Жақсы дос - жан азығы
Ата-бабаларымыз кезінде өзінің жан досы үшін өмірлерің қиып, қиындықтарына бірге төтеп берген. Ал, қазіргі таңда жан дос деген некен-саяқ. Көпке топырақ шашпаймын, бес саусақ бірдей емес әрине, алайда кейбір достар өзінің жолдасын қызғаныштан, көреалмаушылықтан бұрыс жолға бағыттатып отырады. Шынайы дос — қашан да бір-біріне адал, арам ойлары жоқ, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын жандарды айтуға болады. Достықтың сақтаушысы, қорғаушысы адалдық пен шынайылық деп ойлаймын.
Дос деген киелі ұғым. Дос — биікке жетелейтін, шыңға шығаратын, көкке көтеретін, қызық қуанышына ортақ, қиындықта демеу болатын жан. Нағыз достар бір-біріне сенім артатын, жақсылығын асырып, жамандығын жасыратындар. Дос табу оңай, бірақ оны сақтау қиын. Бақтағы гүлді дұрыс баптап өсірсең, әдемі, жайқалып өсіп тұрады. Солай, достықты да баптап сақтасаң ұзағынан болады. Сондықтан да достық ұғымы мәңгілік сақталсын, берік болсын десең, өзің дұрыс бағбан болуың қажет. Бұл ұғым биігінен төмендемесін десек әрбір адам дос тұрғысынан адал болғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болары анық. Ал, сіздер үшін қазіргі уақытта достық ұғымы базардағы бағадай арзан ба, әлде қымбат па?






Біз ғаламторды емес,ғаламтор бізді билеген заманда. Доллар құны өсіп, теңгеміз күйреген заманда. Жігіт пен қыз қосылып, шынайы сүймеген заманда. />
Айтеуір бір-бірімізді туда-сюда сүйреген заманда өмір сүріп жатырық.
Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, Шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес деуші еді дана қазақ.Бұл күндері бұл тәмсілден де мән кеткен сияқты.Өмір адамға бір-ақ рет берілетін Алланың сыйы. Алла тағаланың алдында барлығымыз тең дәрежедеміз. Менің түсінігімше жалпы адам баласы өзін ешкімнен кем немесе артық дәрежеде ұстауға тиісті емес. Алайда, соңғы уақытта көп байқап жүрмін, бұл өмірде өздерін өзгеден жоғары ұстайтын жандар көбейіп кеткен. Көмек сұрап, аға-көкелеп келген жандарға мұрнын шүйіріп, тіпті кейбіреулерін адам санатына да қоспай, айтқан сөздеріне құлақ та аспай жатқандар да бар. Осындайда: «Адам» деген қастерлі атаудың қадірін кетіру осы шығар дерсің!.. Мейлі, шені, шекпені жоғары болса да ол да жаратылыстың күшімен Анадан туды ғой… Сонда өз мінезімен, алған тәрбиесімен туған анасын соншалықты ұятқа қалдыруға бола ма екен?" деп ойлайды екенсің…


