Қазақ алфавитінің латынша ең дұрыс технологиялық нұсқасын ұсынамын

Блог - nurbekbolatov: Қазақ алфавитінің латынша ең дұрыс технологиялық нұсқасын ұсынамын
Бұл әліппе несімен ыңғайлы, тиімді: Қазақ алфавитының латын жазуына көшуінің басты мақсаты – ол дамып жатқан сандық технологияға сай келетін латын қарпінде алфавит құрастыру еді. Бұрын шыққан нұсқалардың кемшілігі технологияға сай емес және басқа(латын алф.) мемлекеттерге барғанда бәрібір өзгеріп кететіні. Мәселен, «Ғани(Ǵani), Әділ(Ádil), Өсербай(Óserbai)» деген есімдер қарапайым әлем қолданатын Инстаграм желісінде(акаунты) қате жазылады. Технология дәйекшені оқымайды. Оның дәлелі Түрік елінің есімдерінің технологияда және европада қате жазылуы. Екіншіден, (менің нұсқамда) басқа мемлекеттер де біздің есімдерімізді қаз қалпында жазатын болады(оқылуын бізден сұрайтын болады))). Сонысымен ыңғайлы.
*C,c – «Ц» әрпі төл әрпіміз болмағанымен, одан айрылмауымыз керек. Цемент, Центр, Циркул т.б сөздерді бар. «Сентр» деп айта алмаймыз. Оны біз де, шет елден келгендер де центр деп айтамыз. Жалпы «ц» әрпі басқа тілден енген сөздер үшін керек.
*Kh,(*h) – «Х» әрпі «Kh» және «H» деп таңбалағанымен айтылуы бірдей. «Kh» деп – дауыссыз дыбыстардан кейін, «U,u» әрпінен кейін және адамның атының бас әрпінде жазылса деп ұсынар едім. Қалған жағдайда H деп жазылады. «Khamit», «Halal», «Rahman», «Hat», «Ahmet», «Abylaikhan», «Nuhrkhat», «Askhana».
*Sh – «Ш» әрпі ешқандай дәйекшесіз осылай қалу керек. Тек адам аттарының бас әрпі немесе қысқарған жерлерде қалай жазылатынын білмеймін. «Ш» әрпі қалай жазылса қалған қосарланған дыбыстарда «Ш» әрпіне қарап жазылатын болады.
*Zh – «Ж» дыбысы да «Ш» дыбысы сияқты.
*U,u — «У» әрпін «ý» деп жазу қате болады. «У» әрпі бүкіл әлемде «U» деп жазылады. «ý» деп жазатын болсақ тағы да сол технология түсінбей «Қауын», «Ауыр», «Наурыз» т.б. сөздеріміз қате жазылатын болады. Ондай символдар табу оңай, бірақ технологиямен санасуымыз керек.
**Ae – «Ә» әрпі осылай жазылу керек. Бұл қосарланған дыбыстар европаның бірқатар мемлекеттерінде бар дыбыс. Кейбір тілдерді «ә» дыбысы болғанымен олар «а» деп жазып, қай жерде қалай оқылатынын біледі. Бізде ондай ереже жоқ. Ал бізге ең тиімдісі «ae» деп жазу керек, дәйекшемен жазатын болсақ, технологияда әріп «а»-ға айналып кетеді.
**Gh – «Ғ» дыбысы да «Ә» дыбысы сияқты.
**Nh – «Ң» әрпінің бұндай нұсқасы латын америка тілдерінде бар. Тек оларда «nh»(нь) деп келеді. «Ng» деп жазуға да болады, бірақ бізде ағылшындар секілді ереже жоқ болғандықтан бізге тиімсіз, ең дұрысы осы – «nh».
**Oe – «Ө» дыбысы да «Ә», «Ғ» дыбыстары сияқты.
**Ue – «Ү» дыбысы да «Ә», «Ғ», «Ө» дыбыстары сияқты.
***J,j – «І» әрпін «J» деп алуымның себебі, «J» әрпі әр тілде әртүрлі дыбыс береді: «Х, Й, Ж» сияқты. Кейбір тілдерде жазылады, бірақ оқылмайды. Осы жазылып оқылмайтын нұсқа бізге жақынырақ. Өйткені «І,і» әрпі көптеген тілде жоқ. Егер «j» деп белгілейтін болсақ, мысалы: «бір», «екі», «сәбіз» деген сөздерді «бjр», «екj», «saebjz» деп, яғни «і»-ні үн шығару арқылы деп шетелдіктерге қазақ тілін үйрете аламыз. «Saebiz»-ден жойыламыз)). Оның үстіне «и, й» әріптерін жайына қалдырамыз)). «и, й» әріптерін «I,i» деп белгілеуіміз шарт, өйткені И(й)-ден басталатын адамдардың аттарынан өзіміз шатасатын боламыз.
***Uh – «Ұ» әрпі. U әрпінен кейін h әрпін жазу арқылы белгілеу керек. Бұл нұсқа араб тілдерінде бар дыбыс: «оғ», «уғ». Яғни тек ереже қою арқылы жаза аламыз. «Nuhrkhat», «Buhlt». Егер «Ұ»-ны «U» деп белгілесек, онда шетел сөздері, адам аттары дұрыс жазылмауы мүмкін. Барлық тілдегі «U»-ды «Ұ» деп өзімізге бұрғанша, одан да өзіміз «uh» деп «ұ»-ны белгілеуіміз керек. Сонда ғана қай мемлекетте болмасын «Nuhrsuhltan» деп жазылып, оқылуын бізден сұрайтын болады. Көп елдерде ондай тәсіл бар, жазылуын оқи алмай тұрсақ та — олар қалай айтады солай оқимыз.
Рахмет!
Әрі қарай

Ең алғаш интернетте...

Интеренет-біздің әлеміміз. Ал өз әлеміңді біле жүруде артық болмайды. Кейбір интернеттегі біз қолданып жүрген дүниелердің шығу тегі мен атауларын біле бермейміз. Енді солардың біразымен танысып көріңіз.
Блог - KhanagatNurbol: Ең алғаш интернетте...
1. Смайлктың (Smile) 30 жылдық тарихы бар.
Америкадағы компьютер маманы Скотт Фальман ең алғаш 1982 жылы интернетте осы смайлкты жіберіпті.
Блог - KhanagatNurbol: Ең алғаш интернетте...
2. YouTube осындағы барлық бейне көріністі көру мүмкін емес.
Себебі әр минут сайын «YouTube» бетіне арт-артынан тоқтаусыз бейне көріністер қосыла береді. Егерде шынымен көргіңіз келсе 16 жылыңызды арнайсыз. Отырыңыз ал…
Блог - KhanagatNurbol: Ең алғаш интернетте...
3. Ең алғаш жасалған сайт осы күнге дейін жұмыс жасап тұрғанын білесізбе?
Швейцарийн «CERN» сайты әлемдегі ең алғашқы сайт. Аталмыш бет бүгінге дейін өз қызметін атқарып тұр.
Блог - KhanagatNurbol: Ең алғаш интернетте...
4. Эверест шыңынан интернет
Эверестийн шың үстінде LTE (telecommunication) интернет сервері жұмыс істейді. Сондықтан сіз еш қиындықсыз ғаламторды шарлай аласыз.
Блог - KhanagatNurbol: Ең алғаш интернетте...
5. Кофенің көмегімен веб-камера пайда болған.
Ең алғаш осы веб-камераны 1991 жылы Кембриж университетінде кофе қайнатқыш үстіне орнатқан. Осының көмегімен қызметкерлер кофенің қайнағанын біле алған. 1993 жылы 128х128 пикселді камераны интернетке қолданысқа еңгізді. 8 жылдан кейін аталмыш кофе қайнатқышты шақыру саудамен 5200 долларға сатқан.
Блог - KhanagatNurbol: Ең алғаш интернетте...
6. Әлемдегі адамдардың қанша пайызы интернетті қолдана алады?
Бүгінде әлем халқының 3 млрд адамы интернет қолданады.
Соның 2,4 млрды ұялы байланыс құралымен керектенеді екен.
Блог - KhanagatNurbol: Ең алғаш интернетте...
7. Интернeт кілт
Әлемде жеті-ақ адам “Интернэт кілтін” сақтайтынын білесізбе? Бұл арнайы номерленген электрон карт. Егерде әлем бойынша байланыс құралдарына шабуыл жасалынса кілт иелері АҚШ-тағы интернет базасына жиналып, интернетті толықтай жаба алады.
Блог - KhanagatNurbol: Ең алғаш интернетте...
8. Интернеттегі алғашқы жарнама.
AT&T деген компанияның жарнамасы 1994 жылы ең алғаш интернетте жарияланған.
Блог - KhanagatNurbol: Ең алғаш интернетте...
9. Пайдалану саны
Интернеттің қолданысқа еңгелі жыл болды, сол уақыт аралығында 50 млн адам пайдаланды десек, Ұялы байланыстың қолданушылар санын осыншамаға арттыру үшін 75 жыл, радиоға 38 жыл, ал теледидарға 13 жыл кетсе, «Angry Birds» ойынына 35 күн кетеді екен.
Блог - KhanagatNurbol: Ең алғаш интернетте...
10. Спамдар
Әлемде 4 млрдтай пайдаланылатын электронды адрес бар. Күн сайын осы беттерден 190 млрд хат келеді, кетеді. Ал соның 80% осы спамдар болуы мүмкін дейді. «Spam» дегеніміз өзін үнемі жарнамалайтын көпті мезі еткен ет өндірісінің аты екен.
Әрі қарай

Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Әлемдегі ең ұзын мұрын Түркиялық Мехмет Озуректікі. Мехметтің мұрыны 8,8см.

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Сол жағындағы Мелвин Бут тырнағының ұзындығы 9,5 метр. Оң жағындағы кемпір Ли Редмонт тырнағының ұзындығы 8,65м.

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Канадалық Сорвана Синганың сақалы 2.33 метр болып 2008 жылғы рекордта көш бастапты.

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Татьяна Письменная Волгаградта тұрады. Шашының ұзындығы 2,70см.

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Үндістандық Энтони Виктордың құлағының жүні 18,1 см болып өскен

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Ұлыбританиялық Гарри Тернер өзінің терісін 15.8 см ге дейін соза алады

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Әлемдегі ең ұзын құлақ Иллинойс штатындағы итте. 34,9 см оң жақ құлағы 34,2 см сол жақ құлағы.

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Әлемдегі ең үлкен бәкі Португалияда. Ұзындығы 3,9м. Салмағы 122кг.

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Германияда 2008 жылдың 9 – қарашасындағы рекордтар күніне орай мына әйел 19 сыра бокалын 40 метр жерден алып келген.

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Жылан қайық деп аталатын қайық Үндістанда. Ұзындығы 43.7 метр.

Блог - 007: Гиннестің рекордтар кітабынан (Әлемдегі ең ұзын....)
Ең ұзын шаңғы 543метр.

дерекөз
Әрі қарай

Ең алғашқы тамағым.


Ең алғаш тамақ істегенім 7 сыныпта болатын. Алдын мамам жас, өзі істеп қоятын немесе әжем де бақуат кісі еді, кейде сол әжем жасай салатын. Сол жылы әжем қайтыс болып, анашым қатты сырқаттанып қалған себеп, үй тірлігі өзіме қалды. Сонымен, тамақ істеу керек болды. Макарон қуырайын деген ой келді
Әрі қарай

ЕҢ, ЕҢ, ЕҢ

Ен алгашкы соткам Сони ериксон Т630 болган. 2004 жылы кытайдан алгызганбыз. Сол кездеги ен крутой телефон менде болган (группаластарымнын ишинде). Интернеттан бир кодтарды алып полифония мелодия жазатынбыз сол соткага, оны сосын баскалары коширип алып полифония тындайтын
Ен алгаш компютермен таныстыгым мектептпе 5-6 сыныптарда болган. Мектепке жана комптар келип информатикадан деректр сабак берген. Майкрософтты «микрософт» деп екселды «ехкел» деп уйреткен. 9 сыныпка дейн солай екен деп ойлап журдим го мен
Ен алгаш киналганым универ битирген сон Астанага барып жумыс истегеним. Сагыну дегеннин не екенин сонда бирак билдим. Турган туысканымыздын уииндегилер де биртурли адамдар (мамасы баксы). Тура сол кезде документтерим мен акшаларымды жогалтып алдым. Сол кезде юхтар кезде кунде жылайтынмын. Жылагым келмесе де козиме жас келе беретин. Одан кейи сондай сезимди али басымнан откизбедим
Ен катты куанганым Универге тускен кезим. КазГУдын экономфагынын грантына (ози 4-5 ак грант болган)екинин биринин колы жете бермеитин.
Ен алгашкы жалакым 25 000 тенге болатын.
Ен (ен емес шыгар) тан калган жаналыгым ана жогарыда айтып кеткен соткымды 10 мынга бир туыскандарымыздын балаларына саткам. Сол сотканы папалары али устап жур деген жаналык
Ен алгаш жигитпен суйскеним 16 жасымда болган  Бир подругамнын агасымен
Әрі қарай

Ең...Ең...Еңңңңңң Қисық

«Еңнің» ыңыршағы шықпай тұрғанда жазып тастау дұрыс қоғҰә?

Ең бірінші және ең ұзақ ұстаған телефоным 2004 жылдың жазында әпкем алып берген Samsung N620 трубкасы. Жарықтыққа «Ауған соғысының» ардагері атағын беруге болатын, себебі көрмеген құқайы жоқ-ты. Тілерсегі тілерсегіне соғылып, тілі салақтап, көзі айналып, «көн шалбары көтіне қатқан» (батырлар жырынан) сол «соткам» осы жылы жазда «жығылып» тынды. Онда да «батарейкасы» істен шығыпты, ауыстырайық десек, «бұл телефонның өзін де, қосымша құрыл-жабдықтарын да өндірістен шығарып тастаған» деді.
Әрі қарай

Гастарбайтердің алғашқы жұмыс орындары

30 минут уақытым бар, ойлануға уақыт жоқ, сондықтан қарғап-сілемеңдер бір бірлеп жазам.

Ең алғашқы бір күндік табысым:
400 теңге. 16 жастамын шамамен. Ақшадан тарығып, бір жездемнің мебель өңдеу зауытына барып, парталарды жинауға помошник боп тұрдым. Бір шуруп екі теңге. 3 сағат ішінде 200 шуруп бұраған болып тұрмын ғой сонда. Неге жұмсағаным есімде жоқ. Досыма телефон соғып мақтанғаным есімде.
Әрі қарай

Ең,ең,ең...Әбіләкім

Ең ессіз әрекетім — жұмыстас біреудің өтінішімен Астанаға (2007ж.) 500 000 теңгені жұқа күртешемнің қалтасына салып апару. Бұл жеердегі ессіздік, сол ақшаны Астанадағы соттың ішіне кіріп (үш бидің ескерткіші тұрған сот қалай аталады?) бір судьяға беруім. «Не үшін бердім?», «басым пәлеге қалмай ма?» деген ойлар миыма кірмепті сол кезде, жұмыстан үш күнге босатқанға мәзбін.

Ең бірінші басқарған тойым- шамалы адам жиылған құдалық (туған күн, анау-мынауды есептемегенде).Қарағандыдағы бір мектептің асханасында болып еді.

Ең бірінші рет трактормен жалғыз сапарым- 3-ші класта оқитын кезім. Үлкендер оталдырып берді. 30 км шамасы жердегі екінші жайлаудағыларға бардым. Трактордың шөп шабатын косилкасы және бар.
Әрі қарай