Жарияланымдар

MakpalToktarbekkizi
Мен, Салбырова Макпал Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті география мамандығының 2 курс докторантымын. Біз ғылыми жұмыс барысында мектеп оқулықтарын талдап, пайдаланамыз. Сондай оқулықтардың бірі — 9 сыныпқа арналған «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы». Аталынған оқулық оқушыларға экономикалық білім беретін бірден-бір оқулық болып табылады. Оқулық авторлары Е.Ахметов т.б., «Мектеп» баспасынан жарық көрген. Оқулық мазмұны оқушылардың түсінігіне жеңіл, жақсы жазылған.
Оқулық оқушыларға шаруашылық аумақтың орналасу, халқының қоныстану және табиғат ресурстарының таралу заңдылықтары жайлы жан-жақты экономикалық-географиялық білім береді.
Сондай-ақ, бұл оқулық халықтың өмір сүру жағдайын, жұмысын, демалысын, қызмет көрсету салаларын қарастыра отырып, оқушыларға әлеуметтік те білім береді.
Қазақстан аумағында орналасқан металлургия, химия, құрылыс материалдары т.б. кәсіпорындарының қоршаған ортаға қатты және газ түріндегі қалдықтарды шығару барысындағы ластану нәтижесі оқушылардың экологиялық білімдерін кеңейтеді.
Міне, осындай талдаулар арқылы «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» пәнінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық білім берудегі маңызын білеміз.
Заман талабына сай, оқулық өмір өзгерістерінен қалмау үшін, белгілі бір мерзімде оның мазмұнына толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп қайта басылып отырады.
Сондықтан, біз, білім беру саласының мамандары қазіргі маман талабына сай «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқулығының қазіргі авторлары басшылығымен өңделініп, қайта басылып шығатын оқулығын асыға күтеміз.
Біз ғылыми жұмысымыз барысында мектеп мұғалімдері, оқушылар және студенттермен жиі кездесіп «География» оқулықтары жайлы пікір алысамыз.
Сондай пікірлердің қорытындысы 9 сыныпқа арналған «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқулығының ғылыми, әдістемелік мазмұны мен дәрежесінің жоғары екенін көрсетеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің
«Жаратылыстану және география» институтының
2 курс докторанты
Макпал Салбырова