Жарияланымдар

Kozi2012
Күннің жылы шуағын аңсағанда,
Бұрқасын қарлы аяздан шаршағанда,
Күлімдеп көктем келді жайма шуақ,
Әдемі сырын сыйлап барша адамға.

Жымыңдап бар тіршілік ұйықтап жатқан,
Үйреніп қуануды қозы лақтан.
Сәбидің күлкісіндей сыңғырлайды,
Шаттанып сыршыл бұлақ ағып жатқан.

Аңсатып ару көктем келіп жеткен,
Әсем қыр керіледі тау етектен.
Көк майса қызыл кілем жамылып ап,
Далам жатыр қысыңмен еңбек еткен.

Бүршік жарған махаббат дірілдейді,
Ерке сылқым арулар күлімдейді.
Балаң жігіт ұрланып қарап қояр,
Ұяңдықтан жүргені білінбейді.

Сығалап туырлықтан сылқым ару,
Жүрекке өрекпіген таппай дәру.
Қарайды келе жатқан аттыларға,
Жігіттің бір сөзіне болып зәру.

Кетеді ойлар кезіп шартарапқа,
Көктеммен қайта оянып махаббатта.
Аңсаған сүйіктісін қайран ару,
Түсуге дайын тұрар жанған отқа.

Насыреддин Қожырбае
Kozi2012
Бұл дүниеде еш нәрсе жоқ өлшеусіз,
Бұл өмірде еш нәрсе жоқ мөлшерсіз.
Кісі ақысы жамандықпен өлшенер,
Басқа түсер аумай төкпей білсеңіз.

Кісі ақысын жегенше нәпсеңді тый,
Арамнан мал жиғанша адалдан жый.
Адал малың бойыңа жақсы сіңіп,
Өмір өзі көрсетер саған мол сый.
Kozi2012
Өткенде тамаша өтеді көз жанның айнасы деп бекер айтпаған, тек аңғарымпаз болу керек.
Kozi2012
Ол қулық сұмдықтан көрі компютеріңізге немесе ноутбугіңізге жеке пайдаланушы ашып бес сан, бес әріптен, бес символдан (барлығы онбес) тұратын пароль салсаңыз жетіп жатыр. Өзіңізден басқа ешкім кіре алмайды.
Kozi2012
Сізге әңгіме айтып отырған адамның көзіне кірпік қақпай тіке қараңыз, сонда оның айтқанының жалған немесе шынайы екенін айыра аласыз. Ол үшін психолог болудың қажеті жоқ, сәл сезімталдық болса жетіп жатыр.
Kozi2012
Жүрек шіркін ақтық демін алғанда,
Жете алмай кетті ау талай арманға.
Далам үнін кеудесіне сидырған,
Сенен асқан барма мынау жалғанда.

Талай сырлар қалдыма екен қазылмай,
Талай жырлар қалдыма екен жазылмай.
Абыз бейнең қалды елдің есінде,
Естен кетпес сырлы бұлақ сазындай.

Әбіш аға өзің жазар жыр қандай,
Келер ұрпақ ұғарма екен сормаңдай.
Ұлы тұлға Азаматтан айрылып,
Бүкіл дала аза тұтып тұрғандай.
Kozi2012
Нәпсе құмарлық түсірмейді дұрыс жолға,
Жалған сезім құлатар терең орға.
Шынайы сезім ғана тербетеді,
Жаныңды місе тұтқан, барын қолда.
Kozi2012
Лебедь, щука и рак,
Жолдарың қапты бытырап.
Екі сөзді қоса алмай,
Жастар неге құтырад.
Kozi2012
Ақша қардай аппақ болған құрбым ау,
Сезімнің қылын дөп басып Өзің тұрдың ау.
Себелетші ұлпа қардай сезімді,
Құлазып көңіл, жазылмай қалған жыр мынау.
Kozi2012
Бытырап ойым быт-шыт боп,
Келмейді өлең жолдары.
Бұрынғыдай сезім жоқ,
Қаламым солай оңбады.