Әмеңгерлік

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенді біз бүгін шығарған жоқпыз. Керегін алып, керегі жоғын өмір сүру салтымызға орай тарих қойнауына қалдырып кете береміз. Дегенмен, кейінгі жылдары ұмытыла бастаған дәстүрлеріміздің біразының қайта жанданғаны рас. Оның барлығына шолу жасау бір жазба аясында мүмкін емес шығар. Сондықтан да мен «Әмеңгерлік» жайлы айтсам ба деп отырмын.
Бұл дәстүр жаугершілік замандарда қазақтар арасында кеңінен жайылған. Жесір қалған әйелді сол әулеттің бір еркек кіндігі алып отырған. Жас айырмашылығы қатты алшақ болмаса марқұмның інісі алған, болмаса «Бауырымның балаларын басқаға жәутеңдетпеймін» деп қайнағасы қатын үстіне алған кездер де болған. Үйреншікті жайт еді бұның бәрі. Келіндерін қыздарындай ұзатқан оқиғалар да болған.Бұндай кездерде балалар өз әулетінде қалып отырған.
Қазір осы дәстүр бар ма? Ел арасында бірен-саран уақиғалар кездесіп жатады. Бірақ, жиі ұшырасамыз дей алмаймын. Бізге керегін немесе керек еместігін әр кім өзі текшелеп алсын. Мен, «Әмеңгерлік» салтына жанама түрде қалай куә болғанымды баяндап берейін.
Әрі қарай

Әулеттің сиқын бұзған әлеуметтік желі

Алиша: Әулеттің сиқын бұзған әлеуметтік желі
Мынау М-Агент деген бәлеге байланғандар көп-ақ, байқасам. Өткен жолы бір таксиге отырсам, көлік жүргізуші көлігімен бірге қалтафонын да «айдап» келеді.
«Тюң-тюңг»… О, бір хабарлама келді. «Фшть»… жолдаманың иесіне жауап та жол тартты. Бұған деген тәуелділігі алдында оның санасы қауқарсыз… Аттың басын жібердім…
Әлеуметтік желінің әлегі бір әулеттің әрін кетірді. Бір танысымның күйеуі ауысымдық әдіспен жұмыс жасайды. Бір ай үйде болса, келесі айы — түзде.
Әйелдер әдетте телефон тексеруге құмар келеді ғой… кіріс — шығыс жолдамалар, агент…
Әрі қарай