Тазының өлімі немесе ол сенің сенімді серігің...

Тазының өлімі
Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» атты шығармасын оқыған боларсыздар. Мен сол хикаяны оқып, соның әсерімен осында бөліспекшімін. Және өмірде болған оқиғамнан бір үзік сыр шерткім келіп отыр. Себебі, бұл шығарма есіме көп нәрселерді салды.

Хикаяның соңына келгенде суреттелгендей Лашынның өлімі көз алдыма елестеп, жанарыма жас келді. Асыл тұқымды жануардың соңына дейін талпынғаны, берілмей аш қасқырлармен алысқаны, жаралы аяғына қарамастан барынша күрескені — тектілігінің нышаны болды. Тіпті, бұл өмірде адамдардың өзі болмашы бір қиындыққа төзе алмай беріле салып жататындары бар ғой. Оның қасында Лашынның бұл әрекеті ерлікпен пара-пар болды. Қақпанға түссе де жанталасып, бар күшін жинап иелеріне белгі бермекші болды. Қатты ұлимын деп, торуылдап жүрген аш қасқырларға тап болып қалды. Бірақ,қорықпады да.

Иелеріне адал иттер туралы біраз фильмдер қарадым. Қай жылдары екені есімде жоқ «101 Далматтықтар» деген фильм болған. Мүмкін көрген де боларсыздар))) Өздеріңізге белгілі «Хатико», менің сүйікті актерларымның бірі Ричард Гир түскен фильм, Блог - AyazhanMuhatai: Тазының өлімі немесе ол сенің сенімді серігің...
одан соң қателеспесем жапон елінің бір фильмін көрдім (дәл қазір есіме түспей тұр атауы). Екеуінде де жыладым.Біріншісінде, иесіне берілгендігі сонша тіпті ол бұл өмірден кетсе де Хатико күтті, соңғы демі қалғанша күтті. Екіншісінде, күшік кезінен асыраған балаларға көмектесіп, көзі көрмей, жанары су алғанша жауыздарға қарсы тұра білген еді. Егер көрмесеңіздер Сіздерге де рекомендеймін.

Үзік сыр…

Бала кезімнен еміс-еміс есімде қалған, түр-тұлғасы да аттары да әлі күнге дейін жадымда қалып қойған екі төбетіміз бар еді. Үлкенінің аты Журикболды. Суреттегі ит типтес, шамалы тұлғасы ірілеу, жүні қалың еді.
Осы типтес төбет болды. Блог - AyazhanMuhatai: Тазының өлімі немесе ол сенің сенімді серігің...

Павлодардан көшетін кезде жоғалып кетті. Әлі есімде екі итті де қатты жақсы көрдім. Мойындарынан құшақтап, бірге жарысып жүгіретінім кеше болғандай көз алдымда. Жүктеріміз артылып бітуге жақындағанда тауықтар мен үйрек-қаздар торларға қамалып, сиырлар бөлек камаздарға артылып, екі итті де өздерінің торларына қамамақ болып Журикті іздедік. Ешкім көрмеген һәм білмейді. Жалғыз Рекс қана жанымызда жүрді. Шыдай алмай іздеймін деп жүгіріп кеттім. Шақырдым, айғайладым, бірақ таба алмадым. Ұзақ жыладым. Тым болмаса соңғы рет көргім келді. Ақыры, Рексті ғана алып таң азанмен жолға шығып кеттік. Қазіргі мекен-жайымызға келгеннен кейін Рекс үйренісе алмады,үре берді, бізге ол Журикті іздеп тұрған секілді көрінетін. Өйткені екеуі ылғи бірге жүрді.

Шамамен екі жылдан соң, бір күні сабақтан келсем есік алдында Рекс көрінбеді, үйде анам да, ағамның көңіл-күйі жоқ отырғандарын байқадым, әкем жұмыста тұғын. Не болғанын сұрадым, ойымда ештеңе жоқ. Сөйтіп, ағам иттің шешіліп кеткенін, таңертеңнен келмегенін айтты. Киімімді ауыстыра сала сыртқа шығып, айналаны, жақын көшелерді, барады-ау деген жерлерді қарап келдім, таппадым. Ертеңіне ит ататындардың атып кеткенін естідік. Көршіміз көріпті. Ауылдың шетінде жатқан жерінен әкем әкеліп, алыстау жерге апарып көміп тастады. Солайша, туысымыздан да жақын болып кеткен екі бірдей төбеттерім жемтіктерін көрсетпей көзден ғайып болды.

Блог - AyazhanMuhatai: Тазының өлімі немесе ол сенің сенімді серігің...

Рекстің тұқымы неміс овчаркасы болды. Оны бізге Павлодарда көшеміздің бас жағында тұратын неміс берген дейді. Ол кезде орыс пен неміс көп болды біздің ауылда. Рексті күшік кезінен асырапты, бірақ мен оны үлкейгенде ғана көрдім.

Тазының өлімін оқып отырып осы екі итім көз алдыма келе берді. Еріксіз аққан жасымды әзер тыйдым. Кешірерсіздер, негатив болып кеткен болар. Бірақ көңілді етіп жаза алмадым. Себебі, шығарма қатты әсер етті. Содан бері әлі күнге дейін ит асырамадық. Бірнеше рет ағаларым әкелген еді өліп қала берді, көпке шыдамайтын тұғын. Сондықтан керек емес деп шешті.

Шынында, ит адамға нағыз досың бола алады екен. Кейде, жаныңдағы адамның адамға лайық емес істер жасайтындарын көргенде, ит артық екен деген ойға қаласың. Сіздердің де адал иттеріңіз болған шығар?! Ой бөлісе отырыңыздар. Келесі жолы негатив болмайды деп ойлаймын. Рақмет!
Әрі қарай

Мүсірепов бағалауындағы Мағауин

«Бұл Мұхтар туралы бірінші айтпағым — оның жастар қатарында саналатын кезеңі бұдан едәуір жыл бұрын өтіп кеткен екен. Біздің сыншылар ол жайды кезінде-ақ көрген болар, мен өзім кешірек көріп қалдым. Оның алпысыншы, жетпісініші жылдары жазған әңгіме, повестері қалам ұшы өткір, әр сөздің ішкі-тысқы ен таңбасын, қат-қабат сыры барын сол кезде-ақ танытыпты. Мұхтар Мағауиннің сол тұста жазған „Әйел махаббаты“, „Күтпеген кездесу“ сияқты әңгімелерін, „Қара қыз“ сияқты повесін оқыған сыншы, не болмаса замандас достары сол күні-ақ авторды құшақтап құттықтаған шығар деп ойлаймын. Өз басым сол достар қуанышының ішінде болмағанымды өкініш еткендеймін. Пендешілік тағы…

Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от жалынды,әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ меңгеріп алғандығын көрсетеді. Тіліміздің оралымдылығын тереңдетуге қосқан үлесі де аз емес. Еркек-әйел бейнелері қандай сом! Әр түрлі өмір талқыларына түсе жүріп, сол шытырман-шырғалаңдарда майыса да сына білмеген жастарға еріксіз қызығасың. „Күтпеген кездесудегі“ Сәлкен мен Көшім сияқты ер жігіттер, зымиян Айгүл сияқты махабат жолында да, басқа тіршіліктерінде де табанды айнымас жүректі әйелдермен қатар Шәрипа, Тұлымқан, Гүлжиһан сияқты „дүниеқоңыз“ әйелдер де жеткілікті. Бар арманы ғылым емес, атақ-даңқ, баю болып кеткен Бексейіт доцент, ақындық қабылеті болмаса да ақын атанып жүрген Уақас сияқты, ғылым мен әдбиетте, құдайға шүкір, тым көп кездесетін типтер де босқа күйеленбей, әділ бейнелеген.

Мағауин шығарма желісін тартуға шебер. Сиыспас бірдемелерді тоқпақтап жіберу „әдісі“ онда атымен жоқ. Оқиға соғыстары — себеп пен өрісі шебер түйілген. Адам мінедерін оңашалап алып қарасаң бәрі де таныс-бейтныстар.
Әсіресе ерекше мән бере айтылуға керекті, ерекше бағалануға тиісті жағы — бұл кездері жас жазушы қатарында жүрген Мағауиннің барлық тақырыптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі күндерімізді көрсетеді. Бейнеленген адамдары да осы дәуірдікі. Осы айтқандарымыздың әділет екендігіне сенгендіктен Мағауин Мұхтар бұдан он-он бес жыл бұрын-ақ іргелі жазушыларымыздың қатарына қосылды демекпіз. Оның соңғы жылдарда шыққан екі томдық романы „Аласапыран“ бұл ойымызды толықтыра түседі. Мағауин қазір үлкен жазушылар қатарынан сенімді орын алды. Үлкен шығарма,үлкен талдауды керек етеді. Әдебиет зерттеушілерінің шаруасына қол сұқпай-ақ қысқаша ғана өз қорытындымды айтсам:

»Аласапыран" қазақ совет прозасының тағы бір үлкен мақтанышы. «Жақсы еңбек» дейтініміздің шеңберіне сыймайтын, ойы терең, тіл көркемдігін түгел меңгерген, шебер қаламынан ғана туа алатын қымбат қазына.
Мұхтар Мағауин қай шығармасында болсын еркін отырады. Тақырыптары ұсақ-ұлаң емес, бүгінгі күніміздің іргелі сауалдарына толымды жауап береді. Атүсті емес, терең жауаптар. Алған тақырыптарын терең зерттеп алатынын байқалады. Әсіресе, «Аласапыран» романын жазу үшін қанша архивті қопарғанына, қанша қалаларды кезгеніне таң қаласың. Мағауин Мұхтар орнықты дарын, үлкен талант.

Аз-мұз оқыс сөйлемдер де кездеседі: «Арқардың тоқтылары мен ешкілері» депті бір жерде. Тоқтылары десең, «саулықтары» деген дұрыс болар. Ешкіден тоқты емес, лақ туатын. Сұлу қызды бейнелегенде «апай төс» депті. «Апай төс» балуандарға, кеуделі еркектерге ғана айтылады емес пе?! Маған өте ұнамағаны — «сымбаттытын», "ұстамдытынсың" деген екі сөз. Бір сөзде қатарынан үш «ы» әріпі болса, ол сөзді ауызша айтқанда аузың икемге келмей кететін шығар." Қазақ әдебиеті газеті, 1984 жыл,27 июль
Әрі қарай

Мұхтар Мағауин "Шыңғыс хан"

Нақты тарихи мұралар негізінде жазылған, деректі роман, дербес еңбек «Туған жұрт» ғылыми қауымға, көпшілік жұртқа және жас ұрпаққа арналған. Көкейге қонымды, жеңіл тілмен баяндалып жазылған. 603 беттен тұрады. Айқындама сөзін «Дүйім алаш жұртына тағзым!» деп бастаған. Далалық Еуразия, Дерекнама және зерттеу, Шыңғыс ханның ата тегі, Ұлы даладағы рулар мен тайпалар, Шыңғыс ханның мөр тамғасы, Белгілі бір атаудың мәнісі, Көшпенділер болмысы, Тақау көршілер атты сегіз тараудан құралған.
Әрі қарай

Цитата

Күріштің арқасында су ішіп қалайын)))
Ана посттағы коменттерден бас айналып кетті.
Жаңадан пост бастай салайын.
Ал, уәдемде тұрып, цитаталардан сый арнадым сіздерге.
Әрі қарай

"Жармақ" романы. Мұхтар Мағауин.

Кеше "Қылмыс" романын ұсынған кезімде, жекеде Мағауиннің «Жармағын» сұрағандар да болды. Енді, сол кісінің шығармасынан үзінді.
Jarmaq.doc на files.gameworld.kz толық нұсқасы.

ЖАРМАҚ
Роман

Бұл ойқы-шойқы, шимай-шытырық жазбалар көпшілік жұрт үшін елеусіз, бәлкім мүлде белгісіз қаламгер, шын мәнінде бұрынғы-соңғы алаш руханиятындағы ең алып тұлғалардың бірі Иман Қазақбайдың архивінен табылды. Марқұммен ежеттес дос болмасақ та, ара-кідік телефондасып тұратынымыз бар еді, азалы топырақ үстінде өкінішке әрі ризашылыққа толы екі-үш ауыз бақұл сөз айттым, жыл уағы өтпей, бейбақ жесірі де дүние салып еді, әке жолынан аулақ балалары мынау алмағайып заманда тіршілік қамында кетіпті, ала қағаз бетіндегі барлық мұрасына жанашырлық танытқан немере інісі менің қолыма әртүрлі сыпаттағы, тура жарым сандық қолжазба тапсырды. Енді сізден басқа ешкімге керегі жоқ деген. Мүмкін, өзіңіз қабір басында айтқандай, құнды шығар, бірақ біліп, бағалап жатқан жұрты қане, әрі осыншама көп жазуды кім ақтарып, кім сараптамақ. Өзінің аманаты да осы. Сізге табыста деген. Жағдайы келсе, бір заманда жарыққа шығарар, қажет көрсе, өз керегіне пайдалана берсін деген. Анығы сол.
Әрі қарай

Абақтыда өлген Уан атам

Жаз ортасы ауған мезгіл болса керек. Ауыл тозған ескі қоныстан көтеріліп, жаңа қонысқа беттеген. Мен атамның алдына мініп алғам, көштен әжептәуір ұзап кеттік. Былқылдақ деп аталатын жерде, дөңес беткейде тұрған аңғал-саңғал, опырайған, қираған ескі
Әрі қарай