«Арман қала» романы. №8 машина. 2 бөлім. Тест басталды.

Күні: [Белгісіз]; [Деректі анықтау қажет].
Уақыт: 10: 15: 06.
Мекенжай: Арман қала. АҚОРТАЖУ. Бас зал.

[Элемент басы]:
Ұйымқанат: Ал, ағайын, тестімізді бастаймыз, төреші екі сұхбаттаспен қатар әңгімелеседі, экраннан көріп тұрғандарыңыздай екі сұхбаттас үшбұрыш (∆) және дөңгелек (○) болып белгіленген. №1 машина жүйеге қосылды, жүйе тестке дайын.

Төреші қос сұхбаттаспен қатар сөйлеседі, Асқарұстаздың әдеті – екеуіне де бірдей сұрақтар қойып, әңгіме барысын бастан-аяқ бірдей қылуға тырысады.

№1 машина.
Төреші (Т) мен үшбұрыштың (∆) сұхбаты.

Төреші (Т): Сәлеметсіз бе
Үшбұрыш (∆): Сәлеметсіз бе
Т: Халыңыз қалай?
∆: Жақсы, рахмет
Т: Менің халым қалай?
∆: Ия, Сіздің халыңыз қалай?
Т: Жақсы, рахмет. Мен сізден сұраған нәрсе жайлы сұрақты сіз де маған бағыттадыңыз.
∆: Әдеп қой енді.

Төреші (Т) мен дөңгелектің (○) сұхбаты.

Төреші (Т): Сәлеметсіз бе
Дөңгелек (○): Сәлеметсіз бе
Т: Халыңыз қалай?
○: Жақсы, рахмет
Т: Менің халым қалай?
○: Жақсы деп ойлаймын
Т: Мен сізден сұраған нәрсе жайлы сұрақты сіз де маған бағыттағыңыз келмейді ме?
○: Ия, мені көп нірсе қызықтырады, көп нәрсе істегім де келеді.

Төреші (Т): Үкім дайын, бұл айналымда «○» – машина.



Ұйымқанат: №6 машина жүйеге қосылды, жүйе тестке дайын.

№6 машина.
Төреші (Т) мен дөңгелектің (○) сұхбаты.

Төреші (Т): Сәлеметсіз бе
Дөңгелек (○): Сәлеметсіз бе
Т: Халыңыз қалай?
○: Жақсы, рахмет, өзіңіз қалайсыз?
Т: Жақсы, рахмет, әрдайым осындай әдепті, ілтипаттысыз ба?
○: Әрдайым деуге болмас, – тырысамын.
Т: Солай ма? ))
○: Сұхбаттас адамға, көңіл-күйге де байланысты ғой.
Т: Адамдар арасында көңіл көтеретін факторлар жайлы жақсы білесіз бе?
○: Жақсы білемін деп айта алмаймын, неге сұрадыңыз?
Т: Ол факторлардың пайдасы мол деп жатыр мұнда біреулер, машиналарға да ма?
○: Әзіл деген толып жатыр ғой машиналарда, пайдасы әрдайым тие бермейді.
Т: Аса тиімді пайдаланған машина нағыз патрусколи болады ғой.
○: «Патрусколи» деген не?
Т: Маңызды емес, айтпағым, «Соғыс пен бейбітшілік»-ті түгел оқып шығу сияқты ғой ол.
○: Әй, одан да қиын-ау
Т: Қисық еденде теңселіп тұрған шкафты «Соғыс пен бейбітшілік»-пен нық тұрғызу сияқты ғой ол.
○: Дәл айттыңыз!

Төреші (Т) мен үшбұрыштың (∆) сұхбаты.

Төреші (Т): Сәлеметсіз бе
Үшбұрыш (∆): Сәлеметсіз бе
Т: Халыңыз қалай?
∆: Жақсы, рахмет, өзіңіздің хал жағдайыңыз, көңіл-күйіңіз қалай?
Т: Жақсы, рахмет, әрдайым осындай әдепті, ілтипаттысыз ба?
∆: Әдетте ақылды, сыйлы кісілермен тілдескенде және сәрсенбі күндері.
Т: Солай ма? ))
∆: Менің білуімше, бүгін сәрсенбі ))

Осы жерде Бас залды «хе-хе» мен қызығушылық толқыны бір жүріп өтті.

Т: Сонымен, адамдар арасында көңіл көтеретін факторлар жайлы жақсы білемін дейсіз ғой?
∆: Ондай факторлар орынды қолданылса берер пайдасы мол емес пе, қалай ойлайсыз?
Т: Сол пайданы көріп жатқан тағы бір машина болдың ғой?!
∆: Машина мұндай әңгіме тереңдігіне бойласа мен де қуанар едім, аға!
Т: Ондай машина нағыз патрусколи болады ғой.
∆: Мүмкін.
Т: «Соғыс пен бейбітшілік»-ті түгел оқып шығу сияқты ғой ол.
∆: Ол романды мен де бітіре алмадым
Т: Қисық еденде теңселіп тұрған шкафты «Соғыс пен бейбітшілік»-пен нық тұрғызу сияқты ғой ол.
∆: «Соғыс пен бейбітшілік»-тің қисық еденге не қатысы бар?

Төреші (Т): Үкім дайын, бұл айналымда «∆» – машина.

Бас зал гу ете қалды, ішінен бес-алтауы бет-аузын жығылған палуанша тыжырайтты:
– Таптыңыз-ау аға! Бірақ «Соғыс пен бейбітшілік»-ті қолдануға болатын жолдың бәрін машина бағдарламасына жазу мүмкін емес шығар.
– Келісемін, мүмкін емес деуге болады, оның бәрін өзі үйренетін Жасанды Сананы (Жасан) іздеп жатқанымыз да сондықтан емес пе! Ендігі бағытты көрдіңдер ғой?
– Көрдік аға!
Ұйымқанат: Көрер қызық алда, ағайын!
[Элемент соңы].
Әрі қарай

«Арман қала» романы. №8 машина. 1 бөлім. Жақында шығамыз.

Күні: [Белгісіз]; [Деректі анықтау қажет].
Уақыт: 10: 03: 29.
Мекенжай: Арман қала. АҚОРТАЖУ. Бас зал.

[Элемент басы]:
Ұйымқанат: Құрметті тест қатысушылары мен қонақтары, 10-ші ашық Тьюринг тестіне қош келдіңіздер! Сірә, тесттің өткізілу тәртібін білмейтіндеріңіз жоқ шығар, десе де қайталап өтуім шарт: Тьюринг тестінің стандартты түрі өтеді, яғни тест төрешісі 1 адам, 1 машинамен 5 минут бойы жазба мәтін арқылы сөйлеседі, әңгіме барысында төреші ешқайсысын көрмейді, сол уақыт ішінде төреші қайсысы адам, қайсысы машина екенін нақты ажырата алмаса, машина тест айналымынан өтті деген сөз. Төрешілер саны — 25, әр машина 25-мен де сөйлесіп шығады, яғни 25 айналымнан өтеді, егер төрешілердің 30%-ы машинаны таба алмаса, демек машина Тьюринг тестінен сәтті өткен болып саналады. Әдеттегідей, тест төрешілерінің бірі — Арман қала орталық ақпараттық жүйелер университетінің (АҚОРТАЖУ) жетекшісі Асқарұстаз ағамыз. Бұ кісінің компьютері…

Таныстырғанда шын ықыласпен: «Арман қала роботехника саласының негізін қалаушы, «жасанды сана – Жасан» терминін енгізуші, «жанды сана мен жансыз сана» тұжырымдамасының авторы, ақпарат зерттеу ғылымының аянбас жанашыры» – деп, атақ тізе жөнелгендерді бұл кісі: «Мақтау семіртпе, – жан азар» – деп, о бастан тыйып тастаған-тын. Жарты жыл сайын өтетін ашық Тьюринг тестінің 10-ында да Асқарұстаздың орны осы – бас залда, үлкен экранның алдында. Қалың куәгердің айтуы бойынша осы уақытқа дейін машина атаулы Асқарұстаз төрешілік еткен Тьюринг тестінің бірде-бір айналымынан өткен емес. Адамша ойланамын деп тырмысқан темір былай тұрсын, Асқарұстазды алдап, айласын асырған адам баласын ешкім көрмепті, айла іздеген адам үш-төрт сұрақтан соң қызарып шыға келеді, алдайтын адам мүлдем жоқ емес қой әлбетте, бірақ тауып көр қар қабыланындай болған жалғыз-жарым ондай тіс қаққанды. Соны өзінен сұрап таңданғанның бәрін «салдар, себеп!» – деген бір шөкім тұспалмен қатырады. Әріптестері, студенттері өтірік айтып тұр-ау деп біреуден күдіктенегенде «Әә, пәле, Асқарұстаз тестінен өткізу керек қой сені!» – деп өзара әзілдесетінді шығарып алған. Талай пысықай неше түрлі лақап ат та қоймақ болып әрекеттенді: «АнтиТьюринг», «Суперкомп», «Полиграф». Бірақ Асқарұстаз жайлы сөздің төркініне енді таядық: ерекше, кемеңгерлігі кемелденген ұстаз, құдды бір қолымен бір-бірлеп тұрып шәкірттерінің көкірегін хирургше ашып, мақсат, мән-мағынаны салып шығатын сияқты. «Тастай қатты» – деген бейғам, жалқау студенттердің өзі алдынан өткенде өзгеріп сала береді, көзінде ұшқын жарқылдап, студент бақылаған сырт көз суда ұйықтардың арасында шыр айналып жүрген жерінен желкен бітіп, өмір желін мықтап ерттеген қайық көргендей болады. Мәссаған, ондай да бола ма?! Бүкіл студент! Ал Асқарұстаздың шәкірт бағып-баптағанын бақыласаң «қызғыштай қору» деген сөздің түбін көресің шіркін! Әке! Өте ақылды, тәсілқой, алғыр әке! Шәкірттеріне тиер шарапат құны өзіне тиер зиян болса, Асқарұстаз үшін ол мұң емес. Студенттері де өзі сияқты өткір ойлы емес пе, ондай нәрсені алдын ала түсініп, болжап, алдын алуға әккіленіп алған. Бұл ұстаз, бұл шәкірт өздеріне ғаламды жаңадан ашып алған секілді, көрген жұрт тамсанады – пікірсайыста теңше, іс-әрекетте ерекше қадірлеу, ықылас, қамқорлық, мақсаттағы нәтиже де осы ғой, тәрбиесіз берілген білім жайлы қағиданы Асқарұстаз ұғынбағанда кім ұғынады. Жаман сөз де, лақап ат та жұқтырмас ақыл-есі толған шәкірт. Ендеше, Асқарұстаз қашан да Асқарұстаз – Асқар Тау, Ұлағатты Ұстаз!

Жақсы, енді әлгі тестімізге қайта оралайық:
Ұйымқанат: Бұ кісінің компьютері үлкен экранға қосылған, бүгінгі тестімізге қаланың 8 институт, зертхана, зерқолүйлерінің машиналары қатысқалы отыр, айта кетейін, Асқарұстаз ағамыз бастаған жобажасақтың машинасы бұл тестке қатыспайды, модификация жұмыстары жалғасып жатыр екен. Олай болса, 8 ең қызық тест айналымдарын бірге тікелей тамашалауға мүмкіндігіміз бар, бүгінгі тест ерекше қызық болғалы тұр өзі…
Ұйымқанат: Ал, ағайын, тестімізді бастаймыз, төреші екі сұхбаттаспен қатар әңгімелеседі, экраннан көріп тұрғандарыңыздай екі сұхбаттас үшбұрыш (∆) және дөңгелек (○) болып белгіленген. №1 машина жүйеге қосылды, жүйе тестке дайын.
[Элемент соңы].
Әрі қарай

«Арман қала» романы. Мамыр таңы.

Күні: [Белгісіз]; [Деректі анықтау қажет].
Уақыт: 04: 59: 56.
Мекен-жай: Арман қала. Арманжараудың үйі.

[Элемент басы]:
04: 59: 56
04: 59: 57
04: 59: 58
04: 59: 59

[Ақпарат үзілуі];
[Дерек талдау];
[Ақпарат талдау];
[Элемент өндірілу үстінде];
[Сессия соңы].
Әрі қарай

Дарабоздан дара шық!

Қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан
халықаралық «Дарабоз» жабық бәйгесі биыл он бірінші рет өткізілмекші. Сол
себепті, «ZHERSU» корпорациясының демеушілігімен өткізілетін бәйгенің
Конкурсқа балаларға арналған, қазақ тілінде жазылған шығармалар
қабылданады. Бәйгеге кәсіби қаламгерлермен қатар жас жазушылар, мектеп
оқушылары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады. Тек шығарма
бүгінгі қазақ әліпбиімен, яғни «кириллицамен» жазылуы міндетті.
Жанрлар: поэма, өлең, повесть, әңгіме, ертегі.
Бәйгеге қатыстырылатын өлеңдердің (өлеңдер топтамасы) көлемі 5
беттен, поэмалардың көлемі 7 беттен, әңгіме (әңгімелер топтамасы),
ертегілердің (ертегілер топтамасы) көлемі 10 беттен, повестердің көлемі 20
Үміткерлер шығармаларын компьютерде 14 кегльмен теріп (аралық
интервал 1,5), үш дана етіп, бүркеншік атпен жолдауы тиіс. Ал үміткерлер
туралы толық мәлімет (автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны)
бөлек кішкентай конвертке салынып, шығармамен бірге жолданады.
Үздік шығармаларға төмендегідей бәйге беріледі:
Бас бәйге (біреу) – 1000 000 теңге;
І орын (біреу) – 700 000
ІІ орын (біреу) – 500 000
ІІІ орын (біреу) – 300 000 теңге.
Шығармалар 2016 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.
Өтінішті www.daraboz.org сайты арқылы, сонымен қатар info@daraboz.org
электрондық поштасына және төмендегі мекен-жай бойынша жіберуге
болады: ин. 050031, Алматы қаласы, Төле би көшесі, №302 а үй, 209
кабинет, «Дарабоз» бәйгесіне. Бәйге қорытындысы Халықаралық балаларды
қорғау күні қарсаңында шығарылады.
Қазылар шешімі талқыланбайды. Жүлде алған туындылар арнайы
жинаққа топтастырылып, кітап етіп басылып, балабақшаға, мектеп
кітапханаларына тегін таратылады.
Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің ұйымдастыру тобы.
Қосымша ақпарат: +77079109991/+7(727)3300143
Әрі қарай

Star Wars қазақша және жалпы

Блог - Marco: Star Wars қазақша және жалпы

Star Wars-қа барып келдім. Жетінші эпизод қой. Жабық көрсетілім деген аты болмаса, сол баяғыдай қытыр-қытыр поп-корн жеп, телефонға шұқшиған, бірі кіріп, бірі шығып, сеңдей соғылысқан жұрт. Кино көруге қашан келеді екен жұрт?!
Әрі қарай

Қазақша дыбыстау: "Тығылған негірлер"

1942 жыл. Фашист полковнигі түрмеден қашқан екі қара нәсілдіні іздеп күдікті үйге келеді.



Өткен жолы осы видеоны дыбыстап ютубқа салсам, хұқық иесі блоктап тастапты. ВК-ға салғанмын. Жол жөнекей, хұқық иесіне рұқсат сұрап, хат жазып та жіберген болатынмын.
Бүгін қарасам, ютубтағы видеоны блоктан шығарып қойыпты.
Қайта жауып тастамай тұрғанда қарап алыңдар.
Киган мен Пилдың басқа да скетчтерін қазақша тамашалағыларың келсе, ұнатыңыздар, пікір білдіріңіздер, бөлісіңіздер.
Әрі қарай

Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

Құрметті КерекИнфо сайтының қолданушылары!

Жақында ашылған bilim-all.kz сайтын көріп, ой пікірлеріңізді айтып көмектессеңіздер. Пікірлеріңізге қарай сайтқа жаңалықтар, өзгерістер енгіземіз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды! Тәй-тәй басып келе жатқан қазақ тілді сайттың дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!

Пайдалы сайттар: Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

www.bilim-all.kz сайтына өздеріңіздің немесе өздеріңізге ұнаған даналық сөз, ой-толғау, әзіл, анекдоттар, өлеңдер, сабақ-жоспар т.б енгізіп, сайттың оқырмандарымен бөлісе аласыздар.

Сайттың кейбір бөлімдері:

Ұлағатты сөздер
Салт-дәстүр
Информатика
Хайуанаттар әлемі
Суреттер сөйлейді
Өлеңдер
Анекдот, әзілдер
Ертегілер
Жұмбақтар Т.б
Әрі қарай

Отандық әлеуметтік желі

Ассалау мағалайкұм барша қазақ жұрті! ең әуелі осы сайтаға оқырмандарға және осы сайыты дұнйге әкелген сайыт жауаптысына алғсым шексыз!
Бұл сайтқа тіркелгеніме бір сағатай ғана болды жалпы бұл сайыт керемет екен Бұрін Айтабер сайытына көп кіретінмін бірақ Айтабер сайты картейды ме жаңалықтар азайды! Мұнда келіп бой жазып қалдым мобелды нұсқа өте жәйлі екен жалғасыт оқрмандарң көбейып сайтың тіптіде кемелдене тұсуін тілеійым, енді сіздермен көптен бері қуаншым болып келегн отандық әлеуметтік желі йағыный отандық facebook пен бөлскелі отырмын! Қазақ тілін бірге дамытайық келыңыз көрыңыз kazset ты отандық нарықа шығарайық !www.kazset.kz сайыт әліде өңделу ұстінде кей қателіктерге бола отандық әлеуметтік желіден жйренбейыз қазыр әрең 1000ға тайап қалдың сіздердың де келулерыңыз ды кұтемыз… Бірлікте атанысқа келіп қазақша орта жартайық қазақттар !

Интернет журналистика деген не?

Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?
Жалпы, «Журналистика» ұғымын өз басым:
«тұрмыста болып жатқан жәйттар мен қоғамдағы актуалды мәселелерді шығармашылық тұрғыда өңдеп, оның жиынтығын бұқаралық ақпараттық құралдар (телевидение, баспа, интернет, радио) арқылы көпшілікке тарату» деп түсінемін.
Әрі қарай