Автобустағы тарих

Ақтөбеде «Автопарк» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Атынан-ақ түсініп отырған шығарсыз жолаушылар тасымалымен айналысады. Автобустарында тек қана қазақша әндер қосылады, хабарламалар, заң үзінділері бәрі қазақ тілінде жазылады. Бірнеше жыл бұрын жаңа үрдіс бастады. Автобустарда қазақ ғұламаларының, хан, батыр, билерінің, ақын-жазушыларының биографиясы мен қанатты сөздерін ілетін болды. Қоғамдық көлікке балалар көп мінеді ғой. Көз алдында тұрғасын, ең болмаса кім екендерін біліп жүретін болады.
Бұл суреттерді өткен жылы түсіргем, архивтерді ақтарып отырып тауып алдым. Тамашалай отырыңыз
Әрі қарай

Ат жарыс Ақтөбеде (фотолар)

Алдыңғы күні, яғни 10-ншы мамырда Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылындағы №10 орталық ипподромда Екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңістің 68 жылдығына орайластырылып ат жарыс ұйымдастырылды. Оған қатысушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келді. Содан әдеттегідей қысқаша фотореп.)

1. Аламан бәйге – 17 шақырым, бірінші орынға тігілген сыйлық Тойота Хайлюкс;
2. Құнан бәйге – 7 шақырым, бірінші орынға УАЗ Патриот;
3. 1600 метрлік жарыс, бірінші орынға Рено Дастер;
4. 1000 метрлік жарыс, бірінші орынға Лада Приора.

Бас демеуші «West Motors Servise» ЖШС.
Әрі қарай

Фанаттар баннері қалай жасалады?



2012 жылғы Еуромаусымда қазақстандық клубтардың ішінде алысқа шапқаны әдеттегідей «Ақтөбе ФК» еді. Соңғы бельгиялық Генкке қарсы матчта Ақтөбе Орталық стадионының «13-сектор» фанаттар бірлігі орналасқан секторында үлкен баннер ашылды. Баннерде Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт, Әбілхайыр хан ескерткіші және шаңырақ бейнеленген. Астындағы жазу: «ЕЛ ҮМІТІ КІШІ ЖҮЗ». Бұл сөздер шовинистік мақсатта емес, Кіші жүздің жауынгерлігі қасиеті туралы, Ақтөбенің Еуропада қалған соңғы команда, соңғы үміт екені турасында жазылған.

Ал енді осындай 2 минут қана ашылып тұратын баннердің қалай жасалатынын қарап көрейік.
Әрі қарай

Жұмыстан кейінгі екінші тайм: Ақтөбе - Жетісу 1:1

14-нші сәуірде жексенбілік жұмысымды аяқтап, бірден «Футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві»-не тарттым. Бірінші тайм басталып кеткен екен, шамамен 10-ншы минутында бардым. Енді билет сатып алайын десем, сатушылар сатпай қойды. Неге десеңіз, стадионда орын жоқ екен. «Билет бар, бірақ орын жоқ»! Бірінші тайм кешігіп келгендер үшін осылайша тірі аудиотрансляция арқылы өтті. Амал не?! Екінші таймды күтуге тура келді. Ойынның екінші жартысы 1:1 есебімен басталды. Оралдағы жағдай қайталанды.)) Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер аз шыққан жоқ, алайда фотосетке тек 30-ы жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақтөбе — ақ, Жетісу — көк түсті формаларда.
Әрі қарай

Бұлdirty ауылы

Орал — Ақтөбе трассасы бойында, қаладан 200 шақырым жерде орналасқан Бұлдырты ауылы – Батыс Қазақстан Облысы Сырым ауданындағы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы —Жымпиты ауылының оңтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде, Тамды өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны 3000 адам. Ауыл құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Жері шөлейтті, сұр, бозғылт-сұр топырақты. Жусан, бетеге, селеу, көде, ши өседі. Шаруа қожалықтары мен өндірістік шаруашылықтар жұмыс істейді. Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Әрі қарай

Курстық жұмыстан кейінгі екінші тайм: Ақжайық - Ақтөбе 1:1


Оралдағы сырттай оқуымда 30-ншы наурызда курстық жұмысымды қорғап, бірден Динамо стадионына тарттым. Кіру тегін болғандықтан, халық нық толы болды. Ақтөбеде тегін футбол болмағалы қай заман?! Болмай-ақ қойсын да.) Оның үстіне бірінші тайм өтіп кеткен, екінші тайм 1:1 есебімен енді басталайын деп жатырды. Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер өте көп шықты, алайда фотосетке тек 30 сурет жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақжайық — қызыл, Ақтөбе — ақ түсті формада.

Әрі қарай

«Біткен іс» немесе «қарға батпағаным туралы»

Естеріңізде болса, мына постта 28-нші ақпанда Ақтөбе маңындағы елді-мекендерді, нақтырақ айтсақ қыстың соңғы күнін фотоға түсіремін деп, көлікпен қарға батып, одан әрең шыққаным туралы жазған болатынмын. Содан кейін араға 10 күн тастап, өзімнің бастаған ісімді қайта жалғастырдым, алайда бұл жолы көлікпен емес, жаяу. Көктемнің басы. Ақтөбе қаласынан 18-20 шақырымдай жерде, Ақтөбе-Орск трассасы бойында орналасқан елді-мекен К.Нокин ауылына фотосаяхат.
Қазақстан ауылдары!: «Біткен іс» немесе «қарға батпағаным туралы»
Әрі қарай

Таныс болыңыз: Маралбек

Жақында Ақтөбеден бір әріптесім сүйінші сұрап телефон шалды. Сөйтсем туған қаламда менімен аттас марал пайда болыпты! Иә, кәдімгі марал, үлкен мүйізі бар. Жә, басынан бастап айтайын.
Әрі қарай

Салмақты әзілдің жеңісі - "Экспресс" 2012 чемпионы

  • КВН


Биылғы ҚазКВН чемпионы ақтөбелік «Экспресс» командасы. Жоғары лигаға биыл ғана шыққан команданың финалға жетуінің өзін жетістік көріп, финалда көп ешкім жеңіс күтпеген еді. Алайда «Экспресс» 5 қарсыласын артта қалдырып, биылғы жылғы чемпиондықты жеңіп алды.

«Экспресс» салмақты, ойландыратын әзілімен ерекшеленген команда. Осы жеңісті салмақты әзілдің жеңісі деп бағалаймын. Арзан әзіл жеңілді. Бұл оқиға қазақша КВН-ға революциялық әсер береді деген ойдамын. Бұдан кейін командалар жеңіләзілдікті қойып, әзіл сапасына көңіл бөледі деген сенімдемін.

Жеңістерің құтты болсын «Экспресс»!

сурет: instagram.com/p/Sf8o--mby2/
Әрі қарай

"Ақтөбе" фанаты Малика: Стадионда бір рет қараған футбол, теледидардан қараған футболдан 10 есе артық

Соңғы жылдары трибуналарда қыздар саны көбейіп келе жатыр. Футболға қыздар да қызыға бастады. Тіпті ультрас бағытын ұстанатын фанат қыздар да бар. Солардың бірі Малика — «Ақтөбе» клубының фанаты, «13-сектор» фанаттар бірлігінің мүшесі. Бұл сұхбатта ультрас қыздар қандай болады, жалпы қыздардың футбол махаббаты туралы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Малика:

Жасы: 25
Қызметі: Жылжымайтын мүліктер орталығының маманы
Сүйікті фильмі: Унесенные ветром, Қыз Жібек, Приключения Шурика. Қанша рет көрсетсе, сонша рет қарай береді
Сүйікті музыкасы: Аралас, көбінесе RAP
Сүйікті тамағы: Еті бар тамақ
Ұнайтын командалар: (Ақтөбеден басқа) Спартак Москва, Барселона
Сүйікті киім бренды: Бренд талғамайды, ұнатқан киімді кие береді
Ақтөбедегі ең ұнайтын жер: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион. Негізі Ақтөбенің барлық жері ұнайды

— Футболға қызығушылық қашан басталды?
— Футболды 2002 жылы Корея мен Жапонияда өткен Футболдан Әлем Чемпионатын қарап ұнаттым. Сол кезден бастап Испания құрамасына жанкүйер болып келемін. Биыл футболды сүйсіне қарап жүргеніме 10 жыл. Қазақстан футболына қызығушылық 2005 жылы басталды.
Әрі қарай

Қазақша "Эль-Классико" немесе бұтбол туралы!

Білем, Қазақстан Республикасында футбол бар деп айту қиын, бірақ одан біздің премьер-лигамыз қызық болмай қалған жоқ. Бүкіл қызық енді басталайын деп жатыр, өйткені тізімде көш бастап тұрған командалар өте тығыз орналасқан және одан қалды ФК «Ақтөбе» Еуропа Лигасын соңғы болып аяқтағанына байланысты, өзінің қарсыластарымен салыстырғанда екі кездесуге кем ойнаған екен. Бүгін, яғни 2012-нші жылдың 15-нші қыркүйегінде футболдан Қазақстан премьер-лигасының 22-нші туры өтеді. Жергілікті клубымыз Көкшетаудың «Оқжетпес»-ін қабылдайд. Осы кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де (яғни бізше жетіде) басталады. Енді «Ақтөбе» футбол клубындағы негізгі қақпашыға келсек, өздеріңіз байқап жүрген шығарсыз, Қазақстан құрамасында да Сидельниковтың соңғы уақыттарда жолы болмай жүр. Мүмкін ол Мокинге қарағанда допты өз қақпасына әдемі жіберетін шығар, бірақ қайткенмен де сол баяғы сценарий. Білеміз, Андрей біздің командамызды бұрындары да талай құтқарып келді, мысалға: біздің көршіміз «Тобыл» командасымен болған «Алтын матч»-та пенальти сериясында өзін жақсы жағынан көрсетті. Алайда ол өткен шақ. Бізге қазіргі таңда жақсы қақпашы керек, өйткені "қақпашы — бұл жарты команда" демей ме?! Андрей Сидельниковтың футболдан ел біріншілігі аясында соңғы болған кездесуіндегі, яғни Қазақстан-Ирландия мен Швеция-Қазақстан ойындарына дейінгі қателіктерін мына бейнежазбадан тамашалай аламыз, өйткені осындағы мистейктерді ол Қазақстан құрамасының соңғы екі матчында да қайталад:
(видео «Ақтөбе» футбол клубының fc-aktobe.kz/ ресми сайтынан алынды)
Әрі қарай

Өй дөйт, десеш!

Мейрамгүл Рахатқызымен өткен жылы Астанаға барғанда танысқам. Ақтөбелік журналист менің бала кездегі құрбымнан аумайды. Күлкісі, ашық-жарқын мінезі, бәрі менің жан досым Аяужан секілді. Жақында ойламаған жерден Мейрамгүлмен қайта жолықтым. Сол баяғы таныс, ыстық бейне. Әңгіме арасында Мейрамгүл “Өй дөйт, десеш!” деп қолын сермеп қояды екен. Бұл Мейрамгүлдің риза болғандағы қалжыңы. Ауылда сыныптастар жиналып, тойлатып отырса керек. (Мейрамгүлдің айтуынша) Басқосуда бір сыныптастың әкесі қайтыс болғаныны естиді. Дүр етіп бәрі сол үйге келеді. Барса анасы әуенін келтіріп, сұңқылдап жоқтау айтып отырса керек. Риза боп кеткен біреуі қолын сермеп қойып, “Өй дөйт, десеш!”-деп басын шайқайды екен. Сөз түсінетін қу болса керек.
Мейрамгүл Рахатқызы
Әрі қарай