Тойға бардым

Осы сенбіде жиенімнің тойын өткізіп келдік. Жұма күні жұмыстан үйге келе сала артынып-тартынып вокзал бардық. Кетіп барамыз. Айтпақшы, той Сағыз деген жерде өтті. Орта жолға жеткенде: «Мен осы шығарда үйді кілттедім бе?» деген ой мазалап, есім кетті. Не десең, о десе, есімде жоқ! Күйеуімнен сұрасам, менен бұрын шығып кеткенін айтады. Содан 3-тен кеткен баламнан сұрасам /қайтейін енді/: «Зоқ, кілттеген зоқсын!» дейді. Сонымен, бір Құдайға аманаттадым да, қоя қойдым.
Әрі қарай