Вебмастердің онлайн көмекші құралдары

Күнделікті бағдарламалардан бөлек онлайн қолданатын сүйікті құралдарым бар. Солармен бөлісе кетейін. Қолда бағдарламалар жоқ кезде, басқа біреудің компынан кірген кезде пайдалы.
Сурет редакторы

pixlr.com/editor
Сурет көлемін өзгертуге, түсін реттеуге, қиюға, кесуге т.б ыңғайлы құрал.
HTML редактор

www.vwhost.org/editor/
Асығыс код жазу керек болса осы редактор ыңғайлы. Frontpage-дан кем емес. Керек кодыңды тездетіп жазып алуың болады визуал редактор арқылы.
"Қауіпсіз" түстер кестесі

www.artlebedev.ru/tools/colors/
Жұрттың бәрінде супер компьютер емес екенін, әлі де IE және оның ескі нұсқаларын пайдаланатындар, ғылымға белгісіз браузер қолданатындар және «арты бар» монитор ұстайтындар бар екенін ұмытпау керек. Сенің жеткізгің келген түсті бәрі бірдей қабылдай бермейді. Сондықтан мына "қауіпсіз" түстер кестесін қолданған жөн. Барлық монитор және браузерлерде дұрыс көрінеді.
Скрин түсіргіш

www.url2png.com
Мүмкін сен де мен сияқты скрин фетишисті шығарсың? Сайт скриндерінен порно қарағандай қозатын шығарсың? Олай болмаған жағдайда да сайттардың скриншотын түсіру үшін осы сайт қызметін ұсынар едім.
Facebook үшін сурет реттегіш

developers.facebook.com/tools/debug
Кейде мақала бөліскен кезде Facebook алжып, мақала ішіндегі сурет орнына сол бетте тұрған басқа суреттерді ала салады. Сол кезде осы дебаггерді қолданамын.

YB-642 екі USB порты мобильдік қондырғыларды қуаттауға арналған. Әртүрлі қуаттағыштардан осы бір кішкене ғана өзі ыңғайлы құралда сыйымдылық жағы жақсы ойластырылған екен. Lithium-polymer аккумуляторы өзінің 11200 мАс сыйымдылығымен қолданушысына үздіксіз телефонды қолдануға, мәтін теруге және ойнауға мүмкіндік береді.