Белсенділік
- 15 қазан 2015
-
пікір жазды - топик Мен оны #ЖАТырқамаймынӘрине, әр нәрсенің өз проблемасы бар. Дегенмен, еврейлерді мысал келтіргендегі мақсатым — ұлт мүддесі дегенде олардың жұмыла кететіндігін елеу. Ол ұлттың да өзіндік аласы бар, алайда сол алалықты дәл біздей шулатпайды, көрсетпейді, және ең маңыздысы — кез келген мүмкіндікті, мәселені өз мүддесіне қарай тартады, ырылдаспайды…
- 14 қазан 2015
-
-
пікір жазды - топик Мен оны #ЖАТырқамаймынЖеке басын сауғалап кеткен еврейді көрген жоқпын. Олардың мықты қасиеті — бір-біріне пікірі қарсы болса да, ұлттық мүддеге келгенде — барлығының басы бір жағада, сол себепті "өліп барып, тірілген ұлт". Және, бабаларымыз жеке мүддесін ғана ойласа — осынша жер, қадірсіз қалып бара жатқан ұлттық дәстүр де болмас еді.
Иә, қазір көпшілікте жеке мүдде басым, себебі — бізді біріктіретін ұлттық идеология жоқ, осыдан келіп «ортақ мүдденің» ғылыми түсініктемесіне жүгінесіз… -
пікір жазды - топик Мен оны #ЖАТырқамаймынИә:)))) Табиғаты дара фильм! Мен сол келінді ғой көрместен, депутаттардың айқай-шуына қарап, Ермек ағаны түсінбей, жағамды ұстағам — жек көргем:(((
-
пікір жазды - топик Мен оны #ЖАТырқамаймынАлысқа — Исаның туылуына бармай-ақ, сіз "ұлттық болмыс" дегенде нені айтасыз?
-
пікір жазды - топик Мен оны #ЖАТырқамаймынҚұрметіңізге рақмет.
Бірге жұмыс істеп, ол кісінің мықты драматург қана емес, күшті менеджер екенін де жақсы білемін. Қазір кино режиссері ретінде тамашалап жүрміз. Мен өзімді ешқандай құрбан санамаймын, кемшілігін жоғарыда айттым, соқырсып құр мақтағам жоқ. Мен үшін ең бастысы — тарихи туындының дүниеге келгені, осы тұрғыда оны «жоқтаушы» деп бекер атамасам керек. Мен кемшілік пен қателіктен биік болғанымызды қалаймын, сонда асыл мақсаттарға жетуге, ортақ мүддені қозғауға болады.
Жалпы табиғатымнан: ақты — ақ, қараны — қара дейтін адаммын:))
Көптен бері қол үзіп қалып едім, енді қайта уақыт тауып келіп тұрамын.
Сізді де сыйлаймын. Мен үшін әрбір қазақ — жалғызым!
Рақмет -
пікір жазды - топик Мен оны #ЖАТырқамаймынXXI ғасырда адамды — ұлтты физикалық тұрғыдан қырып-жоймай-ақ, санасын улау арқылы жоюға болады. Өзіңіз білетіндей, қазіргінің қаруы — ақпарат. Сол себепті, адамның бойында лабораториялық сараптамаға жарамды ұлттық гені болғанмен, санасы ЖАТ болып тұрса, ондай жерде ұлттық дүние іздеп әуре болудың өзі артық.
-
пікір жазды - топик Мен оны #ЖАТырқамаймынМәселе сонда, ұлттың болашағы ұлт ретінде үзілгелі тұрғанын қара көздің бәрі бірдей ұғына бермейді. Сол себепті, сіз ұлтына сүйсінген, жаны ашыған нағыз азамат болсаңыз, өзінің қазақ екеніне намыстанатындар барын ұмытпауымыз керек, және «Ой салатынын» дәл соларға қатысты айтып отырмын. Күнделікті тіршіліктің себебімен кете барған бүгінгінің азаматы, ғаламданудың соңынан еріп, бейқам жүре берсе, ертең ұлт ретінде өшетінін ойлай бермейді.
-
- 13 қазан 2015
-
жаңа пост жазды - Мен оны #ЖАТырқамаймын