Ойын арзан, күлкі қымбат

Күлімдеу – адамзатқа келтіретін ешқандай зияны жоқ дүние. Күлімдеу аз ғана уақытты алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады. Шаршағанның мауқымын басады, үмітсізге шаттық пен өмір сыйлайды. Оны сатып алу мүмкін емес, тіпті ол өтінішпен немесе сұраныспен келмейді. Күлкіні ешкім қарызға бермейді, ұрлап алу да мүмкін емес. Адам баласына дүние есігін ашқан сәттен бастап берілген баға жетпес сыйлықтардың бірі. «Күлкі — өмірді ұзартады» — деп жатады. Адам күлу арқылы өз өмірін ғана ұзартып қоймайды, өзгеге де қуаныш сыйлайды. Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.Блог - AidanaSerikbaevna: Ойын арзан, күлкі қымбат
Әрі қарай

Ана - өмірдің шуағы!

Ана… Ана үш әріптен ғана тұратын сөз. Алайда осы сөздің астарында телегей-теңіз ой жатыр. Дүние есігін ашқан әрбір адам ең алдымен ыстық махаббатымен, жүрегімен, сезімімен бір ғажайып иісті сезеді. Ол — ана жүрегі, ана сезімі, ана иісі.
«Ана бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес, Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Ана — өмірдің бастауы. Ана — отбасы ұйытқысы. Тіпті, анамыз 10 минутқа сыртқа шығып кетсе, лапылдап жанып жатқан отымыз сөніп қалғандай, үйдің іші қараңғыланып, түнеріп қалады. Ал, анамыз үйдің табалдырығын аттай бастағанда үйге бір жарқ сәуле шашылғандай, бұлттанып бара жатқан аспанымыз кенеттен күн шығарып жібергендей үйдің іші лезде жарқылдап, аппақ моншақтар төгілгендей ғажайып сәулелендіреді. Сондықтан да анамызды ешқашан ренжітпей, көңілге кірбің келтіретін сөздер айтпай, керісінше жылы сөздер айтып масаттандырыңыз. Сонда ғана ананың күлімсіреген, бақытты жүзін көресің. Айналамызға нұрын шашып жүрген аналарымыз аман болсын!!! Әрқашан қадірлеп, сыйлап, қастерлеп өтейік!!!
Әрі қарай

Өмір үзіктері

Тастама әке балаңды,
Оятшы қызым санаңды!

— Менің аяғым ауыр…
— Алдырып таста! Маған бала керек емес!
— Жоқ… Алдыра алмаймын.
— Не? Туып алып, менің мойныма артып қоймақсың ба? Мүмкін ол менікі емес шығар?!
— Жандос, екеуіміз кездесіп жүргелі жарты жыл болды ғой. Осы уақыт аралығында өзіңнен басқа ешкімге көз салған емеспін. Бұлай деуің қалай?
— Мен сені бағып жүрген жоқпын ғой. Бала менікі емес. Не істесң де өзің біл. Менің шаруам жоқ.
— Маған сенен ешнәрсе керек емес. Мен сені тани алмаппын… Саған сеніп едім… Сонда… мені сүймегенің бе? Махаббаттың болмағаны ма?
— Болса, болған да шығар. Бәрі бітті. Енді маған хабарласушы болма. Кездесу де іздеме. Қош бол!
***
— Мақсат, саған бір өтінішім бар еді…
— Ия, айта бер.
— Мен… Мен… Қалай айтсам екен?.. Менің аяғым ауыр.
— …
— Сенен өтінерім… Мақсат, маған үйленші. Бала туылғаннан соң ажырасып кетеміз… Мен… Мен үй ішіме қалай айтарымды білмеймін. Оларды ұятқа қалдырғым келмейді. Сондықтан саған осындай өтініш айтуға мәжбүр болып отырмын.
— …
— Мен түсіндім. Кешір… Бір өтінерім: екеуіміздің арамыздағы болған әңгімені ешкімге айтпашы. Рахмет саған! Сау бол!
***
— Арайлым, сенімен сөйлесуім керек.
— Мақсат? Ия, айта бер.
— Арайлым, кешірші. Маған ойлану үшін уақыт керек болды. Саған бұрыннан айтқым келіп жүрген. Алайда орайы болмады. Мен сені сүйемін… Маған күйеуге шығасың ба?
— Мақсат… Рахмет саған! Тек… Мен сенің махаббатыңа лайық емеспін… Мен… Мен…
— Арайлым, өтінемін, жыламашы. Мен сені және баламызды бақытты етемін.
***
— Арайлым?
— Ия, біз сізбен таныс па едік?
— Мен Жандоспын ғой. Қалың қалай?
— Жандос?.. Мен де бәрі жақсы. Өзіңнің қалың қалай?
— Арайлым… Кешірші мені… Мен бәрін жаңа түсіндім. Менің бақытым баламыз екеуің екенсіңдер.
— Мама, мама! Жүрші тезірек! Әкем күтіп қалды.
— Жарайды, балам. Мен қазір келемін. Сен әкеңе бара бер.
— Мама? Бұл… Бала… Менің ұлым ба?
— Жоқ, Жандос. Ол менің ұлым! Сен қателесесің, Жандос, сенің бақытың біз емес. Бақытыңды басқа жақтан іздегенің жөн болар. Қош бол!
Әрі қарай

Бақытты өмір сүрем десеңіз...

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». Пенде болған соң, кейбір қадамдарымызды шалыс басып жатамыз. Достарымыздың бетін енді көрмейтіндей, оларға қатты-қатты сөздер айтып, ата-анамыздың қадірін кейін біліп, қолымызды мезгілінен кеш сермейміз. Өмір қағидалардан құралады. Ал қағидаларды жасайтын өзіміз екені рас. Мына қарапайым кеңестер шын мәнінде, өмірдің алтын кеңестері. Сондықтан, осы кеңестерді ойға түйсеңіз, бақыт бақшасына бір қадам жақындайтыныңыз сөзсіз…

Біреуге қайта қоңырау шаламын деп уәде бердіңіз бе? Ендеше соны ұмытпаңыз!
Кешігіп барасыз ба? Сізді күтіп отырған адамдарға бұл жайлы ескертудің жолын қалай да табыңыз!
Біреудің арманына күлмеңіз. Сіздің арманыңызға күлгенді қалар ма едіңіз?
Сізді сатып, опасыздық істеген адамға қайта сенбеңіз. Ол әлбетте өзгермейді.
Ата-анаңызға уақытты көбірек бөліңіз. Олардың бақилық болуы бір-ақ сәт.
Сыпайылық жүректерді жаулайды. Әдепті болуға тырысыңыз.
Теледидар қарамаңыз. Ешқашан.
Қателігіңізді мойындай біліңіз. Бұл — үлкен ерлік.
Біреуге шағымданып, өміріңіздің қиындықтарын айтып зарлай бергенді қойыңыз. Ешкімді де біреудің қиындықтары қызықтырмайды.
Өсек айтқанды доғарыңыз. Бұл әдепсіздіктің белгісі.
Қиын, түсініксіз жайтқа тап болдыңыз ба? Қиындықты шешемін деп жүгірмей, одан да… ұйықтап алыңыз.
Өмірдің бағыты жоғары болуы тиіс екенін ұмытпаңыз. Өзіңізді дамытып, әрі қарай жылжисыз ба, не бір орында бірнеше жылдап тұрып қала бересіз бе? Ойланыңыз.
Біреумен қатты ұрсысып жатсаңыз да, адамды осал тұсынан ұстап қалудан аулақ болыңыз. Жақында онымен достасып кете аласыз, алайда жүрекке тиген сөздер оңайлықпен жуыла қоймас.
Шыншыл болыңыз. Сонда айтылған өтірікті есте сақтау керек болмайды.
Басыңызға жаңа ой келді ме? Жазып алыңыз! Жарты күннен кейін бұл ойды ұмытып қалуыңыз әбден мүмкін.
Ең қиын, істегіңіз келмеген жұмыс пен істеріңізді таңмен істеп тастағаныңыз жөн. Ол істі тыңдырғаннан кейін қалған күніңізді өзіңізге арнап, жаман ойлардан арыласыз.
Ешкім ешкімге де, ештеңе қарыз емес. «Сен осыны істеуге тиіссің» деген сөздерді ұмытыңыз.
Әрі қарай

Бақыт және саяхаттар туралы

Ораза қабыл болсын! Бұрынғы постымда пікір айтқандарға көп рахмет!  Мен сендерге хаттар және пікірлер үшін риза боламын!
Сіз саяхат жасаған жақсы көресіңдер ме? Мен әр-түрлі қалаларға барғым келеді. Мен көп сөйлескім және қызықты орындар көргім келеді. Сендер де қалайсыңдар деп ойлаймын  Маған Питер және Тель-Авив ұнайды. Меніңше, бұл өте әдемі қалалар және онда болу қажет
Блог - Nadya: Бақыт және саяхаттар туралы
Блог - Nadya: Бақыт және саяхаттар туралы
Шілдеде жол-жөнекей ғана Астанада боламын. Астанадан әлдекім бар ма? Қалай ойлайсыңдар, қайда орталықта дәмді және қымбат емес тамақтануға болады? Алдын-ала рахмет!
Жаңада ғаламторда өте қызықты сұрақты көрдім: «Егер бақыт халықаралық валюта болса, немен айналасып Сіз бай болады?». Мен де білмеймін. Мүмкін тілдермен айналысып, мүмкін әр-түрлі тағамдар пісіріп мен бақытты боламын. Ал жалпы керемет адамдармен қарым-қатынаста болып мен өте-өте қуаныштымын!
Бәрі де дұрыс жаздым деп үміттенемін Кездескенше!
Әрі қарай

Өмір деген тамаша!

«Жизнь прекрасна» (1997 г.) фильмінің сюжеті ешкімді бейжай қалдырмас. Бұл фильмді алғаш мектепте оқығанымда көрген болатынмын. Кішкентай шағымда бүкіл киноны тек суреті мен басты оқиғасына ғана мән беріп қарағандықтан, қайталап қарап шығу — бір ғанибет.
Фильмнің басты кейіпкері Гуидодан барлығымыз үлгі алсақ деген ойдамын. Әкесі баласын психологиялық стресстан сақтап, аман алып қалу үшін, өмірдің қатаң тауқыметін көрсетпей, концлагерьде қара жұмыстан шаршап, сүрлігіп келсе де, айналаны ойынға айналдырады. Ұлын сұм соғыста көтеріңкі көңілмен жүргізіп, жарқын болашаққа сендіреді. Гуидо — талантты, мейірімді, қолайсыз жағдайларда ақылымен шыға алатын, пысық адам.
Кедей, бірақ өте тапқыр еврей жігіт пен италяндық әулетті отбасынан шыққан қыздың бүлдіршінді болып, бақытты жанұя құрғаны, фашистік Италияның қысылтаяң шағы жайында түсірілген — өте әсерлі фильм. Мың мәрте жалықпай қайталап көруге дайынмын.
Шынымен де, өмір деген тамаша! Қолда барға қанағат етіп, баларымызды күнде құшақтап, сүйейік.
Киностан: Өмір деген тамаша!
Әрі қарай

Бір қолымен әлемді тербеткендер

Блог - MERmukhanov: Бір қолымен әлемді тербеткендер
Аруларға аша алсам жыр қақпаны —
Толқиды сезімімнің бұрқақтары.
Мүмкін емес сіз жайлы сыр тоқтауы,
Хауа Ананың аяулы ұрпақтары!

Бала кезден ең үздік көркем ісім —
Мен түсінгем орныңды еркек үшін.
Мен ұға бастағанмын қадіріңді,
Тыңдап жүріп әжемнің ертегісін.

Әйел сыйлау сор емес саналы ұлға,
Анадан туылған бар адамың да…
Пайғамбар сүннетімен білемін мен,
Жұмақ кілті — анамның табанында…

Махаббат – ешбір тоқтау қылмаған із,
Ол жайлы ауылда әлі тұнған аңыз:
Мен туарда анамды әкем сүйген,
Әкемізді бақытты қылды анамыз.

Әкемізді бақытты қылды анамыз,
Сол сезімнен туыпты бұл балаңыз.
Бір аруды сүйгеннен туған ұл ем,
Өзімнің де сүйгенім — бір ғана қыз…

Маңызың санамнан еш кетер емес,
Бұл қалай тілектерге жетелемес?
Нұр көктемді сіздің төл мерекеңіз
Бастауы да, негізі, бекер емес!

Бұйырыпты бір мейрам түсіп (ол шын),
Сол мейрамда бір жылдың күші болсын!
Үш жүз алпыс бес күннің бір күнінде,
Үш жүз алпыс бес бақыт құсы қонсын!

Бұл қазақ – жаулық сыйлар ел еді дөп, —
Мен сөйлейін қазақтың өрені боп:
Сізге бақыт тілеймін шын баянды,
Бізге бақыт сіз барда керегі жоқ!

Сіздерсіздер – бақытты селдеткендер,
Біздің үмітімізді өрлеткендер!
Бір қолымен бесікті тербеткенде,
Бір қолымен әлемді тербеткендер!
Әрі қарай

Әткеншек тепкен қуыршақ

Блог - bake: Әткеншек тепкен қуыршақ
Күні бойы тік тұрып істеген жұмыстан көрі автобус ішіндегі жарты сағаттық әрі-бері тербелістен шаршадым. Отыруға орын тимеді, тыныш тұрғызбады. Әрі –бері өткендер аяғымды басып, денеме соқтығысты. Оң иығыма асылған портфельдің бауы сырғып түсе берді. Портфель ішінде бір бума қағаз. Әйтеуір, оң қолымның ыңғайы келіп, турникке жетті. Содан ұстанып тұрмын. Ығы-жығы теңселген мына кішігірім дүниеде орнымды жаңа тапқандай сезіндім.
Әрі қарай

#15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)

Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)
Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)

Ghetto Dogsтың әндерін тыңдап, тырқылдап отырмын

Барлықтарыңызды бүгінгі Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Астананың ауа райына күн өткен сайын ғашық болам. Түні бойы жылудан ысып кеткен бөлмеден таңертең балконға шығып, таза ауаны құшырлана, қомағайлана жұту деген рахат қой, шіркін  Ұйқың бірден ашылып, сергіп қаласың

Демалыс деген… сөз жетпейді ғой. Түске дейін ұйқы. Ешқайда асықпайсың. Қалағаныңша қыдырасың

Демалыс, әдетте, қыздарда қалай өтеді? Үй жинау, маска жасау, жуыну, тарану, бояну  Дәл осылай өтті бүгінім. Енді ерте жату ғана қалды

Айтпақшы, өмірде түрлі адамдар болады. Өзіндегі «кірді» айналасындағылардың бәріне жаққысы келеді. Өзінің өмірдегі жаман жан екенін мойындағысы келмей, айналасындағыларды қатарына қосып алғысы келетін… Олардың дәрежесіне түсіп, дәл өзі құсап жауап берудің, жалпы жауап берудің қажеті жоқ екен. Соны түсініп қалды
Өз әлеміңді өзгенің таптауына жол берме! Болғаны сол ғана

Қой, мен ұйықтайын…

Ghetto Dogsтың әндері шынымен күшті-ақ. Құрығанда, күліп аласың

Қайырлы түн!

Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)
Әрі қарай

#12 күн - Әркім - өз өмірінің бояушысы

Бақытқа бастар 100 күн: #12 күн - Әркім - өз өмірінің бояушысы

Бақытқа бастар 100 күн: #12 күн - Әркім - өз өмірінің бояушысы

Достарым, достарым! Барлық күнім дәл бүгінгідей тамаша өтсінші!
Сенбі болғандықтан ба, бес күндік жұмысқа үйреніп қалғандықтан ба, жұмыс істеуге аса зауқым болмады. Маужырап, ұйқы қысып, қызық күйде отырдым.
Әрі қарай

#4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл

Бақытқа бастар 100 күн: #4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл
Бақытқа бастар 100 күн: #4 күн - Адамзаттың бәрі - асыл

Ауыр, артық ойлар адамның еңсесін де, денесін де басып тастайтын сияқты. Таңда бетім ісіп, умаждалып оянатын әдетім 3-4 күннен бері азайып барады. Жеңіл қимылдаймын. Шынымен, арқама көрінбейтін қанат біткен сияқты  Күлмеңіздер, сау күйімде жазып отырмын
Әрі қарай

#3 күн - Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше

Бақытқа бастар 100 күн: #3 күн - Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше
Бақытқа бастар 100 күн: #3 күн - Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше

Көзім жеткені, қандай көңіл-күймен ұйықтасаң, сол көңіл-күймен оянасың. Осы жобамды бастағалы ұйықтар алдында күні бойына орын алған позитивтерді еске түсірем де, шаршағанымды да, басқасын да ұмытып кетем. Көтеріңкі көңіл-күймен ұйықтап, сол сезіммен сергек оянып жүрмін. Бұл маған ұнайдыыыы
Әрі қарай

Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым менӨмір тосын сыйға толы. Күніне қаншама адаммен кездесіп, қаншама адаммен қоштасып жатамыз. Екінші рет көруім мүмкін емес деп ойлаған адаммен екінші, үшінші рет жолығып қалып, уақыт өте келе өмірлік серігіңе айналып кетуі де ғажап емес. Бұрын мен үшін бейтаныс адам бұл күндері мен жақсы көретін, сыйлайтын, құрметтейтін жарыма айналды.

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен
Өз басым оны тағдырлы адам деп санаймын.
Әрі қарай