Жарияланымдар

ErzhanKhamitov
Иә Сізбен келісемін. Бірақ, бәрібір ақпараттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр ғой. Сол қағазбастылықты көбейтпей-ақ бірден мен айтқан ұсынысқа көшсе тиімдірек болмай ма?
ErzhanKhamitov
Той бизнес өте қатты қарқынмен дамып келе жатыр. Той да көп, тойға қызмет ететін асаба да көп. Бәсекелестік бар жерде сапа да жоғары.
ErzhanKhamitov
11 күннің ішінде халық тез-ақ жалығып кетті) Желіде «Надоела», «Началось» деген сияқты пікірлер толып жүр. Әлде ондай пікірді айфоны жоқтар жазып жатыр ма екен?)
ErzhanKhamitov
Жәйрем кентінде шамамен 10 мыңға жуық халық тұрады. Бір жылдары халық саны қала статусына жетерліктей болған екен. Бірақ, жұмыссыздықтан ба немесе қаладан қашықта тұрғандықтан ба халық тарап кетіпті. Содан болар бос үйлер көп.
ErzhanKhamitov
Өнерді бағалайтын ақсақал болса керек. Қасыма келіп той жақсы болды балам деп рахметін айтты. Біраз тарихи әңгіменің басын қайырды. Маған да сондай әңгімелер керек еді, қай жаққа барасыз деп таксиге бірге отырдым. Сол сәл уақытта «Жылдиды аққу» және Шәмші ағаның «Сыр сұлуы» әні туралы бір оқиға айтып берді. Журналист, жазушы болмаған соң «Сыр сұлуы» туралы оқиғаны жазба түрде жеткізу қиынға соғып тұр.