Оқып көр, ой салар...(7) "Біз ішпеген у бар ма?"
Бұл жазбам осыдан бірнеше ай бұрын жазылған еді. Десе де, назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмын!
Зиянсыз болса, зымырандар неге құлайды?
Азаттық таңының астында тағы да жарылыс. Кезекті рет көкке көршіміздің зымыраны емес, халқымыздың үрейі ұшты. Қазақтың Жер- Анасының жүзіне тағы әжім түсті…
Маусымның 2 күні Астана уақыты бойынша сағат 8.30-да ұшуы тиіс болған «Протон-М» зырмыран- тасығыш ғарыш айлағынан 60 км жерге түсіп жарылды. Қоғамда қызу толғаныс тудырған осы бір оқиғаның айналасында дау көп. Билік өкілдері «қауіптенетін дәнеңе жоқ, бұл жәй ғана жарылыс» деді. Бұқпантай болмыс оңай ма? Үш жыл сайын жеріне ракета құлап жатса, «үш күнде көрге де үйренесің» дейтін қазақ, көнбегенде қайтеді?!..
Рас, бұл бірінші рет орын алып отырған жағдай емес. 2005 жылы Қармақшы ауданына, 2007 жылы Жезқазған қаласының маңына, биыл Байқоңырға орыс ракеталары құлады. «Байқоңырды жалға бердік» екен деп, жат жұртты желкемізге мінгізгеніміз қалай?..
Байқоңырдың зымыраны қазіргідей озық техниканың дәуірі орнамай тұрғанның өзінде түзу ұшпап па еді? Енді, көгіміз азат, көкбайрағымыз жел біреген заман да жалға берген ғарыш айлағымыздан бір емес, қатарынан үш зымыранның құлдилап, қазақтың даласы мен ауасын аяусыз улауын қалай түсінуге болады?..
Кешегі төріне шығарғанымен, төбесіне шығармайтын қазақ халқы қайда? Жәнібектің жаугершілігнен, Абылайдың айбарынан, Кенесарының намысынан, Махамбеттің жүректілігінен сау-тамтық та қалмағаны ма?.. Шыдамның да шегі болмаушы ма еді?.. Неге бағзы заманнан ұрпақтан- ұрпаққа мирасқа қалған қасиетті қазақ жері жарылыстың мекеніне айналуға тиіс?..
Қазақ елі Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың пайымдауынша, бұл «Ресейдің ішкі проблемасы екен», оған біздің бас қатыруымыздың қажеті шамалы көрінеді. Сонда жарылыс қазақтың жерін е болса, бұл қалайша көршіміздің жеке мәселесіне айналады?..
Сөйтсек, о баста, 2006 жылы келісім-шартқа солай деп қол қойылған екен. Бірде танымал бір тұлғаның: «Біздің биліктегілерге саяси сауаттылық жетіспейді» дегені бар еді. Бұл саяси сауатсыздықтың кесірі ме, әлде, мәңгүрттіктің жемісі ме – дөп басып айту қиын.
Қалай десек те, еркіндік алған егемен ел үшін, даласы текті тұлғалар мен білекті батырларға бай қасиетті қазақ үшін «өз жеріңде өзгенің әмірі жүрді» дегеннен асқан қорлық бар ма?..
Айталық, әгәрдәкім, оқиға мүлдем керісінше өрбігенде, мысалы, қазақтың ұшырған зымыраны Ресей аумағында жарылғанда, өздерін аюға телитін көршіміздің – әлемге айқайлап, байбалам салары шығар күндей шындық болған болар еді. Сондықтан, қазаққа көлеңкенің бәрі – сая емес екендігін ұғынатын уақыт жетті…
Жарылыстан депутаттардың дегбірі қашты ма? Тек қана сена¬тор Мұрат Бақтиярұлынан басқасы ізім-ғайып тығылып, інінен шығар емес. Бетін аулық қылсын, алпауыт апат жағдайында немесе ұлтқа қауіп төнгенде «халық қалаулырының» сиырқұйымшақтыққа салынатын жөні жоқ қой. Қайсар атамыз Бауыржан Момышұлының: «Сатып алған жауынгер майдан болса, ешқашан жанын салып соғыспайды» деген жігерлі сөзі еріксіз ойға оралады. Амал қанша…
«Орын алған шығынды Ресей Федерациясы өтеп береді» дейді, біздің билік. Осыған дейін далаңда мыңғырған киігіңді, бүлінген топырағыңды, уланған жайылымдарыңды, қырылған малыңды, ең бастысы, жыл сайын дүние есігін кемтар кейіпте ашып жатқан қарагөз іні-қарындастарымыздың тағдырын қайдағы бір жасыл қағаз қалпына келтіреді дегеніне кім сенеді?!.. Әлі күнге дейін қоңыртөбел күй кешіп жатқанымен қазақ қараңғы халық емес…
«Байқоңырдағы жарылыс нәтижесінде барлық химиялық заттар жанып, түтіні бұлтқа айналды, енді қауіп жоқ» делінді. Бірақ, бұлттың да түбінде – жерге қайтадан жауын болып түсері анық қой. Улы жауыннан кейін төрт түлік мал мен төл табиғатымыздың қауқары қалай болар екен?!..
«Кигенде алаңсыз кепті,
Қартым-ай, ретің сынар:
«Гептильді залалсыз депті,
Өкімет білетін шығар» – деп жазып еді ақын Ғалым Жайлыбай.
Гептильдың адам баласына тигізетін зияны орасан зор. Ол көздің жиі жасаурауына, тыныс мүшелерінің тарылуына, жүйке жүйесінің жұқаруына, ең сорақысы, адам баласының миының ағып кетуіне дейінгі дәрежеде залал келтіреді.
«Бір жамандықтың – бір жақсылығы болады» деген ата-бабамыздың пәлсапасына сүйенсек, орын алған апатты жағдайдың – қазақтың туған топырақ, өскен жерін жат қолға жалға бермеу керектігін санасына нықтап сіңіріп, ащы сабақ болғаны айқын. Тарихтан тағылым алмаған елдің болашағы бұлыңғыр тартады. «Ақша» деп жүргенімізде – бақшамыз жеміссіз қалатын түрі бар…
Тарихымызды тереңнен тартқан жалынды жазушымыз Ілияс Есенберлин: «Қазақтың кеңпейілділігі, ақкөңілділігі сондай – жауының құшағында тұрғанпышағын аңғармайды» деген екен. Көрші көріп, көңіліне қарап, кім көрінгенді құшағымызға аламыз деп жүріп, пышағына ілініп қалмасақ дейміз. Әйтпесе, зиянсыз болса, зымырандар неге құлайды?.. Данышпан Абайға ұқсатып айтсақ: «Біз ішпеген у бар ма?..»
Әрі қарай
Біз ішпеген у бар ма?