Сені үздік адам ететін 6 шындық

Бұл жазбаның авторы Дэвид Вонг есімді блоггер. Сracked.com — ға жазып тұрады. «Сені үздік адам ететін 6 шындық» мақаласы 2012-жылдың 17-желтоқсанында жарияланыпты. Содан бері (05.06.2013 ж. дейін) 9 112 525 рет қаралып, 8799 пікір жазылған. Мықты, иә. Қысқасы, мен аударған болдым. Сөзбе сөз емес, кей жерлерде аздап еркінсіп кеткенім де болды. Мақала ұзақ, алты бөліп саламын. Кеттік.

Егер карьераңа ырза болсаң, өзгелермен қарым-қатынасыңа жұрт қызыға қараса, жалпы өмірің қызық болса әрі қарай оқыма. Қазіргі күйіңнен ләззат ал, достым, бұл мақала сен үшін жазылмаған. Сен кереметсің! Біз сені мақтан тұтамыз.
Ал, қалғандарыңа тапсырма. Өзің мақтанышпен айтатын бойыңдағы бес қасиетті тап. Алайда, жазғандарыңның арасында «Мен тамаша адаммын. Мен әділмін» деген түсініктер болмасын. Өз қолыңмен жасаған, өзгелерді таңқалдыра алатын нәрселерді жаз (Мен күрестен ел чемпионымын. Мен төрт күй шығарып, бес кітап жаздым. т.с.с). Мұндай жетістіктерің жоқ болса бұл мақала сен үшін және саған ұнамасы да анық.
Әрі қарай

Түс пен шындық

Ол төсектен тұра алмады. Түсіне кірген керемет оқиғаны қимады. Көз алдына дәл қазір ғана көріп біткен фильм сияқты қайталап айналдыра берді. Түсінде ол екеуінің бірге болғанын көрді. Арадағы алшақтықты түс арқылы жеңе білгеніне өзі де қуанып жатыр, сол қуанышты жалғастырғысы келді ме, көзін қайта жұмып қояды. Бірақ түс жалғасын таппады, тек санада қайталана берді.
Ұйқыдан оянар, оянбастан ОНЫҢ бейнесі көз алдында болды. Түсінде олар бақытты еді. Сағына күтіп жүрген жанға оның арт жағынан келіп, нәзік қолдарымен құшағына алғаны бақыт еді. Ол бұрылмастан-ақ ОНЫҢ жылуын сезінді. Бұрылып қарғандағы бір-біріне деген көзқарастары сағынышқа толы еді. Көпшілік жиынның ортасынан оңашаланғылары келген екі ғашық амалдап жолын тапты да, жеке шықты. Сүйіктісін сағынған ол еркелене мойынына асыла кетті. Сүйген жанның құшағында болғанға не жетсін? Махаббатына қолы жеткен ол да мейірлене, құштарлана сүйе бастады сүйіктісін. Олардың сезімдері, жүрек дүрсілдері көрген түс секілді емес, дәл қазір болған жағдайдай сезілді. Құшақтап тұрып, сүйікті жанның иісін құмарлана сезінгені денесін дір еткізді…
ОЛ келгенде, кездесу кезінде ОНЫ дәл осылай, тіпті одан да артық етіп құшақтайтындығына сенімді болып, көз алдына болашақтағы кездесуді елестете берді. Ал болашақты болжау, армандардың орындалуы уақыт еншісінде және бәрі пенденің ойлағынындай бола бермейтіндігін сол сәтте ол мүлдем естен шығарып алды…
Кішкене түс қызығана батып болған соң, жұмысқа баруға жиналды. Көңілдегі сезімді сүйіктісіне білдіруге асықты, смс жазып жіберді. Алайда жауап ала алмады. Бұл жағдай көңілге аз қаяу салды. Жауабын білуге асықты. Ол тіпті сол кезден бастан өз сүйгенінің алыстап бара жатқандығын сезбеді…
Әрі қарай

Ағы қайсы? Қарасы қайсы?

Колледж кезінен араласып, сол уақыттың өзінде дос деп бір-бірімізге «айдар» тағып салғанбыз, содан бері ажырамастаймыз. Ол орыс тілді, қазақшасы да бар біраз, мен қаймағы бұзылмаған қазақ ауылынанмын. Бұрын соншалықты мән бере қоймайтынмын оның ала тіліне, бірақ ара-тұра «Бауырым қазақша сөйлесеңші» айтып та қоятынмын.
Әрі қарай

Маған олар ұнамайды

Маған полиция қызметкерлері ұнамайды. Жалпы полиция емес. Нақтырақ айтқанда Қазақстандық орта есепті полицей бейнесі ұнамайды. Олар топас, дөрекі көрінеді. Өз міндетін дұрыс атқара алмайды.
— Ақтөбедегі және Алматыдағы полицей мен спецназдардың таяқ жеуін алайық.
— 1986 жылғы полиция қызметкерлерінің үкімет бұйрығын орындауының өзін алайық. Бұйрықты орындаудан бас тартқандары кемде-кем. Сол оқиғаларға қатысқан милиция қызметкерлерін жазалау керек. Шындықтың бетін ашу уақыты келді. Бұйрық берген, үкімет басында отырғандарды да, бұйрықты орындағандарды да жазалау керек. Кешірім сұраттыру керек.
Бала болғанда «Робокопты», «Крутой Уокерді» көріп, идеалды көзқарас болып еді. Ал есейе келе, бәрінің басқа екенін байқадым. Көбі білімсіз. Заңдардың кейбірін ғана біледі. Адами қалыптан айрылып бара жатқандай.
— «Астарлы ақиқаттағы» полицейлермен түсірілген любительский видеоларды көрген шығарсыздар. айуандар.
Көбі алқаштар.
Тәртіп сақтауда идеал болу керек адамдар мүлде идеал емес. «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» дегенді осы кісілерге қатысты айтуға болатын шығар.
Барлық елдің полицейі осындай ма деген сұрақ туады. Бәлкім, жапондық полицейлер ондай емес шығар.
Әрі қарай