Төр
Қазақ басылымдарының қатары сиреп жабылып жатқанымен жарық көріп бастағаны да бар. Соның бірі – республикалық қоғамдық-саяси «Төр» журналы. Жуырда Елордадағы Журналистер үйінің Мәжіліс залында республикалық журналдың таныстырылымы өтті.
Тұсаукесер рәсіміне Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының директоры Сұлтан Сраилов, «Рауан» баспа үйінің бас директоры, белгілі журналист Ғабит Мүсіреп және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Жаңа басылымның бас редакторы Олжас Сәндібектің айтуынша, қалың оқырманға әзірге екі мың данамен жол тартқан үнжария негізінен ұлт мүддесін, тұлғалар бейнесін, тарихтың ақтаңдақ қатпарларын айшықтауды көксейді. «Төрдің» бетінде қазақ халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа дәріптейміз, тәуелсіз мемлекетіміздің бірлігі мен экономикасының тұрақты дамуына, ұлтаралық татулығына, ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын, ел үшін туған арда азаматтардың еңбегін алаш жұртына паш етеміз. Әу бастағы және алдағы мұратымыз да осы. Замандастарымыздың жарқын істері мен шыққан белестері де журнал ұжымының назарынан тыс қалмайды» дейді О.Сәндібек.
Оқырман «Төр» журналының екінші санынан қазақтың ақырғы ханы һәм батыры Кенесары хан туралы Мағжан Жұмабаевтың толғауын, сонымен қатар, Сидней олимпиадасының чемпиондары Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбыраймовқа арналған ақын Бауыржан Берікұлының жырларын, есімі елге белгілі кәсіпкер, «Құрмет» орденінің кавалері Оралбек Ботпайдың сыр-сұхбатын және тағы басқа құнды дүниелерді оқи алады. «Төрелігін айтыңыз», «Төресөз», «Төрдің көркі», «Төрлетіңіз», «Төрге лайық», «Төртұлға», «Төрдің талқысы», «Төрдегі толғам» атты айдарлары бар басылымның келесі нөмірі қазақ өнерінің майталманы Құрманбек Жандарбекұлына арналмақ екен. Журналдың тұсаукесеріне жиылған қауым «Төр» журналы халықтың көңілінің төрінен орын алатын басылым болсын деген ізгі тілектерін жеткізді.
Әрі қарай