"Уаххабист" деген кімдер?
“Сталин дәуіріндегі “Халық жауы” деген термин білесіздер ме? Біреу саған ұнамаса, оны “Халық жауы”, оның әйелін “Халық жауының әйелі”, баласын “Халық жауының баласы”, көршісін “Халық жауының көршісі” деп ата дегені естеріңізде ме? Дәл сол секілді уахабшы, вахабист деген терминдеріне де қатысты. Мен ол сөзді қолданатындардан анық, ашық “Уахабшы қайда?” деп сұрасам, әрбір адам ол сөзді өзі қалағанша түсіндіріп бағады. Ал негізінде, уахабшы деген сөз қайдан шықты? Осыдан екі жүз жылдай бұрын Сауд Арабиясында Мұхаммед ибн ‘Абдулуаһһаб деген кісі пайда болды. Ол кездері Сауд Арабия аумағында ширк (Аллаға серік қосу) қатты таралып кеткен болатын. “Лә иләһә иллә-Ллаһ” (Алладан басқа құлшылық етуге лайықты ешкім жоқ) деп куәлік беретін мұсылмандардың өзі талдарға, ағаштарға, тастарға, қабірлерге табынып кеткен болатын. Олар сол талдар мен тастардың жанында әулиелер жерленгендіктен мыналар да киелі деп есептейтін болған. Мұхаммед ибн ‘Абдулуаһһаб таухидке шақыра бастады. Сөйтіп, Алланың мейірімен, араб түбегіндегі көпшілік оның дағуатын жылы қабылдады. Сол заманда ағылшындардың отары болған Үндістаннан мыңдаған мұсылмандар қажылық жасауға Қағба қарай ағылып жататын. Олар да дағуатқа құлақ түріп, таухидке бет бұрып жатқан еді, еліне оралған соң олар да жерлестеріне ақиқатты жеткізе бастады. Бұны көрген ағылшындар Ислам таралып, өздері әлсіреп жатқанын түсініп, Осман халифатындағы түріктердің надандығын пайдаланып, “уахабшы” деген сөзді ойлап шығарып, бәріне белгілі “Ағылшын тыңшысының жазбалары” атты кітапты басып шығарды. Мұның барлығын олар таухид дағуатын тоқтату үшін істеген болатын. Ал кез келген мұсылманның жүрегінде “Пайғамбарға ғана еру керек, соныкі ғана дұрыс, қалғандары дұрыс емес” деген сенім бар. Олар болса, соны пайдаланып мұсылмандардың арасына “Мұхаммед ибн ‘Абдулуаһһаб бесінші мәзһаб құрып жатыр” деген сықылды дақпырт таратып жіберді, сөйтіп адамдар таухидтен бас тарта бастады. Содан соң оларға “өзіңе ұнамағанның бәрін уахабшы деп ата” деген сөзді таратты. Солайша, бұл сөз үмбетке дендеп еніп, әлі күнге дейін толастамай жалғасып келеді. Мұсылмандар бірін-бірі уахабшы дейді. Ал олардан: “Уахабшы деген кім?” деп сұрасаң, нақты, түсінікті түрде жауап бере алмайды. Тек біреуді шеттетіп тастағың келсе, оған уахабшы деген лақап бер дегеннен басқа айтары жоқ.
Сондықтан, бауырлар, қазіргі күндегі мұсылмандардың өкініштен өзек өртейтіндей жағдайдан құтылуы үшін ең алдымен таухидтен бастау қажет!”
© Ринат Әбу Мухаммад
Әрі қарай
Сондықтан, бауырлар, қазіргі күндегі мұсылмандардың өкініштен өзек өртейтіндей жағдайдан құтылуы үшін ең алдымен таухидтен бастау қажет!”
© Ринат Әбу Мухаммад