Turkvision-2014 туралы

Түгел түркі баласы көз тігер #Turkvision2014 байқауының іріктеуін де көрдік. Шоубиздің даму жолына, бағытына қызығушылық танытатын жанның бірі ем. Бұл да бір нысан болды. Байқау ұйымдастырушылары өте жақсы дайындалыпты. Сахна сайлы, зал жайлы. Пирамиданы айтам. Жарқ-жұрқ еткен шамдар, көз жауын алар декорация, мың құбылған экран...

Жә, ауыздың суын ағызы бермей, тойдың өзіне келейік. Барлығы туралы әңгіменің қажеті жоқ, өзім ұнатқан немесе ұнайтын әншілер туралы сөз еткім келді. Бардық. Көрдік. Көрген бойда МАРХАБА СӘБИЕВА деген керемет әншіге тап болдым. Бірақ неге керемет екенін, несін ұнатқанымды білмеймін) Әйтеуір әлі тамсанып отырмын.

Қып-қызыл боп, қызара піскен бауырсақтың дәмі осыны жазып отырғанда таңдайыма келді. Бауырсақты ыстықтай жегенді ұнатушы едім. Былай шауып (шыбық атпен)бара жатып бір бауырсақ, былай өтіп бара жатып бір бауырсақ іліп кетуші едім. Бауырсақтар піскенше он шақты бауырсақты жеп үлгересің әлгі жерде. Ауылға барған сайын әжем жеңгелеріме мен ұнататын тамақтарды бірінен соң бірін әзірлетеді. Обалы не керек жеңгелерімнің тамақтары да дәмді. Әжемдікінің аты әжемдікі ғой бәрібір…