Бейшара есек құйрығын қайтарам деп, екі құлағынан айырылды

Күндердің бірінде ауылдағы малдардың арасында бір тентек есек өмір сүріпті. Ол ауылдың айналасын аралауды жақсы көріпті. Бау-бақшалар мен адамдардың егін жерлеріне барып, өсіп тұрған нәрсені жейді екен. Оның мұндай ісі бірте-бірте адамдарды шаршатып, олар ызаланып, иесіне: «Егер есегінді қойдырмасан, өзіміз шара қолданамыз,»- деп ескертеді.

Есектің иесі есегінің алдын ұстау туралы уәде береді. Бірақ уәдесін іске асыра алмайды. Бір күні есегі шаруалардың жеріне барып, бидай жеп тұрған жерінде қолға түседі. Бидай жеп тұрған есекті көрген бірнеше адам, оны ұстап алады. Олар есектін құйрығын кесіп тастап: «Енді басқалардың бауы мен жеріне аяқ баспайтын боласың,»- дейді. Иесі естісімен сол жерге қарай асығады, бірақ кешігіп қалады. Құйрықсыз қалған есегін жетектеп, үйне қарай қайтады. Малдар құйрықсыз қалған есекті көріп, ол туралы сөз айтып, күледі. Есектердің арасында ақылды есек болған екен, ол: "Өткен нәрсе өтті. Мен саған өз істеріңмен өзінді жаман атты қыласын деп сан рет ескерттім, бірақ сен тыңдамадың, енді осы оқиғадан кейін абай бол. Құйрығынан айырылған есек: «Есек құйрықсыз бола ма?» Ақылды есек: «Сен өзін айырылдың ғой, енді не істейсің?» Тентек есек: "Құйрығымды қайтарғым келеді, былай мені барлықтар таниды." Ақылды есек: "Өзің кінәлісің, енді не істеуге болады?" Тентек есек құлақтарын қозғалтып: "Әрине, мен құйрығымды кесіп тастаған жерге барып, оны тауып әкелемін."

Мұндай әңгімені естіген малдар күлді. Ақылды есек: «Еш нәрсе істеме, өзінді қайтадан бір нәрсеге ұшырасын. Бұдан артық жағдайынды ауырлатпа.» Тентек есек: «Жоқ, мен жағдайды дұрыстаймын, көрде тұр,»- деп жауап берді.

Келесі күні есек құйрығын кесіп тастаған жерге барады, шамалы бидай жеп, құйрығын іздеуге кіріседі. Бір мезгілде: "Әй, келіңдер, тентек есек келді,"- деген дауыстарды естиді. Ол қайтадан шаруалардың қалына түседі. Адамдар: «Ақылы келгенше ұрайық,» «Иесіне апарып тапсырайық,» «Мұның барлығынын пайдасы жоқ, ақылға келетін болса, осыған дейін түсінер еді. Өткен жолы құйырығын кесіп тастадық, бұл жолы екі құлағын кесіп алайық,» – деген әртүрлі дауыстар естілді.

Есек қателескенін түсінді, өкінудің пайдасы жоқ. Шаруалар есектің екі құлағын кесіп босатады. Құйрығы мен құлақтарынан айырылған есек өз үйіне қайтты. Иесі оны көріп: «Көрдің, өзіңді бақытсыз қылдың, қайтадан не істедің, басқа есектерге не дейсің?»- деді.

Есек малдар тұратын жерге кірді, осы жолы олар шаршағанша күлді, тек ақылды есек күлмеді. Біреу одан: «Сен неге күлмейсің?»- деп сұрады. Ол: «Не үшін күлемін, біз есектер жылауымыз керек, өйткені осы жолы біз туралы қайтадан сөз таралады,»- деп жауап берді.

Есектердің бірі: «Не деп айтады?»- деді. Ақылды есек: «Енді бейшара есек құйрығын қайтаруды армандап еді, екі құлағын жоғалтты дейді,»- деп түсіндірді.

Содан бері кімді-кім қателесіп, қолында бар нығметінің бірінен айырылса, кейін оның соңына түсіп, басқа нығметінен айырылса, оған: «Бейшара есек құйрығын қайтарам деп, екі құлағын жоғалтты,»- деп айтады,"-деді.
Әрі қарай

Аңдардың патшасы кім?

Арыстан түлкіні ұстап алып: “Мен енді сені жеймін”, – депті.
— Босқа әуре болма, аманыңда тайып тұр, мен аңдардың патшасымын, – дейді түлкі.
— Жоқ, аңдардың патшасы сен емес, менмін! – дейді арыстан.
— Нанбасаң, – дейді сонда түлкі, – екеуіміз орманды аралайық, кімнің кім екенін сонда көресің.
— Екеуі осыған келісіпті де, орманды кезіп жүріп кетеді. Түлкімен бірге келе жатқан арыстанды көре сала аңдар зыта-зыта жөнеледі екен. Осылайша біраз жүргеннен кейін:
«Түлкінің айтқаны дұрыс болды, аңдардың патшасы екен бұл» деп қорыққан арыстан қашып құтылыпты.

Ел аузынан.
Әрі қарай

Қойшы мен алма ағашы

Қойшы қарт қойларын өрістетіп, жайылымға жайған сайын дөңге жақын өскен бір алма ағашының түбіне барып дем алатын, егер жеміс піскен мезгіл болса, алма ағашымен тілдесіп: — Қане, балам, қарттың алмасын бере ғой,- дейтін. Сөйткенше болмай дәмі тіл үйіретін, исі аңқыған, балбырап піскен бір алма жерге топ ете түсетін. Қарт болса, кішкене бәкісімен әлгі алманы асықпай тілімдеп кесіп, өзімен бірге ала келген торсығындағы айранымен қоса сәл жүрек жалғағаннан кейін әкесінен қалған Құранын баппен қолға алып, жайлап оқи бастайтын. Қойшы қарт бұл алма ағашын осыдан жиырма жыл бұрын отырғызған кезде жиі-жиі суғарып, намаз алдында беті-қолын шайған дәрет суының қалғанын да ырымдап соның түбіне төгетін. Қарт жүзін шайған сол судың шарапаты тиді ме, әйтеуір, алма ағашының тамыры тез жан алып, аз уақытта-ақ бой көтеріп, жеміс бере бастады. Қойшы қарт ол кезде жас болғандықтан қай әдемі алмаға көзі түспесін, кішкене ғана ұмсынып қол созғаны жетіп жатыр еді. Алайда, одан бергі қаншама жыл ішінде қарттың бойы аласарып, белі бүгілді, ал алма ағашының болса, керісінше бойы барынша биіктеп, шынар ағашындай жайқалып кеткен-ді. Бірақ алма ағашы қанша жайқалып өскенімен мәпелеп өсірген баланың аты бала емес пе? Оны баласындай көретін қарт ағаш бұтақтарын алақанымен жай ғана сипап тұрып: — Қане, балам, — дейтін, — бүгінгі несібемді түсіре ғой?
Айтқанындай, көп пәлсінбестен бір алма түсуші еді. Бұл көрініс дәл осы қалпында бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқан-ды. Тіпті қарт сұрағанда, алманың түспей қалған бір де бір күні кездескен емес.
Ауыл адамдары болса, таңғажайып бұл құбылысты сырттай бірнеше мәрте байқап, қойшы қартты «әулиеге» жорысып қойғалы қашан.
Қарт кісі ағаш көлеңкесінде аздап тынығып, намазын оқығаннан кейін әдеттегідей сол күнгі алмасын сұрады. Алайда, бір таңғаларлығы, ағаш бұтақтары жеміске толып тұрса да, қарт қолына ештеңе түспеді. Қарт өз қалауын қанша қайталағанымен бәрібір ештеңе бола қоймады. Күткені орындалмай, кірпігі мен сақалы тарам-тарам жасқа оранған қарт үнсіз ғана алыстап қойларына кетіп бара жатты.
Жеміс бергелі «баласы» қарттың көңілін еш қалдырып көрген емес еді. Мәпелеп өсірген баласына дәл осы жолы көңлі қатты қалды. Көңілі құлазыған қарт бойы бұл жолы тіпті шөкімдей боп, бұрыңғыдан да аласарып, белі де бұрыңғыдан бетер бүкшие түскендей.
Малдарын қайырып, ауылға бет алғанда мешіттен әуелеп шыққан азанға құлақ түрді. Азан өте бір ерекше, әуезді үнмен оқылып жатқандай. Тіпті астарынан өзгеше қуаныш та сезілетін секілді. Бірден іркіліп, бойын жинап ала қойды. Қарт байғұс өмірге қайта келгендей күй кешті. Өйткені, есіне бір нәрсе түскен болатын.
Бұл жолы көзіне қуаныштан жас алып, балаша мәз болған қарт бірден әлгіндегі алма ағашына қайтадан жеткенше асықты. Келе сала оны айналып-толғанып, кең құшағын төсей құшақтаған қарт:- Күнім, әшейін,- деді иегі кемсеңдеп жылаған күйі,- айналайын, балам, жарығым! Ұмытшақ мен байғұсты ренжітпей тұрып-ақ білдірсең болмас па еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы күні екен ғой?!..
Әрі қарай