Астаналықтар таксиде жиі нені ұмытады?

«Astana taxi» компаниясы әдетте клиенттердің жеке заттарын қалдырып кететінін айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Компанияның такси жүргізушілері клиенттердің әдетте сөмке, әмиян, ұялы телефондарын жиі ұмытып кететінін айтты.


«Astana taxi»-дің ақпаратынша, өткен аптада клиенттер таксиде алты зат ұмытқан олар: жүк сөмкесі, сөмке, әмиян, ыдыс, қолғаптар және қораптағы аяқ киім. Ұмыт қалған заттардың барлығы иелеріне қайтарылған, ал аяқ киім иесі уақыт болғанда алып кететінін айтқан.


«Таксиде ұмыт қалған заттары туралы жолаушы бірнеше әдіспен хабарлай алады. 15800 нөмері арқылы колл-орталыққа хабарласуға болады немесе 8 (7172)577707 номері арқылы сапаны бақылау бөліміне хабарласа алады, әлеуметтік желілерде хабар қалдыру, + 7 700 555 76 07 нөмері арқылы Whats App-қа хабарлама жазу».


Егер клиенттің ұмыт қалдырған заты табылып жатса диспетчер зат иесіне хабарласып, заттың қай көлік жүргізушісінде екендігін айтады, ал сапаны қадағалау бөлімінің менеджері клиенттен затты қалай алу ыңғайлы болатынын анықтайды. Ұмыт қалған затты қайтып алудың екі түрі бар. Біріншісі, ұмыт қалған затты такси жүргізушісі офиске әкелуі, ол кезде клиент затын өзіне ыңғайлы уақытта офистен алып кетеді. Екінші түрі, клиент ұмыт қалдырған затын нақты бір мекенжайға әкеп беруін сұраған кезде.  


Астаналық шенеуніктер неліктен таксиге көшті?

Астана қаласы әкімдігінің шенеуніктері қызметтік көліктерінен бас тартып такси қызметіне жүгінетін болды. Әкімдік қызметкерлерінің болжамынша, мұндай қадам жыл сайын бірнеше миллион теңге үнемдеуге әкеледі.

Тиімді тәсіл

Қалалық әкімдіктің автопаркін осылай жаңғыртуы қалалық бюджет шығынын айтарлықтай азайту үшін мүмкіндік береді. Такси қызметі шенеунік жиналыста немесе тағы бір іс-шара отырғанда оны күтіп тұрмайды, басқа тапсырыстарды орындай береді. Қызметтік көлік сияқты жайдан жай күтіп тұрмайды.

Такси қызметіне көшу бес жыл ішінде миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді (2,7 миллион доллар). Босаған 64 автокөлікті әлеуметтік сала мекемелеріне, оның ішінде мектептер мен ауруханаларға береді. Өз кезегінде үнемделген қаражат, әлеуметтік жобаларға, бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандырудың, ұйымдастыру үшін бөлу, мектеп бітірушілер үшін гранттар, студенттер үшін жатақханалардағы орын жетіспеушілігін және басқа мәселелерді шешуге бағытталады.

Астана қаласы әкімдігі мұндай қадамға, қалалық көлік паркі белсенді пайдаланбаған соң, ал оны күтіп ұстауға бюджеттен қаражат бөлінетінін ескергендіктен барып отыр. Негізі бюджетті үнемдеу бірнеше бағыт бойынша жүреді.

Атап айтқанда, жаңа көлік сатып алуға және автопаркті ұстауға, жанар-жағармай, сервис, жөндеу, жүргізушілер штатына кететін шығынды қысқартады.

Бизнесті нақты қолдау

Шенеуніктер такси қызметіне көшіп шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нақты үлгісін көрсетті. Қазірдің өзінде бірнеше таксомоторлы компаниялар елордалық шенеуніктерді қалаған жеріне жеткізуге ниет білдірді. Бұл үшін қосымша жұмыс орындары ашылып, таксомоторлы компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі артып сервистік қызметі жақсарады деп күтілуде.

Жақсы жақтары...

Әзірге астаналық басшылар таксомоторлы компаниялар ұсынған сервиске риза, қызметтік көлік пен такси қызметі көліктерінің арасында айтарлықтай айырма жоқ.

Астана жаңалықтары: Астаналық шенеуніктер неліктен таксиге көшті?

Такси

Блог - nurbolkarataev: Такси
Қызым тұр-тұр, айнам-ау, ботам-ау тұрағой енді, сабақтан кешігетін болдың ғой, -деді Сәлимә әжей ұйқыда жатқан немересін еркелетіп оятып. Күн кешегідей емес қатты аяз, кеше ауа-райында циклон болады деп еді рас екен. Мына күннің салқындығы бет қаратар емес, түрі жамандеп ас үйдегі таңғы асты әзірлеп өз-өзімен сөйлесіп жүргені. Немересі Айшада ұйқысын қимай әже онда сабаққа бармай-ақ қояйын деді. Жоқ ботам-ау сабақтан қалуға болмайды. Келе ғой күнім шәйіңді ішіп ал, жұмыртқада қуырып қойдым таңғы асыңды іше ғой деді, немересінің асты-үстіне түсіп. Әже сабақтан кешігіп қалмаймыз ба сағат сегізде сабақ басталады деді сағат тілінің 7-ден кеткенін нұсқап немересі үстелге отыра кетіп. Мына күннің аязы қатты, оның үстіне түнімен қар ұйытқып жерді біраз қар басқан маршутпен барсақ кешігетін болармыз, жолдан такси тоқтатып мінерміз деді әжесі.
Әже мен тамақ ішіп болдым, барып киінемін жарай ма деп немересі ас үйден шыға бергені сол еді, әжесінің қызым қолыңды жууды ұмытпа деген дауысы саңқ етіп шыға кетті. Сәлимә әжейде жанталасып ас үйді реттеп, түскі астың тамағын мұздатқыштан шығарғаны сол екен кіре беріс жақтан әже шығайық кешігеміз деген немересі Айшаның даусы шықты. Қазір ботам күте тұр етігіңді кие бер мен қазір киініп алайын деген әжесінің дауысыда ас үй жақтан естілді. Жүр қызым деп әжесі үйдің кілтін алып, қолына немересінің сөмкесін ұстап сыртқа ентелей шыға берді.
Даладағы күннің ызғары 3-ші қабаттағы подьезге жетеді.Төменгі қабатқа түскен сайын желдің ызғары құлақ тесердей ысқырып тұр. Сыртқы есікті аша бергені сол еді қатты желдің екпіні есікті оңай аштырар емес оның үстіне есікке де мұз қатыпты. Әупірімде немересінің қолынан жетелей далаға шығып еді Астананың желі кісіні қаңбақтай ұшыратын түрі бар.Тобықтан асатын қардың қалыңдығыда аяқты адымдап бастырар емес.Немересін жетелей жол бойына шығып такси тоқтатып еді, зулаған көліктердің біреуі бұрылып тоқтайтын түрі жоқ.
Шамамен 10-минуттай уақыт өткенде Лада маркалы ақ көлік келіп тоқтай кетті. Сәлимә әжейде жалма-жан көліктің есігін ашып 34-ші мектепке 500 теңге деді. Ой апа күннің мынандай аязында 500-іңіз не 1200 теңге болады деді әдеттегі бағаны есе көтеріп. Айналайын-ау күнде 400-теңгеге барып жүрген жерім еді дей бергені сол еді, таксидегі жігіттің апа онда басқа такси тоқтатыңыз деп көліктің есігін жабуға ұмтылғаны, немересінің дірдектеген түрін көріп жарайды балам 1200 болсада барайын деп көліктің ішіне бүрсең қағып отыра кетті.
Апа бізге ренішіңіз болмасын жұмыс болса осы такси, отбасы асырау, жан бағу керек дегендей. Қазір бензинде қымбат, оның үстіне ерегескендей мына күннің құтырғанын көрмеймісің?-деп таксиші жігітте күндегі әуеніне сала кетті. Оныңда дұрыс шығар балам деп Сәлимә әжейде әңгімені одан әрі жалғағысы келмей, шаршаулы үнмен жауап қатты. Мектепке жетем дегенше таксиші жігіт біресе музыка қосып, біресе ауа-райын сөз етіп өз-өзімен арпалысып келеді. Арада 15-минут уақытта межелеген мектепке де жетті. Балам-ау анау пешоходтың жанына тоқтай ғой деді, ақшасын таксишіге ұстатып. Көліктен түсіп немересінің қолынан ұстап мектепке қарай жүре бергені сол еді. Жаңағы өздері келген такси көлігі қалың жауған қардан байқамады ма орнынан сәл ұзай бере жолдың шетіндегі бетонға машинасын соғып тұрды да қалды.Осы уақытта Сәлимә әжей немересі Айша екеуі бүрсең қаға, асығыс жүріп мектепке қарай кетіп бара жатты.
Әрі қарай

Астана әкімдігі Uber компаниясымен меморандум жасасты

Астана қаласының әкімдігі, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Uber компаниясы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Әлемнің 70-тен астам мемлекетінде қызмет көрсететін халықаралық компания қазақстандық нарыққа елордадан бастап кірмек.

Меморандумға сәйкес, Uber тек кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген Серіктестермен (заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен) ғана жұмыс істейді. Автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі мен заңды қызметінің арқасында Uber қазақстандық нарықта сервис серіктестері-жүргізушілердің кірісінің айқын болуына және салықтардың бюджетке толық төленуіне жағдай жасайды.

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігі Uber компаниясымен меморандум жасасты

«Әрине, бұл біз үшін айтулы оқиға. Uber компаниясымен көптен бері келіссөздер жүргізіп келеміз, оның Қазақстан нарығына осы Астанадан бастап кіретініне қуаныштымыз. Жүйенің айқындылығының арқасында шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашылып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер ұлғаяды, ал ең маңыздысы, нарықта тағы да бір әлемдік бренд болады», — деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова. Оның айтуынша, жолаушылар тасымалы нарығына жаңа компанияның енуі елордалық бизнестің дамуына үлкен серпін бермек.

Uber – пайдаланушылар мен жүргізуші-серіктестерді байланыстыратын технологиялық платформа. Мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруші жүргізуші мен машинаға резерв қойып, оның белгіленген жерге дейінгі қозғалысын бақылай алады, төлем банктік картамен жасалады. Uber қолданыстағы қарапайымдылығымен, қауіпсіздік талаптарының жоғары болуымен, сондай-ақ, қолма-қол ақшалай төлемдердің жоқтығымен танымал. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің атап өтуінше, нақ осы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу салық түсімдерінің ұлғаюына ықпал етеді.

Uber B.V. ТМД мемлекеттері бойынша бас менеджері Алексей Стахтың атап өтуінше, компанияның жобаны Астанада дамыту перспективалары зор.

«Үлкен перспективалар бар. Стартап аса қарқынды дамып келеді, біз әлемнің 70 мемлекетінде 400 астам қалада жұмыс істейміз. Қазақстанға келіп, елордадан бастайтынымызға қуаныштымыз. Біз үшін бұл өте маңызды. Бүгінгі таңда биліктің қазіргі саланы жақсартуға мүмкіндік беретін инновацияларды қолдайтынын көріп жүрміз. Өз тарапымыздан қазақстандықтар күткен сервисті ұсынуға барлық шараларды қабылдайтын боламыз», — деді А. Стах.

М. Бектұрованың айтуынша, елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жайлылық пен қызметінің заңдылығын қамтамасыз ететін, дамытылып жатқан басқа да жобалар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Такси тоқтату туралы бір үзік сыр

Шынында, меніңше, таксист болу емес, «такси тоқтату» қорқынышты секілді. Бір күні құрбым жұмысқа кешігіп бара жатырмын деп, таксимен баруды жөн санап, біршама таксилерді тоқтатып, ақшасына келіспейді, бәрі қымбат сұрайды. Өзінің қалтасына алып шыққаны 800-ақ теңге.
Әрі қарай

Мен сені жек көремін, АҚША!

Пойызға мініп, Алматыға жол тарттық. Пойыздың терезесінен телміріп тұрып сары даланың сұлулығын көзбен көріп, ішпен сездім. Түйгенім- тау көзіңнің алдын көлегейлеп тұрады екен. Ал далада шексіздік бар. Шексіздік тұнған сұлулық. Арқаның даласын көргенде пойыздан секіріп түсіп, жүгіре жөнелгің келеді.
Таңға жақын ұйқымнан ояндым. Алматыға жетіп қалыппыз.Терезеге қарасам далам қоқыстың арасында жатыр. Қайран да қазақтың даласы! Қадіріңе жете алмай жүрміз-ау…
Алматы. Әсем қала. Алатауды көріп шуласып кеттік. Жанталасып, суретке түсіріп сұлулығына тамсанып қарап тұрдық. Армандардың орындалуы. Тезірек жетуге асықтық. Алматының вокзалынан түсіп, жан-жағыма таңырқай қарап тұра бердім. Кенеттен «Такси, такси» деген ағайлардың даусынан құлағым бітіп қалды. Егде біреуіне жақындап «Ағай, Қаскелеңге»деп едік, бізге қарап 20 000 теңге дегенде бір түрлі үрейленіп қалдық. Әрине қарапайым студент үшін бұл қомақты ақша ғой. «Қымбат қой» деп едік, «Бармасаңдар өздерің біліңдер» деп суық жауап берді. Жанымызда бізді бастап келген апайымыз да бар. Біраз тұрып едік қасымызға жүргізушілердің барлығы топырлай жиналып қалды. «Қаскелеңге дейін 20000теңге, біреуі 18000 теңге, жоқ мен сіздерді 17000-ге апарам» деп шуласып кетті. Біз қайсысымен баратынымызды білмей, шатасып қалдық. «Құдайым-ай, артқа Қарағандыма қайтқым келіп кетті»- деп қасымдағы құрбым «аһ ұрып» қалды. Біз біраз шегініп тұрдық. Бір ағаймен келісіп, тек бізге фискальный чек керектігін айтып едік, ол кісі мен де ондай жоқ деп тұра қашты. Қасымызға келіп біреуі өзімізді машинаға қарай итермелеп, біреуі қолымыздағы сөмкелерімізге таласты. Ондайды көрмеген біз абдырып қалдық. Одан кейін олар бізге таласып өзара жұдырықтаса кетті. Бір-біріне боқ сөздер айтып, бізді балағаттай жөнелді. Шашына ақ түскен, аппақ сақалды атаның айтқан «жаман сөздерін» естігенде біз жағамызды ұстап қалдық. Басқасы басқа осы кісіден мұндайды күтпеп едік. Ішіндегі ең салиқалысы осы ма деп тұрғанда әлгі сөздерінен кейін ойымыз күрт өзгеріп кетті. Әке-аталарымызбен жасты ағайлардан мұндай қорлық көреміз деп мен ешқашан ойламап едім. Алматыға асыққан көңілді су сепкендей басып тастады.
Иә, ақша не істетпейді?! Ақша үшін бұлар бәріне дайын. Менің жүрегіме тигені осы. Орыс немесе басқа ұлттар болса мен таңғалмас едім, бірақ елім сенген азаматтарымыз осылай істегеннен кейін заманның, адамның бұзылғанына ішің ашиды. «Азғындалып кеткен. Ардан безгендер. Көкейлерін ақша тесіп бара жатыр бұлардың. Қыздарыңдай қыздарға сонша дауыс көтергендерің не? Не үшін жаға жыртысып жатырсыңдар?» деп өткен-кеткеннің барлығы ауыр сөздер айтып кетті. Ақша мен дүниенің адамды осындай күйге душар еткізетіндігі, қоғамды ақшаның билеп алғандығы заманның алай-дүлей ағысы сағыңды сындырады.
Арыстандай ағаларым-ау, сіздерге не болған өзі???
Подробности

Жаңылдырған егіз такси


Такси шақырттым. Үйге барарда жолда кафеге соғып пиццаға тапсырыс беріп, дайын болғанда өзіммен бірге алып шығу жоспарымда бар еді. Қошқыл қызыл реңді жеңіл автокөлік келе қалды. Төбесіндегі сары түсті такси шамында «Экспресс таксиі» жазуы көрінеді. Таксиге отырып, жүргізушіге жоспарлаған маршрутыммен таныстырып жол ақысын біліп алдым. Жеті жүз теңге.
Такси жүрісін мен атаған кафенің алдына келгенде тоқтатты. Біраз аялдап мені тосуы тиіс. Таксист алдын ала бүкіл жолды жүріп өткенде төленетін ақшаның сомасын төлеуді сұрады. Мүмкін жол ақысын төлемей қашып кетемін деген жорамал жасады. Менің жағдайымда оның талабы заңды деп ұғып, қойған шартына келістім. Машинадан шығып кафеге тапсырысымды беруге кеттім. Кафе ішінде жиырма бес минуттай болдым. Қолыма пицца салынған қораптарды алып, сыртқа шықтым да, таксиіме отырып:
-Кеттік, -дедім. Такси орнынан қозғалып жүре берді.
Көп ұзамай такси үйдің кіріс-шығыс есігіне дәл әкеліп тоқтай қалды.
Такси жүргізушісі:
-Жеті жүз теңге, -дегені бар ма?
Таксиден шыға бергенде жеті жүз төледім емес пе? Таңғалып үнсіз қалдым. Такси жүргізушісі салонның шамын жақты.
Анығырақ қарасам, такси жүргізушісі басқа адам, алдыңғы жүргізушіге өте ұқсас, бірақ ол емес:
-Кешірім сұраймын, жаңа ғана жеті жүз теңгені төлегенмін, бірақ басқа такси жүргізушісіне.
-Ешнәрсені білмеймін, төле! Кірдің. Отырдың. Кеттік дедің. Жеткіздім.
Такси жүргізушінің сөзін естіп алған соң, келесі ой түйсігіме жетті: алғашқы жалдаған таксиім кафенің алдында тосып қалыпты ғой мені. Қазір мен отырған таксидің алдында тұрыпты ғой! Одан кейін тоқтай қалған таксиге мініп жүре беріппін.
Таксиден түскенде байқағанымда үстіндегі шамында «Сәттілік сәті таксиі» (такси «Удача») деген жазуы барын көргенде:
-Кімге сәтті, кімге сәтсіз, -деппін ғой.
Әрі қарай

Такси "Астана" (Мен кеше реалда не бітірдім?)

Кеше белгілі бір себептермен автобусқа мінбей таксимен қайтатын болдым үйге. Қолымдағы жүкпен автобусқа міну ыңғайсыздық тудырар еді жұрттарға. Содан таксиге қоңырау шалдым. БІзде шақыру арқылы келетін таксилер арзан, алматыдағыдай қол көтере салсаң тоқтайтындар жоқтың қасы. Майқұдықта тұратын болған соң Майқұдықтың таксилеріне звондадым(қаланың таксилеріне мінсең Майкенге дейін 1300 алады, аналар 800). «Астаналықтар» қалада бос жүрген машиналары бар екенін айтып, 5 минутта келетіндерін айтты.Содан он минут күттім жоқ. Қайта звондадым. Ар жақтан орыс келіншек «міне, міне кеп қалды»дейді. Дауысынан көңілді адам екені көрініп тұр. Жоқ. Қайта звондадым.Сізге баратын машина ауысты «Форд»серый" деді. Тағы бес минөт күттім. Шыдамадым қоңырау шалдым. Ойлы-қырлы орысшаммен (жазғанда да қатырмаймын) «Форд, серый с квадратными колесами да?» деп сұрадым. Анау «Да, да, что подехал» деді де күліп жатыр.Сәл шыдауымды өтінді.содан қайта қоңырау шалдым,«Я знаю почему Вас „Астаной“ называли» дедім, анау неге екенін сұрады «Потому что вы машину с Астаны отправляете» дегем күліп жатыр «Шыдаңыз енді» деп. Ана таксистте мен тұрған жерді таба алмай жүрсе керек.Не керек 30 минөттен артық тостырып келді ғой такси.Содан диспетчер келіншек звондады қайтадан.«Сізді көп күттіріп қойғандықтан айыбымызды жуу ретінде біздің офиске келіп шай ішіп кетіңіз.Сосын тегін апартамыз»дейді. Оған рахметімді айтып, асығыс екенімді білдіріп үйге бірақ тарттым.

Суретті мына жерден алдым
Әрі қарай

Такси

Бір жолы асыққандықтан такси ұстадым, таксист барар жолды ұзартып, төменгі көшеге түсті, кептелістен қашқан болар деп ойладым. Жолда кетіп бара жатып, темекісін салонға бұрқыратып, қала берді арасында терезеден басын шығарып қақырынып-түкірініп отырды, адамды жиіркендіріп, әрең шыдап отырдым. Салоныңда жалғыз отырмаған соң, басқаларды да ойлау керек қой. Өз машинам не істесем де өзім білем деген қасиет пе екен. Түріне қарасам жас, сақалын бей-берекет өсіріп, жіберіп қойыпты, уақыты болмай алмай жүрген шығар деуге тым ұзын, күзелген сақал болса сән үшін қойған болар деп ойлар едім, мұсылмандығын дәлелдеп қойған дейін десем, қысқа шорты киіп алыпты. Жыным келгендіктен түріне жақсылап қарауға тура келді))) Бір кезде қай жерден түсесіз дейді, түсінбедім десем басқа көшені айтады, мен айтқан көше жоғарыда қалып қойған, сөйтсем ол адресті қағыс естіп алыпты)) Қайтадан жоғары көтерілді, маған бір жыны келген шығар)) Бұдан былай барар таксиге отырарда адамның түріне қарап, адресіңді пысықтап сұрап алу керек па деп ойладым.
Әрі қарай