Kozi2012
-0.23

Kozi2012

Насыреддин Қожырбайұлы

/ / 0 / 47 / 0
Ауылдан шықтым

Ауылдан шықтым сырымды саған ақтарам, Ауылдан шықтым осыным менен мақтанам. Ауылым менің -алтын бесігім тербеткен, Мейірімділіктің сөлін бетіне сақтаған. Ақсақал көрсем, ауылданба екен, — деп қалам, Ауылдан шыққан...

/ / 1 / 266 / 0
Япырай не боп кетті заман деген

Япырай не боп кетті заман деген, Арам болып шығады адал деген, Адал болып шығады арам деген. Бірін бірі жамандап байыз таппай, Ақ қарасын айырмай түтіп жеген. Содан соң виртуалды басты қасып, Бір біріне лайк қоюға болар асық. Біреулер кіші пейіл болып жатса, Біреу жүр боқауызбен асып тасып. Біреу жүр селфилетіп бұрқыратып, Бір бірін ФБ дан жүр тырқыратып Күллі әлем отырғандай алақанда. Өмірдің кетті ау мүлде сұрқы қашып....

/ / 0 / 48 / 0
Жаяудың монологы

Мен жаяумен, Жаяу Муса боламын, Мен байырдан. Мен жаяумын, Аттыға еремін,-деп, Тоңы айырылған. Сыртым бүтін, Ішім түтін мен бір жан. Қашан ғана атар екен, Біздің таң. Жаяу жанды жаяулық, Күнінен бұрын қартайтар, Бөрі арығын білдірмей, Сыртқа жүнін қампайтар. Мақтануға шебермін, Әп әдемі киінгем. Бірақ, бірақ амал не, Тойған адам ас іше алмас үйімнен. Ашық, шашық күйім бар, Суға кетіп құлағалы үйім бар....

/ / 0 / 58 / 0
Ақтауым менің

Ақтауым менің қанатын жайып қалықтап, Күн сайын өсіп келеді жәйлап анық бақ. Шет жақта жүрсем өзіңе қарай асығам, Ұштасқан тағдыр, шағала қиял шарықтап. Ақмаржан қалам қанатым сенде бекіді, Жаныңды тербер түнгі қаланың тек үні. Теңізге төніп, еңкейіп тұрған ақ қалам, Каспийде тұрған ғажайып жұмақ секілді. Ақтауым әнім, арулығың маған керегі, Ақ шаңқан үйлер баурыңда өрбіп келеді. Арманымның толқыны шайқап тербеп тұр,...

/ / 2 / 320 / 0
Етігімді бірге көм.

Баяғыда Əкем айтқан əңгіме түсті есіме, Өздеріңе жырлап бермей бұлданайын несіне. Туу хақта өлу хақ ғой, дүние қума қарағым, Сұм дүниенің жолына түссең ашылады араның. Ертеде бір Бай өтіпті өзі сараң, өзі сұм. Сан жетпейтін малы болған түрінен төрт түліктің, Өмір бойы дүние қуған түбіне жетпей мүліктің. Кедейлерді сорған дейді сорғанындай сүліктің. Күні бітіп жаратқаннан хабар жеткен баяғы, Дүние — мүлкі бұлбұл ұшып жан алқымға...

/ / 0 / 50 / 0
Әкімнің монологы

Әкім болдым мінеки, әкім болдым, Халыққа бірер қадам жақын болдым. Күні кеше жүр едім мүжәлсіз боп, Бұл күнде мың бір тәубе болып толдым. Құдай ау май шелпек ғой әкімдігің, Қалайша білмегенбін бұдан бұрын. Жымиып, басың бағып жүрсең болды, Саусаң сүті сарқылмас биелі құлын. Жоқ деген сөз болмасын лексиконда, Мұрның барда бір сіңбір қолда. Мұртыңды балта шаппас, қысылмастан, Уәдені бере бер оңды солға. Алайда таппағайсың...

/ / 0 / 129 / 0
Сұм дүние

Сұм дүние Қысқа уақыттың қадірін білмей адамдар, Отыра қалып бірін — бірі жамандар. Нәпсесінің құлы болған өмірі, Толып жатыр арамызда сараңдар. Қыстың күні қар сұрасаң бермейді, Ал, берерің болса бері кел, -дейді. Байи берсе байығанның үстіне, Ақшаны ойлап күні-түні терлейді. Сараңдықтың тасасында қалады, Мейрімділік, адамшылық қасиет. Нәпсі шіркін сөйтіп әлек салады, Әлсіз жандар ақша алдында бас иед. Сабындай ақ...

/ / 0 / 101 / 0
Өз үйімде

Өз үйімде кеңге салып арқаны, Босаңсыған қуатымда артады. Кей нәрсеге ызалансам куінсем, Өз үйімде бәрі соның тарқады. Өз үйімде өлең төсек жайғассам, Тәтті ұйықтаймын кірпіктерім айқасса. Кісі үйінде ілінбейді көзімде, Еске түсіп бастан кешкен қай қайда Қайран меніқ қадірі жоқ өз үйім, Ыстығыңа күиіп суығыңа төзеиін. Босағадан аяқ шығып жатсада, Депті қазақ, -«Кең сарайдай боз үйім». Өз үйім ол Ұлы Отанның макеті,...

/ / 0 / 177 / 0
Отан деп соққан жүрегім

Ақ сүтіменен анамның, Бойыма сіңген ізгілік. Осынау жасқа келгенше, Көрсетпей өстім түз қылық. Жастайымнан білемін, Отан деп соққан жүрегім. Отаным менің отбасым, Отаным мәңгі тірегім. Отаным менің ордалым Отаным менің орманым. Отаным менің кең далам, Отаным менің қорғаным. Отаным менің ардағым, Отаным менің арманым. Тапжылмас темір қазықтай, Отаным бағыт бағдарым. Отаным, Қазақ бір ұғым, Соны ұғып өскен мен...

/ / 0 / 116 / 0
Өмірің сенің өлшеулі

Өмірің сенің өлшеулі, Ертеңмен күнді өткізбе. Ауызы бір болса төртеудің, Төбедегі келер деп білде. Жұмыла алған жүк жеңіл, Болса да қанша зіл темір. Үні шықпас жалғыздың, Жоғалар сөйтіп бірте бір. Ауыз бірлік Қазаққа, Керек ақ мынау заманда, Әр бір көрген «азаптың», Орыны толмас әманда. Өтеді уақыт өтеді, Қалады есте «кешегің». Істеген ісің бүгінгі, Ұрпаққа берер есебің. Жақсы не жаман еткенің, Уақыт шіркін...

/ / 0 / 136 / 0
Бұл өмірде бәрі бар

Бұл өмірде жақсы да бар, жаман бар, Бұл өмірде сөз ұқпайтын надан бар. Бұл өмірде ақылы шексіз дария, Ойы ұшқыр, сөзі дана адам бар. Бұл өмірде тағыда бар: күнмен түн, Бұл өмірде қарық-қарық күлкі, мөлдір үн. Бұл өмірдің қатігезін, шипасын, Анашымның құрсағында ақ білгенмін. Ақ пен қара қатарласып жүреді, Жақсылықта жамандықтың тірегі. Бір бірінсіз қадірі жоқ, мәні жоқ, Ұсқынсызсыз сұлу болмас іреңі. Түсінбесең...

/ / 0 / 195 / 0
Атасы басқа аттан түс

Тосыннан жау келгенде ерттеп мініп, төбелмен, «Атасы басқа аттан түс» — деп інісін алып жөнелген. Інінің орнын айшықтап айта білген әуелден, Қазақтан басқа халықты таба алмассың бәр елден. Тай құлындай тебіскен, аға мен іні бір ұғым, Ініңдей жақын бола алмас, болса да қанша көп ұлың. Кәрі шаңырақ иесі, інінің орны бір бөлек, Сөндірмей жаққан ошағын ата-анаңның, соны ұғың. Інің емей немене ата-анаңның ошағы, Түбірін тауып қазекем...