Бір апталық "ПОЗИТИВ"











— Мен көлік жүргізіп отырып боянбаймын. Тіпті, күнделікті өмірдің өзінде боянғанды ұната бермеймін, айтулы іс-шара болмаса. Көбіне машинамды қара көзілдірігімді киіп алып жүргіземін
"Қыздар көлік жүргізе алмайды" деген стереотиппен келіспеймін. Сол келіспегендігімнің әсерінен, темір тұлпарға деген махаббатымның мықтылығынан рөлге еш қорықпай отырдым.

— Рөлде отырып боянбаймын. Егер көлік тығынында тұрсам, боянуым мүмкін. Соғұрлым уақыт бос өтеді ғой.
Қыздар көлікті жүргізгенде қандай, тіпті, жігіттердің өзінен артық жақсы жүргізеді. Айдауды енді үйреніп жүрген болар деп ойлаймын, ара-тұра ереже бұзатын қыздар кездесіп жатады. Үйренеді ғой.


Астаналық Айжан Сапарова (Aizhantabyn ) бір кезде WordPress-те қыздардың сырласу орнына айналған «Қыздар әлемі» атты блогтан бастап, кейін осы Керекинфо блогтұғырында ақ қонжығының сапалы фотоларымен, әдемі ақ өлеңдерімен әйгілі болды. Содан соң Массагет порталында күні кешеге дейін түрлі тақырыптағы жазбаларымен бөлісіп келген сұлу кенет ұшты-күйлі жоқ болып кетті, тіпті Фейсбуктен де таппай қалдым. Астанада өткен «Блогкемп-2012» шарасын үйлестірушілерінің бірін Инстаграмда «тығылып» жүрген жерінен ұстап алдым
Германияда қызмет бабымен тұрақтап қалған аруымыз Сымбат Айжарық (Simona ) WordPress блогтұғырында сол жақтан күнделік жүргізіп, арасында қыздарға келбет пен сымбат сырлары туралы жазбаларын арнап қоятын. Керекинфодағы пікірталастарға қатысып тұратын, енді қарасам блогы соңғы рет 2013 жылдың желтоқсанында жаңарыпты. Дегенмен Simona Фейсбук парақшасында әлі де неміс халқының өмір салтындағы өзгешеліктер туралы бөлісіп тұрады. 
Астаналық Виктория Әлжанова (Karakyz ) да күнделігін WordPress блогтұғырында бастап, кейін Керекинфода сирек те болса өте-мөте құнды ақпаратпен бөлісіп отыратын. Соңғы «АҚШ құқық мектептеріне магистратураға оқуға түсу» атты жазбасы талай үміткерге көмек болғаны анық. Сол постты жаза сала АҚШ-қа оқуға кетіп қалған «Қарақызымыз» (негізі әппақ
Сонау көне Керекинфодан келе жатқан атыраулық сұлуымыз Анар Қартқожақова (Gulistan ) жаңа Керекинфода гүл өсіру сырларымен бөлісіп, шетелдік сапарлары туралы фоторепке қарық қылып қоятын. Ал қазір тұрмыста, оны тек Фейсбук пен Агенттен табасыз.
Қатарымызға кейінірек қосылса да Керекинфоның жұлдызына айналып үлгерген Маржан Тулеева (madlen ) Алматы қаласында өтетін шаралар афишасын тиянақты түрде жазып тұратын. Талай кемптің ұйытқысы болып жүрген, Астанада өткен «Блогкемп-2012»-ге алматылықтарды ұйымдастырып, «жинап» әкелген Моржығымыз кейін тұрмысқа шықты да, блогты тастады. Ой, жоқ, басқа да себептері бар екен 


