Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым

Футболда нәтиже бапкерге, мықты футболшыларға байланысты деп ойласаңыз — қателесесіз. Өз алаңы, жанкүйерлер қолдауы деген де — бос сөз. Футболда жеңіске жету үшін ең алдымен гол соғылуы керек. Ал голды соғушы күш — ырым. Бүгін осы нәтижелі ырымдарға тоқталмақшымын.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Маған бала боласың ба? Алып кетейін сені…
— Жоооооққққ!!!


ГОЛ ТАРТЫП КЕЛУ
Әдетте жүйкесі жұқа никотинсүйерлерге арналған ырым. Ойын алдындағы, үзілістегі темекі тарту бөлек, гол шақыратын темекі тарту бөлек. Гол кешіккен кезде жасалатын ырым. Әлемдегі голдардың 60-75 минуттарда соғылатындарының біразы осы ырым арқылы салынады және жеңімпаз команданың алғашқы голдары да. Темекі тартылғаннан кейін 1 минут аралығында гол соғылады немесе темекішінің қасиеті мықты болса, темекі тарту кезінде-ақ гол болып жатады. Көп гол соғылатын Германия, Голландия, Түркия сияқты елдерде темекі көп тартылатыны сондықтан.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Салыңдар гол, ептібайымайттар. Алаңда болмасам да, командама көмектесейін...

ГОЛ ТӨГІП КЕЛУ
Темекі ырымы сияқты, тек дәретханаға барып келуінде ғана айырмашылығы. Кейде шынымен қажетсініп, кейде қатты қажет болмаса да барып келу арқылы бірнеше гол соғылып жатыр футбол әлемінде. Кей жанкүйер топтарында арнайы бір адам болады. Басты дәретке барып келуші сол болады. Ол барып келсе, гол міндетті түрде келеді. Көп адамға берілмеуі мүмкін мұндай қасиет. Дегенмен әр фанат істеп көруі міндетті ырым түрі. Дәретханасы трибуналардан алыс орналасқан Қазақстанның бірнеше стадионында бұл ырым жақсы өтеді. 2-таймның 46-47 минуттарындағы голдардың 1 пайызы қақпашы қателігінен соғылады, қалған 99 пайызы дәл осы ырымның арқасында.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Есеп 0:0, әзірше...

МАТЧТЫ ҚАРАМАУ
Командаңның матчына бармау, ТВден қарамау, смартфон арқылы онлайн нәтижесіне үңілмеу — өте мықты ырым! Әлемнің түкпір-түкпірінде ғасырлардан бері келе жатқан, тексерілген ырым. Осылай чемпион болған командалардың бірі — астаналық Астана. Нақтырақ айтар болсам: Астананың Еурокубоктегі ойындарына 20 мыңдай адам келеді. Қазақстан чемпионатындағы ойындарына әр матчқа орташа есеппен 19750 адам келмейді. Осылайша олар 3 жылдан бері ел чемпионы. Түсінікті ғой? Командаң ұтсын десең кейде матч қарама.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Астана футболшылары фанаттарының қолдауына риза...

«ОСЫЛАЙ БІТЕД ЕНДІ» ЫРЫМЫ
85-90 минуттар, әсіресе 90+ қосымша минуттардағы голдар дуалы ауыздардың «Болды енді, осылай бітед, гол болмайд» деген сөздерінің арқасында соғылған голдар. Бірақ кез келген адамға жүрмейтін ырым. Арнайы сондай адамдар болады, солардың аузынан шығуы керек. Бұл адамдар жалпы өмірде жылаңқы, пессимист, негативі көп адамдар. Дегенмен осындай пайдалары да болады. Астана — ХИК матчы кімдердің арқасында алынды деп ойлайсыңдар?

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Неше минут қосты, еу? Болды, бітті ғо...

ФУТБОЛШЫ ДЕМОТИВАЦИЯСЫ
Нақты бір футболшыға негатив энергия (қарғау сілеу, боқтау) жіберу арқылы демотивация арқылы мотивациялау. «Осыны несіне шығарған? Бұл ойнағандай мен де ойнай аламын. Ой, сала алмайд мынау» сияқты пессимист сөйлемдер арқылы нақты бір футболшыны нәтижеге итермелеу ырымы. Хижниченко, Кежман, Кержаков, Нани, Индзаги, Торрес, Тлешев — бұл ырымның жарқын өкілдері.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Бүгін екі гол соғам, Бекболат аға!

Ал мына ырымдар негатив мәнді ырымдар. Яғни, бұларды жасамау рекоменделеді.

СӘТСІЗ АДАММЕН ҚАРАМАУ
Сәтсіз адам санатына онша футбол қарамайтын дос немесе әйел жынысы өкілдері кіреді. Мысалы: жүріп жүрген қыз, туған әйелің, көңілдес. Былайғы кезде ұтып жүрген командаң тап осылармен қараған кезіңде ұтылып қалады. Сондықтан ешкімді ренжітпей, көңілін түсірмей, футболды үйреншікті футболдастарыңмен қараған жөн. Алматыда футболға бару тренд болғалы Қайрат чемпион бола алмай жүр. Ал сұлу қыздары футболға жиі барғыш боп кеткен Ақтөбенің жағдайы өзіңізге мәлім.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Біздікілер жеңіліп қалды ма, не? Есесіне Инстаграмға бірнеше фото түстік!

ТӨРЕШІ ЫСҚЫРЫҒЫНА ДЕЙІН ҮНДЕМЕУ
«Болды, ұттық!» деп әсте ерте айтуға болмайды. Ойын 90 минут + қосымша 4-5 минут екенін естен шығармайық. Сондықтан соңына дейін үндемей шыдаған дұрыс. Қазақстан құрамасының соңғы минут фиасколарына кімдер кінәлі екенін енді түсініп отырсыңдар ғой? Тіпті біздің комментаторлар да бұл әбестікті қойды.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— No comments...

Сағат неше болды?


Әйел болған соң асүйде сағат тұрғаны жақсы. Күйеуіңнің жұмыстан келетін уақытын есептеп тамақ пісіресің, анау-мынау ұсақ-түйек шаруаларды уақытпен реттеп жүресің дегендей…
Бірақ ешқашан сағатты алға жылжытып қою деген ойыма келмепті. Бір құрбымның үйіне барып сағатының озық екенін көзім шалды да, онсыз да уақыт деген жел сияқты, алға жылжытпаса да болады ғой деп ойлағам. Одан сұрағанымда «жақсы ғой, сағат алда болса жұмыстарым ертерек бітіп жатады, тамақ қамына ертерек кірісіп, басқа шаруаларымды уақытынан бұрын реттеймін» деген жауап алдым.
Әрі қарай

Қорққанға қос көрінеді

08:30 да болған жер сілкінісінен кейін маза қашты. «Қорққанға қос көрінеді» дегендей ары бері жүрмін. Аяқтың астына оратылған мысықтың құйрыған байқаусызда басып кеттім. Ащы дауысы шығып, жылаған кейіппен далаға қашты. Ту, епты Ojdan айтып еді
Әрі қарай

ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАР

Футбол, тек қана футбол!: ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАРФутбол, тек қана футбол!: ФУТБОЛДАҒЫ ЫРЫМДАР
(1-қыркүйек 2010-да «Аламанда» жарияланған)
Бес мың жыл бұрын Қытайда жемісін бере бастаған футбол ағашы әуел баста көңіл көтеру, ләззат алу үшін ойналған көрінеді. Алайда команда түрінде ойнауды ең бірінші ацтектер ойлап тапқан. Мұнымен қоса «футбол дуасының» да дәл солармен бірге ортаға шыққаны айтылады. Ацтектер заманында футболда жеңілген тарап берекенің артуы үшін Күнге құрбан еткен көрінеді. Осылай еткенде сәтсіздік олардың айналасынан ізін жоғалтады-мыс. Футбол ережелерінің қазірге жақын нұсқасының орнығуы және көпшілікті соңына ертуі ХІХ жүзжылға сәйкес келеді екен. Футболдың дамуымен бірге «футбол дуасы немесе сиқыры» да жандана түседі. Бұл туралы уругвайлық жазушы Эдуардо Галеаноның «Көлеңкеде және Күндегі футбол» кітабында да айтылады.
Әрі қарай