"Блогқұрылтай – 2011" ұйымдастырылу схемасы



ЕСКЕРТУ: Төмендегі жазбаны толық оқу үшін шамамен 5-10 минут уақытыңыз кетуі мүмкін.

Алдағы богшылар құрылтайының жақсы өтуіне үлес қосқысы келетіндер баршылық. Бұны блогқұрылтайға қатысты жазбаларға қалдырылған пікірлерден байқап отырмын. Осы орайда «Блогқұрылтай – 2011» шарасы қалай ұйымдастырылғаны туралы кейбір ойларыммен бөліскім келіп отыр. Жазба сонымен қатар осы тектес жобаларды жүзеге асырғысы келетіндер үшін де пайдалы болады деп ойлаймын.


Әрі қарай

Монти, туған күніңмен!!!

Бүгін керектің белсенді қолданушысы Монтидің туған күні! Монти саған өмірдегі бар жақсылықты, мықты денсаулық тілеймін! Ата-анаңның көз қуанышы болып жүре бер!
Әрі қарай

Біз қандаймыз? Еріккен ойлар.

Айконтайдан келген эстафетаны жалғастырайын.
Ұнайды: ақылды студенттер, Инфинити QX56, фисташка балмұздағы, құрт, жібек пенюар, күз, жылауық әндер, апатия, тәтті мұң, сағыныш, сынды жұмсақ жеткізетіндер, комплимент есту, құрбылармен сырласу, кальций глюконаты, Терафлю, ұшақ, қыдыру, тума-туыспен арқа-жарқа болу, сурет салу, ғашықтықпен өлең шығару.

Ұнамайды: интернетте педагогтығымды бетіме басқан, көшу, балдақпен жүру, жалыну, біреуден бірдеңе сұрау, өзімді кінәлі сезіну, машинаны жұлқып айдайтындар, қыздарды ақымақ көретіндер, Инсти шайы, пойыз, "қашан күйеуге шығасың?" деген сұрақ, бұрынғы бастығымның даусы, жөнсіз паника көтеретіндер, желілік маркетинг, дін тақырыбына пікірталастар, белгісіздік.

Еріккен Саммитаның ескі таяғын balzaminka -ға бердім.
Әрі қарай