«Қазақ әлемі» – фанатизм бе, әлде ұлттық сана ма?

Автор: Арнур Ауезхан
«Қазақ әлемі» – екі достың оқиғасы арқылы road movie жанрында түсірілген туынды. Басты кейіпкер – сүйіктісінің қолын алып, ауылда қалғысы келсе, қыздың арманы – Америка. Осы қарама-қайшылықты шешу үшін кейіпкерлер «Нұрлан Қоянбаевты тауып алып келу керек» деген ойға келеді. Бұл сәттен бастап фильмнің негізгі желісі – қазақ болмысы мен қазіргі ұрпақтың ұлттық сана мәселесіне айналады. Нұрлан Қоянбаев фильмде өзін «қазақ болмысына ықпал еткен, тарихты танитын, отансүйер миллионер» ретінде көрсетеді. Бірақ ең қызығы – бұл фильмде өзін ойнайды. Өзін тек актер емес, ұлттық идеяның жетекшісі ретінде көрсетуі, кейде тіпті саясаткер не болашақ президент ретіндегі образды ишаралап беруі – ойландырады. Бұл фильмде реалистік актерлік шеберлік емес, өзін-өзі насихаттау алдыңғы қатарға шыққандай әсер қалдырады.Актерлік құрам кең емес, оқиға тек екі достың төңірегінде өрбиді. Екеуінің рөлі – өздерінің бұрынғы веб-сериалдарындағы жеңіл әзілге толы образдары. Бұл – фильмнің терең идеяны жеткізу мүмкіндігін шектейді. Ал Нұрлан Қоянбаевтың бейнесі – тек «қуатты тұлға» ретінде беріледі, бірақ бұл көрерменге жасанды әсер береді. Әзілдер – шынайы емес, күлкілі болудан алыс.


Тілге байланысты әңгіме туындағанда, «қазақ тілінде сөйлеу керек» деп шаба жөнелеміз. «Қазақ тілінде сөйлеу» деген сөздің мағынасын қалай түсінуге болады? «Ручка беріп жіберші, ачкиім қалай?» деген қазақ тілінде ме? Жалпы, қазіргі біз сөйлеп жүрген қазақ тілінің деңгейі қандай немесе қағаз бен теледидардағы қазақ тілінің көшедегі қазақ тілінен айырмашылығы жер мен көктей деп ойламайсыз ба?
