Күннен-күнге аудиокітаптар кеңінен қолдануда. Ол әрине негізсіз емес. Көзбен оқудан шаршаған, тыңдау арқылы жақсы қабылдайтын адам аудиокітап арқылы біраз ақпараттарды біле алады. Түрлі аудиоспектакльдерді тыңдауға болады. Мысалы мен, жақында «Над пропастью во ржи» кітабының аудио нұсқасын тыңдадым. Өте ұнады.
Интернетте ағылшын, орыс тілдерінде аудиокітаптар өте көп. Онда көркем әдебиет, тілді үйрету, ғылыми кітаптар т.б. толып жатыр.
Аудиокітап арқылы шет тілдерін әжептәуір меңгеріп те алуға болады дейді мамандар.
Жалпы аудиокітап деген бұрынғы кездегі пластинкалар деп те айтуға болады. Бұрында осы пластинкалар арқылы ертегі тыңдауға болатын. Жас бала осылай есту арқылы есте сақтауды (слуховая память) дамытады.
Ал қазақ тіліндегі аудиокітаптардың жағдайын қарастырайық. Он шақты ертегіні жүктеп алуға болады екен. Дүкенде Абайдың қарасөздері, «Абай жолы», бар дейді. Одан басқасы жоқ.
Бірақ өкінішке орай, мынадай ағымдар бұл жұмысты ертерек қолға алған екен. Мысалы, мына сайтты қарап көріңіз. Табысқыңыз келсе