Жарияланымдар

Rahmanberdi
Мүлдем ештеңе білмейтін мұсылманды елестету қиын. Алла қаншау екенін де білмеймісіз?
«Білем» десеңіз —
Білмейміз ғой (ешнәрсе)
деген сөздеріңіз қайда қалды?! Алла қанша екенін Құраннан қарап түсінуге болмайды ма екен? Ғалымдардан сұрау керек па тек қана?
Алла анық айтты ғой: "Тәңірлерің — жалғыз ғана тәңір"
«Білмейм» десеңіз — мұсылман адам бұны білмеуі мүмкін бе?
Ал екіншіден, сіздің ешнәрсе білмегеніңіз барлық адамға қатысты ма?
Rahmanberdi
Жақсы! Онда былай:
бірден ғалымдарға жүгіне берсек болмай ма?
Алла: "Егер білмесеңдер" деп шарт қойды.
Rahmanberdi
Онда Алла: "(Білсеңдер де, білмесеңдер де,) білім иелеріңнен сұраңдар" дейтін еді ғой.
"Егер білмесеңдер" деп шарт қойды. Бекер емес шығар!
Rahmanberdi
Біріншіден, мен Рахманжан емеспін. Рахман ол — Аллаһтың ғана есімі.
Егер қарапайым адам мен ғалымның түсінгені сәйкес келмей қалса не болады?
Екіншіден, ондай таңдау боп жатса, әрине ғалымдардың түсінігіне жүгіну керекпіз.
Алла Тағала: "Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар!" деп бұйырды.
Енді ойлай бер секталар, ағымдар (хизбут, сопы, таблиғ және т.б.) қайдан шықты?!
Олар ғалымдарға Құран мен Сүннетті түсіну барысында жүгінбеген.
Rahmanberdi
Құранда анық нәрселер бар, оларды қарапайым адам да, үйреніп келе жатқан кісі де түсінеді. Солар арқылы жаратылыстарға құжат (дәлел) жеткізіледі. Сол сияқты Құранда тек ғалымдар ғана түсінетін нәрселер бар.
Иә, Құран мен Сүннетте тек наыз мужтәһид қана ұға алатын нырселер бар, алайда оларда қарапайым халық та түсінетін көптеген нәрселер бар. Мысалы, Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа құлшылық етіңдер де, Оған ешкімді серік қоспаңдар» (Ниса сүресі, 36-аят). Тағы да Аллаһ: «Расында, кім Аллаһқа серік қосса, оған Аллаһ жәннатты харам етеді, әрі оның орны тозақта болады. Залымдар үшін еш көмекші болмайды», — деді (Мәида сүресі, 72-аят). Тағы да Ол былай айтты: «Зинаға жақындамаңдар» (Исра сүресі, 32-аят). Тағы да Аллаһ: «Сендерге өліксе тыйым салынды», — деп айтты (Мәида сүресі, 3-аят). Сондай-ақ, Аллаһ Тағала былай деді: «Иман келтіргендерге көздерінтүсіріп жүрсін, әрі жыныстық мүшелерін сақтасын деп айт» (Нұр сүресі, 30-аят).
Бұл аяттар түсінікті ғой, оны қарапайым жұрт еститін болса, әлбетте түсінеді.
Аллаһ Тағала: «Неге олар Құранға ой жүгіртпейді?», — деді (Ниса сүресі, 82-аят). Бұл барлық мұсылмандарға қатысты.
Әрбір адам Құраннан, Аллаһтың жеңілдеткенін түсіне береді. Қарапайым кісі өзінің дәрежесіне сай, үйренуші өзінің дәрежесіне сай, білімде орныққан ғалым өзінің дәрежесіне сай түсінеді. «Ол аспаннан су ағызады, сонда әрбір ойпат мөлшеріне қарай селге толады» (Ра`д сүресі, 17-аят). Сол сияқты, Аллаһ түсірген білім де, оны әрбір жүрек өз мөлшеріне сай қабылдайды. Әркім өз түсінігіне сәйкес аяттардан пайда алады. Ал енді Құранды нағыз мужтаһидтен басқа ешкім және мүлдем түінбейді деу, әрине дұрыс емес.