Егер Тәңрі арамыздағы біреу болса?..

  • 👁️ рет оқылған
Joan Osbourne орындайтын If God Was One of Us әні сұмдық ұнайды. Соның аудармасымен бөліскім келіп кетті. Қабылдаңдар!

Блог - Sebastian: Егер Тәңрі арамыздағы біреу болса?..

One Of Us — Арамыздағы бірі

Сенің ойыңша Тәңрінің аты кім болар еді?
Оны сол атымен атай алар ма едің?
Егер онымен бетпе бет кезде қалсаң
Одан сұрайтын жалғыз сұрағың не болар еді?

Иә, иә Тәңрі Ұлы
Иә, иә Тәңрі жақсы
Иә, иә, иә иә, иә
Тәңрі арамыздағы біреу болса не болар еді?
Біз сияқты оңбағандардың бірі болса?
Автобустағы үйіне кетіп бара жатқан бейтаныс біреу болса?
Әрі қарай

Құдайдың бар екендігіне дәлелдер

1. Діни көзқарас, очм, жәй, Құдай бар; сенсең де — бар, сенбесең де бар, тұяғымды жемей храмға барыңдар.
Әрі қарай
  • 4
  • Автор туралы
    Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.
  • 19

Құдайдың жоқтығына дәлелдер

1. Логикалық дәлелдемелер.
Аспан Әміршілерінің бар-жоғы туралы сұрақ көптеген, тіпті жексенбілік шіркеуін құр жібермейтін нағыз діндар ғұламалардың да тасына маза бермеген.
Әрі қарай
  • 4
  • Автор туралы
    Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.
  • 6

"Древо жизни"

Киностанның презентациясынан кейін бардық қой…

Таңдау болды: не мультик «бунт ушастых», не фантастика/экшн «люди Х», не осы «древо жизни»

Ауыр фильм болғандықтан шығып кеткендер(нақтырақ: кеткен — Қарасақал ғана болды), пысылдап, не кетерін білмей, не қаларын білмей отырғандар да болды…

Мен фильмде екі мәселені ашып айтқысы келгенін айтар едім… 1) Құдай тақырыбы. 2) Тәрбие мәселесі.
Әрі қарай

Түзу жолдан тайған жанның әңгімесі немесе көзге емес көңілге әсер ететін кино жайлы жазба

Киностан: Түзу жолдан тайған жанның әңгімесі немесе көзге емес көңілге әсер ететін кино жайлы жазба
Есть только один грех – глупость.

Оскар Уайльд

Елдің бәрі екі жыл бұрын емешектері езіліп көріп алғанда, құр қалған мен, осы олқылықтың орнын толтырайын деген ниетпен бүгін жынданып тұрып дискісін сатып алдым. Қазақша “Адасқандар” деп аударылған (осы аударманы кішкене түсінбедім, себебі орысша нұсқасында жекеше түрде тұр ғой. Одан да “Түзу жолдан тайған жан” деп пе аударса да болар еді деп ойлаймын да. Мақұл, артық әңгімемен миларыңызды ашытпайын), “Так и передай ему, к…н айырам” /Рекетир/ деп Русланның аузына сөз тастап, кино түсірген және онысы жалпы жамағаттың жүрегіне жаққан Ақан Сатаевтың фильмі “Заблудившийся” туралы айтып тұрмын. Енді, міне, “ел жатса да енекем жатпайды” деген жұмбақтың визуалды мысалы болып, түн ортасында Сіздерге арнап ревью жазып отырмын (Алда, айналайын-ай, деп көзіңізді бір шылап аласыз осы жерде).
Әрі қарай
  • 3
  • Автор туралы
    Саусағымыз қисық болса да, ниетіміз түзу болсын.
  • 15