Парақша

shandi23
Hello ,i am Shandi Cabrera from united states of America and i will like us to establish a good relationship and please try to write me at (shandiby01@gmail.com) then i send you my pictures then introduce myself more better to you ok
3456789
«Заказной аталардың» дәурені жүріп тұр-ау…

Қазіргі қарттардың бүгінгі буынға үлгі болар сыйқы бар ма?! Қазақтың қариясы жастарға бағыт пен бағдар сілтейтін, ақылға қонымды әңгіме айтушы еді. Шежіре шертетін данагөйлеріміздің орнын жең мен жаға «щеткілегісі» кеп тұратын жағымпаздар басқан ба дейсің?! Алайда ел арасында жұрттың жоғын түгендейтін айтқыш аталарымыз да жоқ емес. «Арызқой шал» деген атаққа ілінген оларды әкім-қаралар келгенде маңайларына да жуытпайды. Ал біз сөз еткелі отырған ақсақалдар жаттанды бата беру шеберлері мен шекпенділерді мақтағанда май тамызатын авторлар.
Тамыз айында ауыл әкімдерінің сайлауы өткен күні-ақ қала әкімі әр әкімді өз «тағына» отырғызғанын білесіздер. Сондағы көрініс те сол бағы «сценарий». Жылы орынған жайғасқан басшыны басына аяғына дейін кір жуытпай, алғыс жаудыратын көнекөз деп танитын – қариялар. Көксегені «бала-шаға ма бір пайдасы тие ме?» деген ниет қой. Әйтпесе жаңадан келген әкімнің алдында құрша жорғалап, тірі әлекке түсетіндей не көрініпті?! Хош… Бұл жаңа әкімдер жайында ғой.
Жуық арада аймақтағы «бірінші кісінің» қатысуымен бір ауылда жаңа ғимарат ашылды. Содан не керек, бір атамыз ортаға шығып алып, Қызылордадан «пойызы жүріп кеткен» әкімдерді де бір түгендеп шықты дейсіз. Кезіндегі Адырбековты айға шығарғаны былай тұрсын, Құл-Мұхамед пен Қуандықов «Қызылорданы құлпыртты» деп көсілсін. Ай-й-й, айтқызбасым айтқызбады-ау сонда…
Осылай жоғарыдан қонақтар келген сайын «заказной аталардың» дәурені жүріп тұр-ау деймін… Айта кетерлігі, олардың бар міндеті – ел мұңын айтып «жоқтау» емес, жоқты бардай етіп мақтау.
Аталар, өз абыройларыңызды өздеріңіз түсіретіндей не көрінді сонша?!
ЖарБолсын