Жарқын болашаққа бастар жол!

Заң ғылымдарының магистрі Есламғалиев Жақсылық Русланұлы: "ҚазҰУ-Жарқын болашаққа бастар жол"

Дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздеген Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттілігі олардың білімімен өлшенетіні белгілі. Бүгінде Мемлекеттің ғылыми элитасын құраушы жастардың білім мен ғылымға деген ұмтылысы, кәсіби маман атанып, ел болашағы үшін қызмет етуге деген талпынысы артып келеді. Еліміздегі білім мен ғылымның қара шаңырағы саналатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі студенттер қатарынының жыл сайын артып жатқандығын сөзімізге дәлел етсек болады. Алтын ұя мектебінен түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққан талапкерлердің көпшілігі ҚазҰУ-ды таңдауының өзіндік себептері де жоқ емес. Мәселен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отандық университеттер ұлттық рейтінгісінің көшбасшысы және QS халықаралық рейтінгісінде әлемнің 800 үздік университеттері арасында 220 орынды алады. Екіншіден, 90 гектар аумақты құрайтын университет кампусында ұлы шығыс ойшылы Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» трактатындағы көзқарасқа сай заманауи оқу ғимараттары, ғылыми инфрақұрылым нысандары мен кітапхана, интернет-орталық, фудкорттар, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, сондай-ақ, «Жас ғалымдар үйі» орналасқан. Үшіншіден, озық білім беру жүйесіне негізделген 16 факультетте 86 мамандық бойынша студенттер жоғары білім алу, магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар. Оқу үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Төртіншіден, күндізгі және қашықтықтан оқыту бағдарламалары бойынша жоғары және орта білім алуға жадай жасалынған. Бесіншіден, студенттер өз қызығушылықтарына сай 8 студенттік бірлестік құрамына кіріп, университет қабырғасында түрлі әлеуметтік, қоғамдық, ұйымдастырушылық істермен айналысуына болады. Сол арқылы оқу орнында белсенді студент атана отырып, әртүрлі шараларға қатысып, өз мүмкіндіктерін дамытуына болады.
Университетте Болон процесімен оқыту жүйесі де студенттер үшін тиімді болмақ. Оның негізгі мақсаты студенттер бойына білім жинаудың ізденімпаздық сипатын қалыптастыру арқылы ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін өзіндік білім жолын игеруіне ықпал ету. Сонымен қатар Болон процесіне сәйкес түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар ұсыну, әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау, академиялық еркіндікті дамыту болып табылады. Ресми заңдылық тұрғысынан Болон жүйесі Батыс Еуропа мен Қазақстан арасында білім деңгейін біркелкі формуламен теңестіріп, еліміздің білім құжаттарын Еуропа елдерінде мойындалуына жол ашады. Осы арқылы студенттер де Еуропа елдеріне арнайы бағдарламалар бойынша өз білімдерін жетілдіріп, тәжірбие алмасуға еркін мүмкіндік алады. Сол себептен еліміздегі көшбасшы оқу орыны, білім мен ғылымның қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті талапкердің таңдауына сай, оның болашақта білімді маман, бәсекеге қабілетті ғылыми негізін қалыптастыруға жол ашатын үлкен қадамның бастамасы болары анық.

Жоғары Оқу Орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы 10 дерек

2014 жылы «Нұр Отан» партиясының «StopҚылмыс» жобасы аясында «Жас Отан» Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында «Таза сессия» атты акция өткізді. Акция барысында 26/05 — 10/06 аралығында еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларындағы студенттердің қатысуымен аноним сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша қатысушылардың 90 пайызы ЖОО-да жемқорлықпен таныс екендерін айтқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша партия 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына Жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жария рейтингін шығарып отыру енгізілді.

Антикоррупция: Жоғары Оқу Орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы 10 дерек

Сауалнамаға еліміздің 62 ЖОО-нан 1200 адам қатысты. Оның 47% еркек, 53% әйел жынысты.

Сауалнамаға қатысушылардың орташа жасы 20 жас. Қатысушылардың 93,4% бакалавриатта, 5,2% — магистратурада, 1,4% — докторантурада білім алады.

Респонденттердің 40% грантта, ал 60% коммерциялық негізде оқиды.

Бір ЖОО-да 12 мың теңгеге бір сабақты шешуге болатын болса, кейбір ЖОО-да бұл сомаға сессияны түгелімен жабуға болады.

Жалпы, республика бойынша сессияны тапсырудың орташа құны 29 000 теңге. Бір сабақ бойынша проблеманы шешу құны шамамен 5000 теңге.

Курстық жұмысты сатып алудың орташа бағасы шамамен 13 000 теңгені құрайды. Ал ең арзан нұсқалары 2000-3000 теңгеден сатылады.

Республика бойынша дипломдық жұмыстардың орташа бағасы 60 000 теңге. Ең арзандарын 30 000 теңгеге сатып алуға болады. Басқа қаладан келгендер үшін жатақханадан орын алу көкейтесті мәселе. Бұл проблеманы шешудің құны орташа есеппен 15 000 теңгені құрады.

ЖОО-дағы парақорлықтың тағы бір түрі ақылы негізден грант бөліміне ауысу. Білім алудың ақылы формасынан грантқа ауысудың құны 500 000, кей аймақтарда бұл сома 100 000 теңгені құрайды. Орташа есеппен грантқа ауысу құны 250 000 теңге.

Парақорлықтың тағы бір кең тараған түрі – әскери кафедраға түсу және оқу. Бұл үшін орташа есеппен 500 000 теңге төлеуіңіз қажет.

Студенттердің пікірінше ЖОО жемқорлықтың негізгі себептері:
  • студенттердің оқуға қызығушылығының болмауы (20,8%);
  • бақылаудың болмауы (18,3%);
  • оқытушылар құрамының жалақысының төмендігі (17,3%);
  • кәсіпқойлық деңгейінің төмендігі (12,6%)

Жемқорлық негізінен мына кезеңдерде кездеседі:
  • рейтинг және емтихандар кезінде (21,1%);
  • сабаққа қатыспау (9,4%);
  • курстық және дипломдық жұмыстарды тапсыру (6,4%).

P.S. Аталған акция дәстүрлі түрде биылғы жылы да өз жалғасын тауып, барлық аймақтардың оқу орындарында өткізіліп, қазіргі таңда деректер өңделу үстінде.
Әрі қарай

Болашақ мамандығымызды бірге таңдайық.

Блог - AidaMuntiyeva: Болашақ мамандығымызды бірге таңдайық.Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық бойынша оқытады. Алайда, жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 74 % меңгерген мамандығымен жұмыс істемейді екен. Сонда қалған 26 % ғана диплом бойынша қызмет атқарады. Бұл дегеніміз түлектеріміздің әу бастан-ақ мамандықты дұрыс таңдамауының кесірі.«Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі — мамандық таңдағанда» деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу- күрделі әрі жауапты жұмыс.
Бастысы:" Маған немен айналысқан ұнайды? Болашақта өзімді кім етіп елестетемін? Осы мамандықты оқу арқылы қоғамға қандай үлесімді қоса аламын? Бұл салада жетістікке жете аламын ба, жұлдызым жоғарыдан көрінеді ме?"- деген сынды сұрақтарға жауап табу. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғыңыз келетінін ойланғаныңыз жөн! Себебі мамандық таңдау — ол өмірлік таңдау.
Қабілетіңізге, қызығушылығыңызға байланысты белгілі бір мамандық түрін таңдағаннан соң 4-5 жыл бойы білім алатын оқу ордасын байыппен таңдаған дұрыс. Бұл мәселені шешуге, төмендегі 2013-2014 жылғы оқу орындарының рейтингі көмектеседі деген ойдамын.

Әлемнің үздік оқу орындары:
1.California Institute of Technology(United States)–94.9%
2.Harvard University(United States)–93.9%
3.University of Oxford(United Kingdom)–93.9%
4.Stanford University(United States)–93.8%
5.Massachusetts Institute of Technology(United States)–93.0%
6.Princeton University(United States)–92.7%
7.University of Cambridge(United Kingdom)–92.3%
8.University of California, Berkeley(United States)–89.8%
9.University of Chicago(United States)–87.8%
10.Imperial College London(United Kingdom)–87.5%

Ұлттық рейтинг-2013 ж. Үздік ЖОО тізімі:
1. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
3. М.Әуезов атындағы ОҚМУ
4. Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
5. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
6. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
7. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
8. Қазақ ұлттық аграрлық университет
9. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
10. Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

2013 жылдың үздік техникалық жоғары оқу орындарының бестігі мыналар:
1. Қазақстан-Британ техникалық университеті — 91,19%;
2. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті — 72,08%;
3. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті — 67,23 %;
4. Алматы технологиялық университеті — 53,68%;
5. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — 52,77%.

Гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындары арасында үздік болып төмендегі университеттер анықталды:
1. ҚМЭБИ (КИМЭП) университеті — 96,30%;
2. Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университеті — 59,02%;
3. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті — 58,33%;
4. Қазақ гуманитарлық-заң университеті — 56,06 %;
5. Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті — 56,03 %.

Еліміздің үздік медициналық жоғары оқу орындарының бестігі:
1.Астана медициналық университеті (Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы) — 86,41 %
2. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті – 74,21%
3. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 68,34%
4. Семей мемлекеттік медицина университеті – 45,01%
5. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы – 40,98%

Қазақстандағы педагогикалық ЖОО-ның бестігі:
1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 94,80%
2. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – 73,92%
3. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты – 67,01%
4. Ақтөбе мемлекеттік педогогикалық институты – 51,43%
5. Тараз мемлекеттік педагогика институты – 51,17%

Еліміздегі үздік өнер оқу орындары:
1. Қазақ ұлттық өнер университеті (Қазақ ұлттық музыка академиясы)–91,28 %
2. Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы –74,08%
3. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы –39,22%

Мамандықты таңдай отырып, тағдырыңызды таңдайтыныңызды ешқашан естен шығармаңыз.Конфуций: «Жаның қалайтын істі тап, сол кезде ешқашан жұмыс істемейтін боласыз», — деген. Ең бастысы, сізге не қажет екенін білу. Жүрек үнін тыңдасаңыз ешқашан қателеспейтініңізге кепілдік беремін. Ендеше, іске сәт!
Әрі қарай

Жоғары білімге жоғары талап керек

Биылғы жылы елімізде ЖОО-да оқу ақысы тағы да көтеріліп отыр. Қ.Р. Статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстанда барлығы 148 ЖОО бар. Олардың 53-і мемлекеттік саналып, онда 310092 студент немесе жалпы санының 49,9%-ы білім алуда. Қазақстандағы студенттердің 77,3%-ы ақылы негізде оқиды. Оқу ақысының көтерілуі жоғары білімге сай келе ме?

Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (ҚазҰУ), Каспий унисерситетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетін (ҚазЭУ), Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін (ҚазҰТУ) және Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясындағы (ҚазБСҚА) оқу ақысын салыстыра келе бір мамандықтың әр оқу орындарында әр түрлі екендігіне көз жеткіздік. Мәселен, ҚазЭУ-де бакалавр деңгейінде бір жылға қаржы мамандығына оқу ақысы – 450 мың теңге, экономика – 360 мың тг, кеден ісі – 280 мың тг, ал ҚазҰУ-де сәйкесінше қаржы және кеден ісі – 635,8 мың тг, экономика – 560 мың тг. Ал Каспий университетінде экономика мамандығына оқу ақысы – 180 мың тг екен. Сондай-ақ құрылыс факультетіне ҚазБСҚА-да 350 мың тг болса, ҚазҰТУ-да 320 мың тг екен. Байқағанымыздай, бір мамандықтың оқу құнында едәуір айырмашылық көрінеді.
Әрі қарай

Бітіруші түлек және жас маман туралы ойым


Маусымның басталуы Қазақстан үшін ерекше науқанның басталғанындай. Бұл өмірге жолдама беретін науқан десе де болады. Қанша түлек сынақтан өтті, қаншасы сүрінді, қаншасының сағы сынып, өмірден түңілді. ҰБТ басталғалы БАҚ сайрап жатыр, ағы бар, қарасы бар, тек анығы үлкен сұрақ астында, шара қолданып жатыр қанша ма. Бұл бөлек әңгіме.
Әрі қарай

ЖОО-дағы келеңсіздіктер

Қазір қай ЖОО-нына бас сұқсақ та парақорлықты көреміз. Аттестация мен сессияға жақындаған күндері оқытушылар, жастардың тілімен айтқанда «қатая» қалады. Кейбір «ұстаздар» тіпті шын өз күшімен оқып, 5-тік бағаға лайық болғысы келген студенттерді жақтырмайды, тіпті құлатуға тырысуы да мүмкін. Парақорлық дендеген жерде қандай білім мен тәрбие туралы айтуға болады. Оқытушылардың пара алуын жалақының аздығымен байланыстыратындар бар. Әрине, айыратын нәпақалары көңіл көншітпейтіні рас, бірақ дегенмен де мүлде ақша алмай қызмет істеп жүрген ғалым-ұстаздар баршылық. Олардың киімдері де, өздері де қарапайым. Жаяу жүреді. Бірақ ары таза.
Әрі қарай