Ол Люданы іздеді... (с)

Киностан: Ол Люданы іздеді... ©Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында шетелдік компаниялардың бірінде қызмет ететін, сәйкесінше ағылшын тілінде жиі сөйлеп үйреніп қалған 30 жастағы бойдақ, ұлты кәріс ресейлік азамат Леонид Вон, түркі халқының жаңа жылы болып саналатын Наурыздың қалай тойланатындығын өз көзімен көру мақсатында жұмысынан демалыс алып, облыс орталығы — Орал қаласына келеді. Ал бұдан бұрынырақ ол Пенза қаласынан көптен бері көрмеген, хабарласпаған бұрынғы махаббаты, өзінен 3 жасқа үлкен Люда есімді кәріс қызын осы жаңа жылды бірге қарсы алуға шақырып қояды. Ал оның жеке нөмірін ортақ ескі таныстарынан біліп алады. Леонид телефон арқылы сөйлескенде Люданың әлі тұрмысқа шықпағанын біліп, өзінің ұсынысын Наурыз мерекесі кезінде білдіргісі келгендіктен, алдын-ала қымбат сақина сатып алу үшін, Оралдағы сауда орталықтарының біріне барады. Және осы жерде жергілікті қылмыскерлердің нысанасына ілігеді. Оны аңду басталады.
Әрі қарай

Сендірудің жолдары

Бала болғаннан кейін кейде қиыспайтын өтіріктерді де соғып жіберетінбіз.сондайда қасыңдағыларды сендіру мақсатында мынандай сөздерді қолданасың:
«Лениннің басын ұстаймын, алдап тұрғаным жоқ» Үйдегі (кластағы) кішкене ғана Лениннің бюстінің басын ұстайсың әлгі сөзден соң.
"Қызыл ұстайын"
"Әке-шешемнің қанын ішейін" бұны шын сөзіңе сендіре алмаған кезде айтып жібересің ет қызумен.
«Октябрят болмай кетейін»пионерге жете алмай қалдық не дегенмен))))
Сіздер қалай иландырушы едіңіздер?

Суреттің орыны
Әрі қарай

1 Сәуір - күлкі күні


«Бірінші апрель күні ешкімге сенбе» дегенді бала күнімізден есітіп жүрген болармыз. «Күлкі күні», «Алдардың туылған күні» деп те атайды. «Халықаралық құстар күні» «Иран Ислам Республикасы күні», «ОАР-да Отбасы күні», «Ресейде Математика күні», «Кипрдің Ұлттық мерекесі» дегендерді уикипедияның арқасында білдім.
Бұл күні туыстарыңды, достарыңды, таныстарыңды яғни көңіліңе жақын адамдарды алдау әдетке айналған.
Кім кімді қалай алдаған не қалай алданған? Айта отырыңыздар..
Күндеріңіз әдеттегіден көңілді өтсін КЕРЕКТІКТЕР!
Әрі қарай