Nurgisa
+950.43

Nurgisa

Нұрғиса

Қолданушының жетістіктері және марапаттары

?

Майталман пікірші

КерекИнфо жұлдызы

Аспаз

Тіл маманы

Құрметті қолданушы
  • еркек
/ / 136 / 1939 / 3
Домбыра пати Астанада!

Кеше Арқаның төсінде, Астананың төрінде, Бәйтеректің жанында, Керуеннің алдында Керекшілер ұйымдастырған тамаша іс-шара өтті. Шартты түрде «Домбыра пати» атауын алған іс-шараның басты мақсаты — домбыраны, қазақшылықты насихаттау. Ұмытыла бастаған игі дәстүрді қайтадан сәнге айналдыру. Астана уақытымен кешкі 21.30-да басталған пати 23.00-де аяқталды. Керекшілерден бөлек қыдырыстап жүрген адамдар да қызықтады. Өнерлерімен бөлісті. Соңында «Көп...

/ / 48 / 2151 / 1
Ердақын Ырсаечтың агенті мен әйелі

Ердақын Ырсаеч жұмыс көлігін тұраққа қойып, алынғанына екі-ақ ай болған Toyota Camry-дың есігінен гүрсілдеп, әрең түсті де, кеңсеге беттеді. Жуан қарын сары портфелі салп-салп етіп аяғын ұрып қоймаған соң, көтеріп, қарнына қойып, қапсыра құшақтап алды. «Саламатсыз ба, Эрдакын Ырсаеч», «Ердақын аға, ассаумүким». Офис-менеджер болып істейтін құдасының кіші қызы мен күзетші қылып алған ауылдағы жамағайынының баласы орындарын қатар тұрып, жамырай...

/ / 18 / 1731 / 1
Қансонар

Аппақ далада қарайған екі ноқат көрінеді. Бірі үлкен, екіншісі кішкентай. Үлкені қаракер ат мініп, қарсақ ішік киіп, қарына сойыл ілген жас жігіт.Кішісі сол жігіттің қара тазысы. Ақ қарды алғаш басқан тазының күшік мінезі әлі басыла қоймаған тәрізді. Біресе жапалақтай жауған қарды қауып, біресе тұмсығын қарға тығып-тығып жіберіп, басын шайқап отыра қалады. Ерте көктемде нағышысының ауылына барған Жексен осы күшікті қояр да қоймай алып кеткен болатын....

/ / 68 / 4372 / 8
ҚҰДАЛЫҚ ХИКАЯСЫ

Біздің ауыл сұрағанға Тастай деп аталады. Біреу білер, біреу білмес. Қараүзген ауданы, Қоқан совхозының білдей бір бөлімшесі. Он екі түтіні бар алақандай ауыл. Оған қоса, 4 кластық бір мектеп, 2 мұғалім және Кеңес кезінен мұраға қалған жалғыз мәдениет үйіміз бар. Жылына бір жиналатын біз секілді қаладағы студенттер жазда мәдениет үйінің аузындағы қара құлыпты алып, үлкендерге кәнсерт қойып береміз. Басқалай ауылдың өз қызығы өзінде. Ауылымыздың...

/ / 11 / 3394 / 2
Анама

(1998 ж, жаз) Анам барда күлімдеймін, күлемін, Сен болмасаң қалай өмір сүремін? Анам барда керегі жоқ ештеңе — Анам менің жүрегім мен тірегім. Анам менің! Дүниедегі асыл жан! Мейірімі шуақ болып шашылған. Анашымның өнегесі, тәлімі Жадымда бір кітап болып басылған. Анам менің бұл дүниеде көнерім, Анам менің бұл өмірде сенерім. Теңдесі жоқ үлкен сыйлық емес пе, Анашымның “айналайын” дегені!