АБАЙДЫҢ ӘНІ МӘСКЕУ ТӨРІНДЕ ШЫРҚАЛДЫ

Мәскеудегі Халықаралық байқауда тұңғыш рет қазақ романсы орындалды. Патша көңілді көрермен хакім Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін ұйып тыңдап, орындаушысына зор ілтипат көрсетті. Бұл байқау ұлы қаламгердің 170 жылдық мерейтойына орайластырылған.
Әрі қарай

Абайдың қара сөздері һәм EPUB


… Сонымен…
Барлығыңыз .pdf немесе .djvu секілді электронды құжат форматтарын білесіздер. Осы күні .mp3 дегенді жас та, кәрі де үйреніп алғандай, жаңағы айтқан .pdf секілді .epub деп аталатын электронды кітап форматтары күнделікті қолданысымызға еніп жатыр. Себеп, Apple шығаратын iPad бастаған планшеттер мен Amazon Kindle қостаған сан алуан электронды кітап оқу құралдарының пайда болуы. Бұл форматтың артықшылығы сол .pdf секілді салмағы ауыр емес және электронды құрылғыға салып оқығанда кітап өлшеміне байланысты қиындықтар туындамайды. Өйткені, оның белгілі бір өлшемі жоқ. Мұндай e-кітап құрылғыңыздың экран өлшеміне сай өзі мөлшерін келтіріп алады. Сондай-ақ, кітап оқу барысында сіз оны көлденең де, тікесінен де оқи аласыз. Әріптерді үлкейту, кішірейту немесе оқып жатқан бетіңізге қыстырма салу, мазмұны арқылы беттер немесе бөлімдер арасында жылдам ауысу жағы өте жақсы қарастырылған.
Әдетте, iPad немесе соның тумаластары, сондай-ақ Андройд операциялық жүйесімен жұмыс істейтін қалтафоны немесе басқа да қазіргі заманғы гаджеттермен қаруланғандар үшін осы форматтағы қазақша кітаптар жоқтың қасы. Өзім жаңа ғана айтып өткен құрылғылардың барлығын пайдаланып жүргендіктен, әрине, менде де осы форматтағы кітап оқу қажеттілігі туындады. Бірақ, жоқ нәрсені қалай болдырамыз?.. Айналып келгенде, осы сұраққа жауапты өзіме-өзім бергім келді де Google-шейхқа қайта жүгіндім. Бетімді қайтармады. Еш қиналмастан білгенімен бөлісті. Сөйтіп, дәл қазір мен сіздерге ұсынғалы отырған Абайдың қара сөздері epub форматында өмірге келді. Оны мына жерден жүктеп ала аласыздар: Абайдың қара сөздері (EPUB)
Кейбір қызығушылық білдіретін адамдар үшін бұл форматтағы кітап қандай болатынын, қалай пайдаланатынын iPad планшетімде және Android қалтафонымда іс жүзінде түсіріп, осында салып отырмын. Әлі бейнекамераға қолым жетпей жүр, сондықтан уебкаммен түсірген видеомның сапасы үшін сөге көрмеңіздер.
Кітаптағы қара сөздер түгелімен adebiet.kz сайтынан алынды. Сұрап жатпадым ал, ренжімесін… Кері байланыс арқылы хат жазып едім, он шақты рет каптчаны дұрыс жазбадың деп лақтырып тастады. Егер осы сайттың иелерінен біреу-міреу менің бұл әрекетімді құп көрмей, “Материалдарды кері қайтар. Керек болса, өзің теріп, өзің сканерлеп ал!” десе, онда әрине, айтқанды тыңдауға тура келеді. Дейтұрғанмен, қабыл алыңыздар!
“Абайдың қара сөздері” iPad-та:


“Абайдың қара сөздері” Android-та:


timurdan.info/?p=813
Әрі қарай