"Келін" фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр

Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр
Ауғанстанда адам аяғы оңайлықпен жете бермес Вахан дәлізі деген жер бар. Мұнда ешкімге бас имеген 1100 қырғыз мекен етеді. Ортағасырлық өмір сүру қалпын сақтаған олар табиғи шаруашылықпен айналысады. Сыртқы әлемнен байланысудың жалғыз ғана жолы, ол — апиын сатуға шығатын кез.
Вахан дәлізі — Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясына қарасты Вахан ауданы аумағында ұзыннан — ұзақ созылып жатқан жіңішке алқап. Ұзындығы 295 шақырымға, ені 15-тен 27 шақырымға дейін жетеді. Памир, Вахан және Пяндж өзендерінің алаптарына кіреді. Таулы аймақ. Табиғаты қатал.
Вахан дәлізінің өзі екі державаның тартысы нәтижесінде пайда болған. XIX ғасырдың соңында Британия мен Ресей империясы арасында Орталық Азиядағы ықпал үшін болған талас — "үлкен ойын" деп аталды. Екі империя 1873 және 1895 жылдары өзара келісімдер жасады. Сол бойынша осыбір географиялық мекен — патшалық Ресейдің қарауындағы Орта Азия мен британиялық Үндістанның бір-біріне соқтығыса кетуін болдырмайтын дәнекер аралық ретінде таңдалынып алынды.
Әрі қарай

Мал бауыздау

Ауылда өскендіктен көбіміздің көзіміз бала кезімізден сойылып жатқан малды көруге үйреніп кеткен болар. Бала кезімізде үлкендер жылына бір рет таң алакеуімде ұйқымыздан тұрғызтып алып, қой сойғанда сол малдың бір сирағына жармасқызтып қоюшы еді. сөйтсем айтқа шалынған құрбандықтың шарапаты тие берсін дегендері екен ғой. Кейін дін жақсылап енебастаған тұста құрбандықты айт намазынан соң соятын болды. Хош, айтпағым бұл емес.
Ауылда өстік. Сойылып жатқан малдың қанына көзіміз үйренді. Тіпті бауыздауына шәугіммен су құйып тұрамыз. Барлығы заңды секілді бала көңілге. Дегенмен сол кезде есейе келе сол малды өзіңнің де бауыздайтының, сол кезде қандай әсерде болатының жайлы ойлар мазалай қоймайды.
Әрі қарай

Қой ұрлау

Түк шығатын жерімізге түк, жүн шығатын жерге жүн шыға берген жасымызда бір құрдасыммен көрші ауылдағы бір қызға бардық.Түнгі 12 ден асқан шақ шамамен. Байқастап терезесінен сығаласақ інісі екеуі кино көріп отырған сыңайлы. Содан, терезесіне тас лақтырсақ сындырып алармыз деген оймен қой қораларының (аран) бұрышынан құмалақтар теріп отырғанбыз. Дәл төбемізден біреу" әй, не істеп отырсыңдар?" деп ақырды.Қарасақ қыздың әкесі,қолтығында қатыны. Неайтарымызды білмей қалдық.«Кешіріңіз» дедікте зытып бердік. Ертесіне ауылдың бәрі біздің қой ұрлау үстінде ұсталғанымызды жыр етіп жүрді.
Қыздан сұрасақ әке-шешесі қонақтан кешігіп келген екен.
Әрі қарай

Мой брат Азаматтт..( І-бөлім)


… Менің ағам бар. Аты Азамат. ХХІ ғасыр қожанасыры…
Осыдан 10-шақты жыл бұрын ауылда қолдағы малды қойшы ауылға өткізіп, шопанның көмекшісі жоқ болып, көмектесуге кеткен. 1,5-2 айдан соң келді. Сұраймын ғой: қалай болды, ішің пыспады ма?,-деп. Ол болса: -Жоқ, азанымен қойды шығарам өріске, біраз жерге алып барып, өзім қыр басына отырп аламын да көзімді жұмып жіберем. Өзім бірден атақты әншіге, қолымдағы таяғым домбыраға, қойларым көрерменге айналады,-дейді,-бар даусыммен даланы жаңғыртып өлең айтып біткен көзімді ашсам қойлар шапалақтап жатқандай көрінеді, иіліп қошемет көрсетем «халқыма». Күннің қалай өткенін білмей қаласың,-дейді.
Әрі қарай