Интернетпен танысып, үйленгендер

Қазіргі заманда интернет желісінің дамығандығы сондай, адамдар өз жартыларын сол арқылы іздеп табатын болған. Қарап отырсаңыз рахат! «Оның жүзі қандай екен» — деп басыңызды қатырмайсыз, бірден авасынан және жеке папкаларынан суреттерінің түр-түрін көре аласыз. Қалай сөйлессем, өз-өзімді қалай ұстасам екен,- деген мәселе туындамайды, көгілдір экранның әр жағынан екі есе батылырақ болып, ойыңызды ашық айта аласыз. Интернет желісі арқылы танысып, қосылғандар жетерлік. Олар кімдер? Сонымен, қазір әлеуметтік желімен кім қалай табысқанын, басқалардың көзқарасын, бұрынғы танысу қалай болғанына тоқтала кетсек:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер

Бұрынғы танысу:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
«Көрші ауылға бойжеткен келіпті» дегенді естіген бозбалалар сұлудың үйінің маңайын торуылдап, жүзін көруге зар болып, тек құлақпен оның сұлулығын, тәрибелігін естіп, тамсанып жүруші еді ғой… Ал, бойжеткенді көрген қаншама ерлер сөйлеуге сөз таппай, тілдесе алмай арманда кететін… Иә, бұрынғы кезде солай еді…

Ал, қазір ше?Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
Қанша шақырым болса да 1-2 секунд ішінде зып еткізіп смс-ті жіберіп, тоқтаусыз сөйлесіп жатады… Кейін телефон арқылы тілдесіп, «скайп», " viber" арқылы түрлерін көріп те сөйлеседі. Тіпті желі арқылы танысып, табысып, қосылғандар да жетерлік.

Сонымен әлеуметті желі де танысқанда алдымен неге көңіл аударылады?

1. Авадағы суреттің өзі қаншама рөл ойнайды.Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерАлғаш суретті көргеннен-ақ адамда жаңа пікірлер мен ойлар қалыптасады. Және бірінші ой адамда ұзақ сақталады, және де сол қалыптасып қалған ойдан тез арыла алмайды… Аваға ескі суретті қоймауға тырысу керек. Көңілді күліп түскен суретің ұтымды болып табылады.
2. Анкетаң мен таңдаған лақап атың бір-біріне сәйкес болуы қажет.
3. Анкетанның толық әрі шынайы болғаны жақсы.Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерӨзіңді асыра мақтаудан сақ бол. Жалған мәлімет беруден аулақ болу қажет. Соңы сенімсіздікке, алдануға әкеліп соғады.
4. Қатып қалған қағида орнатпа, мысалы, кино көргенді ғана ұнатамын,- деген сияқты. Үнемі жаңашылдық таныт.
5. Шынайы суретіңді салуға тырыс. Құрбыларыңда суретті көргенде "өмірде де осындайсың" — деген пікір қалыптасу керек.

Хат алмасқанда>
* Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерӘңгімелесу барысында жағымды тақырыптарды қозғауға тырыс. Ешуақытта өзіңіе шағымданып, келеңсіз жайттарынды қозғама.
* Ортақ заттар тап. Ортақ қызығушылықтар, пікір, сәйкесінше ортақ заттарды талқылаудан жақындастыратын артық ештеме жоқ.
* Танымайтын адамға телефоныңды, мекен-жайыңды айтпа.

Кездесу
* Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерҚауіпсіздік үшін қоғамдық жерлерде кездесуді таңда.
* Қарапайым, табиғи қалпыңнан тайма. Ашық киім, баттасқан макияж сен жайлы теріс ой қалыптастыруы мүмкін.
* Ашық сөйлес. Оның сені жақын білуіне мүмкіндік бер. Ал егер басынан ештеме шықпайтынына көзің жетсе әңгімені созбай, ары қарай қатынасты үзген дұрыс.

«Интернет арқылы танысып, үйленуге болады ма?» — деген сауалнамаға жастар:
Болады:
60.0% (9)
Болмайды:
26.7% (4)
Білмеймін
13.3% (2) — деп жауап берген. Яғни, көпшілігі интернет арқылы танысып, үй болуды қолдайды.

Әлеуметтік желідегі пікірлерге келетін болсақ:

Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер

Fariza Zhaidarkhan
Ол адамға байланысты қалай танысса да. Мен күйеуіммен агентте танысқанбыз, одан біз 3 ай журдік, 3 айдан соң мен (күйеуімнің есімі Мадияр) Мадиярға күйеуге шықтым. Мадияр жақтан кұда түсіп ұзатылып кеттім

Zhanka Zhan:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
Мен өзім бұрын агент деген нәрсеге сенбейтінмін. Бірак агенпен жігіттермен ермек үшін, студент болған сон уакыт өткізу үшін таныса беретінмін. Бірак бір жігітпен дос ретінде агент аркылы жаксы сөйлесетін едім. Кейін ол жігітке 1 жарым жылдан кейін ғана телефон номерімді бердім. Содан кейін 2 айдай телефон аркылы сөйлесіп жүрдік. сосын 1 жыл 7 айдан кейін кездестік. Агентте қалай болса өмірде де сондай адам екен. Сөйтіп реальный өмірде араласып тұратын болдық. Кездескенімізден кейін 2 айдан кейін ол маған сөз салды. Қазір екеуіміздің бірге қыз бен жігіт болып жүргенімізге 6 ай болды. Қазір екеуіміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз. Мен бір нәрсені түсіндім: адам өмірде не нәрседен қашса, сол нәрсеге қалай тап болғанын білмей қалады екен. Бұйырса үйленеміз деп жоспарлап жүрміз. Мен бақыттымын.

Арқаның ақ аруы :
Интернетпен танысатын адамдардың өмірдегі адамдардан еш өзгешілігі жоқ. Тек интернеттегі адам ашық болып келеді. Себебі, (бұ менің ойым) интернет арқылы көбінесе мәселе айта отырып танысады. Ал кей кездері еріккенің істің арқасында жақсы достармен қауышып, қуанып жатасың. Көп нәрсе болып тұрады..

lila:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
мен өз басым, агент арқылы кездесуге қорқамын, тіпті агенттегілердің біреуінде көрмегенмін. Оның шын өзі екеніне көз жеткізу қиын, ол өтірікшінің алдап, арбауына түсіп қалмасымызға кім-кепіл, сондықтан, сақтықта қорлық жоқ дегендей…

Бота:
Қызық, мен де өз бақытымды интернет арқылы тапқанмын!)) Бір жағынан ойлап қарасаңыз, күні-түні компьютерде отырсақ, ешқайда шықпасақ, «бақытымызды» инеттен емес, басқа қайдан табамыз, иа..))


Иә, интернет желісімен танысқандардың пікірі осындай… Зерттеп қарап шыққанымды көбісі интернетпен табысуды қолдайды екен. Солардың көбі желіден өз бақытын тапқандар.

Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер

Алайда, танысудың соңы келеңсіз жайттарға әкеліп соғатын жайттар да кездеседі. Мысалға:

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері зорлықпен өлтірілген жас қыздың өліміне қатысты қылмысты ашты:
Із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесі өзен жағасынан табылды. Онымен ең соңғы рет байланыста болған адамдардың барлығын тергеген полиция, ақыры күдікті ретінде қызбен ғаламтор арқылы хат жазысқан жігіттің қолына кісен салған. Бастапқыда кінәсын мойындаудан бас тартқан ол, соңынан оқиғаны бастан аяқ баяндап берді. Қызбен осыдан екі ай бұрын ғаламторда танысып, сөз байласқан қаскөй онымен бар болғаны 2-3 рет қана кездесіпті. Соңғы кездесуде екі жастың арасында жанжал туып, жігіт бойжеткенді бөтелкемен ұрып өлтірген. Марқұмның денесін ол алдымен арамен бөлшектеп, сосын өзен жағасына әкеп, көміп тастаған.
Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
Осыдан кейін баспасөз хатшысы: ғаламторда адамдармен танысқанда оның алдымен қыр-сырын білмей жатып, бірден кездесуге болмайды — ол қылмыскер болуы мүмкін, — деген тұжырым жасаған.

Интернетпен табысудың сіз үшін пайдалы, әрі пайдасыз жақтары қандай? Интернет арқылы танысып, үй болуды қолдайсыз ба? Осыған байланысты сіздің басыңызда қандай оқиғалар болды?
youtu.be/IPNFvqw-RGk
Әрі қарай
  • 8
  • 22

Кестелітастағы Кестелі тастар

Қазақстанда тас және қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қоныс орындары өте көп. Ерте дәуірдің өзінде қазіргі қазақ жеріне адамдардың қоныстанып, өмір сүргеніне Бестөбе, Бөріқазған, Маятас, Ботай тағы басқа қоныстары дәлел. Осы қоныс орындарынан археолог — ғалымдар қазба жұмыстарын жүргізгенде түрлі бұйымдар, тас құралдар, ыдыстар, құрал-саймандар тапты. Бұлардың барлығы ата қоныс Қазақстан жерінде сол дәуірде өмір сүрген адамдардың тұрмыс- тіршілігін көрсетеді. Мұндай қоныстар, таңбалы тастар қазақ жерінде жүздеп, мыңдап кездеседі.
Блог - KerimAyankyzy: Кестелітастағы Кестелі тастар

Осындай ескерткіштің біріне ауылымыздағы Кестелітас петроглифі жатады.
Ескерткіштің орналасқан жері: Кестелітас қыстағы, Жаңатоған ауылынан 18 шақырым батысқа қарай орналасқан. (Қарқаралы ауданында). Қыстақтың атауы осы жердегі тасқа салынған суреттерге байланысты «Кестелітас» деп аталып кеткен. Тастардың орналасуы сол жердегі таудың етегіне қарай боздөңгелдің күнгей бетіне қараған. Тастардың жалпы саны отыздан астам, соның ішінде он бірінде суреттер сақталған, ал, қалғандары қазіргі жазулармен бүлінген.
Тастарда көшпенділір өмірінен көріністер келтірілген:
1. Жылқы жетектеген адам бейнесі;
2. Таутекелер;
3. Құлын ерткен бие;
4. Арба;
5. Сүзісіп жатқан таутекелер т.б. Суреттердің жартысынан көбі тастың күнгей бетіне салынған.

Блог - KerimAyankyzy: Кестелітастағы Кестелі тастар

Мектеп оқушысы кезімде сол жерге отбасымызбан арнайы барып, көріп қайтқан едік. Тастары біз көріп жүрген жай тастар емес, ерекше тастар. Пішіндері де әр түрлі. Жұмыртқа тәріздес, кейбірі сүйір жағымен жерге қадалып қалған. Кейбірі теп — тегіс, жып — жылтыр. Тырнағыңды үйкелесең, жоқ қылады екен.) Ол жерді қаншама ғалымдар, тарихшылыр зерттеген. Тарих пәнінен беретін ұстазымыз да арнайы зерттеу жасапты.
Сонымен, таңбалы тастарды көре отырып бізбен қоса ұстазымызды таңғалдырған не болды екен?

* Біріншіден, сурет салынған тастар тау тастарына мүлдем ұқсамайды, яғни метеорит тастар;

Блог - KerimAyankyzy: Кестелітастағы Кестелі тастар
* Екіншіден, тасты — тасқа ұрғанда, басқа тастарға қарағанда өзгеше дыбыс шығарады. Мысалы, темірді темірге соққандай.
Таңбалы тастардың бұл сыры мынада болды:
* Біріншіден, тастың құрамында марганец көп болып, күнмен тотыққан, содан қара, әрі жылтыр тасқа айналған.
* Екіншіден, құрамында металдың көп болуына байланысты осындай дыбыс шығарғаны белгілі болды

.Блог - KerimAyankyzy: Кестелітастағы Кестелі тастар

Жалпы таңбалы тастар үңгір қабырғаларына, таулы жер тастарына түрлі белгілер арқылы бейнеленеді.
Кестелітас петролглифі осының ішіндегі ерекше мазмұнға ие болған тастарға жатады.
Бұл ескерткіштер Неолит және Қола дәуірін қамтиы. Себебі: Неолит дәуірінде табиғи орта осы заманға бейімделді. Бұл кезеңнің басталуы V мыңжылдыққа тура келеді. Ол — тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезеңі.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500 — ден аса неолиттік және энолиттік ескерткіштер бар, бірақ олардың басым көпшілігі ішнара ғана зерттелген.
Б.Э.Д. II жылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайлыны қосу арқылы металл беріктігін күшейтеді.
Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді.Блог - KerimAyankyzy: Кестелітастағы Кестелі тастарҚазақстан жерін мекендеген тайпалар Қола ғасырында Андровтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған.
Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастың бетіне қатты да үшкір сынықтармен жануарлар, күн бейнелі адам суреттерін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Қазақстан — жартастағы суреттер — петроглифтердің саны және алуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі.
Осы бір уақытта Қазақстан жерін Арийлер мекендеген. Олар артына құнды мәдениет ескерткіштерін көптеп қалдырған. Олардың көпшілігі — жартаста салынған суреттер. Қола дәуірі петроглифтері арасында соғыс арбаларын бейнелеу де кең тараған. КЕСТЕЛІТАС петроглифінде соғыс арбасының он шақты түрі ғана, көбі қазіргі жазулармен өшіріліп қалған. Арийлердің негізгі бөлігі ата — жұртында қалып "сақтар" деген атаумен әлемге белгілі болды.

ЗЕРТТЕЛУІ: Андронов мәдениеті қамтылған Орталық Қазақстан жерін көп зерттеген ғалымдардың бірі -Ә. Х. Марғұлан. Сол зерттеулердің кезінде Жаңатоған өңірінен саны 10 — нан астам ескерткештерді өз күнделігіне түртіп алған. Бұлардың ішінде ең көрнектісі Кестелітас петроглифі болды. Ал, 70 — жылдардың бас кезінде ҚарМу — ден арнайы экспедиция келген. Осы экспедицияның құрамында Жауынбаев Сағындық Ұбайұлы болған. Кестелітас петроглифі сол кездің өзінен — ақ бүліне бастаған. В.А. Новоженовтың Петроглифі «Сары Арки» деген еңбегінде Кестелітас петроглифінің фотосуреттері келтірілген.

Ендігі, бұл жерде не себепті неолит, қола және сақ дәуірлерін Кестелітас петроглифінің көлемінде тоқтала кеттім? Осы сұраққа жауап ретінде төмендегі болжамдарды ұсынамын:

Неолит (V — III мыңжылдық) Неолит дәуірінде бұрын болмаған экономикалық өрлеу басталады. Қыш ыдыстар дүниеге келеді.Блог - KerimAyankyzy: Кестелітастағы Кестелі тастар
Ана беделінің өскен кезі. Табиғи орта осы заманға бейімделеді. Кестелітастың құрамында марганеці бар тасы күнмен тотығып, өзіндік қалыптасу процесін жүргізген. Тас тек тотығу процесінің нәтижесінде қара әрі жылтыр тасқа айналған. Бұл жерде яғни тастың осылай қалыптасуына табиғаттың рөлі зор.

Қола (II — I мыңжылдық) Мыс + Қалайы = Қола.Блог - KerimAyankyzy: Кестелітастағы Кестелі тастарҚола дәуірінің ең басты ерекшелігі — түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі. Көшпелі мал шаруашылығы өркендеп, әке билігі орнады.
Осы дәуірде Кестелітасқа қарапайым суреттер салына бастады. Қарапайым демекші, жылқы, таутеке және адам бейнесі сызықтармен салынған.

Сақ (Б.Э.Д. VIII — IV ғ.ғ.) Бұл дәуірде Кестелітас петроглифіне жаңадан суреттер қосылып, толыққан. Блог - KerimAyankyzy: Кестелітастағы Кестелі тастарОсы кездегі таутеке, жылқы суреттері ерекше компазицияға ие болды. Және бір ерекшелігі шошақ бөрікті адам суретінің болуы. Адам бейнесінің осы суреті тиграхауда сақтарын еске түсіреді. Сақтардың негізгі үш тобы ( парадарайы, тихрахауда, хаумаварга) мектеп бағдарламасынан белгілі және жиі қоныстанған жері, яғни өзіндік территориясы болды.

Міне, осылай қолымдағы мәліметтермен Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылы өңірінде орналасқан Кестелітас петроглифінің тарихына байланысты кішігірім зерттеу мен болжамдарды ұсынып отырмын.
Әрі қарай
  • 10
  • 4

Қазақ ғаламторының болмысы қандай?

Блог - AydanaAbdrahmanova: Қазақ ғаламторының болмысы қандай?
Әлеуметтің әлеуетін білу үшін әлеуметтік желіге бас сұғып, бақыласақ жеткілікті сияқты. Иә, тіпті қауіпсіздік өкілдері осы желі арқылы сіздің қайда барғаныңызды, кіммен сөйлескеніңізді, жеке саяси позицияңызды т.с.с. біле алады екен. Интернетке қосыла алатын кез-келген смартфон сіз туралы ақпараттың қайнар көзі. Телефоныңыз сөндірулі болса да мәлімет алуға кедергі емес көрінеді. Американың ұлттық қаіпсіздік қызметінің экс-техникалық маманы Эдвард Сноуден әлем онсыз да шет жағасын білетін бұл ақпаратты нақтылай түсіп, жарияға жар салғанын білесіз.
Негізгі жеткізбегім бұл емес еді. Басым көпшілігіміздің мәдениетіміз төмен бе, әлде, қарапайым этиканы сақтай алмаймыз ба, қатігезбіз бе, наданбыз ба, оқымаған білімсізбіз бе білмедім. Әйтеуір, әлеуметтік желіде бір-бірін талап жатқан халық. Бір ғана мысал фейсбуктегі «Қазақтар» тобына кіріңіз, ондағы кез-келген пост ұрсысумен аяқталып жатады. Қазақтар тобы емес, ұрысқақтар тобы сияқты. Төле би төрелігін айтып отырған заманда «Қазақ — бір ауыз сөзге тоқтаған халық» деген ұғым шыққан екен. Осы орайда, әрбір посты ауыздың суын құратпай оқылмайтын алдыңғы буын аға-апаларымыздан төрелігін сұрап едім. Олар былай деді:
Ғалия ШАУДЫРБАЕВА, продюсер:
— «Қазақтардың мәдениеті төмен» деген пікірмен келіспеймін. Қазақ – жалғыз ұғым. Халық – тобыр. Ата-бабамыз «мал аласы сыртында, кісі аласы ішінде» деп тегін айтпаған. Халық ішінен кім шықпайды?! Әлеуметтік желіде мәдениет, этиканы сақтамайтыны, сақтайтыны бар. Оның ара жігін ажыратып отыратын сыншы емеспін және де біреу маған жаман пікір жазды деп бас ауыртып отырмаймын, қызса, темірді дер кезінде мен де соғып жіберемін. Менің келіспейтінім: елді, елдің атқамінер азаматтарын жамандап отыратын «әлеуметтікжелішілер». Өзі не тындырып жүр? Өзі ел үшін не істеп жүр? Өзіне есеп бере ме? Бәрібір! Біреудің пікірінен мін тауып, арғысын Алатауға, бергісін Қаратауға апарып қайырып тастайтын әдеттен аулақпын. Кейде танымал өнер адамдарының сыртынан да небір сөз жазылып жатады. Керек пе сол? Тамағының суретін қойса, қойсын, сұлулығын дәріптесе, дәріптесін. Әлеуметтік желі сын айту, я болмаса тек қана пікір жазып, блог жүргізу үшін ашылмайтын шығар. Ол — әр адамның өз еркін тиімді пайдалануына, бос уақытын пайдалы іспен өткізуіне үлес қосатын құрал. Сондықтан біреудің басына сөзбен іркіт құйып, біреудің жан жүрегін езіп, артық пікір білдірудің қажеті жоқ деп есептеймін
Арман СҚАБЫЛҰЛЫ, сценарист-редактор:
— Жалпы бізде интернет мәдениеті жетіспейді. Тек қана әлеуметтік желілерде ғана емес, қазақ сайттарымыздың көбінде солай. Аноним комментарийлерге қарасаңыз, бәрін түсінесіз. Ерінбей «Абай» сайтын қарап шығыңызшы. Бірін -бірі жамандаған, ар намысына тиген комменттерден көз сүрінеді. Тіпті кез-келген авторды мұқату үшін отыратындар бар. Өкінішке орай бүгінгі қазақ ғаламторының болмысы осы.
Нұрдәулет ШАЙМҰРАТҰЛЫ, тарихшы:
— Қазақ «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» — дейді. Қателесеміз, өкінеміз, білсек тәубаға келеміз, білмесек қайталай береміз. Ең өкініштісі бір-біріміздің аузымызды бағып, аңдысып, мансұқсыз дүниеге бола айтысып тартысып, тілдеп-түйресіп отырамыз. Қаймана Қазаққа керегі осы ма еді дәл мынадай күндерде? Ендеше, неге Абайшалап бос істен аулақ болып, бір-бірімізді дос көріп, кешірімді болмасқа?!
#НаурызДода
Әрі қарай

Орбұлақ шайқасы лайықты бағасын алған жоқ

Блог - AydanaAbdrahmanova: Орбұлақ шайқасы лайықты бағасын алған жоқ
Фермопильдегі 300 спартандықтың мыңдаған парсы әскерімен болған ұрысы, «Бородино» шайқасы, «28 Панфиловшылар» дивизиясының ерлігі т.с.с. осындай тарихи шайқастарға ұлттық рух пен патриотизмді көтеру үшін кино түсіріліп, тіпті, болмаған ерліктерді болды қылдырып, әспеттеп жатқанда осыдан 372 жыл бұрын өзіміздің тарихта ерекше орын алуы тиісті ұрыстың бірі — «Орбұлақ» шайқасы есіңе түседі екен.
2007 жылы түсірілген Голливудттық «The 300 spartans» фильмі әлі күнге хит. Леонид патша үш жүз батырымен парсылардың жиырма мың (кей деректерде сексен мың) қолына үш күн бойы төтеп беріп, соңында ерлікпен қаза тапқаны – әлемді таңқалдыруда.
Қайбір жылы Ресейде «Бородино» шайқасының 200 жылдығына орай жыл бойы телеарналардан арнайы хабарлар беріліп, театрландырылған қойылымдар қойылып, кітап дүкендерінде балаларға арналған қызықты альбомдар шығарылып, жарияға жар салып жатты.
Иә, неге біз үнсіз қалдық. 2013 жылы «Орбұлақ» шайқасының 370 жылдығын жыл бойы дүркіретіп атап өтетін жөніміз бар еді ғой…
Бұл шайқастың қысқаша тарихы мынадай, 1643 жылы Жәңгір бастаған қазақтың 600 батыры жоңғардың 50 мыңдық әскерін, Самарқандтан Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың қол келгенше ұстап тұрған. Жоңғарлар қазақ жеріне 50 мың әскермен басып кіреді, қазақ жасақтары бірігіп үлгермейді, содан Жәнгір хан қолында бар әскерден 600 адам жасақтап алып соғысқа аттанады. Ұрысқа ыңғайлы жер деп Ор аталатын бұлақтан ағып жатқан кішкентай өзен маңындағы тау арасын таңдайды. Алғашқы шайқаста жоңғарлар 10 мың әскерінен айрылады ал екінші соғыста көмек келіп жоңғарларды толық жеңеді. Орбұлақ шайқасын тарихтан біз жақсы білетін 300 спартандықтың ұрысымен теңестіруге болады. Орбұлақ шайқасындағы қазақ сарбаздарының өршіл рухы олардың ерлігінен бір мысқал да кем түспейді.
Биыл жеңістің жетпіс жылдығына орай Ресей мен Қазақстан бірлесіп «28 панфиловшылар» атауымен фильм түсірмек. Оның шығынын екі ел көтеріп алады деген мазмұнда хабар да тарап үлгерді. Осы тұста өзіміздің жеке ұлттық тарихымыз жетімсіреп қалған сияқты көрінеді маған. Кино түсірмек түгілі бір ауданымыздың атауын қия алмадық. Орбұлақ шайқасы – қазіргі Алматы облысы, Панфилов ауданындағы болған екен. Сол ауданға неге осы шайқастың атын бермеске?! Осыдан бұрын аудан, облыс көлеміндегі жиындарда Панфилов ауданын Орбұлақ ауданы деп өзгерту жөнінде бірді-екілі ұсыныстар айтылды. Ата-бабамыздың осындай көзсір ерлігін ұмытпай, мақтан тұтып, өзіміз насихаттамасақ басқалар қайдан білсін? Барымызды дер кезінде бүтіндегенімізде «Қазақ деген ұлт болмаған, тарихы жоқ» — дейтін «білгіштер» бүгінде шықпас еді. Тіпті, көпшілік жастарымыздың өзі тарихтан бейхабар.
#НаурызДода
Әрі қарай

Ою-өрнекті орынды қолданып жүрміз бе?

Блог - AydanaAbdrahmanova: Ою-өрнекті орынды қолданып жүрміз бе?
Қазақтың ою-өрнектерінің 200-ден астам түрі бар. Жалпы, ою-өрнек деп сурет пен сызықтардың белгілі бір ретпен орналасуын айтады. Яғни ықылым заманнан бері қазақтың оюы әр затта өзіндік ерекшелікке сай орналасқан. Көлемі кіші, жіңішке әрі жапырақ тәріздес оюлар киімде бейнеленеді. Өте ұсақ түрлері зергерлік, кестелік сияқты нәзік істерде, ал ірі ою-өрнектер сырмақ, кілем, текемет, тұскиіз, алаша, сонымен бірге сәулет өнерінде кеңінен қолданылған.
Қызыл кеңірдек болып қырқысып, айтысып-тартысып жатпаса да, кейде ою төңірегінде, осы ұлттық нақышты төңіректеп жүргендердің арасында кішігірім дау-дамай туындап жүр. Этнографтардың айтуынша, қазіргі ұлттық киімдердегі оюдың орналасу реті мен көлемінде өрескел қателіктер бар көрінеді. Күнделікті тіршілікте не болмаса жиын-тойда ұлттық нақышқа толы киіммен жүргенді құп көретіндер ортамызда баршылық. Сол құп көргендердің іс-әрекетінен мін табатындар да табылады арамызда. Қазақтың киімін көпке насихаттауды жаны сүйетіндер де жанымызда жүр. Сонымен, олар былай дейді:

Жұмақадір ИСАБЕК, этнограф:
— Кейінгі кезде сән үйлерінің тігіп жатқан ұлттық киім үлгілерінің қазақы нақышпен әспеттелуі көңіл толарлық жағдайда емес. Олай дейтінім ою-өрнектің орналасуы шашыраңқы емес белгілі бір тәртіппен жағасында, жеңінде, етегінде және өңірінде орналасуы тиісті еді. Кейде киімге жамыратып оюды салып қояды. Не болмаса текеметтің оюындай үлкен қошқармүйіз тұрады. Әркім өз білгенін жасап, оюды ана жер, мына жеріне жабыстыра салып, ұлттық өнердің бояуын жоғалтып алмаса екен деймін. Қазақстанның мемлекеттік орталық мұражайы бар, сол жерде құдайға шүкір этнограф-ғалымдар, осы саланы зерттеп жүрген арнайы мамандар жеткілікті. Сәнгерлер болсын, жалпы кез келген жанға кеңес беріп, көмек қолын созуға дайынбыз.

Флора ҚАЙНҰЛЛАҚЫЗЫ, «Бәйтерек» суретке түсіру орталығының директоры:
— Қазақ болғандықтан, қазақша киім кигенді жақсы көргендіктен де шығар, өзім ылғи қазақ оюларымен әспеттелген көйлек кигенді жөн санаймын. Өйткені өзімнің қазақ екенімді өзгеге білгізгім келеді. Ою-өрнекті зерттеуші ғалым болмасам да, күнделікті тұрмыста киетін әрі жиын-тойға арналған киімдерімде, өзімнің жобалуыммен қазақтың ою-өрнектері бейнеленген. Бала-шаға мен күйеуім де ұлттық нақыштағы көйлекті киіп әдемі болып жүргенді ұнатады. Ал енді ою-өрнектердің орналасуында өзіндік реті болатынын білмеппін.

Сабыркүл АСАНОВА, сәнгер:
— Бала кезімнен көнекөз, ісмер әжелерімізден үйренгеніміз бар, сонымен бірге оюды зерттеуші ғалымдарымызбен пікірлесіп, өзім де осы саланы зерттеп, зерделеп жүргеніме бірталай жыл болды. Қазақтың ұлттық нақыштарының дамуы мен қолданысына біраз еңбек сіңірдім деп ойлаймын. Заманауи, еуропалық үлгідегі киімдердің барлығында қазақтың нышаны тұру керек. Кей уақытта подиумнан анық көріну үшін сәнгерлерімізге оюлардың айшықтарын үлкендеу, түрлерін өте жарқын етіп жасау керек болады. Оюдың көлемі кіші болып қалса, мінбеден көрінбей қалуы мүмкін. Бірақ дәл қазір маңыздысы, ою-өрнектің орналасу ретінде емес кең көлемде насихатталуында.

Асылы ОСМАН, қоғам қайраткері:
— Қазақтың ою-өрнегі, ата бабамыздан келе жатқан өзіндік эстетикалық даралықты көрсетіп тұратындықтан соны сақтап, бірақ бүгінгі заманның талабына, сұранысына сай өзгертіп тұрса, оны мен ешуақытта айып санамаймын. Қазақ екендігімізді айқындайтын, ұлттық нышанның киімдерімізде болуын үрдіске айналдыру керек.

Бағдат СӘМЕДИНОВА, әнші:
— Бала кезімізден өзіміздің ұлттық нақышымызға қызығып өстік. Этнографтар сонау ата-бабаларымыздан келе жатқан ою-өрнектердің сол қалпында сақталуын талап ететін шығар. Бірақ дизайнерлеріміздің бүгінгі заманның сұранысына қарай, бүгінгі сән үлгісіне үйлестіре отырып өзгертуіне қақысы бар деп ойлаймын.

Мұртаза БҰЛҰТАЙ, мәдениеттанушы:
— Бұрынғы заманның киім үлгілерінде осылай болды екен деп, соны жалғастырмауымыз керек. Керісінше, сол құндылықтарымызды дамыта, байыта отырып, бүгінгі қоғамға лайықтап ұқсата білуіміз керек.
Блог - AydanaAbdrahmanova: Ою-өрнекті орынды қолданып жүрміз бе?
Көп таразы көңіл қазы. Көптің таразысына әр пікірдің мұртын бұзбай салдық. Талдап, саралау өз еншілеріңізде. Дегенмен ұлттық нақышты ұтымсыз қолданып, атадан мұра болып қалған киелі өнердің киесі ұрмаса, қазақы қалыптың мұрты бұзылмаса болғаны.

#НаурызДода
Әрі қарай