың бір қажеті

Кореяда 40 пайыз қыздардың арманы батыс азаматтарына немесе бөтен ел азаматтарына тұрмысқа шығу. Кәріс қыздары өз ұлтының жігіттерін ұната бермейді. Бұл жаһандық үрдістен Шығыста тек Жапон елі ғана аман. Кәрістерде ауыл жігіттерінің жартысына таяуы әйелсіз қалады, соған сай арнаулы әйел саудасымен айналысатын агенттіктер көп, олар негізінен жас қыздар мен әйелдерді Ветнам, Таиланд сынды елдерден тасыйды. Ол елдерде тұрмыс дәрежесі төмен, адам көп болғандығы себепті бұндай адам саудасы күнделікті дағдылы тұрмысқа айналған. Сіз ақшасын төлесеңіз болды ойлаған жастағы, ойлаған қызды әйел етіп ала аласыз.

Бізге қауып Қытайдан. Олар жезөкше қыздарға да зәру

Қытайдың 52% ер, 47% тен артығы әйел, шетелдікке кетіп жатқаны тіпті коп, Шшаңхайдың өзінде 8 қытай қыздың бірі жаттық болады, сонда 40 милион қытай еркегі қайтеді? әрине бізге ауз салады.

Қытайда жылына 1 миллионнан астам бала жоғалады. Ішкі қытайдың көп аудандарында бұл қалыпты тұрмысқа айнала бастады. Тіпті жас қыздарды ұрлап әкетіп, байлап әйел еткенін Қытай сайыттарынан жиы көресіз. Олар сол қыздарды 1-2 бала тапқан соң қалуға көнбесе не өлтіреді не қашып кетеді. Адамның көптігі мен тұрмыстың тақсыретінен олар үшін ақша табудың барлық жолы ашық. Тіпті балаларды дәрі үшін сатып та баюда. Ал бұған үкімет қауқарсыз. Сол себепті Қытайлар шет елге кетуді армандайды. Қытайлар мен Негірлер үшін шет елге барып ақ тәнді немесе Сары тәнді қыздармен үйленіп, сол жерде қалу ең үлкен бақыт. Ол үшін оларға кезігетін қыздар атақты жезөкше болсада бәрі бір, бала тапса болды. Қаншалық бодау берседе соған жетуге ұмтылады.

Жуықтан бері Қытайлар Қазақстанғада ағыла бастады. Тіпті олар тіл білмеседе осы жерде қалу үшін кез келген әйелмен үйленуге дайын екендіктерін ашық айтуда, тек Қытайға қайтпаудың жолы болса болды. Қытай, Кәріс сынды жан саны көп ұлттар үшін бұл қан алмастырып, ұлттың сапасын көтеретін, шет елге қоныс тебуіне көмектесетін пайдалы

жағыдай. Ал жан саны аз ұлттар үшін трагедияға жетелейтін, ассимилацияға ұрындыратын күрделі мәселе.

Астана қыздар диспансерін құру керек. Ол әсте Тоқал алуды заңдастыру емес

Бір ұлттың әсіресе жан саны аз ұлттың тағдыры сол ұлттың әйелдерінің қолында болады. Міне бұл тарихтың дәлелі. Қара көз қарындастарымыздың бағын ашып, бақытына жетуіне көмектесетін бір құзырлы органның болуы керек екенін жұрт айтып жүр. Заман талабына сай бағдарлама жасау керек.

Ал тоқал алуға келсек, ол байлар мен биліктегілердің ойыны. Тоқал алатындар ешқашан кәрі қызды тоқалдыққа алмайды, олар аузынан ана сүті кетпеген, аңқау қыздарды алдап қолдарына түсіреді. Тойымсыз нәпсіқұмарлық деген міне осы.

Біріміздің апкеміз, біріміздің қарындасымыз, біріміздің қызымыз болатын осы қара көздеріміздің мәселесін Астанамыздан, министірліктерден бастап шешуіміз керек. Парламентпен Сенатта көтеруіміз керек. Жапон ағайындарымыз сыяқты қара көздерімізді Жаһанданудың жаман құйынынан сақтап, тазада дұрыс тәсілмен ана бақытына ие болуына көмектесуіміз керек.

Әр қазақ әр қазақтың болашағына жауапкер, Ағайын!
Әрі қарай

Пойыздағы дәрігер

Купе. Купе болған соң пойыз. 4 адам. Бір жігіт ағасы, бір кемпір, бір жас жігіт және сол шамалас бойжеткен қыз. Кемпір жүн нәски тоқып отыр, жігіт ағасы журнал оқып отыр. Жігіт қызға бір жапырақ қағаз ұсынады. Сөйтіп екеуі логин алмасып, агент арқылы сөйлесуге көшеді. Мәселе махаббат, қарым-қатынасқа кеп тіреледі.
Қыз жігітке:
-Менің сенімен сүйіскім кеп тұр. Мен өтірік талып құлап қалайын, сен мені жасанды демалдыр-деп жазып жібереді.
содан қыз өтірік талықсып отырған орнында сылқ ете қалады. Жас жігіт купедегілерді " Мен Медакадемияның 5-ші курс студентімін, таза ауа керек, анау-мынау" деп шығарып жібереді. Шамалыдан соң екеуі шаруаларын тындырып болған соң жігіт купеден шығып:
-Алаңдамаңыздар, қыздың жағдайы жақсы, мен жасанды дем беріп укол салдым- дейді. сөйтсе, көршілес купедегілер де қыз талып қалды дегенді естіп жиналып тұр екен. Араларынан біреуі:
-Әй, доқтыр, шалбарыңның замогын тағып ал,әйтпесе шприціңді жоғалтып аларсың-депті.
Әрі қарай

Бүгінгі саябақтың көрінісі

— Мен күзді жақсы көрем.
— Әркімнің өз күзі болады…
— Менің күзім, ендеше осы күз.
— …
— Неге үндемейсің?
— Сені тыңдап…
— Мен күзді, сосын сені жақсы көрем…
— Рахмет, сен көп нәрсені жақсы көретін сияқтысың ғой…
— Жоқ, тек сұлу күзді, сосын сұлу қызды сүйем
— Ал маған, сары күз — кәрі қыздың өмірі секілді, сүреңсіз, жалықтырарлық…
— Сен қатыгезсің…
— Бәлкім…
— Бүгін осылай үнсіз қыдырыстап жүрейікші, жауын жауатын сияқты.
— Қолшатырымды қалдырып кетіппін.
— Мен саған қолшатыр бола аламын, қорықпашы
— Жылауық жаңбырды жек корем.
— Қашпашы менен…
— Кетейік, тоңдым…
— Менің жылыуым екеумізге де жетеді.
— …
— Сен мені сүймейсің…
— Қойшы, бастамашы…
— Бір рет болса да айтшы… сүйем деп…
— Түу, неге әр кездескен сайын сұрайсың?
— Иә, білем, саған қандай жігіт керек екенін
— …
— Тағы да үндемейсің? Бірақ мен сені оған бермеймін… Есіңде болсын!
— кімге?
— Топтарыңа жаңадан келген бала… Назгүл айтқан, сені ұнатады екен…
— Ал мен ше?
— Енді сенің де соған көңілің бар екенін сезіп қалдым.
— Сезгіш болсаң, менің жанымның нені қалайтынын біліп алшы… Жанымды жеп біттің…
— Жылама, жылауық күз құсап…
— Құрып кет!
— О, болмайды. Ешкімге бермеймін, ешқайда кетпеймін.
— Сен маняксың!
— Сені сүйгеннен манякка айналдым. Ал сен… ал сен қайдағы біреуге бола… Оны тіпті танымайсың да ғой…
— Мейлі, сенен құтылсам болды… Азабыңның таусылар күні бар ма?
— Бар, маған күйеуге шық!
— Ойлама!
— Онда кет, анау жәдігөй еркекке барғың кеп тұрған шығар, аа, білем, сен екеумізбен кезек кездесіп жүрсің ғой… Тоқта…
— Жібер, жұлқылама. Жібер деймін!
— Мен сен үшін жүрмін осы жақта. Есіңде болсын, маған күздің де, сұлу қыздың да бір тиынға қажеті жоқ, түкірдім бәріне, шешем сені алып келмесең кірмейсің деген үйге. Так что мен сені ешкімге бермеймін. Ұқтың ба?
— Есалаң, мені сен емес шешең алайын деп отыр ма?
— …
— Сен сүймек түгіл сөйлеудің де жөнін білмейсің!
— Сен сияқты университетте оқымаймын.
— Бірақ университетте оқитын қызды алғың келеді…
— Маған сен керексің… Неге түсінбейсің? Сүйем сені…
— Қойшы, жіберші…
— Жаңа ғана тоңып тұр едің ғой…
— Сен жылытпай-ақ қой… Жылуыңа зәру емеспін!
— Солай ма? (шапалақ)
— Сұмырай… Қолың сынсын! Жолаушы болма маған…

Жаңбыр сіркірей бастады. Жылай жүгірген қызға қарай ұмтылған жігіт қалт тұрып қалды. Жаңбырды жек көріп кетті… Күзді де…
Әрі қарай