14 қыркүйек күні Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында «Қазақстан ханымы — 2011» байқауы өткен болатын. Сол байқауға әскери келіншектердің атынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі мен фольклорлық ансамблінің әншісі әрі домбырашысы Ольга Сағындықова қатысады деген соң, біз де барғанбыз. Енді, әскери газет болған соң армияда жүрген ханымға қолдау көрсетейік деген тілек қой біздікі. Ол алдында Семейде өткен байқаудан суырылып шығып, Астанаға жолдама алған екен.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп қазір түрлі-түрлі шаралар өтіп жатыр. Бұл байқау да сол 20 жылдықтың құрметіне орай 20 келіншекті қатыстырыпты. Қатысқандардың жас аралығы 25 пен 50 жас. Байқауда әскерилердің атынан қатысқан Ольга екінші вице-миссис атанды. Бірінші вице-миссис болып алматылық Ақнұр Жұмабаева танылды. Ал "Қазақстан ханымы-2011" тәжін алматылық Виктория Момынбаева жеңіп алды.
Жалпы, байқауға келіншектер жақсы дайындалған. Бәрі үлгілі отбасының тұтқасы, кем дегенде 5-6 шағасы бар келіншектер. Бірінші орын алған Ақнұрдың 6 баласы бар дегенге сенгің келмейді. Ал, ханым атағын жеңіп алған Виктория бес баласымен өте күшті сахналық қойылым көрсетті. Идеясын қайдан алғанын білмеймін, бірақ күшті. Жалпы, қатысқан келіншектердің қай-қайсысы болсын бәрі алғыр, бәрі керемет. Оларға орын беру де әділетті болды деп ойлаймын. Өнер адамдарынан ақтөбелік Светлана Айтбаева деген әнші қатысты. «Бәрін айта та, бірін айт» деген, Ольга қазақшаға судай, әрі домбыраны да керемет тартады. Мен өйтіп тарта алмаймын
Ольга есімді орыс қатын қанымды қарайтты. «Говори по русский» деп бағжиды. Жоқ, сен қазақша сөйле дегім келген, бірақ айналамдағылардың бәрі қазағы бар, орысы бар, Ольганы жақтап ала жөнелді. «Она же не понимает, говорите по русский», «ол