БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылованың алғашқы сұхбатындағы 4 басты жаңалық

Білім және ғылым: БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылованың алғашқы сұхбатындағы 4 басты жаңалық
Жақында тағайындалған БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылова алғашқы сұхбатын «Бiлiмдi ел – Образованная страна» газетіне берген екен. Білім саласының экономика және қаржы жағына жауап беретін вице-министр алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар туралы толығырақ айтып өтіпті. Соның ішінде басты жаңалықтар: мұғалімдерге ағылшын тілін үйрету, мектепке дейінгі дайындық, мектеп құрылыстары және мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқаратын, ата-аналарға балаларының үлгерімін қадағалауға көмектесетін Kundelik жобалары.

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ ТУРАЛЫ
Білім және ғылым: БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылованың алғашқы сұхбатындағы 4 басты жаңалықПарламент Мәжілісіне ұсынылған 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы аясында өз пәндерін ағылшын тілінде өткізетін мұғалімдерге жалақыны көтеру мәселесі қарастырылған. Қосымша жалақы екі базалық еңбекақыны құрайтын болады, яғни өз пәнін ағылшын тілінде өткізген мұғалімдерге 35 мың теңге үстемақы қосылады. Айта кетейік, мектеп мұғалімдеріне арналған ағылшын тілінің курстары осы жылдың қазан айынан басталады. Бүгінгі таңда министрлік пен жергілікті білім департменттері ағылшын тілін үйренуге құлықты мұғалімдердің тізімін дайындады. Бюджеттен бұл шараға 4 млрд теңгеге жуық ақша бөлінген. Курс ұзақтығы білім алушының тіл игеру деңгейіне байланысты болмақ. Жалпы курс келесі жылдың мамыр-маусым айларына дейін жалғасады деп күтілуде. Оған қоса, курсқа қатысушылардың Алматы, Астана қалаларына жол жүруі міндетті емес, бұндай курстар барлық облыс және аудан орталықтарында ұйымдастырылатын болады. Курс игеру барысында мұғалімдердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталатын болады, оған қоса, оларға стипендия мен үй жалдауға кеткен шығын төленетін болады. Жоспар бойынша, 2017 жылы 6,5 мың мұғалім курстан өтсе, осы жоба аясында барлығы 38 мың мұғалім ағылшын тілін меңгереді деп күтілуде.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ ТУРАЛЫ
Білім және ғылым: БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылованың алғашқы сұхбатындағы 4 басты жаңалық«Балапан» бағдарламасы 2010 жылы басталған болатын. Оның бастапқы кезеңі 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балалардың 55%-ын қамтыса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 83% құрайды. Егер 2010 жылы осы бағдарламаға бөлінген ақша көлемі 9 млрд теңге шамасында болса, 2017 жылы бюджетте бұл жобаға 97 млрд теңге, яғни 9 есе көп ақша қарастырылып отыр. Ал 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі балаларды оқумен 100% қамтамасыз ету 2019 жылы жүзеге асады деп жоспарлануда. Айта кетейік, 300 орындық бір балабақшаға үкімет 800 млн теңгеден 1 млрд теңгеге дейін ақша жұмсаса, «Балапан» бағдарламасы бойынша тәрбие мен оқуға бір балаға кететін шығын орта есеппен 190 мың теңгеден 2012 мың теңгеге дейінгі соманы құрайды. Егер жеке кәсіпкерлерді тартатын болса, 1 млрд теңге көлеміндегі қаражатқа балаларға арнап 5 мыңдық орын ашуға болады екен.

МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Білім және ғылым: БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылованың алғашқы сұхбатындағы 4 басты жаңалықАлдымыздағы үш жыл ішінде (2017-2019) мектеп құрылысына 112 млрд тенге жұмсау көзделіп отыр. Оның ішінде, 16 мектеп құрылысына 25 млрд теңге республикалық бюджет қорынан болса, ( 2017 жылы – 15 млрд теңге 16 мектепке, 2018 жылы – 10 млрд теңге 2017 жылы басталған 11 мектеп құрылысының аяқталуына жұмсалмақ), 87 млрд теңге Ұлттық қордан бөлінеді (2017 жылы – 80 млрд теңге, оның ішінде 2016 жылы салына бастаған мектептердің құрылысын аяқтау үшін 31 млрд теңге, 8 млрд теңге Алматы қаласының 17 мектебін сейсмикалық күшейтуге, 42 млрд теңге жаңа мектептердің құрылысЫн бастау үшін, 2018 жылы – 7 млрд теңге 2017 жылы басталған мектеп құрылысын аяқтау үшін жұмсалынады)

KUNDELIK ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Білім және ғылым: БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылованың алғашқы сұхбатындағы 4 басты жаңалық«Kundelik.kz» жүйесін жасау және енгізу. «Kundelik.kz» білім беру жүйесін ақпараттандыру аясында мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде жасалған Қазақстандағы бірегей жоба. Бұл жобаның ерекшелігі — жүйені жасау, енгізу және қолдап отыру үшін Қазақстан Республикасының бюджетінен бірде бір қаражатты қажет етпейді: еліміздің мектептері мен БҒМ аталмыш жобаны тегін алады. «Kundelik.kz» жүйесі мұғалімдерге қағазбастылықтан құтылып, оқушылардың статистикалық-аналитикалық мәліметтерін өңдеуге, сонымен қатар білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының арасында жаңа сапалы деңгейдегі қарым-қатынастың орнауына негіз болмақ. Ақпараттық жүйенің көмегімен оқушылардың ата-аналары тегін түрде еліміздің кез-келген жерінен балаларының сабақ үлгерімін, мектептегі сабақ кестесін, үй тапсырмасы туралы ақпаратты, баласының сабаққа қатысуын оңай қадағалай алады. Сонымен қатар, білім беретін электронды ресурстарға қол жеткізе алады.
Әрі қарай

Бірыңғай оқулықтың артықшылықтары мен кемшіліктері

Биыл білім саласында біраз өзгерістер болғалы тұр. Үш тілде оқыту туралы жазбай-ақ қояйын. Өзім ұстап, оқып, тексеріп көрген «жаңалықпен» бөлісейін. Балалары мектепке баратын ата-аналар жақсы түсінеді. Баланы мектепке жинау тек қалтаға ғана емес, жүйкеге де, қимыл-тірек аппаратына да салмақ салады. Киім-кешегін, портфелін, дәптер-қаламын сатып аласың ау, әупірімдеп. Содан соң кітап жыры басталады. Математиканы «Атамұрамен», орыс тілін «Алматыкітаппен», ағылшын тілін «Просвещениемен», ән «Мектеппен» кете береді осылай… Жүргенің сосын қаланың бүкіл кітап дүкенін жағалап…
Биылғы оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары бірыңғай оқулықтармен оқитын болады. Яғни, барлық мектептің бірінші сынып оқушылары бір кітаппен оқиды. Мейлі Nazarbayev зияткерлік мектебі болсын, Дарын мектебі болсын, Созақ ауданының Иманов атындағы орта мектебі болсын. Қателеспесем 2019 жылғы мектеп оқушыларының барлық сыныптары осындай бірыңғай оқулықтарымен қамтылады ғой деймін.

Кітаптардың авторлық құқықғы БҒМ тиесілі болады. Баспалар әртүрлі. Мысалы, «Сауат ашу» оқулығын «Атамұра» баспасы, орыс тілін «Алматыкітап» баспасы шығарады. Неге дәл осы оқулықтар десеңіз, бұл министрліктің еркелігі емес. Былтыр 30 мектепте өткізілген, 9 баспа үйінің оқулықтары сараланып, ата-аналар, оқушылар, педагогтар, сарапшылар қатысқан эксперменттің нәтижесі. Ең үздік кіаптарды Білім және ғылым министрлігі бекітіп, енді барлық білім беру мекемелеріне ұсынып отыр.

Білім және ғылым: Бірыңғай оқулықтың артықшылықтары мен кемшіліктері

Қызым биыл бірінші сыныпқа барады. Сондықтан бұл кітаптарды өзім сынап көрдім. Енді артықшылығы мен кемшіліктерін айтайын.
Артықшылықтары:
1. Енді әр баспаның есігін сығалап, дүкен аралаудың қажеті жоқ. Барлық кітаптарды мектептен аламыз.
2. Бір оқулық, бір бағдарламамен дайындалғандықтан, біріңғай ұлттық тестілеуде жауаптардың әр алуандығы болмайды. Былтыр мектеп оқушылары ҰБТның 289 сұрағына шағымданған болатын. Мысалы, Ұлы Отан соғысының басталуы бір оқулықта 22 маусым түнгі сағат 3-30 десе, енді бір оқулықта таңғы сағат 4-01 минут, енді бірінде 3-50 минут деп беріледі.
3. Оқулықтардың авторлық құқықтары ҚР Білім және ғылым минстрлігіне тиесілі. Енді кітаптан қателік кетіп жатса, бұрынғыдай баспаға ысыра салмайды. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Соған қарағанда оқулықтардың сапасына да сенімді болар.
4. Тең мүмкіндіктер. Маған білім және ғылым министрі Е. Сағадиев бір сұхбатында «элита мектептер немесе әлсіз мектептер болмауы тиіс! Қазақстан мектептерінің деңгейі әртүрлі. Қайсібірінің айырмасы жер мен көктей. Біздің барлық мектептердің деңгейі жоғары болуы қажет.» деген еді. Ауыл баласы қашанғы ауылдық квотасына алға тарта береді. Ауылдағы білім нашар деген стереотипті бұзатын уақыт жетті. Мақсат ауыл баласын квотадан айыру емес, тең мүмкіндіктер беру. Барлығы бір оқулықпен оқиды, қосымша білім алам десе, бәрекелді. Мұғалімдер оны да бере қояды.
5. Жемқорлыққа жол жоқ. Бұрын мейілінше көп мектептің бір баспа кітаптарын алғаны «біреулерге» жақсы болатын. Мысалы, бір мектеппен келіссеңіз, онда кемінде 5-6 мың бала білім алады. Оқулықтың ең арзаны 500 теңге. Бір ғана оқулықтан 25 000 000 теңге. Ал аудандық білім беру басқармасымен сөйлессеңіз, құдай жарылқады дей беріңіз. Тегін емес, әрине… Ал енді бірегей кітап болған жағдайда, кітабыңыз не тізімге енеді, не ешбір пара көмектеспейді. Сіздің кітабыңыз бекітілуі үшін еш конверт көмектеспейді, тек кітап сапасы маңызды.

Кемшілігі.
1. Бағдарлама бірдей. Сенде бар оқулық барлық мектептерде бар. Ал енді бәйгеден озып келер жүйріктерді дайындай ғой. Бұл жерде бар салмақ мұғалімге түсетін сияқты. Сондықтан енді элита мектептерге емес, білікті мұғалімге сұраныс арта түседі. Хм, мұны енді кемшлік деуге келе ме екен… Бірақ жақсы ұстаздар әрқашан аз ғой.
Білім және ғылым: Бірыңғай оқулықтың артықшылықтары мен кемшіліктері

Енді оқулықтардың өзін сынап көрейік. «Сауат ашу» оқулығы. 1-сынып оқушыларына арналған.
Артықшылықтары
1. Оқулық атауын байқадыңыздар ма? Әліппе де емес, Ана тілі де емес, Сауат ашу. Бұл оқу мен жазу оқулығының интеграциясы депті жасақтаушылар. Бұрын бірінші сыныпта мен өмірі естімеген ақын-жазушылар жүретін еді. Бұл оқулық мазмұнынан мін таба алмадым. Жарасқан Әбдірашев, Мариям Хакімханова, Бауыржан Жақып сияқты ақындардың өлеңдерін көріп қуанып қалдым.
2. Қате жоқ!!! Шынымды айтсам оқулықты ежіктеп екі күн оқыдым. Дәлірек айтсам қате іздедім. Таппадым)) Айтпақшы, екі томдық кітаптан түсінбегенім тек бір жұмбақ қана болды. Бір күн бойы бас қатырған жұмбақтың жауабын Аршат Ораз бірден тапты.
3. Кітап көлемі, бұрынғыдай кішкентай Б5 емес, Б4 форматы. Мәтін мен суреттер кеңінен орналастырылған. Дизайны көзді талдырмайды.
4. Бет көлемімен қоса, шрифті де үлкейген.
5. Суреттерінің сапасы тым жақсы. Түстер тым қанық емес, көзді шаршатпайды. Пастель тондар қолданылған. Бұл психикалық жағынан да балаға жағымды сияқты.
6. Кітапта топтық жұмыс, жұппен жұмыс, өз бетімен іздену, ойнау, ойлау, күрделі тапсырма, тыңдау, жазу, тағы басқа командалар белгіленген.
7. Авторлар. Беделді әрі білікті. Педагогика ғылымдарының докторы Әзия Елеупанқызы Жұмабаева, Абай атындағы ҚазҰПИ бастауыш сыныптарға білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Гүлнар Инаматқызы Уаисова. Кітап сапасына, мазмұнына қатысты күмәнім қалмады. Сізде ше?
8. Жеңіл. Қағаз сапасы жоғары. Бір оқулық салмағы 100 грамнан аспайды.

Кемшіліктері
1. Мұқабасы жұқа. Ойлана келе кітап жеңіл болуы үшін мұқабасы жұқа болды ма дедім. Қалың мұқабалы кітаптарды рюкзаңына салып мықшыңдаған қызымды елестетіп, бұл пункт кемшілік емес, артықшылығы шығар дедім.
2. Ағылшын тілі оқулығының ғана электронды нұсқасы бар екен. Басқа кітаптардың электронды нұсқасы жасалса ше? Әй бірақ баланы онсыз да планшеттен айыра алмай отырғанда бұл дұрыс емес шығар. Оның үстіне ватсапта баланың есебіне жабылып шығаратын ата-аналар елестеп, мұның да болмағанына шүкір дедім.
Әзірше осы. Баланың да менің де болашағым олардың алған біліміне байланысты. Қартайғанда зейнетін көру үшін балаңыздың біліміне зер салыңыз. Айтпақшы, бала білім мен тәрбиені тек мектепте ғана емес, үйде де алады. Ертең балаңыз ержеткенде мұғалімін емес, сізді асырайды ғой иә? Сондықтан бала тәрбиесін мектепке, мұғалімге ысыра салмаңыз. Бірақ, бала үшін сабақ оқып, тапсырма орындаудың да қажеті жоқ.

Айтпақшы, қызық жұмбақтың жауабын тауып көріңіз ;)
Білім және ғылым: Бірыңғай оқулықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
Әрі қарай

Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Бүгін Астанада Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен, «Современный город» атты үкіметтік емес ұйым өткізген «Интернет-дода» байқауы қорытындыланды.

Байқауда лауреаттар қатарында орын алған сайтымыз КерекИнфо бұл туралы қорытындыдан 2 күн бұрын хабар алды. Ешқандай қатысуға өтініш білдірмесек те орын алыппыз және біз сияқтылар жалғыз емес. Лауреаттардың көпшілігі бұл байқау және нәтижелері туралы 2-3 күн бұрын ғана білген.

Тіркелген күні 11 қазан 2013 болғанымен алғашқы жаңалығын 16 қыркүйекте жариялаған байқау сайтынан қатысу туралы өтініш формасын, қатысушылар тізімін, әділ қазылар алқасы тізімін таба алмадық.

«Современный город» үкіметтік емес ұйымының сайты да, олар туралы басқа ақпарат та интернет желісінде табылмады. Алайда тапсырыс беруші Білім және ғылым министрлігінің сайтында бұл байқау туралы хабарламаның конкурстық құжаты табылды. Бұл ақпаратқа сенсек «Интернет-дода» байқауына министрлік тарапынан 6250000 теңге қаражат бөлінген.
Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Ал конкурстың техникалық спецификациясы мынадай:

Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Бұл жерден байқағанымыз техникалық талаптарға соңғы пункт сай. Бірақ бағалы сыйлық ретінде берліген Нокиа 105 телефонының қазіргі нарықтағы бағасы 3100 — 3689 теңге.

Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Жеңімпаздарға берілетін арнайы диплом ретінде берілген сертификатта тапсырыс беруші мекеменің аты толық жазылмаған және ешқандай мөр басылмаған.

Блог - asaubota: Қазнет тарихындағы ең жылдам өткен байқау қорытындыланды

Сонымен түсініксіз өткен байқау түсініксіз аяқталды. Мұның есебін енді кім түсіндіреді?
Әрі қарай

Қазақ тілі пәнінің сағатын азайту керек!

Дұрыс!
Себебі ме? Бірнешеу!
Өйткені бұрын аз болған, 2007 жылғы 25 қаңтардағы ҚР БҒМ-нің №25 бұйрығының негізінде факультатив сабақтардың есебінен 2010 жылы қазақ тілі пәнін 2 сағатқа көбейтіп жіберіпті. Ал бұл өзге тілдегі мектептердегі бағдарламаны шым-шытырық қылған да қойған.
Әрі қарай