Соңғы қоңыраудан кейін...

Сонымен, соңғы қоңырау соғылды, жас түлектер қолдарындағы гүлдерін жақындарына тапсырып, сыныптастарымен бірге қыдыруға кетті. Қыдырғанда сол орталық саябаққа барады, үйлеріне келіп бір тамақ ішеді да, киімдерін ауыстырып әрі қарай, дайындап қойған ресторандарына баруы мүмкін. Бізде солай болған. Қазір, жастардың арасында темекі тарту, арақ ішу бұрынғыдағыдай мода болмағандықтан түнгі қыдыру ұзаққа созылмайды. Оның үстіне алда әлі ҰБТ бар дегендей. Ал, Сіз, көрші орыстардың мектеп бітіріп жатқан түлектерін көрдіңіз ба? Көрмесеңіз орыстардың белгілі блогері Варламовтың постына сілтеме жасайын varlamov.ru/1741557.html (бұл сияқты суреттер жетеді. Желкенішті иа?!)
Блог - ErzhanKhamitov: Соңғы қоңыраудан кейін...
Олардың жанында біздің түлектер әлі бала ма деген ойға келдім. Ол тіпті жақсы да. Себебі, екі адам кетіп бара жатса біреуінің қолында міндетті түрде арақ немесе пиво. Енді олардың тегі мен тәрбиесіне күмәндана беріңіз. Ресей шынымен де ішіп кеткен ел екен ғой. Болашағы мынау болса келешегі не болады? Мектеппен қоса балалық шақтары да бітіп бара жатқанын аңғармайтын сияқты. Бұл дегеніңіз 1-2 жылдан кейін әлеуметтік желілердегі «Жалғыз басты әйелмін. Балам ауыру. Көмек беріңіздер!» деген сурет…

Қызын қырық үйден тиып, бөтен үйге қондырмайтын, ұлын бөтен үйден тойдырмайтын қазағымның тәрбиесі мықты ғой. Бұл постты үйренсін деп емес, жиренсін деп салдым. Әйтпесе, көрші орыстарға еліктеп кететініміз жоқ емес қой)
Бейбіт Сарыбай айтпақшы "Әрбір пост, бір тост сияқты")
Әрі қарай

Келесі тоқсаннан бастап оқимын

Соңғы қоңырау! Балалардың мұғалімдерден құтылып, мұғалімдердің балалардан құтылып мәәз болып жататын кезі ғой. Неге екенін білмеймін "қызыл күн" болмаса да 25 мамырды жақсы көремін. Мектеп бітіргеніме 7 жыл болса да осы күні оқушы кездегі қызықты сәттерді бір еске түсіріп қоямын. ҰБТ-ның әлегі, апта сайын болатын сынақ тесттер, оның жауабын күту, дым сатып алып жемесең де асхананың жанында тұру, дене шынықтыруда «футбол ойнайықшы» деп жалыну, күнделікті жоғалтып жіберіп жаңадан бастау, айына бір рет келетін кезекшілікті айтсаңызшы. «Жүгірме! Жазып аламын» деген сөз жиі есіме түсіп тұрады) Мұғалімдердің «Сен оқысаң оқитын баласың, просто жалқаусың» деген сөздері де есімде) «Мұғалім осы жолы 4-ке қортыңызшы, келесі тоқсаннан бастап оқимын» деп жүргенде 11 жыл өтіп кетіпті ғой. Мен мектеп бітірген жылдары сыйлығыңыз бар, рестораныңыз бар барлығын қосқанда 50 мыңның шамасында жыйнайтынбыз. Бүгін, бір танысым 180 мыңнан жиналып жатырмыз дегенде жағамды ұстадым. Жаға ұстатты деген осы шығар) Айналайындар-ау ата-аналарыңды да ойласаңдаршы! Масқара ғой) Грант ұтып алатыныңа да сенімді емессің ғой…
Блог - ErzhanKhamitov: Келесі тоқсаннан бастап оқимын
ҰБТ-дан өтпей қаламын деп қорқып жүрген оқушылар, УАЙЫМДАМАҢЫЗДАР! 1 жылдан кейін қай пәннен қанша бал алғандарыңызды ұмытып қаласыздар. Барша жас түлектерге сәттілік! Жолдарыңыз болсын!
Әрі қарай

Биыл Астанада 4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Биыл Астанада 4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дейін аз уақыт қалды. Өтінімдерді қабылдау нәтижесі бойынша елордада 4106 оқушы жылдың басты емтиханын тапсырады. Қазіргі кезде оқушылар арасында сынақ тестілеу ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар, мектептерде мұғалімдер қосымша сабақтар өткізіп, әрбір түлектің жеке психологиялық дайындығына баса назар аударуда.

Астана жаңалықтары: Биыл Астанада 4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

ҰБТ қарсаңында мұғалімдермен, ата-аналармен және мектеп түлектерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, Sar Edtech нәтижелерді талдау электронды жүйесін пайдалана отырып, онлайн тестілеу жүргізілуде, бұл әрбір оқушының нәтижелерін талдап, жеке картасын әзірлеуге, оның қателіктері мен кемшліктерін көрсетіп, жеке-жеке жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Әдеттегідей, түлектер бірыңғай емтиханды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қазақ гуманитарлық заң университетінің базасында тапсырады. Тестілеу 1-7 маусымда өтеді. Тестілеуге үш жарым астрономиялық сағат (210 минут) уақыт бөлінеді.

ҰБТ тапсыратын оқушылардың ішінде, 196-сы «Алтын белгі» медалін және 89-ы ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер.

Еске салайық, шекті деңгейге (50 балл) қол жеткізе алмаған оқушылар басты ұлттық емтиханды тамыз айында ақылы негізде қайта тапсыра алады. Тестілеуді қайта тапсыру құны — 2242 теңге. Тестілеуге қатысу үшін ЖОО-ға өтініш, төрт 3х4 фотосуретін, жеке куәлік пен мектепті бітіргені туралы аттестатты ұсыну қажет.

Тестілеу қорытындысы бойынша университетке түсу үшін шекті балл жинаған, бірақ оны жақсартқысы келетіндер ҰБТ қайта тапсыруға жіберілмейді. Мысалы, қандай да бір пән бойынша түлек «2» бағасын алса, бірақ шекті балл жинаса, ол ҰБТ қайта тапсыра алмайды.
Әрі қарай

Ай, ҰБТ, ҰБТ!!!

Ай, ҰБТ, ҰБТ,
Оқушыларды қажытты.
Төмен балл жинаса да,
Үмітін олар үзбепті.

Армандары олардың асқақ,
Жетуге олар талпынбақ.
10-сыныпта ай әсте,
Үлгереміз дейді де,
11-сыныпта дайындалмақ.

10-сыныпты ойынмен,
Күлкіменен бітірер.
11-сыныпты уайыммен,
Тіпті, ҰБТ жайлы түс көрер.

ҰБТ бітіп кеткенде,
Баллдарын олар білгенде.
Бірі қуанып күледі,
Бірі өкініп жылайды.

Оқушылар үлкен сәттілік.
Жоғары балл жинауға.
Алмаңдар мүлдем екілік,
Алыңдар тек бес қана.
Әрі қарай

Грант! Грант! Грант!

Менде бір керемет сюжет бар...: Грант! Грант! Грант!

Ұлы қолбасшы Улисс Гранттың мүрдесі қабірінде жылына екі рет аунайды: бір рет — туған күні — 27 сәуірде Ұлттық Мемориалдық Мұражайда еске алынғанда; екінші рет — қаззақтар тамыз айының басында грантқа түскендердің тізімін іздегенде.
Әрі қарай

Мамандығыңызды өзіңіз таңдадыңызба?

Қазір байқасам 1 группада 25-30 адамнан тек бір екеуі ғана сол мамандықты таңдап түскен ал қалғандары жоғарыда аталғандай себептермен түскен. Сіздерде ондай жағдай болдыма? Бүгінгі таңда елімізде қандай мамандық сұранысты қажет етеді? қандай мамандық сұранысты қажет етпейді? Негізі қай бағытты таңдаған дұрыс? Ата-ана балаларына өздері жұмыс жасап жүрген саласын таңдауға мәжбүр етуі дұрыспа? Осы төңіректе ой қозғасақ.
Әрі қарай

Конкурсқа бірге қатынасайық, БҰТтан кетпейік

Білім гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері және оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім грантын беру туралы куәлікті берумен қоса бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23 – 31 шілде кезеңінде қабылданады.
Әрі қарай

БҰТ... БҰТ...БҰТ!!!

Бүгінгі кейбір нәрселерді қоспағанда көңіл-күй орнында! Көптен бері уайымдап жүрген адамдарымның бағы жанып, өмірдің жаңа парағын ашқалы жатыр! Іні-қарындастарым айлар бойы уайымдап таусылған, ЖОО-ның қабылдау рәсімдемелері аяқталып, біреудің бағы жанғаны, біреудің уақытша ғана жолы болмағаны бүгін анықталды. Нәтижелерді аса бір толқумен қолға алдым. Excel файлдан жақындарымның аттарын іздей бастадым! Аллаға шүкір, үшеуі де қалаған орындарына грантқа түсіпті. 4 сағаттық негатив 4 минутта жоғалып кете барды.
Әрі қарай

Бітіруші түлек және жас маман туралы ойым


Маусымның басталуы Қазақстан үшін ерекше науқанның басталғанындай. Бұл өмірге жолдама беретін науқан десе де болады. Қанша түлек сынақтан өтті, қаншасы сүрінді, қаншасының сағы сынып, өмірден түңілді. ҰБТ басталғалы БАҚ сайрап жатыр, ағы бар, қарасы бар, тек анығы үлкен сұрақ астында, шара қолданып жатыр қанша ма. Бұл бөлек әңгіме.
Әрі қарай