Өмірзая

Блог - Janasil: Өмірзая

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен түсірілген, ортасында өзіміздің Нұрберген жүрген Өмірзая сериалының толық нұсқасын қараңыздар. Біраз жыл бұрын Атырауды (елімізді) шулатқан жарылыстардың негізі қалай қаланғанын түсінесіз.

«Өмірзая» көркем фильмінде қазіргі қазақ отбасындағы дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың кесірінен болып жатқан трагедия бейнеленеді. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды насихаттайды.

Өзіме сақалдылардың басшысының рөлінде болған ақидың ойыны ұнады! Осындай шынайы өмірге жақын, тәрбиесі бар кинолар көбейе берсін.









Соңы:

Әрі қарай

Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс

Шілденің аяғы болатын. Қараңғы түн. Сырдарияның жайылым иіндеріндегі тоғайлық. Біздің лагерь тұрақтаған жер алыс емес, әрі кетсе жарты шақырым. Тәуекел деп тоғайлықпен тіке тарттым.

Бес-он қадам басқан соң-ақ, өкіне бастадым. Қалың өскен жиде мен шеңгелдің тікенегі қол-аяқтан сау тамтық қалдырмады. Бірақ, кейін қайтуға намысым жібермей, сұрақ белгісі сияқты бүгіліп, аңдар салған жалғыз аяқ жолмен ілгерілей бердім. Тастай түнек тіпті қоюлана түскен сияқты. Қолымдағы қалташамның жарығы да әлсіреді. Алдымдағы ирелеңдеген шытырман cүрлеу, белгісіздік үңгіріне бастап бара жатыр. Адасқанымды білдім… Тоғай іші жым-жырт. Алыстан бір дыбыс талып жеткендей болды. Үн қатып едім, шегірткенің шырылынан басқа жауап болмады. Амал жоқ тағы бір қуыс жолға түсіп, жылжып кеттім. Бүгілген былай тұрсын еңбектеуге көштім.
Әрі қарай

Қар прикол

Бүгін ютубте адасып жүріп мынадай бір видеоға тап болдым. Ішек сілем қатқанша күлем деп (әр нәрсеге жалоба жасай беретін кемпірлер болады ғой, сондай кемпірлер біздеде бар) кемпірлерден ұрыс естідім. Мүмкін сіз көрген шығарсыз, әйткенменде өзіме ұнаған соң керекке іле салғанды жөн көрдім.



Әрі қарай

Қалжыңдоттар



Әйелінің мысығынан құтылайын деп күйеуi мысықты қапқа салып үйiнен 2 км. алысқа апарып тастапты, үйiне келсе мысык үйiнде екен, қайтіп қапқа салып 2 км оңға, 5 км тiке, 15 км солға… апарып тастапты, сөйтiп үйiне әйелiне телефон соғып: «Мысық үйде ме?» деп сұраса, әйелі «Ия!» деп растайды. Күйеуі ызаланып «Трубканы бершi албастыға, мен адасып қалдым», деген екен.
Әрі қарай