“Лексусты” жақсы көлік дейді білетіндер. Жақсы екенін түрінен де білуге болатындай. Әдемі. Қарасаң көз тояды. Артық-ауыс жері де жоқ. Жұмыртқадай жұп-жұмыр келген кескіні де тамаша. “Тойотаның” элегант нұсқасы дейді” тағы бір білгіштер. Бәлкім… Әйтеуір, автокөлік-сүйгіштердің сілекейлерін шұбыртып-ақ тұр. Әркім-ақ сол бір сұлу мәшінді иемденуге құмар-ақ. Ал енді менің тақырыбыма келсек, “Мұсылманның Лексусқа не қатысы бар?” дейсіздер ғой? Пәлендей қатысы шамалы. Бірақ ғибрат алатын жері бар.